Биология сабағында электронды оқулықты пайдалану.
Мусаева Г.М ., №12 орта мектеп
Қазіргі кезде елімізде ғылым мен техника күннен – күнге қарыштап даму үстінде. Ақпараттарға сүйенсек, кез-келген елде экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік
қауымдастықтағы рөлі сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды, түрлі салаларды игеру үшін білімді де, білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Өйткені егеменді еліміздің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Осы орайда, болашақ білімді мамандарды оқу – біліммен сусындататын ұстаздар қауымының алдында көптеген міндеттер тұр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Біздің мектепте барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар бар.
Осы электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Білім алудың тың тәсілі – электронды оқулық.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. "Жүз естігеннен, бір көрген артық" принципі ескерілген.
«Балаларды компьютермен байланысты нәрсенің бәрі қызықтырады»,
Электрондық оқулық – түрлі әдістемелер мен озық тәсілдердің жиынтығы.
Түсінікті тілде, қызықты суреттермен түсіндіріледі.
Білім беруде «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқушылар электронды оқулықты пайдалана отырып, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға, дүниені біліп-тануға деген қабілеті шыңдай түседі.
Электронды оқулықтардың тиімді жақтары:
- Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
- Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
- Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
- Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
- Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
- Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
- Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
- Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
- Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
- ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы дайындаған 6-11 сыныптарға арналған «Биология» электрондық оқулығын пайдаланып жүрмін. Оны пайдалану кезінде оқушылар алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындап, сызбалармен жұмыс жасап, тест шешеді.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың
маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз