400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Биология көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сабақтан тыс уақытта ой өрісін дамыту мақсатында өткізілетін шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология көшбасшысы


Мерзімі:24.02.2017ж

Сыныбы: 6

Жауапты мұғалім: Омбаева Б.М
Сабақтың түрі: танымдық сайыс
Мақсаты:

Оқушылардың ой- өрісін дамыта отырып,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші:
Құрметті
 ұстаздар мен оқушылар! «Биология көшбасшысы» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.

Уақыт деген зымырап өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.


Сайысқа
 қатысушы оқушылармыз 6 сынып оқушылары.

1-топ:Білгірлер

2-топ:Алғырлар

3-топ:Тапқырлар

4-топ:Ойшылдар

5-топ:Дарындылар

Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
1. "БӘЙГЕ" КЕЗЕҢІ
2. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ
3."ҰЯШЫҚТАР" КЕЗЕҢІ
4 "ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ" КЕЗЕҢІ
5.. "КІМ ӨНЕРЛІ" КЕЗЕҢІ
Сайыскерлеріміздің
 біліміне,шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1.Бисембаева Т.Т

2.Турмағамбетова М.И

3 Сулейменова Р.Т

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.
І кезең "БӘЙГЕ " КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан қойылады,әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.
№1 топқа

1.Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар? (Ағайынды Янсендер)

2. Балдырларға түс беретін зат? (Хроматофор)

3. Қылшадан қандай дәрі алынады? (Эфедрин)

2 топқа

1. Жасушаны ашқан ғалым? (РобертГук)

2. Шымтезек мүгінің екінші атауы? (Ақ мүк)

3.Фитонцид дегеніміз не? (Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат)

3топқа

1.Өсімдікке жасыл түс беретін пластид? (хлоропластар)

2.Өнеркәсіпте плауннан қандай шикізат алады? (сары және жасыл бояу)

3.Орманды қайта қалпына келтіріп,көбейтудің қанша түрі бар? (егу, себу, табиғи жолмен қалпына келтіру)

4топқа

1.Тамыр жүйесі шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? (Негізгі, жанама, қосалқы)

2.Қырықбуынның жерүсті өркендердің неше түрі бар? (Көктемгі және жаздық)

3.Бірүйлі өсімдік дегеніміз не? (Аталық бүрлер мен аналық бүрлердің бір өсімдікте болуы)

5топқа

1.Жүйкелену дегеніміз не? (Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы)

2.Жақсы жетілген екі талшығы,алдыңғы жағында жиырылғыш вакуолі және қызыл көзшесі болатын біржасушалы балдыр? (Хламидоманада)

3.Етті бөлігі тәтті болғандықтан мармелад дайындайтын өсімдік? (Кәдімгі арша)

ІІ. кезең "КІМ ШАПШАҢ"Сайыскерлеріміз тақтада ілінген әріптерден өсімдік пен жәндіктердің аттарын құрау тиіс

1.МТПОИАЗЦЛА(Цитоплазма)
2.АРКЗМИОИ(Микориза)

3.ОЕЗТОФСНИТ(Фотосинтез)
4. РЭЕДОМНСП(Эндосперм)

5. КЯСЙЕОВ (Секвойя)
6. ИФНЕЭДР (Эфедрин)
7. НДТИЦФОЦ (Фитонцит)
8. ЫАҚЛНЫҚЖАПАҚР (Қылқанжапырақ)

9. РШАСБОАҚБ (Шоқбарбас)

10.ГУСАНФС (Сфагнум)

11.ЕМКШЕЫТЗ(Шымтезек)

12.ЯБГРОИЛОИ(Бриология)

13.АДНОХИЛМАДОАМ(Хламидомада)

14.ЛМАЛТО(Таллом)

15.ПРКМСКОИО(Микроскоп)

16.АЖПҚОАРМАЫР(Орамжапырақ)

17.ІТЗШӨГКІ(Өткізгіш)

18.АБТҚАЫАМРС(Тамырсабақ)

19.ДКАФАОРЛО(Кладофора)

20.ҒАРЙАБАҚАЛ(Балқарағай)


ІІІ кезең «ҰЯШЫҚТАР» КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде сайыскерлеріміз берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
ІV кезең. "ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ"КЕЗЕҢІ
 
Тікен,тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (шырша, елька,christmas)


Тасқа шығар көк,

Бірақ тамыры жоқ (қына,лишайник,lishen)


Жер астында жез қазық

Жеуге болар ас қазық (Сәбіз,марковь,carrot)


Ағайынды бәрі:

Шықса көк, түссе сары. (жапырақтар,листья,leaves)


Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш,дерево,tru)


Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз,лук,onion)


Ауызы жоқ ,сыңғырлайды күледі

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ. (су,вода,wolter)


Алма десің түріне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап,

Татсаң тәтті,бал шәрбатты (Анар,гранат,garnet)


Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма,яблока,apple)



V кезең . «КІМ ӨНЕРЛІ» КЕЗЕҢІ
(әр сайыскерге бір-бір конверт,ішінде тапсырма жазылған,соны образға еніп,қимылмен көрсету керек)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан
 
5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

6.Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.

7. Жел соққандағы ағашты келтір

8. Бақаның жүрісін сал

9. Жүректің соғысын көрсет

10. Шимпанзенің қимылын көрсет


Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз.Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап,қорытындысын шығарды.Жеңімпаз топ анықталды.
Қош, сау болыңыздар!













Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп – гимназиясы











Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Биология көшбасшысы















Пән мұғалімі: Омбаева Б.М







Ақтөбе қаласы, 2017 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі