400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Билингвалды оқыту: Ағылшын тілі – тұлғаның интеллектуалды дамуының заманауи ресурсы

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр- бұл ғылымның ғасыры. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Билингвалды оқыту: Ағылшын тілі – тұлғаның интеллектуалды дамуының заманауи ресурсы

Дәукеева А. Қ. «Болашақ» университеті колледжі» мекемесі

Тәуелсіздіктің тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап- ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Назарбевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сыңдарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазакстан халқына арнайтын дәстүрлі жоддауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдық мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандау кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауына: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілу», - деген болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобсын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту, сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Еліміздің дамыған отыз елдің қатарына кіруге және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарылату, академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО – да көп тілді білім беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторлардың бірі болып табылады. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшылдарымыз, ақын жазушыларымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан бізде өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлейде, жазада білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, призидентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек»,- деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. 1/2 /

Үштұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Оданда біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала дастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні де айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Тәуелсіздік тізгінін қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын.

ХХІ ғасыр- бұл ғылымның ғасыры. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын./1,1/

Қазіргі заманға сәйкес көп тілді білім беру мақсатында қазақ тілі мен ағылшын тілі, орыс тілдерінің өзара байланысын оқыту процесінде жүйелі өзгеріс жүргіз керек деген тұжырымды айтуға болады.

Интеграция – бұл ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дефференциация үрдісімен қатар жүреді. Пән аралық және тіл аралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігі мен интеграциялануға жол ашады. Тіл аралық байланыстарды іске асыру жаңадан дайындалушы мамандардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегінде білімдерді мәнді, мағыналы, және қолдануға болатындай жағдайда жеткізеді. Тіл аралық байланыстар студенттерге басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.

Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді.

Ағылшын тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиеттерімені әдебиеттерімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Шетел тілін оқыту адамның мұқтаждығына байланысты өзгеріпотырады және ол қазіргі кездегі шетел тілін оқытудағы төмендегі мақсаттарды көздейді:

  • Коммуникативтік мақсат;

  • Білімділік мақсат;

  • Тәрбиелік мақсат;

  • Жетілдіру мақсаты;

Яғни студенттердің мамандықтарын игеру кезінде бірқатар артықшылықтар пайда болады:

-мамандығының жан –жақты игерілуі;

-мамандықты оқығанда қажетті пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы;

-мамандық бойынша пәндердің бөлінуі,яғни бейіндік, базарлық және міндетті;

-шет тілінде оқытылған пәндердің жұмысқа орналасудағы артықшылығы;

Қазіргі таңда үш тілде оқытудың тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлерінің қолданылуы танылады,яғни:модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыда ойлау технологиясы, жобалап оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдай оқыту, ойындық технологиясы, коммуникативтік технологиясы т.б.

Үш тілде оқыту бойынша күтілетін нәтижелер төмендегідей болады:

-Бәсекеге қабілетті мамандардың дайындалуы;

-Ағылшын тілін меңгеру арқылы –халықаралық қатынас пен жаңа ғылым,техника иновация дамиды;

-Мемлекетаралық толық интеграция және өзара ынтымақтастық;

-Сапалы мамандардың халықаралық аренаға шығуы және қызымет атқара алуы;

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап- ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына,оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жахандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Ұсыныс:

-Мемлекеттік стандартқа сай ағылшын тілінде математика оқулықтары болса;

-Кадр даярлауда үздіксіз ағылшын тілі курстарына жіберіліп отырса;

-Ағылшын тіліндегі математикалық,физикалық терминдерді үйрету 3-4 сыныптардан бастап қолға алынса.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі