Биология пәні бойынша сайыс 7-8 сыныптарға арналған

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Биология пәні бойынша сайыс 7-8 сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша сайыс 7-8 сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


"Білімділер бекеті" сайысы

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: сайыс



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. "Алғашқы көмек" бекеті

2. "Қызыл кітап" бекеті

3. "Полиглот" бекеті

4. "Шытырман" бекеті

5. "Өңделмеген шикізаттар" бекеті


Жүргізуші: Армысыздар халайық,

Сайыстың бетін ашайық.

Сұраққа шешу табайық,

Жер ұйығын білімнің.

Жаратылыстану деген ғылымның,

Жәннат жеріне барайық.

Бұл думанды кеште біз,

Нәр білімді, бар өнерді.

Көрсетіп бір қалайық.

Мақал-мәтел, жұмбақтар,

Ғажайып қоржын сұрақ бар.

Суретке қара байқап қал,

Сырлы сауал сұрақтар.

Жеңіске жетіп мықты топ,

Думанды кешті тойлайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар біздің "Білімділер бекеті" сайысымызға қош келдіңіздер!


Жүргізуші: Ойдың білім атасы,

Көрегенді данасы.

Көп алғысы бар батасы,

Әділқазы алқасы -деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. _______________________________________________________________________

2. _______________________________________________________________________

3. _______________________________________________________________________

4. _______________________________________________________________________


Жүргізуші: Сұраққа жауап беріп айтысайық,

Сауалды іліп алып тартысайық.

Бәрін айтта бірін айт алдыменен,

Жобасымен сайыстың танысайық.

1. "Алғашқы көмек" бекеті

2. "Қызыл кітап" бекеті

3. "Полиглот" бекеті

4. "Шытырман" бекеті

5. "Өңделмеген шикізаттар" бекеті


Жүргізуші: Үлгілі тәртіп , жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Қол соғып, қарсы алайық

Сайысқа түсір топтарды.

1 топ «Алғырлар»

2 топ «Тапқырлар»

3 топ «Білгірлер»


Жүргізуші: Сайыс шарты бойынша топтар белгіленген бекеттер арқылы өтіп тапсырмаларды орындап мәреге келуі керек. Уақытты тиімді пайдалану қажет. Тапсырмаларды неғырлым жылтам әрі дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.



"Алғашқы көмек" бекеті.

1. Қол сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек

2. Аяқ сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек


"Қызыл кітап" бекеті

Адыраспан

Жиде

Меруертгүл

Дуадақ

Қызғылт бірқазан

Қабылан

Қара құйрық


"Полиглот" бекеті

1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар. (Қасқыр, волк,wolf )


2. Иісі де,дәмі де жоқ,ұсталмайды,

    Ол болмаса,тіршілік,өмір де жоқ.

    Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

    Қалады қарауытып көмір боп шок (Оттегі, кислород, oxygen)


3. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су, вода, water)


4. Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма, яблоко, apple)


5. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе, верблюд, camel)


6. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық, кот, сat)


7. Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.   (Пiл, слон, an elephant)


8. Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян, заяц, rabbit)


9. Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем. (Жылқы, лошодь, horse)


10. Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын, табыңдар. (Арыстан, лев, the lion)



"Шытырман" бекеті

Топтар берілген сөзжұмбақтар мен шытырмандардың шешімін табуы қажет





"Өңделмеген шикізаттар" бекеті

Топтар берілген қалдықтарды арнай жәшіктерге түстеріне қарай сұрыптап салуы қажет.

Сары түс: пластик өнімдер

Көк түс: шыныдан жасалған өнімдер

Қызыл түс: метал өнімдер

Жасыл түс: қағаз қалдықтары


Жүргізуші: Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме.


Жүргізуші: Жеңімпаз топты анықтау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.


Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы,

Білімді үйренейік жаңа замандағы.

Аман сау тұрыңыздар осымене,

Білімділер бекеті" сауысымыз тәмамдалды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі