жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Биология пәнінен әдістемелік әзірлемелер
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Жамбыл политехникалық колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Бекітемін
Оқу – ісі жөніндегі
директордың орынбасары
_____________ С.Н.Қойшыбаев
«___» ____________ 2016 ж.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
Тараз 2016 ж.
Автор:
Ахметова А.К.-жалпы білім беру пән оқытушысы
Әдістемелік нұсқау «Химия және биология» пәндері
ЦӘК отырысында қарастырылды
Хаттама №__ «__» __ 20__
ЦӘК төрайымы:
________Тулебаева М.У.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Биология» пәніне арналған лекциялар жинағының (конспект) әдістемелік әзірлемесі теориялық және қолданбалы негіздер мен «Жалпы биологияны» оқытуда бағытталған бөлімдер мен тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері.
Оқытудың мақсаты:
түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;
эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;
цитологияның міндеттерін игеру;
жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;
энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;
органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну типтерін игеру;
организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;
тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
селекция және биотехнология негіздерін сипаттау;
Оқытудың міндеттері:
тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;
тірі және өлі материяның жалпы белгілерін студенттерге ұғындыру;
жасушалық теорияның негізгі қағыдалары туралы білім қалыптастыру;
өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;
организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру;
адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;
М А З М Ұ Н Ы
1.Кіріспе...............................................................................................................................................
Цитология негіздері
1. Жасушаның химиялық құрамы
1.1. Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы.......................................................................
1.2. Жасушаның химиялық құрамы....................................................................................................
2. Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері
2.1. Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы..................................................................................
3. Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы
3.1. Жасушадағы зат алмасу.АТФ.......................................................................................................
4. Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы
4.1. Онтогенез-организмдердің жеке дамуы......................................................................................
4.2. Жасушаның бөлінуі.Митоз...........................................................................................................
Генетика және селекция негіздері
5. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары
5.1. Генетиканың даму тарихы. Г. Мендель, оның еңбектері..........................................................
5.2. Тұқымқуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі.....................................................................
5.3. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.Генотип-біртұтас жүйе......................................................
5.4. Жыныс генетикасы.Жыныспен тіркес тұқым қуалау................................................................
5.5. Адам генетикасы............................................................................................................................
5.6. Медициналық генетика және кейбір тұқымқуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу......................................................................................................................................................
6. Өзгергіштік заңдылықтары
6.1. Өзгергіштіктің негізгі формалары...............................................................................................
6.2. Мутациялардың себептері мен жиілігі........................................................................................
6.3. Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік.....................................................................
7. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
7.1. Селекцияның міндеттері және әдістері.......................................................................................
7.2. Өсімдіктер және жануарлар селекциясы.....................................................................................
7.3. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар ............
7.4. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері...........................................................
7.5. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық
өндіру.....................................................................................................................................................
Кіріспе....................................................................................................................................................
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы және дамуы
1.Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар
1.1. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.......................................
2. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
2.1. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар................................................................
2.2. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері........................................................................
Эволюциялық ілім негіздері
3. Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы
3.1. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.....................................................................................
3.2. К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілім, оның негізгі қағидалары және оған
берілген баға.........................................................................................................................................
4. Дарвинизм
4.1. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы..........................................................................................
4.2. Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.....................................................................................
4.3.Түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар..........................................................................................
4.4. Бейімделушілік – табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі.........................................................
5. Микроэволюция туралы ілім
5.1. Микроэволюция және популяция................................................................................................
6. Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Макроэволюция
6.1. Эволюциялық процестердің кейбір ережелері мен заңдылықтары..........................................
6.2. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары.................................
6.3. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәделдемелері....................................................
6.4. Макроэволюция.............................................................................................................................
Жердегі органикалық дүниенің дамуы
7. Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері
7.1. Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.......................................................................................
7.2. Мезозой және кайназой замандарында тіршіліктің дамуы.......................................................
7.3.Төрттік кезең: сүтқоректілердің эволюциясы..............................................................................
8. Антропогенез-адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім
8.1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар.....................................................................
8.2. Антропогенездің қозғаушы күштері............................................................................................
8.3. Адам эволюциясының бағыттары.Адам мен адам тәрізді маймылдардың жалпы
ата-тектері.............................................................................................................................................
8.4. Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар............................................................................
8.5. Саналы адамның эволюциясының факторлары және олардың алғашқы отаны. Саналы адам дамуының негізгі кезеңдері........................................................................................................
8.6. Адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі қасиеттері....................................................
8.7. Адам нәсілдері. Нәсілдердің бір екендігінің дәлелдемелері.....................................................
М А З М Ұ Н Ы
1. Цитология ғылымы. Цитология пәні және міндеттері
2. Жасушаның химиялық құрамы
3. Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы
4. Жасушадағы зат алмасу.АТФ
5. Онтогенез-организмдердің жеке дамуы
6. Жасушаның бөлінуі.Митоз
7. Генетиканың даму тарихы. Г. Мендель, оның еңбектері
8. Тұқымқуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі
9. Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалаушылығының әдістері
10. Медициналық генетика және кейбір тұқымқуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
11. Өзгергіштіктің негізгі формалары
12. Мутациялардың себептері мен жиілігі
13. Селекцияның міндеттері және әдістері
14. Өсімдіктер және жануарлар селекциясы
15. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар
16. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері
17. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық
өндіру
18. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар
19. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
20.Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері
21. Эволюциялық идеялардың даму тарихы
22. К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілім, оның негізгі қағидалары және оған
берілген баға
23. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
24. Тіршілік үшін күрес және оның түрлері
25.Түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар
26.Түр және оның критерийлері
27. Бейімделушілік – табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі
28. Микроэволюция және популяция
29. Эволюциялық процестердің кейбір ережелері мен заңдылықтары
30. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары
31. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәделдемелері
32. Макроэволюция
33. Жер тарихы және оны зерттеу әдістері
34. Мезозой және кайназой замандарында тіршіліктің дамуы
35.Төрттік кезең: сүтқоректілердің эволюциясы
36. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар
37. Антропогенездің қозғаушы күштері
38. Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
39. Адам нәсілдері. Нәсілдердің бір екендігінің дәлелдемелері
1.2. Жасушаның химиялық құрамы
Жоспар:
1.Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы.
2.Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
3. Жасушаның құрамындағы органикалық заттар
1.Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы. Д. И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесінде кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығын дәлелдеді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа: |
Екінші топқа: |
Үшінші топқа: |
Оттек, сутек, көміртек, азот жасушада 98%-ға жуық болатын макроэлементтері бар. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) пен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор биоэлементтері бар. |
Калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор жасушадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. |
Жасушада өте аз кездесетін мөлшері 0,02% болатын микроэлементтер бар |
Қорыта айтқанда, макроэлементтер жасушадағы бейорганикалық және органикалық заттардың молекулаларының құрамына кіреді. Ал ион түріндегі элементтер мен микроэлементтер жасушадағы биохимиялық реакциялардың белсенділігін арттырып, организм тіршілігінде маңызды қызметтер атқарады.
2.Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
Қосылыстың түрі |
Химиялық құрамы |
Молекула құрылысының ерекшелігі |
Судың негізгі қасиеттері |
1. Су |
Су молекуласындағы бір атом оттек екі атом сутекпен берік ковалентті полюсті байланыс түзетіндіктен, оның молекуласы кеңістікте бұрыш жасай орналасады. |
Су молекуласы өзара (когезия) және басқа заттардың (адгезия) молекулаларымен белсенді қосылады. Су молекулаларының беттік керілу қасиеті олардың бір-бірімен сутектік байланыс арқылы қосылуына негізделген. |
Су-организмнің ішкі ортасын құрайды. Оның емдік қасиеті де бар. Сондықтан да ол тіршіліктің көзі болып табылады. |
2. Минералды тұздар |
(K+, Ca2+, Mg2+, Na+), (Cl, SO42-, HPO42-, HCO3-, NO3-), (Fe, P, Mg, CO, Zn). |
Жасушада тұздар еріген катиондар және аниондар түрінде болады да, ондағы химиялық элементтердің мөлшерінің және осмостық қысымның қалыпты деңгейде болуына мүмкіндік береді. |
Минералды тұздар жасушадағы мөлшері көбейіп не азайып кетсе, организм әр түрлі ауруларға ұшырайды |
Су-жасушаның құрамында 70-80%-дан тұрады. Судың мөлшері әр түрлі жасушада түрліше. Оның мөлшерінің көп болуы жасушадағы зат алмасу әрекетінің белсенділігіне байланысты. Су еріткіш қасиетке ие, суда полюсті және зарядталған заттар ериді, оларды гидрофильді заттар деп атайды. Ал зарядталмаған заттар ерімейді, суда ерімейтін заттарды гидрофобты заттар деп атайды. Су молекулалары арасында сутектік байланыстар түзіледі, осы байланыстардың түзілуі немесе ажырауына байланысты ағзадағы температура реттеліп отырады. Жасушада жүретін химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген түрде болады, сондықтан жасуша мембранасы арқылы заттар суда еріген түрде ғана тасымалдана алады. Жасуша құрамының басым бөлігі су болғандықтан, судың қатысуымен барлық химиялық процестер жүреді және осмос пен тургорлық қысымдар реттеліп отырады. Жасушадағы тіршілік процестерінде маңызды орын алатын минералды тұздар су ерітіндісінде катиондар (K+, Ca2+, Mg2+, Na+) аниондарға (Cl, SO42-, HPO42-, HCO3-, NO3-) ыдырайды. Әртүлі катиондардың жасуша ішінде және сыртында концентрациялары әртүрлі болады, бұл әрекет потенциялының пайда болуына әкеледі. Аниондар жасуша ішіндегі және сыртындағы рН деңгейін тепе-теңдікте ұстап тұрады. Кейбір иондардың жетіспеуі (Fe, P, Mg, CO, Zn) нуклеин қышқылдары, гемоглобин, нәруыздардың және т.б. түзілуін тқтатуы мүмкін, себебі олардың түзілуінде құрылымдық бөлшектерінің көздері болып табылады.
3. Жасушаның құрамындағы органикалық заттар.Тірі жасушаның құрамына табиғатта кездесетін көптеген қосылыстар кіреді. Ондай қосылыстарға: көмірсулар, липидтер, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ және т. б. органикалық заттар жатады. Органикалық қосылыстар-молекуласының құрамына көміртек немесе оның қосылыстары кіретін, сондай-ақ ауада және оттекте жаңатын заттар. Полимер-бірлігі мономер болып табылатын күрделі қосылыстар. Тірі организмдер жасушаларының құрамына кіретін полимерлерді биополимерлер деп атайды. Тіршіліктің маңызды биополимерлеріне нуклеин қышқылдары, нәруыздар мен полисахаридтер жатады. Органикалық заттар жасушаның шамамен 20-30% құрайды.
Жасушаның құрамына кіретін органикалық заттар.
Атаулары |
Жасушадағы және организмдегі орны |
Қызметтері |
Көмірсулар-жасушаның барлық тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі, құрылыс материалы және қоректік зат. Оның қарапайым- моносахаридтер, олигосахаридтер және күрделі-полисахаридтер болып бөлінеді. |
«Көмірсу» деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К.Шмид енгізген. Оның негізгі формуласы –Сn(H2O)n. Энергия көзі, құрылыс материалы, қор заты және т. б. болады. Табиғатта көп таралған. Кейбір өсімдіктердің жемістеріндегі құрғақ зат массасының 80-90%-ы, ал жануарларда 1-2%-ы көмірсулар үлесіне тиеді. |
Моносахаридтердің атаулары-триоза, тетраза, пентоза, гексоза түрлерімен байланысты. Оларға фруктоза галактоза жатады. Моносахаридтер-суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар, түссіз заттар. Полисахаридтердің атаулары-дисахаридтің өкілдері: сахароза, лактоза, мальтоза. крахмал, целлюлоза жатады. Полисахаридтердің молекуласы жүздеген моносахаридтердің қалдықтарынан түзіледі, оның жалпы формуласы: (C6H10O5)n |
Липидтер-жоғары мей қышқылдары мен глицериннің күрделі эфирлері. Жай липидтер (бейтарап май және воск). Күрделі липидтер (фосфолипидтер, гликолипидтер, липопротеиндер). Стероидтар. |
Жасушаның 5-15%, ал май ұлпалары жасушаларыны 90% дейін құрайды. Липидтер гидрофобтық немесе гидрофильді-гидрофобтық қасиетке ие, яғни суда ерімейді немесе өте нашар ериді. |
Құрылымдық-белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Регуляторлық-кейбір гормондар липидтік табиғаты болады. Қорғаныштық-жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді. Жануарлар организмі үшін су көзі. Энергияны депонирлеу-1г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді. |
4.2. Жасушаның бөлінуі. Митоз.
Жоспар:
1.Митоз
2.Интерфазаның кезеңдері
3.Жасушаның бөлінуі
4.Митоздық фазалар
1.Митоз.Митоз-жаңа ұрпақ жасушалары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі.Митоз нәтижесінде екі жаңа ұрпақ жасушаларында диплоидты хромосомалар жиынтығы болады.Жасушалардың бөлінуі-барлық тірі ағзалар көбеюі мен дамуының негізінде жатқан биологиялық процесс.Бөлінудің алдында хромосомада өзгерістер болады және ДНҚ редупликациясы жүреді.Бұл құбылыс прокариоттық және эукариоттық жасушаларға тән қасиет.Жалпы жасушаны пайда болғанынан бастап келесі жасушаға бастама бергеніне немесе өлгеніне дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атайды. әр жасушаның өмір сүру ұзақтығы атқаратын қызметіне,қоршаған ортасына байланысты әр түрлі болады.Жасушалық цилкі тыныштық кезеңі мен митоздық циклға бөлінеді. Митоздық цикл төрт кезеңнен тұрады: 1.Кариокинез-ядроның бөлінуі. 2.Цитокинез-цитоплазманың бөлінуі. 3.Интерфаза-бөлінуге дайындық кезеңі. 4.Митоздық бөліну 2.Интерфазаның кезеңдері.Интерфаза өзі 3 кезеңнен тұрады: 1.синтез алдындағы кезең (G1) 2.синтез (S) 3.синтезден кейінгі кезең (G2) 1.Синтез алдындағы кезең (G1) бұл езеңде жасушаның бөлінуіне қажетті әр түрлі заттар:нуклеотидтер,аминқышқылдар, ферменттер,АТФ молекуласы және т.б.заттар күшті қарқынмен жинақталады. |
2.Синтез (S) бұл кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделіп, олардың саны екі есе артады.Синтез кезеңінде ДНҚ-дан басқа РНҚ және нәруыз молекулалары көп мөлшерде синтезделеді.Хромосомалар екі еселеніп, әрқайсысы екі бөліктен тұрады оларды хроматидтер деп атайды. 3.Синтезден кейінгі кезең (G2) бұл кезеңде ДНҚ-ның мөлшері өзгермейді. Алайда РНҚ мен белоктың синтезделуі жалғаса береді.Энергия жинақталады, ол энергия митоз процесіне қажетті заттар синтезделеді, сондықтан интерфазаны дайындық кезеңі дейді.Сонымен интерфазада тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты мынадай процестер іске асады:генетикалық материал өздігінен екі еселенеді;екі еселенуге байланысты жаңа пайда болған ДНҚ молекуласы ескі ДНҚ молекуласының көшірмесіне айналады. 3.Жасуша бөлінуі.Жасуша бөлінуінің үш жолы бар: 1.амитозды немесе тікелей бөліну. 2.митоз немесе күрделі бөліну (сомалық немесе дене клеткалары). 3.мейоз немесе редукциялық бөліну (жыныстық жасушалары) 4.Митоздық фазалар.Митоз бес фазадан тұрады: Профаза-интерфазада екі еселенген жіңішке жіпшелер пішініне келіп,бірте-бірте тығыздалып жуандайды да,хромосома пайда болады.Профазаның орта шенінде әрбір хромосома екі жіпшеден-хроматидтен тұрады.Екі еселенген хромосомаларының шоғырлануына байланысты яжрошық жойылады.Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына байланысты нәруыз синтезі әлсірейді.Центриольдар еі еселеніп,полюстерге қарай тартыла бастайды.Соңынан екі полюстегі центриольдар аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі. Прометафаза-ядро қабығы ериді.Осыған байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді де,екі еселенген хроматид ретсіз таралады.Осыдан кейін хромосомалардың клетка экваторына қарай қозғалу процесі басталады.Бұл метафаза басталғанының белгісі. Метафаза-хромосома қабығы байқалады.Ол қабықша профазаның соңында ыдыраған ядрошық заттарынан түзіледі деген ғылыми деректер бар.Хромосоманың қабығы прометафаза пайда болып,хромосомалардың әрқайсысы центромераларымен ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидтер клеткасының екі жақ полюсіне жылжиды.Бұл процесс анафаза басталғанының белгісі. Анафаза-ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап,жеке хромосомаларға айналады.Осыған байланысты хромосомалар клеткасының екі жақ полюсіне тез жылжиды.Ахроматин жіпшелері қысқарады,осылардың барлығына АТФ энергиясы жұмсалады.Анафазаның соңында хромосомалар біртіндеп ұзарады және жіңішкереді.Бұл телофазаның бастамасы. |
Телофаза-қарама-қарсы процестері арқылы жүреді.Телофазаның басында хромосомалар полюстерге жетіп,олардың жылжуы тоқталады.Профазаның бас кезіндегі сияқты хромосомалары дұрыс пішінін жоғалтып,ұзып жіпшелерге айналады да,шумақталады.Ядро қабығы түзіліп,ядрошықтарқалпына келеді.Ядрошықтың маңайында РНҚ және нәуыздың мөлшері көбейеді.Ең соңында цитоплазма бөлініп,екі жас клеткаға тең бөлінеді.Телофазаның соңында әр клетканың заттары толық қалыптасып,интерфаза сатысына көшеді. |
2. Жасушаның
2.1. Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.
Жоспар:
1. Вирустың шығу тегі, вирусология ғылымы
2. Вирустардың құрылысы.
3. Вирустардың негізгі ерекшеліктері:
1.Вирустың шығу тегі, вирусология ғылымы. Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ,құрылысы қарапайым организмдер.Жай микроскоптармен көруге болмайды.Оларды 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан болатын.Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп,әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады.Осы сүзіндіні сау темекіге жұқтырса,қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды.Бұл организмдерді Д.И.Ивановский «у» деп атады.Вирус ұғымын 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді.Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды жете зерттеуге мүмкіндік туды.Олардың 200-ден астам түрлері анықталды.Сондықтан вирустар жеке класс ретінде қарастырылады,оларды вирусология ғылымы зерттейді.XX ғасырдың басында негізгі 3 түрлі вирус белгілі болды.Олар бактерия,өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді.Мозайка тәріздес,кристал тәріздес және домалақ тәрізді.Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін вирусология ғылымының өте терең жаңалықтары ашылған жылдар болды.Вирусология ғылымы вирустардың табиғатын,шығу тегін,химиялық құрамын,өсіп-жетілуін,қасиеттерін зерттейді және вирустардың жасушалармен өзара байланыстарын,вирусқа қарсы иммунитетті,вирус ауруларын зертханалық тәсілдер арқылы зерттеумен айналысады.
2.Вирустардың құрылысы.Вирустар-жасушаға дейін пайда болған түзіліс.Оларды ағза ретінде қарауға болмайды.Себебі ағза дегеніміз-өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы,ит-жүгіреді,үреді,тірі;құрбақа-секіреді,құрылдайды,тірі.Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Ал жасуша ішіндегі органоидтар ағзаға жатпайды. Себебі олар өз бетімен тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды тірі организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне басқа ағзаның жасушасы керек. Вирустарда жасуша болмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан жай көзге көрінбейді. Вирус екі түрлі нуклеин қышқылының біреуінен және сыртында нәруызды және липидті қабығы бар заттан тұрады. Пішіні: шар, сопақ, тақша, жіп тәрізді болады.Жасушадан тыс формалары-вирион деп аталады. Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг деп аталады. Грек тілінен аударғанда «бактерион»-тақша, «фагейн»жеп қою, жою деген мағынаны береді. Бактериофагтар (фагтар) – бактерия вирустарының ерекше тобы. Фагтар бактерия жасушасына енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен жерінен жасушаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактерия жасушасы түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа бактериофагтың пайда болуымен және жасушаның жойылуымен аяқталады.
3.Вирустардың негізгі ерекшеліктері. Олар микробтардан да өте ұсақ болады. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді.
Вирустар тек жасуша ішінде ғана тіршілік ететін паразиттер, демек тек жасуша ішінде ғана көбейеді. Бір адамнан екінші адам денесіне тез ауысып отырады.
Вирустардың көбеюі де ерекше. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейеді. Ал вириондар жасуша ішінде кіреді де жоғалып кетеді. Себебі вирус жасуша ішінде нәруыз пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың бөлшектері жасушаның әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы — ядрода, цитоплазмада, нәруыздары — цитоплазмада, содан кейін барып олардан жаңа вириондар кұралады. 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вириондар пайда болады. Вирустар өздігінен нәруыздарды құрай алмайды.
Вирустар жасанды орталарда өспейді. Себебі оларда тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі жасуша керек, тек жасушаның ішіндегі материалдарын пайдаланып қана көбейе алады.
Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес өзгергіш келеді.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55 +60°-қа көтерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал көпшілігі +90 градуста қырылып бітеді. Вирустар құрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бұларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар вирустарды қырып жібереді.Олар кристалл күйіндеде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады.
3.1. Жасушадағы зат алмасу. АТФ
Жоспар:
1.Зат және энергия алмасу
2.Катаболизм және анаболизм
3.Зат алмасудың этаптары
1.Зат және энергия алмасу.Зат алмасу процесі дегеніміз – тірі организмдердегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әртүрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Зат пен энергияның алмасуы сыртқы ортадан организмге энергиясы мол органикалық заттардың келуінен басталады. Ол органикалық заттар ас қорыту жолына түсіп, ферменттердің жәрдемімен қарапайым заттарға ыдырайды. Содан кейін организмнің ішкі ортасы – қан мен лимфаға өтеді. Қарапайым заттар қанмен бірге жасушаға барып, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан – катаболизм мен анаболизмнен тұрады.
2.Катаболизм және анаболизм.Катаболизм (ыдырау реакциясы). Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды. Олар ферменттердің жәрдемімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды. Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауын катаболизм деп атайды.
Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі – жасушаны энергиямен қамтамасыз ету. Өлі табиғатта энергия алуан түрлі болып кездеседі: жылу, электр, күн сәулесі, химиялық жанармай және т.б. Ал тірі организмдер, негізінен, катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдаланады. Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия – заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, жасушаның бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясының нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда, аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары, азотты негіздер және АТФ энергиясы жұмсалып әртүрлі макромолекула синтезделеді. Анаболизм – организмнің тіршілігін жойғанға дейін үздіксіз жүретін күрделі процесс.
3.Зат алмасудың этаптары.Зат алмасудың сатылары. Зат алмасудың алғашқы сатысында – қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып ыдырайды. Екінші сатысында – ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанға сіңіп, организмдегі жасушаларға тарайды. Үшінші сатысы – аралық алмасу жасушаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді. Сонымен қатар ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында – ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері – көмірқышқыл газы, су және аммиак т.б. заттар организмнен шығарылады.
6.1. Өзгергіштіктің негізгі формалары.
Жоспар:
1.Өзгергіштік
2.Модификация
3.Мутация
4. Мутацияның түрлері
1.Өзгергіштік. Өзгергіштік дегеніміз - организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттігі.
Өзгергіштік
Тұқым қуалайтын Тұқым қуаламайтын
2.Модификация. Модификация (көне латынша modіfіcatіo, латынша modus – өлшем, түр және fаcіo – жасаймын) – организмнің белгілері мен қасиеттерінің (фенотипінің) сыртқы орта факторларының әсерінен генотипке байланыссыз (тұқым қуаламай) өзгеруі. Модификациялық өзгергіштікті тудырушы факторларға сыртқы ортаның температурасы, жарық, қоректену жағдайы, т.б. жатады. Модификацияға ұшырамайтын белгі не қасиет болмайды, бірақ организмнің әрбір белгісінің өзгеруінің белгілі бір шегі болады, оны өзгергіштіктің реакция нормасы деп атайды. Организмдегі әр түрлі белгілердің реакция нормасы түрліше болады. Мысалы, сиырдың сүттілігінің реакция нормасы жоғары болады, ал сүтінің майлылығы мал тұқымына тән тұрақты қасиет. Бірақ сиырды дұрыс бағып-күтсе, оның сүттілігін арттырып, сүтінің майлылығын жоғарылатуға, яғни өзгертуге болады. Ал сиырдың түсін (реңін) алатын болсақ, ол өте аз өзгереді, яғни реакция нормасы өте төмен. Модификация мутациялық өзгергіштік сияқты тұқым қуаламайды, бірақ ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Модификация организмнің онтогенез барысындағы өзгеруінің сыртқы орта факторына бейімделуін қамтамасыз етеді.
3.Мутация. Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың кұрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұкым куалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялыкботаник Х.Де Фриз қалыптастырды. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалык, химиялық және биологиялык мутагендер. Физикалык мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сөулелер, лазерсәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге: колхицин, этиленимин, никотин қышкылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Өте жоғары концентрациядагы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинакталатын стронций, т.б.) мутагендік ққсиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді.
4. Мутацияның түрлері. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.
Гендік мутация. Гендік мутация ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, ДНҚ кұрамындағықатар тұрған екі нуклеотидтің орын алмастыруы немесе бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін.
Хромосом. мутация.Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомаралық болып келеді. Хромосома ішілік: дефишенсия — хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция — хромосоманың бір бөлігінін үзіліп түсіп қалуы; инверсия — хромосома бөлігінін 1800-қа бұрылуы гендерің орналасу ретінің өзгеруі;дупликация — хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.
Хромосомааралык өзгерістерге хромосоманың бір белігінің оған ұқсас емесбасқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді. Сол сияқты бұған хромосомалар арасында көпірлердің түзілуін де жатқызугаболады.
Геномдык мутация. Геномдыц мутация дегеніміз — жасушадағыхромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геномдегеніміздін өзі — гаплоидті хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Геномдык мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей езгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе, оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
Полиплоидия — жануарларда өте сирек кездесетін кұбылыс Бүл көбінесе жыныстык көбеюі партеногенез жолымен жүретін жөндіктерде кездеседі. Мысал ретінде аскариданы, жер құрттарын, көбелектерді алуға болады.
Анеуплоидия. Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқым куалау зандылығын зерттеу барысында.Ол аналық шыбынның дене жасушасынан ХХУ хромосомалардың (сонда У артық), ал аталықтарынан ХО (яғни У жоқ) хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофилашыбындарының кейбір белгілерінің (канаты, көзі жөне т.б.) өзгеретіндігі анықталды. Мұндай жағдай өсімдіктер мен жануарларда ж/е адамда дакездеседі. Мысалы, адамда 21-жүп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Ондай адамның акылы кем, денемүшелерінде түрлі кемістіктер болады.
Анеуплоидия құбылысының практикалык маңызы да бар. Ол өсімдіктер селекциясында жекелеген хромосомаларды ауыстыру арқылы жаңа мол өнімді түрлерін алу үшін колданылады.
Цитоплазмалык мутация. Бүл жасуша цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады. Плазмогендер, негізінен, пластидтер мен митохондрияларда болады. Цитоплазмалык мутация да гендікжене т.б. мутациялар сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұқым куалайды.
4.1. Онтогенез - организмдердің жеке дамуы.
Жоспар:
1.Организмдердің жеке дамуы
2.Эмбриология
3.Эмбриондық кезең
4.Постэмбриондық кезең
1.Организмдердің жеке дамуы. Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы-онтогенез басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: эмбриондық даму (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму, яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезең.
2.Эмбриология.Эмбриология (грекше: «embryon»-ұрық, «logos»-ғылым)-организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым. Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей Ғылым академиясының академигі К.Бэрдің есімімен тікелей байланысты.
Ол 1828 жылы «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаған болатын. К.Бэр «Ұрықтық ұқсастық» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтық ұқсастық заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады. Эмбриология ғылымының әрі қарай дамуына, яғни эмбриология ғылымының эволюциясын зерттеуге орыс ғалымдары А.О.Ковалевский мен И.И. Мечников зор үлес қосты.
Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болға жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді. Эволюциялық даму жөніндегі Ч.Дарвиннің пікірлері, К.Бэр, А.О.Ковалевский мен И.И.Мечниковтің және т. б. эмбриологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің биогенетикалық заң бойынша онтогенез (жеке дамуы) дегеніміз-филогенездің (тарихи дамуы) қысқаша қайталануы болып табылады.
Биогенетикалық ілімнің дамуына орыс ғалымы А.Н.Северцов үлкен үлес қосты. Оның пікірі бойынша, организмнің жеке дамуы кезінде ата-тектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады.
Г.Шмидт омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеп, эмбриология ілімінің дамуына елеулі үлес қосты.
Сол сияқты қазақстандық эмбриологтар-профессор И.Чагиров пен профессор Қ.Баймұханбетовтің т.б. ғалымдардың эмбриология ғылымының дамуына қосқан үлестері зор.
3.Эмбриондық кезең. Бластуланың түзілуі-ұрықтанған жасуша алдымен екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде 16, 32, 64, 128, т.б. балстомерлерге айналады. Митозды бөліну нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлер деп атайды. Жедел бөлінген бластомерлер өспей, керісінше олардың көлемі кішірейе түседі. Көбейген бластомерлер бір-бірімен жабысып, іші қуыс шар түзіледі. Бұл бір қабатты ұрық-бластуланың қалыптасқандығын көрсетеді. Бластула қабаты қалыптасқаннан кейін жасушаның бөлінуі әрі қарай жүре береді де дамудың келесі кезеңі басталады. Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы-осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысын гаструла деп атайды. Гаструла (грекше: «gaster»-қарын)-іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы, ішкі қабатты энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Көп жасушалы жануарлардың ұрығының эктодерма және энтодерма қабаттарының арасынан үшінші қабат-мезодерма қалыптасады. Нейрула-дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды.
Мысалы, эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Бұл түтік-ми мен жұлынның бастамасы. Мидың дамуына байланысты іле-шала эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын мүшесі, есту мүшесі және иіс сезі мүшелері пайда болып, ұрықтың дамуы жеделдей түседі. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе бауыр, ұйқы безі және т.б. дамиды. Мезодерма қабатынан желі, бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек және болашақ организмнің қан тамырлары жүйесі пайда болады. Эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын
қамтамасыз ететін хромосомалардағы нәруыз синтезінің қарқындылығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Бұл ұқсастық Жер шарындағы тірі организмдердің шығу тегінің бір-біріне байланыстылығын көрсетеді. 4.Постэмбриондық кезең. Организмнің жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге бөлінеді: тура даму және түрленіп даму. Тура даму-организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы. Бұған омыртқалы жануарлардан жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің және т.б. дамуы, ал омыртқасыздардан сүліктердің, көпаяқтылардың, өрмекшілердің және т.б. дамуы жатады. Түрленіп даму-эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы.
Дамудың бұл түрі омыртқасыз жануарларға, сондай-ақ омыртқалылардан қосмекенділерге тән. Түрленіп дамудың маңызы зор. Себебі организмнің ересек түрі мен дернәсілінің арасында тіршілік үшін күрес болмайды.
5.2. Тұқымқуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі
Жоспар:
1.Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары
2. Моногибридті будандастыру.
3. Белгілердің ажырау заңы.
1.Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. 9-сыныпта Г.Мендельдің тәжірибелері,тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары,өзгергіштіктердің типтері мен сұрыптаудың әдістерін оқып үйрендіңдер. Енді Г.Мендель тәжірибе жұмыстарының нәтижелі,табысты болуына нелер себепші болғанын еске түсірейік. Ол,біріншіден,тұқым қуалаушылықтың зерттеудегі гибридиологиялық әдісті дұрыс қолдана білді. Екіншіден,будандастыруға алынған өсімдіктердің барлық белгілерін емес,жеке белгілердің тұқым қуалауын қадағалап,есепке алып отырды. Үшіншіден,тәжірибеге өте ыңғайлы өсімдікті таңдап алды; баубұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан,айқас тозаңдануы сирек кездеседі. Мендель барлық асбұршақ өсімдігінің 34 сортының ішінен бұршақтың 22 сортын таңдап алып,олардың көзге айқын түсетін жеті жұп белгісі бойынша шағылыстыру жүргізді. Оған,тұқымының түсі мен пішіні,сабақтың биіктігі мен аласалығы,гүлінің орналасуы мен реңі,жемісінің түсі мен пішіні жатады. Мендель будандастыруға алған бұршақ сорттарын бірнеше жыл бойы егіп,белгілердің ұрпаққа берілуі тұрақты екеніне көзі жеткеннен кейін будандастыруға қатыстырды.
2. Моногибридті будандастыру. Гибридиологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі-моногибридтік будандастыру қолданылады. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналар дараларын будандастыруды моногибридтік будандастыру деп атайды. Бұл будандастыруда аллельдік гендерге байланысты тек бір ғана белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары зерттеледі. Ата-аналарындағы және ұрпақтарындағы барлық басқа белгілер есепке алынбайды. Г.Мендель тәжірибелерінің бірінде гүлінің түсі қан қызыл және гүлінің түсі ақ бұршақ өсімдігінің екі сортын алған. Аналық ретінде алған қан қызыл гүлді бұршақ сортын,гүлі ақ түсті бұршақ өсімдігінің тозаңымен қолдан тозаңдандырғанда,бірінші ұрпақтағы барлық будан өсімдіктердің гүлі қан қызыл болған,яғни фенотип бойынша-біркелкі. Будандастыруға алынған ата-аналық даралар гомозиготалы болғандақтан,мейоздық бөлінуде бір типті гаметалар түзіледі. Осы гаметалардың үйлесуінен пайда болған бірінші ұрпақ өсімдіктерінің генотипі гетерозиготалы,ал фенотипі бойынша қан қызыл. Осыған ұқсас құбылыс Мендельдің басқа тәжірибелерінде де кездескен. Мысалы,тұқымы тегіс өсімдікті тұқымы бұдыр өсімдікпен будандастырғанда,бірінші ұрпақтағы өсімдіктердің тұқымы тегіс болған. Тұқымының түсі сары бұршақ өсімдігін,тұқымы жасыл бұршақ өсімдігімен будандастырғанда,Ғ1 ұрпағының барлығының тұқымы сары түсті болған. Сонымен,Г.Мендель өз тәжірибелерін талдай келе,бірінші ұрпақта көрінетін белгіні доминантты деп атады. Олар латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленеді. Ал бірінші ұрпақта тұншығып көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атады. Олар кіші әріптермен белгіленеді. Бұл байқалған заңдылықты Г.Мендель”Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі”деп атады. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі егер ата-аналардың генотипі гомозиготалы болса ғана сақталады. Бұл құбылысты кейде басымдылық заңы немесе Мендельдің бірінші заңы деп атайды.
3.Белгілердің ажырау заңы. Бірінші ұрпақ будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандыру арқылы,екінші ұрпақ будандарын алады. Екінші ұрпақ өсімдіктерінің біреулерінің гүлдері қан қызыл,екіншілерінікі ақ болады немесе екінші ұрпақта доминантты белгілері бар өсімдіктер де кездеседі. Екінші ұрпақта ата-аналарының екуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылығын белгілердің ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы деп атаған. Мысалы,Мендельдің тәжірибелерінде екінші ұрпақта алынған 929 өсімдіктің 705-і қан қызыл түсті гүлді,ал 224-і ақ түсті гүлді болды. Екінші ұрпақтағы 8023 бұршақ тұқымының 6022-сі сары және 2001-і жасыл түсті,ал тұқымының пішіні бойынша жүргізілген тәжірибеде алынған 7324 тұқымның 5474-і тегіс және 1850 бұдыр болып келген. Тәжірибелерде алынған нақты мәліметтерді талқылай келсе,Мендель мынандай қорытындыға келді. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау жиілігі,белгілі бір сандық арақатынасында жүреді,доминантты белгілер 75%-ын құраса,рецессивті белгілер 25%-ын құрайды немесе 3:1 қатынасына тең болып өзгереді. Сонда екінші ұрпақта алынған барлық өсімдіктердің 3/4-і қан қызыл гүлді де,1/4-і ақгүлді бодып шығады. Будандастыруға алынған Ғ1 ұрпақ будандары гетерозиготалы болғандықтан,мейозда гаметалардың екі типі түзіледі. Бір гаметада А гені болса,екіншісінде а гені болады. Бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңдану нәтижесінде мынандай гаметалар түзіледі:АА,Аа,аа. Сонымен екінші ұрпақта белгілердің ажырауы: фенотип бойынша 3:1,ал генотип бойынша 1:2:1-ге тең болады. Белгілердің ажырауын түсіну үшін жасушаның мейоз жолымен бөлінуін еске түсірейік. Мейоздың редукциялық бөлінуінің нәтижесінде жаңа түзілген жасушаларда гомологті хромосомалардың тек біреуі ғана қатысады. Кейіннен осы жасушалардан гаметалар түзіеді. Гаплоидті гаметалардың қосылуынан диплоидті зиоталар пайда болады. Ұрықтану нәтижесінде 4 түрлі зигота АА+2Аа+аа түзіледі.
|
|
5. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары
5.1. Генетиканың даму тарихы. Г. Мендель, оның еңбектері.
ЖОСПАР:
Генетика биология ғылымының бір саласы
Генетика ғылымының даму тарихы
Тұқымқуалаушылық туралы ежелгі дәуірдің алғашқы тұжырымдамасы
Ч.Дарвиннің және А. Вейсманның теориясы мен болжамы
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы ғылыми жаңалықтары
Генетика ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлестері
1. Генетика биология ғылымының бір саласы. Генетика-бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Грекше: «genesis»-шығу тегі). Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологі У. Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық деп атайды. Мысалы: айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік деп атайды. Мысалы: жануарларды тамақтандырмаса, олардың массасы кемиді. Жапырақтадың пішіндері және түсуі жыл маусымдары бойынша, жануарлардың жабыны түсінің өзгеруі және т.б.
2. Генетика ғылымының даму тарихы. 2.1. Тұқымқуалаушылық туралы ежелгі дәуірдің алғашқы тұжырымдамасы. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Аристотель, Гиппократ, Платон еңбектерінде кездеседі.
Гиппократ: «Жұмыртқа жасушасы мен спермий организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тілкелей беріледі» деп есептеді.
Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі-қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді, яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлықбөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады деді.
2.2.Ч.Дарвиннің және А. Вейсманның теориясы мен болжамы. Бұдан кейін Ч. Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық жасушалары (клетка) өзінен ұсақ бөлшектер-геммулалар бөліп шығарады деді.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында «пангенезис» теориясын неміс зоологі А. Вейсман «ұрық плазмасы» туралы болжам ұсынды. Бұл жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты. (15слайд)
2.3. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы ғылыми жаңалықтары. ХІХ ғасырдың 2 жартысында 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендельдің «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады.
Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтар, соның ішінде Ч. Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш едің ғалымдары: голландиялық Г. Де Фриз, неміс ғалымы К. Корренс және автриялық генетик Э. Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. Оны 1902 жылы ағылшын генетигі У. Бэтсон ауықтардың айдарлары пішіндерінің, ал Кюэно үй тышқандары жүндерінің ақ және сұр түстерінің тұқым қуалауы мысалында көрсетті.
Кейінірек 1909 жылы У. Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды. (17слайд)
1909 жылы дат биологі В.Иогансен (1857-1927) биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (грекше: «genos»-шығу тегі), генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды. (18слайд) Ген-хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Генотип-ағзаның ішкі гендерінің жиынтығы (мысалы: гетерезиготалы, гомозиготалы, доминантты, рецессивті белгілері). Фенотип-сыртқы белгілердің жиынтығы (мысалы: түсі, пішіні, мөлшері, реңі және т. б.). (19слайд)
Генетика тарихының бұл кезеңінде организмдердің жекелеген белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі-ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туды. Дәл сол кездегі (1901 жылы) голландиялық ботаник Х. де Фриздің организмнің тұқым қуалатын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алады.
Генетика тарихындағы шешуші бір кезең америкалық генетик әрі эмбриолог Т. Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байланысты. Т. Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны-дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы Н. И. Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас (гомологиялық) қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдейді. (20слайд)
Ғылымға енгізілген жаңалықтардың бірі -1927 жылы орыс ғалымдары Г. А. Надсон мен Г. С. Филипповтің радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дәлелдеді.
Ген теориясын дамытуда орыс биологтері А. С. Серебровский мен Н. П. Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды.
Сол сияқты популяциялық генетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауда орыс генетигі С. С. Четвериковтің алатын орны ерекше.
1944 жылы америкалық микробиолог әрі генетик О. Эври тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі-ДНҚ екендігін дәлелдеді. Ал 1953 жылы америкалық биолог Дже. Уотсон мен ағылшын генетигі Ф. Крик ДНҚ-ның молекулалық құрылымының моделін жасады.
3. Генетика ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлестері. Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстарының молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене жасушаларын будандастыру, генетикалық материалдардың алмасуы, геннің қайта қалпына келуі, биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таратылып отыр. Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис, т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдарды түрішілік және түраралық будандастырудың нәтижесінде бидайдың, арпаның көксағыздың, жүгері мен қант қызылшасының жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К. Мыңбаев, А. Ғаббасов, Ғ. Бияшев, Н. Л. Удольская және т.б. еңбектері зор. М. Х. Шығаева мен Н. Б. Ахматуллина микроорганизмдер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Н. С. Бутарин, Ә. Е. Есенжолов, А. Ы. Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-меринос тұқымын алды. М. А. Ермеков, Ә. Е. Еламанов, В. А. Бальмонт, т.б. қазақтың ақбас сиырын, алатау сиырын және қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарды шығарды.
Қазақстанда тұңғыш рет М. Ә. Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және гендік инженерия саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды. Соңғы жылдары елімізде генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика, экологиялық генетика және радиациялық генетика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Генетика даму тарихы үш кезеңге бөлінеді
Алғашқы екі кезең: классикалық Үшінші кезең: 1953 жыл. Ол химия, физика,
генетика 1865-1953 жылдар аралығы математика, кибернетика сияқты нақты
ғылымдардың зерттеу әдістері мен
электрондық микроскоп,
ретгенқұрылымдық анализ және т.б.
нәтижесінде молекулалық генетика негізі
қаланды.
Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы
Жоспар:
Жасуша теориясы және оның маңызы
Жасуша теориясының шарттары
Жасушалардың екі типіндегі айырмашылықтары және қызметтері
1.Жасуша теориясы және оның маңызы. 1665 жылы Роберт Гук өзі ойлап тапқан қарапайым микроскоп астында, ағаштың қабығын зерттей отырып алғаш рет жасушаларды көрген. Алғаш рет «жасуша» терминін енгізген. 1838 жылы Т.Шван және М.Шлейден жасуша теориясын қалыптастырды. Сондықтан бұл теория Т.Шван-М.Шлейден теориясы деп те аталады. Жасуша теориясының ашылуы биологияның дамуына үлкен үлесін қосты. Жасуша-тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігі болып табылады.
2.Жасуша теориясының шарттары. Жасуша тіршіліктің құрылымдық бірлігі болып табылады. Барлық тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасуша тіршіліктің қызметтік бірлігі болып табылады. Тіршілікке маңызды қызметтердің барлығы жасуша деңгейінде жүреді. Бір және көпжасушалы организмдердің жасушалық құрылысы, қызметі жалпы бірдей болады. Әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Жасуша тіршіліктің генетикалық бірлігі болып табылады. Әр жасуша хромосомасында ағзаның дамуы туралы ақпарат сақталады.
3.Жасушалардың екі типіндегі айырмашылықтары және қызметтері. Прокариоттық және эукриоттық жасушалар. Прокариоттар (ядросыз) олардың қалыптасқан ядролары болмайды, ядролық заты цитоплазмада мембранамен шектелмей орналасады. Прокариоттар тобына барлық бактериялар немесе көк-жасыл балдырлар жатады. Негізгі құрылымдық бөліктері: жасуша мембранасы, цитоплазма.
-
-
Флагелла
Кейбір бактерияларда қозғалу органоидтары болып табылады.
Нуклеотид
Мембранасыз ДНҚ орналасатын аудан. ДНҚ бос күйінде болады. Мұндай ДНҚ-лар плазмида деп аталады.
Сыртқы нәруызды қабықша
Сыртқы гель тәрізді нәруыздан құралған қабықша
Өсінділер
Бақтериялардың беткейіне тіркелген өсінділер
Жасуша қабырғасы
Плазма мембранасының сыртында орналасатын жұмсақ қабық
Рибосомалар
Мембранасыз нәруыз синтездейтін органоидтар
Плазмалық мембрана
Цитоплазманы сыртынан қаптап тұратын мембрана
-
Эукариоттар (ядросы бар) қабықшамен шектелген ядросы болады. Эукариоттық жасушаның цитоплазмасындағы цитозольға тіркелген көптеген мембраналы органоидтар бар. әрбір органоидтың өзіндік бір ерекше функциясы болады. Мұндай мембраналы органоидтар прокариоттық жасушада болмайды. Эукариоттық жасуша прокариоттық жасушаға қарағанда көп есе үлкен болады. Жасушаның атқаратын қызметі оның үлкендігіне де байланысты болады. Эукариоттық жасушалардың үлкендігі 10-100 мм диаметрде болады. Ол бактериядан 10 есеге үлкен. Эукариоттар тобына қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар жатады. Олардың жасушалық құрылысында белгілі айырмашылықтар бар. Өсімдік жасушалары әртүрлі пластидтердің, орталық үлкен вакуолінің, целлюлозадан тұратын жасуша қабығының болуымен ерекшеленеді. Жасуша орталығында центриоль болмайды. Қор заты крахмал түрінде жиналады. Саңырауқұлақ жасушаларында жасуша қабығы болады, бірақ хитиннен тұрады. Орталық вакуоль болады, ал пластидтер болмайды. Кейбір саңырауқұлақ жасушаларының орталығында центриоль болады. Қор заты гликоген түрінде жиналады. Жануар жасушаларында жасуша қабығы, орталық вакуоль және пластидтер болмайды. Барлық жасуша орталықтарында центриоль болады. Қор заты гликоген түрінде жиналады. Эукариотты жасушалардың негізгі құрылымдық бөліктері: жасуша мембранасы, цитоплазма және ядро.
Терминдер:
Цитоплазма-жасуша мембранасының ішкі беті мен ядро арасындағы жасушаның негізгі құрылымдық бөлігі.
Эндоплазмалық тор-жасуша цитоплазмасындағы органикалық заттар синтезі мен транспортын қамтамасыз ететін өзекшелер мен каналдардан құралған күрделі мембраналық жүйе.
Гольджи аппараты-жартылай иілген қос мембраналардан тұрады. Оның қызметі лизосомаларды түзу болып табылады.
Лизосомалар-мембранамен бөлінген жасуша ішілік көпіршіктер. Жасуша ішіндегі ыдырату процестерін жүзеге асырады және жасуша сыртына бөлінетін ферменттерді сақтайды.
Вакуоль-жасуша шырынына толтырылған цитоплазмалық құрылым. Жасушадағы соңғы өнім заттарын шығару, қоректік заттарды жинау, су-электролитті тепе-теңдікті сақтайды.
Митохондриялар-жасушадағы сопақша цилиндр тәрізді, саны бірнешеден бірнеше мыңға жететін органоид. Митохондрияның ішкі қуысында рибосомалар, ДНҚ және РНҚ молекулалары болады. Митохондриялар бөлінуге қабілетті. Олардың қызметі энергия көзі болатын АТФ синтезі.
Пластидтер-тек фотосинтездеуші эукариотты жасушаларға тән органоидтар. Пластидтер үш түрі бар: хлоропластар-диск тәрізді екі мембраналы жасыл пластидтер. Олардың құрамында тилакоидтар мен граналардан құралады. Хлорофилл пигменттері болады. Хромопластар-каратиноид пигменті өсімдік бөлігіне қызыл және сары түстерді береді. Лейкопластар-пигменттелген, түссіз пластидтер. Қоректік зат-крахмалдың жиналатын орны. Лейкопластар жарықта хлоропластарға, хромопластарға айналуы мүмкін.
Рибосомалар-р-РНҚ мен нәруыздан құралатын 15-35 нм шар тәрізді ұсақ органоидтар. Рибосомалар нәруыз синтезіне қатысады, синтезделетін нәруыз түріне байланысты олар а-РНҚ арқылы байланысқан полисомалар түзеді.
Ядро-екі қабатты мембранамен қоршалған шар тәрізді құрылым. Мембраналар құрамына хроматин мен ядрошықтар кіретін ядроның негізгі заты-кариоплазманы қоршап тұрады.
Хромосомалар-негізгі генетикалық ақпаратты сақтап оны келесі ұрпаққа беріп отырады және жасушадағы барлық процестерді бақылайды.сақталған ақпараттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
6.2.Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары Жоспар: 1.Биологиялық прогресс. 2.Биологиялық эволюцияның бағыттары. 1.Биологиялық прогресс. Эволюцияның негізгі бағыты-қарапайымнан күрделіге қарай даму. Орыс биологі А.Н. Северцов органикалық дүниенің даму тарихында биологиялық прогресс пен биологиялық регресс болатынын ерекше бөліп көрсеткен. Биологиялық регресс-түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілерін: жүйелік (систематикалық) топтағы даралар санының артуы; таралу аймақтарының кеңеюі; тағы да басқа жүйелік топтарға ажырауы. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі: а) түр дараларының саны артады; ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді; б) жаңа популяциялар, түр тармақтары, түрлер түзіледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.Биологиялық эволюцияның бағыттары. Академиктер-Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады. 1.Ароморфоз (Арогенез). 2.Идиоадаптация (Аллогенез). 3.Дегенерация (Катагенез). 1.Ароморфоз (Арогенез) (грекше:«airo»-көтеру,«morpha»-пішіні)-организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгеріс. Ароморфоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалық топтар-типтер мен кластар пайда болады. Ароморфоздың нәтижесі кестеде көрсетілген:
Ароморфоз мутациялық өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде қалыптасады. Эволюция барысында ароморфоз ұзақ уақыт сақталады. Үлкен және кіші қанайналым шеңберінің қалыптасуы-ароморфоздың жолы. Сүтқоректілердің құрылым деңгейі-миының күрделенуі, тірі туу, жылықандылық прогресс жолымен дамуы негізінде күрделенді. Сүтқоректілердің жылықандылығы басқа организмдер бара алмайтын Арктика мен Антарктидаға таралуына себепші болды. Организмдердің орта жағдайларына бейімділігі артып, жаңа кеңістікке көбірек таралуына әсерін тигізеді. Өсімдіктердегі ароморфоз: көбеюі-спорадан тұқымға көшуі (тұқымның пайда болуы-ароморфоз); гүлдің дамуы; гүлден жемістің түзілуі; судан басқа құрлықта да ұрықтануы; өсімдіктердің құрылысының күрделенуі және т.б. Эволюцияның даму бағыты: а) бір жасушалылардан көп жасушалыларға; ә) екі қабатты организмнен үш қабаттыға; б) төменгі сатыдағыдан хордалыларға дейін дамуы және т.б. 2.Идиоадаптация (Аллогенез) (грекше:«idios»-ерекшелігі, «adaptatio»-бейімделушілік)-биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тірішілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік қалыптасады. Жануарлардың бүркеніш (жасырушы) реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат, камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпақ пішінді болуы-идиоадаптация. Қорек аулау тәсіліне қарай, құстардың аяқтарыдағы саусақтарының өзгеріске ұшырауы: жапалақ саусақтары (4саусағы бірдей деңгейде) жемін бүріп ұстауға; тоқылдақтың саусақтары ағаш діңінде еркін қозғалуға; құтанның ұзын сирағындағы саусақтары батпаққа батып кетпей, жеңіл қозғалып жемін табуға бейімделген. Идиоадаптация-тірі организмдердің тіршілік ортасына жеке бейімделуі. Жануарлардағы нағыз идиоадаптация-аяқтарының құрылысындағы ерекшеліктер (көртышқандар, тұяқтылар, ескекаяқтылар); құс тұмсықтарының түрлі пішінді болуы (жыртқыш құстарда-имек тұмсық, балшықшы құстарда-өте ұзын тұмсық, қайшыауыздарда-самырсын тұқымдарын шағу үшін айқасқан тұмсық, т.б.); түрлі жәндіктердің, балықтардың бүркеніш реңдері,т.б. Өсімдіктердегі идиоадаптация-тозаңдардануға, жемістері мен тұқымдарын таратуға бейімделуі. Қандауырша мен омыртқалы жануарлардың арғы тегі-ертедегі бассүйексіздер. Тарихи дамудың әсерінен қандауыршаның құрылым деңгейі күрделенбей, сұрыптаудың әсерінен теңіз түбіндегі құмда тіршілік ету бейімделгіштігі дамыды. әр типте немесе класта құрылым деңгейі бірдей көптеген түрлер әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделген. Мысалы, балықтардың бір түрі тұщы суда, екіншісі тұзды суда, үшіншісі судың терең қабатында тіршілік етеді. Скат-терең суды мекендейтін шеміршекті балықтардан шыққанымен су түбінде тіршілік етуге бейімделуге көшкен. Эволюция процесінде судың қысымы ұлғайғандықтан скаттың дене пішіні де жалпайып өзгереді. Баяу қозғалатындықтан қозғалу қызметін атқаратын құйрығы жойылды, жыртқыштарға жем бола бастады. Сондықтан денесінде су түбінің түсіне (құм, қайыр) ұқсас бүркеніш рең, жауынан қорғану үшін құйрық шаншары жетілді. Су түбі өте қараңғы болғандықтан электрлі мүшесі пайда болып, жаңа жағдайға бейімделді. Скат балығының дене құрылым деңгейі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. 3.Дегенерация (Катагенез). (грекше:«kata»-қарапайымдану, кері кету)-организмдердің құрылысы қарапайымданады, бірақ өлімге апармайды. Мысалы, паразит құрттарды алуға болады. Жалпақ құрттар жануарлардың ішінде тіршілік ететіндіктен олардың ас қорыту және сезім мүшелері жойылған. Паразит құрттардың құрылысының бұлай қарапайымдануы құрттарға ешбір кедергі жасамайды. Қайта олардың иесінің ішіндегі тіршілігін сақтап қалуға себін тигізеді. Жалпақ құрттардың шыққан тегі суларда еркін жүзіп, тіршілік еткенімен олардың паразиттікке ауысуы құрылысының қарапайымдануына себеп болып отыр. Организмдердің тірішілік ету ортасына пайдасыз мүшелері регреске ұшырап жойылып, оның орнына бейімделу аңғайына қарай жаңа мүшелер пайда болады. Дегенерация-жалпы құрылым деңгейін қарапайымдатып төмендету арқылы организмдердің бейімделгіштік өзгерісі.
7. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы 7.1. Селекцияның міндеттері және әдістері. Жоспар 2. Селекцияның негізгі әдістері. 3. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. 1.Селекцияның генетикалық негіздері.Селекция жануарлардың асыл тұқымдарын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" —сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H. И. Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады. 1. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті. 2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады. 3. Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады. Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. 2.Селекцияның негізгі әдістері. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру, полиплоидия, мутагенез, жасушалық және гендік инженерия. Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан сұрыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды. Олар өздеріне ыңғайлы, жуас ұрпақ өрбітетін малдар мен мол өнім беретін өсімдіктердің түрін қалдырып, қолға үйретуге қиын, мінез-құлқы шәлкес малдарды жойып немесе күштеп үйретуге тырысты. Сонымен адам санасыз сұрыптаудың арқасында малдарды мінез- құлқына қарап, біртіндеп үй жағдайына үйрете бастады. Мысалы, қазіргі иттердің арғы тегі қасқыр екені анықталды. Жануарлармен қатар өсімдіктерді де санасыз сұрыптады. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің жабайы түрінің орта жағдайына бейімделуіне байланысты масағы сынғыш келеді. Олардың масағынан дәндері төгіліп тұрады. Адам бидай өнімін жинау барысында масағы мықты өсімдіктерді сұрыптау арқылы оның осы уақыттағы мәдени түрін алды. Санасыз сұрыптаудың нәтижесінде біртіндеп малдардың тұқымы мен өсімдіктердің түрлері жаңара түсті. Әйтсе де, осы санасыз сұрыптау, барлық мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының алуан түрлілігінің шығуына ықпалын тигізді. 3.Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады. Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді. Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер емес, таулы аудандар. Көптеген орталықтар ертедегі егін шаруашылығы орталықтарымен сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтау барысында жалпы бір заңдылықты байқаған. Өсімдіктер өзінің түр ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын, олардың түсінің өзгеретінін көрген. Мысал ретінде,Мексикада өсетін жүгері сабағының боялған қара түсі, Тынық және Атлант мұхиттарына жақын аудандарда ағаратынын көрген. Ал Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары Африкадағыдан өзгеше болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа аудандарға тараған сайын олардың доминатты белгілері (гендерінің әсері) төмендеп, рецессивті формалары арта бастайды (1-кесте). Бұлай болу себебі, таулы, аралды және шөлді аймақтар рецессивті гені бар формаларды оқшауландырып, олардың көбеюіне жағдай туғызады. Мысалы, бір жағын Арал теңізі, екінші жағын Қарақұм алқабы қоршаған Хиуа (Өзбекстан) жерінде Н.И.Вавилов бастаған экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері бар және дәні ақ түрлерін анықтаған. Сонымен шығу орталықтарынан алыстаған сайын есімдіктердің доминантты гендері әсерінің төмендеуін, ал керісінше, рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады. 1-кесте: Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
6.2. Лекция: Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері Жоспар: 1.Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер 2.Жануарлар мен өсімдіктердің гомологтық мүшелерінің сипаттамалары 3.Жануарлардың аналогтық мүшелерінің сипаттамалары 4. Аралық формалары 1.Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер. Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы жоқ организмдердің дене құрылысын салыстырып, туыстығын салыстырмалы анатомия арқылы дәлелдейді. Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер арқылы кейбір омыртқалы жануарлардың алдыңғы аяқатарының әр түрлі қызмет атқарғанымен құрылыстарынығ ұқсас екендігі дәлелденді. Мысалы, киттің ескек «аяғы», көртышқан мен крокодилдің алдыңғы аяқтары, құстар мен жарқанаттың қанаттары, адамның қолы және т.б. Атқаратын қызметіне қарай аяқ қаңқасындағы кейбір сұйектер жойылып немесе бір-бінімен бірігіп тұтасып кетеді. Мөлшері жағынан үлкенді-кішілі болып келгенімен ұқсастық белгілері шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. 2.Жануарлар мен өсімдіктердің гомологтық мүшелерінің сипаттамалары. Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүлшерлерді гомологтық мүшелер дейді. Жарғанаттың қанаты ұшуға, ал көртышқанның алдыңғы аяқтары жер қазуға бейімделгені жануартанудан мәлім. Атқаратын қызметі әр түрлі болуына қарамастан, сүйектерінде кқп ұқсастық бар. Саусақ сүйектерінен құралған. Айырмашылықтары-жарғанаттың кәрі жілігі нашар дамыған, көртышқанның саусақ сүйектері қысқа. Сүйектеріндегі осы болар-болмас айырмашылықтарына қарамастан негізгі сүйектері бір-біріне өте ұқсас. Өсімдіктердегі гомологтық мүшелер. Жапырақтың гомологиясына сарыағаш (бөріқарақат), кактус, итмұрынның тікенектері мен асбұршақтың мұртшасы жатады. Сарыағаш, итмұрын бұталарының тікенектері қабығынан оңай сылынады. (малдың деуінен қорғану үшін түрін өзгерткен жапырақтар). Кактус шөлді жерде өсетіндіктен суды аз буландыру үшін жапырақтары түгелдей тікенекке айналып, ылғалды үнемдеуге бейімделген. Асбұршақтың жарыққа қарай жоғары көтеру үшін басқа өсімдікке оралады. Бірі тікенек, екіншісі мұртша түрінде бір-біріне сырттай ұқсамай тұрғанымен шыққан тегі бір. Сабақтың гомологиясына-қырықжапырақ, інжугүл, құртқашаш, бидайықтың тамырсабақтар, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығындағы түбіртегі(қатты бөлімі) жатады. Долананың ояуы түрін өзгерткен сабаққа жатады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі түр өзгерістерге ұшырағанымен шығу тегі-өркен болып есептеледі. 3.Жануарлардың аналогтық мүшелерінің сипаттамалары. Аналогтық мүшелер гомологтық мүшелерге, керісінше сырттай қарағанда бір-біріне ұқсас келетін мүшелер. Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да құрылысы бөлек. Қанаттарының болуы-сыртқы ұқсастықтары (дамуы) тіршілік ету ортасына бейімделуіне байланысты. Бұлардың шығу тегінде ешқандай туыстық жоқ. Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді аналогтық мүшелер дейді. Адам мен сүтқоректілердің тістері акуланың қабыршағына ұқсас. Өте ертедегі омыртқалы жануарлардың тістері қабыршақтарыныңуыз қуысына енуінен пайда болған. Сол сияқты сүтқоректілердің ортаңғы құлағындағы балғашық сүйек балық, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар мен құстардың астыңғы жақсүйектерінің құрамына кірген. Бұл-барлық омыртқлы жануарлардың шыққан тегінің бір екендігінің дәлелі. 4.Аралық формалары. Ірі жүйелеу топтарының арасында органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсететін аралық формалары болады. Мысалы, төменгі сатыдағы сүтқоректілер-ұйректұмсық пен түрпінің жұмыртқа салып көбеюі, клоакасының болуы бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығын дәлелдейді. Сұрақтар? 1.Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер қандай жағдайда жүргізіледі? 2.Жануарлардағы гомологтық мүшелердің мысалын талдаңдар? 3.Өсімдіктердегі гомологтық мүшелерді атаңдар? 4.Аналогтық мүшелердің гомологтық мүшелерден қандай айырмашылығы бар? 5.Аналогтық мүшелерге мысалдар келтіріңдер? 6.Гомологтық және аналогтық мүшелерге анықтама беріңдер?
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген