

Сыныптан тыс іс –шара
«Биология әлемі»
Түрі:
сайыс
Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін дамыта
отырып ,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табандылықпен шешім
қабылдауға ,оны дәлелдеуге үйрету ,биология пәніне деген
қызығушылықтарын арттыра отырып ,логикалық ойлау қабілеттерің
дамыту.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар
Білімменен аспанға жол
салынар
(Жүсіп Баласағұн
)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар
! «Биология әлемі» атты сайысына қош
келдіңіздер.
Сайысқа қатысушы оқушыларымыз 6-7-сынып
оқушылары.
Біздің бүгінгі сайысымыз
II
–топтың ,VI-кезеңнен тұрады.
I-топ «Табиғат»
II- топ «Өсімдік»
I-кезең «Бәйге»
II-кезең «Ойлы болсаң –озып
көр»
III-кезең «Ойлан тап»
IV-кезең «Кім шапшаң»
V-кезең «Кім өнерлі»
VI-кезең «Кім тапқыр »
Сайыскерлеріміздің біліміне ,шеберлігіне әділ
–бағасын беретін әділқазылармен таныс болыныздар
:
1
2
3
Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып
,сайысымыздың 1-ші кезеңін бастайық.
I-кезең «Бәйге»
Бұл
кезеңде әр топқа сұрақ қойылады.Сұраққа топ бойынша жауап
береді.
«Табиғат» тобына
сұрақтар.
1.
Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2.
Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
3.
Микроскопты көзбен көруге арналған бөлігі
(Окуляр)
4.
Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық
,аналық)
5.
Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
6.
Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (Ит,
мысық)
7.
Ұрықтан дамитын тамыр (Негізгі тамыр)
8.
Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)
9.
Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
10.
Кенгру неше метрге секіре алады (Он)
11.
Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа
(Түзуші)
12.
Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)
«Өсімдік» тобына
сұрақтар
1.Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі
(Кіндік тамыр жүйесі)
2.
Өркеннің бүршік , жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын
)
3.
Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
4.
Ұша алмайтын құс (Пингвин)
5.
Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дермотолог)
6.
Заттың түсін ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)
7.
Қан беруші адам (Донор)
8.
Ересек адамда неше тіс болады (32)
9.
Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)
10.
Ең үлкен құс (Страус)
11.
Тісті емдейтін дәрігер (Стомотология)
12.
Қан аздық ауруы (Анемия)
II-кезең «Ойлы болсаң –озып
көр»
Бұл
кезде әр топқа жұмбақ жасырылады. Егер бір топ жауап бермесе ,
екінші топ жауап береді.
1 .Дәмі де жоқ , түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі де жоқ.
(Су)
2.
Отқа жанбас , суға батпас. (Мұз)
3.Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
4. Қалың киім ұнатады ,
Шешіндірсең , жылатады .
(Пияз)
5.
Әдемі түнде ,
Мен
жүрсем жүреді бірге . (Ай)
6.
Кішкентай ғана бойы бар ,
Айналдырып киген тоны бар .
(Қой)
7.
Ерте тұрады ,
Жар
салады . (Қораз)
8. Іші
жұмсақ , сырты қатты ,
Еті
қызыл , сүті тәтті . (Қарбыз)
9.
Терісі бар ,жүні жоқ ,
Жүрегі бар , ізі жоқ ,
Қанаты бар , ұшпайды ,
Су
астында қыстайды . (Балық)
10.
Екі ағайынды , екеуі де бір үйде
Бірін –бірі көрмейді. (Көз)
11. Күннің нұрын сүйемін ,
Күнге басымды иемін ,
Моншағым жоқ мойнымда ,
Үлкен қақпақ киемін . (Күнбағыс)
III-кезең «Ойлан тап»
Бұл
кезеңде ойыншыларымыз жасырылған сөзді тауып , сол сөзді жазу
керек.
1............ – сатып алған ауру. (Ішімдік)
2.
Арақ ішіп ,............. шеккен ,
Денсаулықтың түбіне жетке.
(Темекі)
3.
..............- улы зат . (Есірткі)
4.
.............. – денсаулық кепілі . (Тазалық)
5.
Денің саулығ - ........... негізі . (Байлық)
IV-кезең «Кім шапшаң» зерттеулер нысанын тап
.
Кезең мақсаты :
Берілген цифрларды таңдап , онда жасырылған ғылым
саласының зерттеу санын анықтау .
1.Ихтиология –
балықтар мен дөңгелекауыздыларды зерттейтін омыртқалылар
зоологиясының бөлімі.
2. Герпетология –
бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді зерттейтін ғылым ,
зоологияның бір саласы .
3. Вирусология –
вирустар туралы ғылым .
4. Микробиология –
жай көзге көрінбейтін , ұсақ тірі ағзаларды
зеттейді.
5. Лихенология –
ботаника ғылымының қыналарды зерттейтін саласы.
6. Микология –
саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым .
7. Бактериология –
ұсақ микроптар мен бактерияларды зерттейтін
ғылым.
8. Гелминтология –
паразит құрттарды зерттейтін ғылым.
V-кезең «Кім өнерлі»
(әр
сайыскерге бір –бір конвертт ,ішінде тапсырма жасырылған , соны
образға еніп , қимылмен көрсету керек )
1.Гүлдің солуын қимылмен
көрсету.
2.Судан шығып қалған балық .
3.
Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу .
4.
Мысықтан қорқып қашқан тышқан .
5.
Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу .
6.
Үйдегі иттің дауысын салу .
VI-кезең «Кім тапқыр »
Әр
топқа бір –бір сурет беріліп , онда не бейнеленгенін анықтау керек
және осы суретке қарап кішкене ЭССЕ жазу.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік –биік
асулардан көрініп , тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек
білдіреміз .Қорытынды сөз кезегі әділ қазылар алқасына
беріледі.
Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап ,
қорытындысын шығарады. Жеңімпаз топтың оқушылары
анықталады.
Қош
, сау болыңыздар !
ЖББ № 5 мектебі
«Биология әлемі»
(Сайыс сабақ)
Сыныбы: 6 -7- сыныптар арасында
.
Биология пәнінің мұғалімі:
Н.Кабише
2019-2020