400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пәні 9-сынып 4-тоқсан №1 БЖБ Көбею. жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні 9-сынып 4-тоқсан №1 БЖБ Көбею. жауабымен Жауабымен
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу мақсаттары:


9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау

9.2.1.2 жыныстық жетілу кезіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау

9.2.1.5 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру


Бағалау критерийлері:


  • адамның жыныс жүйесінің құрылысын түсіндіреді

  • жыныстық жетілу кезіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттайды

  • жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіреді


Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындалу уақыты 20 минут


Тапсырмалар


  1. Сызбада әйел адамның жыныс мүшесі берілген.


а) А, В және С әріптерімен берілген құрылымдарды атаңыз


А ____________________


B_____________________


C_____________________



в) D әріпімен берілген құрылымды сипаттаңыз


2 .

  1. Ер адамдарда пайда болатын екінші реттік жыныс белгілері қандай? ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

в) Әйел адамдарда пайда болатын екінші реттік жыныс белгілері қандай? _________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

с) Бірінші реттік және екінші реттік жыныстық белгілерге бөлудің негізіне не жатады ?

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________


3. а) Cол жақтағы бағаннан жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды және оң жақтағы бағаннан сол аурудың салдарын таңдаңыз. Жауабын астындағы кестеге жазыңыз.



Аурулар


Аурудың салдары

1

С гепатиті

A

Едәуір қауіпті вирустық жұқпа, қоздырушысы – адамның иммундық тапшылық вирусы

2

Мерез (сифилис)

B

Ауру салдарынан дене температурасы көтеріледі, әлсіздік пайда болады, бауыр, буындар ауырады

3

ЖИТС

C

Бұл аурудан әйелдерде жатыр іріңге толады, іштен төмен және белі ауырады. Ер адамдарда ұрпісі қызарып, ісіп кетеді, денесі қызып, несепке іріңді зат араласады.

4

Соз (гонорея)

D

Бұл ауру салдарынан сілемейлі қабықша зақымдалса, жараның пайда болуы. Жүктілік кезінде ауырса, болашақ нәрестенің тері қабатының, шеміршекті ұлпаның, мұрын, құлақ қалқанының құрыс қалыптаспауына әкеледі.


1


2


3


4




в) Соз ауруының алдын алу шарасын түсіндіріңіз


























Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Балл

Адамның жыныс жүйесінің құрылысын түсіндіреді


А әріпімен берілген құрылымды атайды


1

В әріпімен берілген құрылымды атайды


1

С әріпімен берілген құрылымды атайды


1

D әріпімен берілген құрылымды сипаттайды

1

Жыныстық жетілу кезіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттайды

Ер адамдарда пайда болатын екінші реттік жыныс белгілерін анықтайды

1

Әйел адамдарда пайда болатын екінші реттік жыныс белгілерін анықтайды

1

Бірінші реттік және екінші реттік жыныстық белгілерге бөлудің негізін анықтайды

1

Жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіреді


С гепатитін ауру салдарымен сәйкестендіреді

1

Мерез ауруын ауру салдарымен сәйкестендіреді

1

ЖИТС ауруын ауру салдарымен сәйкестендіреді

1

Соз ауруын ауру салдарымен сәйкестендіреді

1


Соз ауруының алдын алу шарасын түсіндіреді

1

Жалпы балл

19

























Жауаптары


  1. а) А жатыр түтігі, В қынап, С аналық без

в) D – қуықтың артқы тұсында жамбас қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшық етті мүше.


  1. а)Дауыс байламдары ұзын, сақал-мұрты өседі,

в) Дауыс байламдары қысқа, жамбас сүйектері жалпақ, кеуде қуысы мен иығы қарқынды дамиды

с) Бірінші реттік жыныс белгілері – сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысындағы айырмашылықтар. Олар ең бірінші, яғни туған сәттен бастап көрінеді. жыныс гормондары екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына әсер етеді.


  1. 1) В

2) D

3) А

4) С


в) Соз ауруының алдын алу шарасына жеке бас гигиенасын сақтау, кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастан сақтану, міндетті алдын-алу тексерілуден өту, аализге қан тапсыру жатады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
27.01.2024
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі