Материалдар / Биология ҚМЖ 8 сынып Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология ҚМЖ 8 сынып Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2023
847
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

3-сабақ

Бөлім:

8.3А Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:

Тасибек Меруерт Есембекқызы

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар үшін:

Терінің маңызын сипаттай алады

Көпшілік оқушылар үшін:

Терінің құрылысын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Тері қандай маңызды қызметтер атқаратынын талдай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды..

1. Сүтқоректілердің дене жамылғысы қандай? Бұл жамылғының омыртқалы жануарлардың басқа кластарынан қандай айырмашылығы бар?

2. Тері қанша қабаттан тұрады?

3. Тері қандай қызметтер атқарады?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл

Тер бездерінің рөлін бағалайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Терінің құрылысын сипаттап түсіндіріп береді.


2. Неліктен D дәрумені «Тері» тақырыбында қарастырылатынын

түсіндіреді. Оны өндіруге қатысатын затты атайды

3. Эпидермистің қандай қабатынан тері туындылары және қандай даму

кезеңінде түзілетінін түсіндіріңдер.

4. Терінің мүйізді қабатының майлануына жауапты құрылымдарды

атайды.

5. Тер бездерінің қызметін атайды. Тер арқылы қандай заттар

шығарылады? Олар қандай органикалық заттардың ыдырау өнімдері

болып табылады?

Дескриптор: Жалпы-3 балл

1.Суретті талдау,сипаттау


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Дермада қан тамырлары мен лимфа тамырлары неліктен көп орналасқаны туралы пікірлерің айтады.

2. Затты ұстаған кезде оның қатты немесе жұмсақ, жылы немесе суық екенін сеземіз. Осы үдерісті талдайды. Соған жауапты құрылымдарды сипаттайды.

3. Жетіспейтін элементтерді жазып, кестені толтырады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл

1. Үдерісті талдайды. Осыған жауап беретін құрылымды сипаттайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!