Материалдар / Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары жауабымен

Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары жауабымен
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары


1 – тапсырма. Аралар

Аралар туралы мәтін

Осы және келесі бетте көрсетілген ақпарат аралар туралы булеттен алынды. Сұрақтарға жауап беру үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.

Шірне жинау

Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал олан омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады.

Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар, 8-суретте көрсетілгендей, іштерімен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады. Бидің реті тура келесі суреттегідей болады.

Shape1


Суретте бал ұясының тік жағында омартаның ішіндегі аралардың биі көрсетілген. Егер суреттің ортаңғы бөлігі жоғары қарай нұсқаса, онда бұл аралар күн жаққа қарай ұшса, тамағын таба алады дегенді білдіреді. Егер суреттің ортаңғы бөлігі оң жақты нұсқаса, онда тамақ күннен оңға қарай орналасқан дегенді білдіреді.

Аралар іштерімен қозғалатын уақыттың ұзақтығы тамақтың омартадан бастап орналасқан қашықтықты көрсетеді. Егер тамақ жақын жерде болмаса, онда ара гүлдің ішін біраз уақыт қозғайды

Бал жасау

Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жыл және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.

Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.


Глоссарий

      • Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшы ара

      • Төменгі жақ ауыздың бөлігі


1– сұрақ. Аралар биі не үшін қажет?

    1. Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.

    2. Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.

    3. Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.

    4. Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін.

Дұрыс жауап: D.

2– сұрақ. Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз.

1.


2.


3.


Дұрыс жауап: Сұрақтың мақсаты: ақпарат алу: бұратын ақпаратсыз, әріп тіркесі abc, abe, bde (кез-келген ретпен)


a:жеміс ағаштары

b: беде

c:гүлденген ағаштар d:ағаштар

e: гүлдер

3– сұрақ. Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?

    1. Заттың құрамындағы судың мөлшері.

    2. Заттағы қанттың минералдарға қатынасы.

    3. Зат алынатын өсімдіктің түрі.

    4. Затты өңдейтін аралардың түрі.

Дұрыс жауап: А.

4– сұрақ. Аралар би арқылы тамақтың омартадан қаншалықты ұзақ жерде орналасқанын көрсеткісі келеді ме? ...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

Дұрыс жауап:

  • Араның ішін қозғайтынын және қозғаудың ұзақтығын айтады.

  • Ара ішін қанша уақыт қозғайды.

  • Ол белгілі бір уақыт бойы ішін қозғайды.

  • Араның ішін қозғайтынын ғана ескереді.

  • Ол ішін қозғайды.

  • Ол ішін қозғау арқылы тамақтың қаншалықты алыста екенін көрсетеді.

  • Ішін қозғау уақыты ескерілмей, қозғалудың ұзақтығы ескеріледі.

  • Араның қаншалықты ұзақ билейтіні.


Shape2


2 – тапсырма НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР




Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.


  1. сұрақ.Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?

А.Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады

В.Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді

С. Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады

D.Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады

Дұрыс жауап: С


2- сұрақ . Бірнеше сағаттан соң аспазшы қамырды өлшеп, оның салмағы біршама азайғанын байқады.Суретте көрсетілген әрбір 4 тәжірибенің басында қамырдың салмағы бірдей. Аспазшы ашытқының қамыр салмағының жеңілдеуіне себепші екенін білу үшін қай екі тәжірибенің қорытындыларын салыстыруы қажет?




Shape3

Шыны ыдыс

Шыны ыдыс

Ұн, су, тұз және

ашытқы

Таразы

Таразы

Ашық шыны ыдыс

Ашық шыны ыдыс

Ұн, су, тұз және

ашытқы

Таразы

Таразы

4 Тәжірибе

3 Тәжірибе

Ұн, су, тұз

ашытқысыз

1 Тәжірибе

1 Тәжірибе

Ұн, су, тұз және

ашытқысыз

тығын

тығын


A

Аспазшы 1 мен 2 тәжірибені салыстыруы керек

B

Аспазшы 1 мен 3 тәжірибені салыстыруы керек

C

Аспазшы 2 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек

D

Аспазшы 3 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек

Дұрыс жауап: D


3-сұрақ. Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады. Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?

Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.

Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.

Иә / Жоқ

Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының құрамына кіреді.

Иә / Жоқ

Кейбір көміртек атомдары судан шығады

Иә / Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ,жоқ.


4-сұрақ. Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?

А.Олардың молекулалары көбейеді

В.Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады

C Молекулалар саны көбейеді

D Олардың молекулалары сирек соқтығысады


Дұрыс жауап:В


3 – тапсырма ТЕМЕКІ ШЕГУ

Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020 жылы әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады.Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.

1-сұрақ.Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?

  1. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады

  2. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді

C Қанды өмірқышқыл газынан тазартады

D Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады

Дұрыс жауап:В

2-сұрақ .Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.


Темекі шеккен кезде келесі аурулардың қайсысысының пайда болу қаупі жоғарлайды?

Иә немесе Жоқ

Бронхит

Иә/Жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә/Жоқ

Шешек ауруы (оспа)

Иә/Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ,жоқ.


3-Сұрақ. Кейбір адамдар темекіні тастау үшін никотин жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жабыстырылып қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.

Никотин жапсырмаларының тиімділігін зерттеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зерттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар санымен никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.

Тәжірибенің келесі жоспарларында қайсысы ең тиімдісі?

А.Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады

В.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағысы келеді

С.Қатысушылар өз еркімен темекіні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді

D Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды

Дұрыс жауап: D


Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?

Иә немесе Жоқ

Темекі бағасының жоғарлауы

Иә/Жоқ

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

Иә/Жоқ

Әлеуметтік жерлерде темекі шегуге тыйым салу

Иә/Жоқ

4-сұрақ Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.


Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Дұрыс жауап: жоқ, ия,ия.




4 – тапсырма ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру жаттығулары пайдалы.



1-Сұрақ. Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.


Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма?

Иә немесе Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары жүрек және қан тамыры жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы

Иә/Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға үйретеді

Иә/Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуға көмектеседі

Иә/Жоқ


Дұрыс жауап: ия,жоқ,ия.


2-Сұрақ. Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Бұлшық етті жаттықтыру барысында төмендегілер болады ма?

Иә немесе Жоқ

Бұлшық еттің қан айналымы жақсарады

Иә/Жоқ

Бұлшық етте май жиналады

Иә/Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ.

3-Сұрақ.Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?

..................................................................................................................................

...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

Дұрыс жауап: -сіз дене шынықтырумен айналысқанда, сіздің ағзаныз оттегіні көбірек қажет етеді, сондықтан көмірқышқыл газын көбірек шығарады. Бұл тыныспен жүзеге асырылады.

-жиі тыныстану- қанды оттегімен көбірек қамтамасыз етуге және көмірқышқыл газын көбірек шығаруға мүмкіндік береді.



5 – тапсырма СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР?


Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма?

Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары мен тіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады.

Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».

«Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар» – бұл норвегиялық журналдан алынған мақала.

Мына сұрақтарға жауап беру үшін, мақаланың мәтінін пайдаланыңдар.


1-Сұрақ. Бенте Хансен кеңес бергендей, неге тілді де тазалау керек?

........................................................................................................……………


…………………………………………………………………………………………


………………………………………………………………………………………...

Дұрыс жауап: Бактериялар НЕМЕСЕ ауыздан шығатын жаман иіс туралы НЕМЕСЕ екеуі де туралы айтылады. Өзінше айту немесе мәтіннен тікелей дәйексөз берілуі мүмкін.

-Бактериялардан құтылу үшін.

-Тілде бактериялар болуы мүмкін.

-Бактериялар.

-Осылай ауыздан шығатын жаман иістен құтылуға болады.

-Жаман иіс.

-Бактерияларды жою және сонымен ауыздан шығатын жаман иістен құтылу үшін (екі себеп те).

-Онда жаман иіс туғызатын бактериялар көп болуы мүмкін (екі себеп те).

-Ауыздан жаман иіс шығуы бактериялардан болады.


6 – тапсырма АУЫЗ СУ



Жоғарыда көрсетілген суретте, қаладағы үйлерге берілетін судың ішуге қалай жарамды болатыны көрсетілген.

1-Сұрақ .Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын сулар жерасты сулары деп аталады. Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға қарағанда бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз


........................................................................................................................


........................................................................................................................


.......................................................................................................................

Дұрыс жауап: Жер асты суларының жер қабаттары арқылы өтетін фильтрация сілтемелері бар жауаптарға сүйенеді

-Су құм мен жер арқылы өткенде тазарады

-Табиғи фильтрация болады

-Өйткені су жер арқылы өткенде, құм мен тастың көмегімен фильтрация өтеді


2-Сұрақ Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Суретте көрсетілген тазарту процесі 4 кезеңнен (1-4 дейін нөмірленген) тұрады. Екінші кезеңде су тұндырғыда жиналады.

Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?

A Суда болатын бактериялар өледі

B Суға оттегі қосады.

C Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады

D Улы заттар еріп кетеді

Дұрыс жауап:С

3-Сұрақ. Суды тазалаудың 4 ші кезеңінде хлор қосады. Не себепті суға хлор қосады?

...........................................................................................................................

.....................................................................................................................

........................................................................................................................

Дұрыс жауап: Бактерияларды (немесе вирустарды, микробтарды) жою, кетіру сұрағына сілтемелер берілген жауаптар

-Оны батериялардан тазарту

-Хлор бактерияларды жояды.


4-Сұрақ .Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін бе? «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз


Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғады ма?


Иә немесе Жоқ?

Диабет

Иә / Жоқ

Диарея

Иә / Жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә / Жоқ


Дұрыс жауап:ия, жоқ, ия.














ЖИ арқылы жасау
21 Қаңтар 2025
246
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі