Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пәнін оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдердің тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнін оқытатын мұғалімдер, әсіресе жас мамандар өз сабақтарында оқушылардың белсенділіктерін арттыру жолында қандай іс-әрекет жасау керек, қай әдістерді сараптап қолданса тиімді болады сияқты сұрақтарға жауап алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Сарыағаш ауданы

17 «Ы.Алтынсарин» ж.о.м.










Тақырыбы: Биология пәнін оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдердің тиімділігі.



















Қабылова Қатира Дабылқызы,

химия және биология пәні мұғалімі













Жоспары:



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Биология пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары

2. Биология пәнін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

 

Қорытынды 

 

 

 

 

 

























Кіріспе

 «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз»,- деген болатын елбасы Н.Назарбаев. Білім саласын жаңартудың басты стратегияларының бірі – оның мазмұнын жаңарту болып саналады. Білім мазмұнының жаңарту үшін интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік және акпараттық салалардың құзыреттіліктерін толықтырылуы қажет. Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міндеті. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдермен өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қалай жүзеге асырылуы мүмкін.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Тірі организмдердің құрамын, құрылымын зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ – мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.


Интеративті әдістерге мыналар жатады:
-Презентациялар пікірталастар;
-Топпен жұмыс;
-Миға шабуыл әдісі;
-Сын тұрғысынан ойлау әдісі;
-Викториналар;
-Зерттеулер;
-Іскерлік ойындар;
-Рөлдік ойындар;



Білім берудегі интеративті технология сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтандырды. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңқалып, шабыттанын отырып білім алады деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуңына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.

Эссе — өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану  сабақтарымен  интегративті  қолдануға  мүмкіндік  жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.

-жүйелі тапсырма беруге ұмтылады

-оқушыны басқа жақтарынан таниды

-өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды

-өзі білмейтін ақпараттарға тап болады

-оқушының жұмысын бағалайды

Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен  сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады.

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:

-оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;

-оқушыларға өз пікірін айта білуіне;

-оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;

-шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.

Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.Биология пәні бойынша сабақтарда «кубизм», «тірек-сызба», «венн диаграммасы» «тірек –сөздер», «сократ», «тоқыма» және т.б. Сол мақсатта оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардыі қызығушылығын арттыру тиімді; Мысалы, биология сабағында үй тапсырмасын немесе пысықтау кезінде тірек-сызба, кесте арқылы пайдалану тиімді.

1-тапсырма

ҚShape1 Shape2 анның құрамы

Shape3 Shape4

Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10

Shape11 Shape12 Shape13 Shape14 Shape15 Shape16

Shape17 Shape18 Shape19 Shape20

Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25 Shape26 Shape27



Shape28 Shape29 Shape30









2-тапсырма




Қан

жасушасының

атауы

атқа-

ратын

қыз-

меті

1 мл.

қан-

дағы

мөл-

шері

тір-

шілік

ету

мер-

зімі


түсі

піші-

ні


түзі-

летін

орны


ерек-

шелік-

тері

1

Эритроциттер







2

Лейкоциттер







3

Тромбоциттер









Сабақты түсіндіру немесе пысықтау кезінде «Венн диаграммасы» арқылы нақты көз жеткізеді.

Shape31 Эритроцит Тромбоцит Лейкоцит

2- тапсырма.Венн диаграммасы.

Өсімдіктер жасушасы

Айырмашылығы

Жануарлар жасушасы











«Кубизм әдісі» арқылы оқушылар сабақты терең түсінеді

1

Зерттеңіз

Жасушаның құрылысы

2

Салыстырыңыз

Өсімдіктер мен жануарлар жасушасы

3

Суреттеңіз

Атқаратын қызметі





Биологиялық диктант арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

1. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды ... дейді.

2. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар – ... .

3. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін ... дейді.

4. Адамның хромосома саны – ... .

5. Жыныс жасушаларында хромосома саны – ... .

Суреттер арқылы тапсырмаларды пысықтау есте сақтау қабілетін асырады.


Жасушаның органоидтарын табыңдар
















Суретке қарап жасушаның органоидтарын табыңдар.

1. ____________________________________________

2. ____________________________________________

3. ____________________________________________

4. ____________________________________________

5. ____________________________________________

6. ____________________________________________












 

Биология ғылымының өмірде алатын орны ерекше. Сондықтан да биологиядан терең білім алып, толықтай игеріп, оқулықпен қатар оның әдістемелік кешенін пайдалану мен дамытудың ролі зор.

Зертханалық жұмыс.

1.Қолдарының тамыр соғуын табыңдар.

2. Тамыр соғуын есептеңдер.

3. Сенің жүрегінің минутына неше рет жиырылып, босаңсиды?

4. Орындарыңнан 10 рет тұрып,10 рет отырыңдар.

5.Енді тамыр соғысын қайта есептеңдер.

6. Қандай қорытынды жасауға болады, кестеге толтырыңдар.

Отырғанда тамыр соғысының саны

10 рет отырып, тұрғаннан кейін





Қорытынды. 

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.





























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – Москва, 1991.

2. Занков Л.В. Беседы с учителями. Изд. 2-ое Москва, 1975.

3. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. № 1,2,3,4. 1998.

4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2018
3119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12