400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биогеоценоздардың ауысуы. Биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Күні: 11 б сынып.

Мұғалімнің аты-жөні

НаурзбаеваМейрамгул Болатқызы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

29-апта

4 -күн

59-сабақ

Биология кабинеті

Сабақ атауы

Биогеоценоздардың ауысуы. Биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Биология”, Алматы, ”Мектеп” 2015 жыл, Р.Сәтімбеков.Р.Әлімқұлова, Ж. Шілдебаев.

Жалпы мақсаты

Оқушыларға биогеоценоздардың ауысуы, биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы туралы білім беру.

Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, ойлау, есте сақтау қаблеттерін және ҰБТ- ға пән байынша дайындық деңгейлерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

- Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру

-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту

Негізгі идеялар

Биогеоценоздардың ауысуы, биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы туралы біліп, табиғатты құрметтеуге үндеу, елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу;

Дереккөздер

Интернет деректері, сайттар , ресурстар, суреттер,

Тапсырмалар



«Шыңға шығу» тапсырмалары

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

«Пирамида» әдісі

«Экологиялық» есептер шығару

«Төл тірек» әдісі

Тест жұмысы

Кейінгі тапсырмалар

«Биогеоценоздардың ауысуы, биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы» ізденіс

Мұғалім жазбалары: Ұйымдастыру жұмыстары. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Білім ағашының» жапырақтарын таңдап алады.

  • Жасыл- сабақта белсенді боламын

  • Сары- алған білімімде сабақта қолданамын

  • Сарғылт – білімімде дәлелдеймін

Блум таксономиясы І. Білу. «Шыңға шығу» тапсырмалары.

    1. Биотикалық факторлар дегеніміз не? – тірі организмдердің өзара қарым қатынасының , сондай –ақ олардың тіршілік ортасына өзара әсерінің жиынтығы

    2. Басқа организмдермен қарым қатынас неге мүмкіндік береді?-қоректену, көбею, қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ортаның қолайсыз жағдайынан сақтануға мүмкіндік береді.

    3. Қоректік тізбекті сипатта- Органикалық дүниенің даму эволюциясының жетістігі. Қоректену типімен біріктірілген организмдер жиынтығы

    4. Белгілі бір аумақтағы нақты аудан бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің биомассасы қалай аталады?-Өнімділік

    5. Өнімділікті қалай өлшейді?- Бұл процесс табиғатта әртүрлі жылдамдықпен жүретіндіктен маусымдық, жылдық, бірнеше жылдық болып өлшенеді.

    6. Экологиялық пирамида дегеніміз не?- организмдердің өнімділігі қоректік тізбектің бір деңгейінен екіншісіне өтуі, продуценттерден басталып, редуценттер аяқтайды.

    7. Экологиялық пирамиданың түрлерін ата- сандық, биомассалық, энергиялық

    8. Сандық пирамида нені білдіреді?- қоректік тізбектің әрбір деңгейіндегі даралар санын көрсетеді

    9. Биомассалық пирамида нені білдіреді?- синтезделген органикалық заттардың мөлшерін көрсетеді

    10. Энергетикалық пирамида нені білдіреді?- қоректегі энергия мөлшерін көрсетеді

    11. Экожүйедегі қоректік тізбекті сипатта.

    12. Бір ағзамен бірнеше ағзаның қоректенуінен қоректену тізбегі көп рет тармақталуы қалай аталады?- қоректік тор

ІІ Түсіну.

  • Түрлік алуантүрлілік , тармақталған қоректік тор биоценоздың тұрақтылығына себепші болады, өзін өзі реттеуге мүмкіндік береді. Биогеоценоз тұрақты , өзін өзі реттеуші жүйе болғанымен , ондағы жеке түрлер мен популяциялар саны үнемі өзгеріп отырады. Себебі неде деп ойлайсыздар?

  • Олар тірі ағза болғандықтан түрлер көбеюі немесе азаюы мүмкін, оларға сыртқы орта жағдайлары әсер етеді

  • Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Биогеоценоздардың ауысуы. Биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы

  • ( КҮН ЖАДЫН ЖАЗУ)

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі.

І-топ: Биогеоценоздардың ауысуы

ІІ-топ: Биогеоценоздардың ауысу себептері

ІІІ- топ. Жаңа бірлестіктердің қалыптасуы

Бейнеролик қарау. Биогеоценоз ( мұғалімнің түсіндіруі)

ІІІ Қолдану. А. «Пирамида» әдісі бойынша:

  1. Биогеоценоздардың өзгеру себебі қандай?- экологиялық факторлар, организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде

  2. Экожүйелердің тез алмасуына не әсер етуі мүмкін?- өрт, жерді жырту, суқоймаларды шөп басу

  3. Тірі организмдердің әсерінен биогеоценоздардың өзгеруне қандай мысал келтіруге болады?- мысалы алдымен тақыр құм төбеге астық тұқымдастар шығады, тал шыбықтары өсіп, өрмекші, шегірткелер , жабайы аралар мекендейді , кейін ағаштар өсіп, жануарлар қоныстанады экожүйенің алмасуымен аяқталады.

  4. Өртенген ормандардың экожүйесінің қалпына келуі қалай жүреді?- ол жерге алдымен күреңот шығады, қайың, көктерек өседі, ағаш тұқымдарының жамылғысында шыршалардың өскіндері өседі. 60-80 жылда үлкен шыршалардың қылқандары тұтасып, жапырақты ағаштар қурайды, Шыршалы орман топырақты құрғата түскенде оны қарағай орманы басады.

  5. Биогеоценоздың дамуында басты рол атқаратын ағзалар. Өсімдіктер

  6. Қалыптасқан биогеоценоз қалай сипатталады? Өзін өзі реттейтін және ортамен тепе-теңдік жағдайында болатын биогеоценоз.

«Экологиялық» есептер шығару:

І –топ: 8 кг шортан өсіп жетілуі үшін қанша мөлшерде планктон (кг) керек.

ІІ-топ: Жарқанаттың жаңа туған балдарынының әрқайсысының салмағы 1 г. Сүтпен қоректендіру арқылы айына олардың салмағы 4,5 кг жетеді. Балаларын асырау үшін аналық жарқанат қанша жәндікті қорек етуі қажет. Сол арқылы қанша өсімдікті жәндіктердің тұтынуынан қорғайды?

ІІІ- топ: Бөлтірік 1 айында 1 кг болады десек, 40 кг салмаққа жетуі үшін қанша қоянды (2 кг) жеуі қажет? Және қояндар қанша өсімдікті тұтынды?

IY Талдау . «Төл тірек» әдісі. Бойынша оқушы өзіне тақырыптан тірек мәтін құрайды. Оқушылармен бөліседі.


Y. Жинақтау. Қорытынды аттестацияға дайындық. Тест жұмысы.

1. Биогеоценоздың дамуында басты рол атқаратын ағзалар

А. Жануарлар В. Өсімдіктер С. Адамдар Д. сүтқоректілер . Е. құстар

2. Организмдер мен өлі табиғат арасында үздіксіз қарым-қатынастар тіршілік процесінің жалғасуы.

А. Қоректік тізбек. В. Қорек легі. С. Биогеография. С. Экологиялық пирамида. Д. Қоректік саты. Е. Зат алмасу.

3. Популяциялардың биологиялық өнімділігін есептейтін формула.

А. (Р+В2)-В1=Е В. Р=( В2+В1+Е) С. Р= (В2+В1)+Е Д. Р=Е+В2+В1 Е. Р=(Е+В2)+В1

4. Пирамиданың негізгі төменгі баспалдағын құрайды.

А. Редуценттер В. консументтер С. Продуценттер Д. гетеротрофтылар. Е.бактериялар

5. Пирамиданың негізгі баспалдағын аяқтайды.

А. Редуценттер В. консументтер С. Продуценттер Д. гетеротрофтылар. Е.бактериялар

6. Экологиялық пирамиданың түр саны.

А. 1 В.2 С.3 Д.4. Е.5

7. Биогеоценоздардың өзгеру себебі

А. Экологиялық фактор В. биотоп С. Биота Д. экология бөлімдері . Е.биогеография

8. Қоректік тізбектің басында түрады

А. Жануарлар В. Өсімдіктер С. Адамдар Д. сүтқоректілер . Е. құстар

9. Қоректік тізбектің соңы түрады

А. Жыртқыштар В. Өсімдіктер С. қына Д. саңырауқұлақ . Е. құстар

10. Биотикалық факторларға жататын

А. Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі. В. Егіншілік. С. Канал қазу. Д. Жауын шашынның мол болуы. Е. Өсімдіктердің жарыққа ұмтылуы


IY Бағалау. Тақырыпты бағалау.

  • Биогеоценоздардың ауысуы. Биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы туралы білу не үшін қажет деп ойлайсыз?

  • Осы тақырып бойынша не түйдіңіз?

Бағалау.

Рефлексия. «Білім ағашы»

Үй тапсырмасы: Биогеоценоздардың ауысуы. Биогеоценоздардың ауысу себептері , жаңа бірлестіктердің қалыптасуы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
53 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі