Биология 7 сынып ҚМЖ жаңа форматта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология 7 сынып ҚМЖ жаңа форматта

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа 2025-2026 оқу жылына еш жерде жарияланбаған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Экожүйелер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысқаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық(температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық(микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Жергілікті жер экожүйесіндегі тірі ағзаларды, қоршаған орта факторларын анықтау

Тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуын зерттеу

Құндылыққа баулу



Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы:

0-5мин




Оқушылармен амандасу, түгелдеу

"Суретті сөйлет" әдісі

Қалай қолданылады:

Экранға қызықты сурет қойылады (мысалы, микроскоп астындағы вирустар, ерекше жануарлар, мутациялар).

Оқушыларға:

«Бұл не?»,

«Бұл қалай пайда болған?»,

«Сен осындай тіршілік иесін көрдің бе?»
деген сұрақтар қойылады.
Мақсаты: визуалды есте сақтау мен қызығушылықты арттыру.


Оқушылар ұстазымен амандасады берілген сұрақтарға жауап береді

«Менің ойымша, бұл... себебі...»

«Бұл сурет мені... туралы ойландырды.»

«Бұрын мұндай... көргенмін/көрмегенмін.»


ҚБ «Мадақтау» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы


Оқулық

Авт: Очкур

Слаидты жүктеу

https://docs.google.com/presentation/d/1XcB4vaGpB5G_YHv-7d-9K_Bb0fG2JpSi/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

5-15 мин











Жаңа тақырып ашу мақсатында

"1 минуттық бейнеролик" – экожүйе өзгерісін көрсететін қысқа видео.

"Қоршаған орта факторлары әсері" – анимация көріп, пікір айту

Мұғалім түсіндірмесі

1-тапсырма "Келісемін – Келіспеймін" тапсырмасын ұсынады

Оқушылар бейнеден көргендерін бір ауыз өз ойларын жеткізеді

1.- тапсырма "Келісемін – Келіспеймін" тапсырмасы

Оқушылар әрбір пікірмен келісетінін немесе келіспейтінін білдіріп, себебін дәлелдеуі тиіс:

https://docs.google.com/document/d/1m6z6MeMYXvuspYgLzLYwwdtJc7j8gDpZ/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true

Дескрипторлар:

Тұжырымды дұрыс түсінеді;

Келіскен немесе келіспеген таңдауын дәлелдейді;

Жауаптарын экологиялық ұғымдармен байланыстырады.-2балл

Бағалау парағы


Слаид



Бейнероликке сілтеме:

https://youtu.be/R5c2XnPfElE


Тапсырмалар жинағы

Сабақтың соңы

15-25 мин


2- Тапсырма (бейне негізінде):
? «Өсімдіктер әлемі бейімделу құпиясы»

3 факторды ата (жарық, температура, су)

Әр фактордың бір ағзаға қалай әсер еткенін түсіндір

Бейнебаяндағы ағзалардың қандай бейімделу белгілерін байқадың?


Оқушылар бейнені көре отырып келесі тапсырманы орындайды

2- Тапсырма:
Жарық, жылу және суды тұтыну дәрежесі бойынша мына өсімдіктерді ажыратыңдар:

  • түйеқұйрық —

  • шырша —

  • мақта —

  • кактус —

  • қарағай —

  • суүңгі (суүңгір немесе су өсімдігі) —

✏️ Оқушы әр өсімдіктің жарық, жылу мен ылғалға (суға) бейімділігін анықтап жазады.
(Мысалы: "Кактус — жарықсүйгіш, жылуға төзімді, суды аз қажет етеді.")


Дескрипторлар:

? Өсімдіктердің жарық, жылу және ылғалға бейімділігін дұрыс анықтайды.

? Экологиялық факторлар мен бейімделу арасындағы байланысты түсіндіреді.

? Әр өсімдікке тән ерекшеліктерді дұрыс сипаттайды.

Барлығы-1балл

Бейнекөрсетілім

https://youtu.be/KObsvSDesI8



Слаид

Тапсырмалар жинағы

https://docs.google.com/document/d/1m6z6MeMYXvuspYgLzLYwwdtJc7j8gDpZ/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true

25-30мин























































30-43мин

3- Тапсырманың мақсатымен таныстырады:
– "Балалар, біз бүгін экологиялық факторлар мен ағзалардың бейімделуіне байланысты жаңа сөздерді бекіту үшін «Қалып қойған сөзді тап» тапсырмасын орындаймыз."

Нұсқаулық береді:
– "Мен сендерге 10 сөйлем оқимын. Әр сөйлемде бір сөз қалып қойған. Сендер берілген кілт сөздер ішінен ең лайықтысын таңдап, сөйлемді толықтырасыңдар."

Кілт сөздерді тақтаға немесе интерактивті экранға шығарады:
– Температура, жарық, фотосинтез, су, экожүйе, бейімделу, абиотикалық, биотикалық, антропогендік, тыныштық.

Оқушылар тапсырма орындайды:
– "Сөйлемдерді дәптерге көшіріп, бос орынды дұрыс сөзбен толтырыңдар."

Жұмысты тексереді:
– Жұппен немесе топпен бірін-бірі тексеруге мүмкіндік береді.
– Дұрыс жауапты экраннан немесе ауызша оқып, өзін-өзі тексерту жүргізеді.

Қорытынды жасайды:
– "Осы тапсырма арқылы біз экологиялық ұғымдарды қайталап, тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуін жақсырақ түсіндік."




4- тапсырма Зертханалық жұмыс ЖИ тапсырмасы

https://youtu.be/JWrcsgTfh3M

Оқушылар берілген нұсқаулықпен таныса отырып берілген тапсырманы жұптасып орындайды

3-тапсырма

? "Қалып қойған сөзді тап" тапсырмасы

Оқушылар тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырады.

Кілтті сөздер:
Температура, жарық, фотосинтез, су, экожүйе, бейімделу, абиотикалық, биотикалық, антропогендік, тыныштық

Жануарлардың тіршілігіне әсер ететін кез келген орта жағдайы – __________ фактор.

Жапырақтағы __________ пигменті күн сәулесін сіңіруге қатысады.

Қоршаған ортаға адамның әсері __________ факторға жатады.

Өсімдіктер суды үнемдеу үшін арнайы __________ белгілерге ие.

Жердегі тіршілік үшін ең қажетті ресурс – __________.

Жануарлар қыс мезгілінде __________ күйіне өтеді.

Ағаштардың көлеңкесінде өсетін өсімдіктер __________ деп аталады.

Тірі ағзалардың өзара байланысы __________ фактор болып есептеледі.

Кез келген тірі ағзаның қалыпты дамуы үшін қолайлы __________ қажет.

__________ – барлық тірі ағзалардың өмір сүретін табиғи жүйесі.


Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды

? 2 "Қалып қойған сөзді тап" тапсырмасына дескрипторлар:


Сөйлемнің мағынасына сәйкес сөзді дұрыс таңдайды;


Экологияға қатысты терминдерді дұрыс қолданады;



Қалып қойған сөздердің орнын логикамен байланыстырып таба алады.
























Дескриптор:

-зерттеу жұмысын нақты жүргізеді-4балл

Слаид

https://docs.google.com/presentation/d/1XcB4vaGpB5G_YHv-7d-9K_Bb0fG2JpSi/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true




Тапсырмалар жинағы

https://docs.google.com/document/d/1m6z6MeMYXvuspYgLzLYwwdtJc7j8gDpZ/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true















Зертханалық жұмыс дәптері

Рефлексия43-45мин

Үй тапсырмасы

«3 сөйлем» әдісі: Сабақта нені білдім? Нені түсіндім? Нені қолданамын?

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.


Мұғалім оқушыларды

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.







Зертханалық жұмыстың орындалу жолын жүктеуhttps://docs.google.com/document/d/13GiSu3ZC5q9xU_0F4yQ_AP6tACNLn45N/edit?usp=sharing&ouid=111470522685352304097&rtpof=true&sd=true



Толық 1 тоқсан материалдарын алу үшін маған жазыңыз https://whatsapp.com/dl/

Биология 7,8,9,10,11 екі бағытта материалдар бар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.07.2025
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі