«Биология әлеміне саяхат» сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Биология әлеміне саяхат» сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме мүшелеріне биология пәнінің маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалеа ала отырып, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісай ауданы Білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы

ҚББП: Төлеубай Айгерім Балтабайқызы

Сайыстың тақырыбы: «Биология әлеміне саяхат»

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Үйірме мүшелеріне биология пәнінің маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып,ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін,әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту

Тәрбиелік: Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түсіндірмелі сұрақтар.

Сайыста қолданатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ,Асық әдісі,гүл әдісі.

Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз «Биология әлеміне саяхат» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз. Сайысқа қатысушылар 7-8сынып Жас химик үйірме мүшелері.

Қосымша білім беру педогогі:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер- деп бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері:

1 кезең «Таныстыру»

2 кезең «Бәйге»

3 кезең «Ол кім,бұл не»

4 кезең «Бас қатырғыш»

5 кезең «Кім өнерлі кезеңі»

6 кезең «Қызықты сұрақтар»

7 кезең «Ой толғаныс»

Қосымша білім беру педогогі:

Асыл тастан, өнер жастан шығады,

Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.

Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,

Баға берер әділқазы құрамы.

Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. Туризм спорт және өлкетану бөлім меңгерушісі.Жарылқапов

  2. БЖШО ансамбль жетекшісі:Айтуғанова Ақмарал

Қосымша білім беру педогогі:

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсендер

Ортаға салындар барларынды-деп сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.

І-ші кезең «Таныстыру»Топтың аты, эмблемасы.

(Әр топ өздерін таныстырады)

  1. Зейін тобы

  2. Зерек тобы

  3. Алғырлар тобы

  4. Білгірлер тобы

2 кезең «Бәйге» Әр топқа 5сұрақтан қойылады,Әр дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі.

1-топ

1.Вакуольдің қызметі қандай? (жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді)

2.Тамырдың шығу тегіне қарай неше түрі бар? (3 негізгі, жанама, қосалқы)

3.Ұйқы ауруын тарататын шыбын? (цеце шыбыны)

4.Өрмекшітәрізділердің тыныс алу мүшесі? (демтүтік)

5.Өсімдікке тән органоид? (пластид)

2-топ

1.Хлоропласт дегеніміз не? (өсімдіктерге жасыл түс беретін пластид)

2.Хромопласт дегеніміз не? (Жеміс пен гүлдерге сары, қызыл түс беретін пластид)

3.Өсімдіктің Вегетативті мүшелерің атаңыз? (тамыр, сабақ, жапырақ)

4.Эндопаразиттер дегеніміз не? (организмнің ішінде тіршілік ететін паразит)

5.Өрмекшітәрізділердің зәр шығару мүшесі? (сатанбез, мальпигий тамырлары)

3-топ

1.Алғаш жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)

2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (окуляр)

3.Қанға қызыл түс беретін қан жасушалары (эритроцит)

4. Жасыл эвглена ненін көмегімен қозғалады (талшық)

5.Адам денесіндегі сүйектер саны (200 –ден аса)

4-топ

1.Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (ядро)

2.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (айна)

3.Қанның ұюына қатысатын қан жасушалары (тромбоциттрер)

4.Амебаның қозғалуы (жалғанаяқтарымен)

5.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы (имаго)

3- кезең «Ол кім, бұл не?»
І топ
Мен кіммін?
1. Мен ұлым екеуміз өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық. Менің тегім, аты - жөнім кім? (әкелі - балалы Янсендер)
Ол не?
2. Жасушаны көруге болатын құрал не? Микроскоп

2- топ
Мен кіммін?
1. Мен алғаш рет өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атадым. Менің аты - жөнім кім және бұл қашан болды? (Р. Гук 1665 ж)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі не? (Окуляр)

3-топ Мен кіммін?

1. Мен жүйелеудің негізін қалаушымын. Ағзаларға “қосарлы атаутізім” бердім. Мен кіммін?
(Карл Линней)

Ол не?
2. Кез - келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшек не? Жасуша

4топ Мен кіммін.

  1. Мен әйгілі тары өсірушімін. Тарының әр гектарынан 165 - 175 центнерге дейін түсім жиналды. Менің аты - жөнім кім? (Ш. Берсиев)
    Ол не?
    2. Шығу тегі, құрлысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы не?
    (Ұлпа)


4-КЕЗЕҢ.Басқатырғыш.

Оқушылар берілген әріптерден сөздер құрауы керек. Бунақденелілердің аттары жасырылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.



Ш

Е

Г

М

А

С

А

Ш

С

Т

Қ

І

Б

Ө

Г

О

Ы

О

А

О

Р

Т

К

Е

К

Б

Н

Р

Ң

А

Я

Ө

Л

Е

Ы

А

А

Ы

Қ

А

Б

И

Т

Н

Н

Қ

З

И

Н

Е

Л

І

К

Ы

А

Ы

Н

Д

А

Т

Ш

Ы

Б

Н

Б

И

Т

Л

Ұ

А

Р

А

К

Ө

Б

Е

Л

Е

К

С

Ю

Қ

Ұ

М

Ы

Р

С

Қ

А

Д

Ш

С

К

Ө

Б

Е

Л

Е

К

А

Н

Ш

А

Р

Қ

Ұ

М

У



5-кезең«Кім өнерлі кезеңі» әр топтың топбасшысы шығып бір конверттен алады, ішінде тапсырма жазылған , соны образға еніп,қимылмен көрсету керек.

1.Гүлдің солуын қимылмен көрсету.

2.Судан шығып қалған балық

3.Таңертен ерте тұрған қораздың даусын салы.

4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан

6-кезең Қызықты сұрақтар.

1.Барлық әйелдер үшін мысал бола алатын белі жіңішке жәндік?(құмырсқа)

2. Керемет секіретін бұл жануардың құйрығы тепе-теңдікті сақтауға қажет, ол қандай жануар?(кенгуру)

3.Оның құйрығы жазда сұр түсті, ал қаста ақ түсті болады?(қоян)

4.Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

5.Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
6.Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)

7.Ең биік ағаш (Пальма)

8.Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша)

9.Ең кішкентай құс? (колибри)

10.Ең алып құс (Түйеқұс)

7- кезең Ой толғаныс «Тірек белгілер» (мәтін беріледі, мәтінді оқып, конспектілейді. Конспектіде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек, тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен бейнелеу)
1-2 топ
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты, аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі - тыйым сөздер: «Көкті жұлма, таптама», «Көктемде жан - жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т. б
3-4 топ
Биология ғылымдарының адам үшін маңызы зор. Мысалы, микробиологияның дамуы медицина, дәрі - дәрмек, тамақ, ауыл шаруашылығы өндірістерінде елеулі табыстарға жеткізіп отырғаны айқын. Биологияның экология саласы табиғатты қорғаудың аса қажеттілігінен туындады. Мысалы: қазір туындап жатқан ауыз су мәселесі, судың жетіспеушілігінен ғана емес, су қорын дұрыс пайдаланбаудан, ластаудан, орман - тоғайларды кесуден болып отыр. Бәріміздің ортақ үйіміз – Жерді, оның мәні мен сәні табиғатын сақтап, қорғау парызымыз
.

Қосымша білім беру педагогі:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам?

Таланттарын табайық.

Әділқазы алқасы

Сараласын бағалап

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап ,-дей келе сөз кезегін әділ –қазылар алқасына берейік.

Жарыс соңында топтар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Қатысқандарыңызға көп рахмет сау болыңыздар!




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі