Материалдар / "Білімпаз" интеллектуалдық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білімпаз" интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білімпаз» интеллектуалды сайыс (үлгерімі төмен оқушылар арасында) Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау және бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2024
237
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп

математика пәнінің мұғалімі: Раканова Гульмира Куандыковна



«Білімпаз» интеллектуалды сайыс
(үлгерімі төмен оқушылар арасында)

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау және бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд, үлестірме материалдар, т.б.

  1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.

  2. Жарыс ұйымдастыру

  3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау

Жүргізушінің кіріспе сөзі:  Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «Білімпаз» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Олай болса, «Егемен елге - білімді ұрпақ!» - дей келе, интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысушылармен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Қатысушы

  2. Қатысушы

  3. Қатысушы

  4. Қатысушы

  5. Қатысушы

  6. Қатысушы

  7. Қатысушы

  8. Қатысушы

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады! – деп,

бүгінгі ойыншыларымыздың жауаптарын әр кезеңде сараптап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!!!
1.

2.

3.
ойынды бастамас бұрын қатысушылар өздерін таныстырып өтсін

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Бәйге». сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең «Ойлан тап»

3 - кезең. «Қызықты жетілік». Ұяшықтардан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.

4 - кезең. « Полиглот»
5 - кезең. «Жорға» « Формулалар сайысы»
6 - кезең. « Егер мен........»
Ойынның шарты: Алғашқы кезеңге 8 оқушы қатысады. 2 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. 3 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушыны, 4- кезеңнен кейін ұпай саны аз 1 оқушыны,5-кезеңнен кейін ұпай саны аз 1 оқушыны шығарып саламыз. Соңғы кезеңнен екі оқушыдан жеңімпаз анықталады.
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
І кезең «Бәйге». Бәйге десе бұлқынбас жас болама демекші 1- Бәйге кезеңін бастайық. Тақтадағы сұрақтарға жазбаша жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)

2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)

3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)

4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)

5. Басты байлық ( денсаулық)

6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)

7. Қара алтын( мұнай)

8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән

( «Елім - ай»)

9. 12 ай( жыл)

10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)

11. Жыл басы ( тышқан)

12. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)

13. Жеті күн( апта)

14. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)

15. Айтыскер адам ( ақын)

16. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)

17. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)

18. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)

19. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)

20.Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

II - кезең «Ойлан тап» аяқталмаған мақал –мәтелдер мен логикалық есептер беріледі, тетікті бірінші болып басқан қатысушы жауап береді, жауап қате айтылған жағдайда «қарсыластар» деген сөзден кейін басқа қатысушылар жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

  1. Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз

  2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

  3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

  4. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

  5. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің

інісінің аты кім? Жауабы: Медет

  1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі

термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

  1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай

лақтыру керек? Жауабы: жоғары

  1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не

жағасыз? Жауабы: шырпы

  1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

  1. Емен ағашында 6 бұтақ бар, әр бұтақта 5 алмадан бар. Емен ағашында барлығы неше алма бар? Жауабы: емен ағашында алма өспейді.

Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын қазылар алқасы хабарлайды. « Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан оқушыларымызды шығарып саламыз. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
IIІ кезең. « Қызықты жетілік»

Талапты бала талпынған құстай
Құмары қанбас аспанға ұшпай,-дей келе келесі кезеңімізді бастаймыз.



Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар! Мұнда жеті ұяшық берілген. Ұпай саны аз ойыншы таңдайды. Білмей қалған жағдайда қарсыластардың жауап беру мүмкіндігі бар.


Бұл кезең қорытындысы бойынша Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады
ІҮ кезең. «Полиглот» Сіздерге жұмбақ жасырылады, ал сіздер сол жұмбақтың шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударып айтатын боласыздар.

  1. Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз,учитель.)

  2. Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор,мель)

  3. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (мектеп,школа)

  4. Бүгін киген ақ тоңым

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)

  1. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, star, звезда)

  1. Қабат -қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың

Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)

  1. Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар, sugar)

  2. Ұрсаң оны зулайды, Қарғып жерде тұрмайды (доп, мяч, ball)

  3. Әрі қызыл, әрі тәтті Татқан жанды таңырқатты (алма, яблоко, apple).

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей келе, ойыннан тағы 1 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
VI - тур. Жорға. (формулалар сайысы)

Басталады жорға деген сайысым,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Ойынның шарты: екі ойыншымызға да қағаз ,қалам беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп формула жазып беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Ұпай сандары аз 1 оқушы ойыннан шығады

Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.

V кезең. « Егер мен.......» Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. Өзбектің ойшыл ақыны Ә.Науаи: «ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», деп көрсетеді. Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. Ана тілі – ең жақсы тіл дегендей, келесі кезекті шешендік кезеңге береміз.

Шарты: 2 минут ішінде сөздерді таңдап « Егер мен...болсам» тақырыпта шағын ой тізбеген жеткізу керек. 30 балдық шкаламен бағаланады.

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шын, – деп, тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!