Биология пәнінен І жартыжылдық бақылау жұмысы 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пәнінен І жартыжылдық бақылау жұмысы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінен 9 сынып оқушыларына 1 ж.ж. арналған бақылау тест жұмысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Биология пәнінен І жартыжылдық бақылау жұмысы

9 сынып І нұсқа

1 тапсырма.


1. Өсімдіктердің қорға жиналған көмірсуы:

А) глюкоза В) гликоген С) дисахарид Д) крахмал Е) дезоксирибоза

2. Қозғалуға қажетті энергия көзі болатын зат:

А) су, минералдық зат В) минералдық зат С) дәрумен Д) органикалық зат Е) фермент

3. Ағзадағы негізгі энергия көзі:

А) көмірсу В) минералды тұздар С) аминқышқылы Д) дәрумен Е) нәруыз

4. 1гр ақуыз ыдырағандағы бөлінетін жылу мөлшері:

А)16,0 кДж В) 16,8 кДж С) 17,2 кДж Д) 17,6 кДж Е) 17,0 кДж

5. ДНҚ молекуласы құрамына кіретін:

А) 5 типті нуклеотид В) 3 типті нуклеотид С) 4 типті нуклеотид Д) 2 типті нуклеотид Е) 6 типті нуклеотид

6. Нәруыз биосинтездері қандай екі кезеңдерден тұрады:

А)Транскрипция және полисома В) Транскрипция және антикодон С) Транскрипция және репликация

Д) Транскрипция және трансляция Е) трансляция және репликация

7. Гомологиялық хромосоманың мейоздық бөлінуі кезінде бір –бірімен тығыз жанасуы ... деп аталады:

А) кроссинговер В) конъюгациялану С) трансляция Д) партеногенез Е) транскрипция

8. Митоздық бөліну кезінде аналық жасушадан қанша жас жасушалар пайда болады:

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

9. Жыныс жасушалардағы хромосомалардың жиынтығы:

А) 1n В) 2n С) 3n Д) 4n Е) 5n

10. Мейоздық жолмен бөлінетіндер:

А)қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы В) эмбриондық ұлпалар С) зақымдалған ұлпалар Д)прокариоттар

Е) жыныс жасушалары

2 тапсырма. Жасуша бөліктері мен олардың қызметтері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. Мысалы: А-1

А) ядро

Б) Гольджи жиынтығы

В) қабығы

Г) пластидтер

Д) митохондрия

1.АТФ синтез әрекеті жүретін органоид.

2.Фотосинтез құбылысын қамтамасыз етеді.

3.Құрамында хромосомалары бар.

4.Өсімдіктерде целлюлоза, ал саңырауқұлақтарда хитин бар.

5.Органикалық заттарды тасымалдайды.









3.тапсырма

А) Митоз фазаларын кезекпен орналастырыңыз.
____________________________________________________________

Б) Егер бастапқы жасушада 20 хромосома болса, онда митоздан кейін пайда болған жаңа жасушада қанша хромосома болатының жазыңыз. __________________________

4.тапсырма Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Жасушаның бөлінуге даярлық кезеңі: ......................................................
2. Дене жасушаларының бөлінуі: ..................................................................
3. Гаметалар түзілмейтін көбею түрі: ...........................................................
4. Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі: ...........................................................
5. Аталық жыныс жасушаларының дамуы: .................................................

5. Тапсырма Сөйлемді толықтырыңдар:
1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін .......................................... ғылымы зерттейді.
2. Генетиканың негізін салушы ............................................................................
3. Ата-аналар формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру ............................., ал екі жұп белгілері бойынша шағылыстыру ....................... деп аталады.
4. Мендельдің бірінші заңы..................................., екінші заңы ............................ деп аталады.

5. Мендель басым гендерді......................, ал басылыңқы гендерді ....................... деп атайды.


6.тапсырма Төмендегі генетикалық символикалар нені білдіреді:
Р – ................................................................................................................................
♂ – ................................................................................................................................
♀ – ..............................................................................................................................
х – ................................................................................................................................
F1 – ..............................................................................................................................
Ғ2 – ..............................................................................................................................
A, В – .........................................................................................................................
а, в – ............................................................................................................................





































Биология пәнінен І жартыжылдық бақылау жұмысы

9 сынып ІІ нұсқа

1 тапсырма

1. Жасушадағы көмірсудың рөлі қандай?

А) қорғаныштық В) тасымалдаушылық С) хабарлаушы Д) реттеуші Е)энергетикалық

2. Ақуыздың мономерлеріне не жатады?

А) глюкоза В) амин қышқылдары С) азот негіздері Д) ферменттер Е)нуклеотидтер

3. 1гр көмірсу тотыққанда қанша энергия бөлініп шығады:

А)16,0 кДж В) 16,8 кДж С) 17,2 кДж Д) 17,6 кДж Е) 17,0 кДж

4. Митохондрияның қызметі:

А) биосинтез өнімдерін тасымалдауға қатысады В) АТФ – ты синтездеу С) ақуызды синтездеу Д) органикалық заттарды синтездеу,тасымалдау Е) барлық органоидтардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді.

5. Хромосоманың атқаратын қызметі:

А) Фотосинтезге қатысады. В)Жасушаның қозғалуына әсер етеді. С)Тыныс алуға қатысады.Д)Көмірсу синтездейді. Е) Тұқым қуалаушылық ақпараты сақталады.

6. Митоздық бөліну кезіндегі фазаның реттік жүйесі:

А)профаза-анафаза-метафаза-телафаза В)профаза- метафаза-анафаза-телафаза С) анафаза- профаза-метафаза-телафаза Д) анафаза-метафаза- профаза-телафаза Е) профаза-телафаза-анафаза - метафаза

7. Мейоздың бірінші бөлінуінің профазасында қандай әрекеттер жүреді?

А) цитоплазма бөлінеді В) хромосомалар бірікпейді, екі полюске жиналады С) гомологиялық хромосомалар коньюгацияланады, спиральданады, ядро жарғақшасы ерибастайды Д) ядро қабықшасы түзіледі Е) хромосомалар жасушаның экваторына тізіледі

8. Мейоздық бөліну кезінде қосылған (конъюгацияланған) хромосомалар арасында үлескілермен алмасу, яғни

гендермен алмасу жүреді. Ол үдеріс .....деп аталады

А) кроссинговер В) конъюгациялану С) трансляция Д) партеногенез Е) транскрипция

9. Нәтижесінде жыныс жасушалары пайда болатын жасуша бөлінуінің ерекше

түрі: А) жынысты көбею В) митоз С) жыныссыз көбею Д) мейоз Е) партеногенез

10. Митоздық бөліну кезінде аналық хромосома 16 болған жағдайдағы саны:

А) 32 В) 48 С) 16 Д) 24 Е) 8

2 тапсырма. Жасуша органоидтары мен олардың құрылысы немесе қызметтері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. Мысалы: А-1

А) центриоль

Б) мембрана

В) ЭПТ

Г) цитоплазма

Д) рибосома

1.Үш қабатты құрылысы бар (ақуыз -липид-ақуыз).

2.Тегіс және түйіршікті болады..

3.Жасушаның ішкі ортасы.

4.Жануарлардың жарғақшасыз органоидтары.

5.Ақуыз молекуласы синтезделетін органоид



3 тапсырма.

А) Комплементарлық принципі бойынша бір ДНҚ тізбегінің белгілі учаскесі бойынша ДНҚ және РНҚ молекуласының схемасын құрастыр. А - Г - Т - А - А - Т - Г - Г - Г - Ц - Ц - Т

В) Егер ДНК нуклеотидтері екі-екіден біріксе, небәрі 16 сәйкестік түзіледі. Егер 4 нуклеотид үштен үйлесімділік түзсе неше аминқышқылын кодтайды? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


4 тапсырма.

А. Митоз фазаларын кезекпен орналастырыңыз.

A) Метафаза

B) Профаза

C) Телофаза

D) Анафаза


Б) Егер бастапқы жасушада 20 хромосома болса, онда пайда болған жаңа жасушада қанша хромосома болатынын жазыңыз.


5 тапсырма. Сөйлемді толықтырыңдар:

1. ДНҚ үлескісі .................................................... деп аталады.
2. Гендердің ішкі жиынтығын.............., ал ішкі және сыртқы жиынтығын ........... деп атайды.
3. Генотипінде бірдей гендер болатын ағзаларды......................................., ал әртүрлі гендер болатын ағзаларды ........................................... ағзалар дейді.
4. Т.Х.Морган заңы .................................................................................... деп аталады.
5. Генетикалық есептердің шығару оңай болу үшін .................... сәйкес торкөз жасады



6.тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Жұмыртқажасушаларының дамуы: ..........................................................
2. Тірі ағзалардың жеке дамуы: ....................................................................
3. Ұрықтың дамуы: ........................................................................................
4. Бір қабатты ұрық: ......................................................................................
5. Туудан кейінгі тіршілік кезеңі...................................................................
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
3491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі