жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Биология байланысты критериалды бағалау бойынша сабақ жоспары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Биологияға байланысты критериалды бағалау бойынша сабақ жоспары
Орындаған: Камаш Зере
Тексерген: Сүлеймен С.Б.
Алматы, 2021 жыл
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс деп білеміз.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші бола алатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген құнды процесс болғандықтан өз зерттеулерімізді биология сабақтарында осы бағалау түрін зерттеуге негіздедік.
Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ болып табылады.
Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Биология сабағында мұғалім баға қою барысында оқушылардың сабаққа қатысуына, белсенділігіне баса назар аударады. Кейде баға қоюдың өзіндік кері әсер тигізетінін байқаймыз. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, «бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады?» деп, бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды.
|
Мерзімі
|
Іс-әрекеттің түрі |
Коучтің іс-әрекеті |
Топтың іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
5 минут |
Сәлемдесу, сергіту |
Сергітуді жүргізеді Жағымды ахуал орнату іс-әрекеттерін түсіндіреді |
Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып «Орама жіп»тің көмегімен «Танысу» ойыны шартын орындайды. |
Мұғалімдер Орама жіп. |
|
5 минут |
Шағын үш топқа төртеуден бөліну Кері байланыс |
Топқа бөліну ережесін түсіндіреді. Әр мұғалім бүктелген қағаздарды алады. Мұғалімдер үш топқа бөлінеді. Шульманның үш көмекшісі туралы түсінік береді Мұғалімдерге бастапқы кері байланыс парағы ұсынылады. Кесте «Бағалау туралы не білемін?» |
Мұғалімдер қоларына «Ыстық қайрат-қолда»», «Нұрлы ақыл-баста» , «Жылы сезім -жүректе» деген сөздерді оқиды, Шульманның үш көмекшісі «бас», «қол» , «жүрек» бойынша үш топқа бөлінеді Әрбір мұғалім кері байланыс парақшасының «нені білемін?» сұрағына бағалау туралы коучингке дейін нені білетінін жазады. |
Конверттер, стикерлер |
|
5 минут |
Критерилер бойынша бағалауға тапсырма беру |
Үш топқа «Көбелектің» суретін сызу тапсырылады. |
Мұғалімдер тапсырманы орындайды. |
Плакат, маркерлер, түрлі –түсті қағаздар, желім, стикерлер. |
|
5 минут |
Тапсырмаларды бағалау |
Әр топтың сызған суреттерін көріп баға береді және бағалау критериилерімен дескрипторлар арқылы бағалауды мұғалімдерге таныстырады. |
Мұғалімдер критерилермен танысады да өздері сызған суреттеріне критерии бойынша коучтің қойған бағасы қаншалықты дәрежеде әділ қойылғанына көз жеткізеді. Тексереді, өз-өзін бағалайды. |
Мұғалімдер, Сызылған суреттер, критериилер жазалған парақша. |
|
10 минут |
Мәтімен жұмыс |
Үш топқа тақырыпқа сай теориялық материалдар таратады. Және оларды бақылайды. |
Әр топ мүшесі -жеке -жұппен -топпен жұмыс жасап мәтіннің мазмұнымен танысып, өз ой тұжырымдарын жинақтайды. |
Мұғалімдер , парақшалар мен қаламсаптар |
|
5минут |
Мәтін бойынша пікіралмасу |
Мұғалімдердің ой-тұжырымдарын тыңдайды, бақылайды. Сұрақ береді: Сіздер формативті бағалаудың қандай түрін қолданасыз? |
Мәтіннен түсінгендерін өзара пікіралмасу арқылы сөйлеп береді. Өз іс-тәжірибесінде формативті бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүргенін айтады. |
Мұғалімдер , парақшалар мен қаламсаптар |
|
10минут |
Бағалау парақшаларын тарату. |
Түсінік беру |
Бағалау парақшаларын талдау арқалы өз бетінше топпты бағалау парағын құрастырады. |
канц.тауарлар |
|
5 минут |
Сергіту сәті |
«Ергежейліліер және алыптар» ойынын ойнауды түсіндіреді. Ойын барысында коуч оларды шатастыруға тырысады. |
«Ергежейліліер және алыптар» ойынын ойнайды. Жеңілген адам шығып кете береді. |
Мұғалімдер. |
|
5 минут |
Презентация |
Бақылау, бағалау. |
Әр топ өздері құрған бағалау парақшаларын қорғайды. |
Бағалау парақшалары, қаламсаптар |
|
5 минут |
Рефлексия |
Бақылау жассау. Кері байланыс парағының коучингтен кейінгі сұрақтары ұсынылады. |
Кері байланыс кестелерін толтырады. Стикерлерге Өз тілектерін жазып, «Тілектер дестесін» құрып, ұсынады. |
Кесте сызылған қағаздар. Стикерлер |
|
Мерзімі |
Іс-әрекеттің түрі |
Коучтің іс-әрекеті |
Топтың іс-әрекеті |
|
5 минут |
Сәлемдесу, сергіту |
Сергітуді жүргізеді Жағымды ахуал орнату үшін түсіндіреді |
Мұғалімдербір түзу бойымен жайласады да шетінен әр ұлттың амандасуы бойынша амандасады. |
|
5 минут |
Шағын үш топқа төртеуден бөліну |
Топқа бөліну ережесін түсіндіреді. |
Мұғалімдер бір түзу бойынша әскерлердей бірден үшке дейін санап шығады .Нәтижеде топ құралады. |
|
5 минут |
Миға шабуыл. Бейнежазбадан көрініс /Интербелісті тақтада дәстүрлі екі сапбақтан үзінді көрсетіледі / |
Топты қадағалайды |
Бейнежазбаны көреді |
|
5 минут |
Тақырып бойынша кумулятивті әңгіме, бейнежазбаны топ болып талқылау |
Сұрақтар қою/Сіз қандай ой түйдіңіз? Сізге әсерлі сәтері болды ма? Біздің оқыту сабағына қатысы қандай? / |
Сұрақтарға жауап беру арқылы мұғалімдер дәстүрлі сабаққа, мұғалімге баға береді. Топтан бір мұғалім қорғайды. |
|
5 минут |
Интербелсенді тақтада екінші көрсетілім. Англия мектептеріндегі оқушылар мен мұғалімнің сұхбаты |
Бақылау, рефлексия |
Мұғалімдер тыңдайды |
|
5 минут |
Тапсырма: Мұғалімдерге сұрақтар қойылды. |
Сұрақтар қою/Сіз қандай ой түйдіңіз? Біздің оқыту сабағына қатысы қандай? Біз оқушы үнін тыңдаймыз ба?/ |
Мұғалімдер Топта талқылап бір мұғалім қорғайды. |
|
5минут |
Тапсырма: Англия мектебінен «үш воршкоп» үш топқа тарқатылады |
Топтарға үш тақырыпберілді: «Білім алушыларға критерийлерді жеткізу», «Өзін өзі және өзара бағалау», «Кері рефлексия» |
Мұғалімдер топта талқылап өз ойларын қорғайды. Әр топтан шыққан эксперттер топ мүшелерін бағалайды және толықтырады. |
|
5 минут |
Тапсырма бойынша қорғау және эксперттердің бағасы. |
Бақылау, рефлексия |
Мұғалімдер топта талқылап өз ойларын қорғайды. Әр топтан шыққан эксперттер топ мүшелерін бағалайды және толықтырады. |
|
5 минут |
Постерді қорғау |
Бақылау жасау, сұрақтар қою |
Әр топтық постерін бір мұғалім қорғайды. |
|
5 минут |
Кері байланыс Кумулятивті әңгіме бойынша сұрақтар қою, Сендвич әдісі |
Бақылау жасау, Сұрақтар қою, қадағалау |
Сендвич әдісі бойынша тапсырманы орындау, сұрақтарға жауап беру, рефлексия |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген