400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау Ж.8.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ

МЕКТЕП:

5-бөлім:

Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Сабақ тақырыбы:

Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар.

КҮНІ: 15.01.2019

Мұғалім:

СЫНЫП: 8 «а»

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Ж.8.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу.

Бағалау критерийі

Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдайды

Мәтіннің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтайды

Тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады.

Тілдік

мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: бекіре,қаяз, торта, фауна, флора,биоалуантүрлілік

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин



10 мин





Сабақтың ортасы





10 мин




























10 мин












10 мин









Соңы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.

1-тапсырма

Мәтіндерді сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс бойынша оқып шығыңыз.

1-мәтін

.2-мәтін

Жануарларға қайырымды болыңыз

«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның бірінші бөлімі омыртқалы жануарларға, ал екінші бөлімі өсімдіктерге арналып шығарылды. Әлемдік деңгейдегі жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі жоқ емес.

Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі (International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне себеп болған – Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегенімен, көптеген елдердегі жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.

Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан, конкурстардан, аукциондардан түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға жұмсайды. Сондай-ақ бұл күні қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы мүмкіндік туады.

Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына жауапкершілікті сезінуді тағы да бір рет естеріне салу және мүмкіндігінше үйдегі жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн бойы тегін қызмет көрсетеді.

Биологиялық алуантүрлілік.

Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті. Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.






Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.


1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің стилі



Тақырыбы



Түрі



Құрылымы



Екі мәтіннің ұқсастығы


Екі мәтіннің айырмашылығы




Дескриптор Білім алушы

-сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірістерді қолданады;

-мәтіндерді салыстырады;

-ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

-түрі мен стилін анықтайды;

-тақырыбы мен құрылымын ажыратады.

2-тапсырма:

Құрылымын , мазмұнын ескере отырып, мақала жазыңыз.

Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау және алдын-алу жолдары»


Дескриптор Білім алушы

мәтіннің жанрлық ерекшелігін сақтайды;

мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтайды;

тілдік құралдарды орынды қолданады;

мақаланы талапқа сай жазады


Ж

«Микрофон» деген айдармен өз жазғандарын оқиды. .
























http://allrefs.net/c54/42op2/p49/

Рефлексия



1 мин




Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?


Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.


Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау


Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.

Сыныпты топтарға бөлу.

АҚТ дағдылары

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
3336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі