жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Биология және химия әлеміне саяхат
«Химия және биология әлеміне саяхат»
интеллектуалды ойыны
8-9 сыныптар арасында
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, әр іске шығармашылықпен қарауға бейімдеу, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Игерген білімдерін қорытындылап бір жүйеге түсіру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: ойынға қажетті слайдтар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, ойынға қажетті кеспе қағаздар, суреттер.
1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Химия және биология әлеміне саяхат» интеллектуалды ойына хош келдініздер.
1-Жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған, дарындар!
Жауап беріп, шешу жолын табыңдар.
Жылдам әрі нақтырақ жауап беріп,
Осы ойынның көшбасшысы болыңдар!
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: Бәйге
2-бөлім: Полиглот
3-бөлім: Тікелей сұрақ
4-бөлім: Жорға
5-бөлім: Ғажайып дода
Сонымен ойыншылар іске сәт!
Сайыскерлерімізді бағалайтын әділ қазылар.
2-Жүргізуші:
Шақырамыз келіңіздер жарысуға,
Көш-өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Дарабоздар, келіңдер сайысуға!
1- кезең: Бәйге.
Қойылған сұраққа тез, нақты жауап беру керек. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1.Фотосинтез процесін ашқан ғалым? (К.А. Тимирязев)
2. Медициналық спирттің формуласы ( C2H5OH )
3. Иод тапшылығынан болатын ауру. ( Зоб)
4.Балықтарды зерттейтін ғылым /Ихтиология/
5.Азық-түліктің
қай түріне
байыту үшін темір қосылады.
(Ұн)
6. Талып қалған адамға есін жидыру үшін иіскетіп есін жидыратын (Мүсәтір спирті NH4OH )
7. Ас содасының формуласы. (NaHCO3)
8. Қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды.( F )
9. Ядросыз организмдер (прокариоттар)
10.
Адам мен жануардан бөлінеді,
өсімдіктің
торына ілігеді. (СО2)
11. Бактерицидтік қасиеті бар металл (Аg)
12.Қан құрамындағы металл. (Fe)
13.Сіріңке өндірісінде қолданылатын бейметалл. (P,S )
14.Иіс газының формуласы. (CO)
15 Қызыл кітап неше санатқа бөлінген? (5)
16. 1S2 2S2 2р6 3 S2 3р 6 3d6 4 S2 қай элемент (темір)
17. Марганцовканың химиялық формуласы (KMO4)
Жүргізуші:
II кезең полиглот
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Екіншінің қатты істейтін миы бар.
Мақал-мәтел, жұмбақ шешсең үш тілде
Осы ойынның сізге деген сыйы бар.
Исі,түсі,өңі жоқ.
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдік егер көп болса,
Денсаулыққа пайдасы көп.
Оттек-кислород-oxygen
Бірінші бөлігім көп емес,
Екінші бөлігім тілсіз жау.
Қосып оқы элеметті,
Тыныс алуға қиындау.
Бұл қай элемент
Азот-азот-nitrogen
Коп сөз –көмір
Аз сөз-
Алтын-золота-Golden
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді
Күміс-серебро-cerebral
Мидың құрамында, жүйке талшығында көп кездесетін “ақыл- ой элементі”
Фосфор-фосфор-Phosphorus
Ең жеңіл элемент саналады периодтық жүйе осыдан бастау алады.
Сутегі-водород-hydrogen
Батыр майданда шыңдалады,
.......... қайнауда шыңдалады.
Темір – железо – аlәn
Ол болмаса асыңның кірмес,
Кім бар ортада оны білмес.
Ас тұзы- соль –Salt
III кезең тікелей сұрақ
Мұлімдер сұрақ қояды.
9А сыныптың ақылды, білімді, онерлі қыздарының бірі Кудабаева Аминаны ортаға шақырамыз. Күй-
2-Жүргізуші:
Мәңгі баста есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
Демек, келесі IV кезең Жорға
Ғалымдар
Сутекті алғаш алған ғалым /Кавендиш/
Оттекті алған ғалым / Дж пристли /
1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген / Роберт Гук /
«Өз жерін қара тасын мақтай білмеген, бөгде жердің алтынында мақтап жарытпас» қай ғалымның сөзі. / Қ. Сәтбаев/
Иммунитет туралы ілім негізін қалаған ғалым /И. И. Мечников/
Формулалар
Массаны қалай табамыз / масса тен зат мөлшері көбейтілген мольдік масса/
Көлемді калай табасың /көлем тен зат мөлшері көбейтілген мөлдік көлем /
Атом немесе молекула санын қалай табамыз? / атом саны тен зат мөлнері көбейтілген авогадро тұрақтысы /
Зат мөлшерін табудың 3түрін көрсет / зат мөлшері тен массасы бөлінген мөлдік масса
Тығыздықты қалай табамыз / тығыздық тен молдік масса бөлінген авогадро тұрақтысы /
Металлдар
Сұйық металл / сынап/
Электр лампаларының сымын жасайтын металл / вольфрам/
Алақанда еритін металл / литти /
Сынаптың металдармен қоспасы не деп аталады / амалгамма /
Азияны жаулауда даңқы шыққан А.Македонскийдің армиясын іш науқасы әлсіретті. Бірақ әскер басшыларына қарағанда солдаттары көп ауырды. Себебі.
Азияны жаулауда даңқы шыққан А.Македонскийдің армиясын іш науқасы әлсіретті. Бірақ әскер басшыларына қарағанда солдаттары көп ауырды. Себебі. / Әскер басшылары-күміс , ал солдаттар қалайы сауыт ұстаған/
Өсімдіктер
Ботаника ғылымы нені зерттейді /Өсімдікті/
Иод алатын өсімдік / балдыр /
Микробиология дамуына жол ашқан ғалым / Л.Пастер /
Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді / 1981 жылы /
Пияз бен сарымсақ құрамында болатын зат? / Фитонцид бактериялардың көптеген түрін жойып жібереді, сондықтан жұқпалы ауруға қарсы қолданылады./
V кезең ғажайып дода
Топ басшылары оз ойын ортаға салады.
I – топ
Химия пәнінің өмірге пайдасы
II- топ
Биология пәнінің өмірге пайдасы
“ Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
” деп даналарымыз айтқандай “Келешек білімді ұрпақ қолында” екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі , Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген