Биология сабағында
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
Lesson Study –
дің рөлі
Егер бүгін біз балаларды
кешегідей оқытсақ, онда біз балаларды ертеңінен
айырамыз.
Джон
Дьюи
Тәуелсіз ел тірегі –білімді
ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе
–білім беру, ғылымды дамыту. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап –
сабақта оқытудың жаңа технология әдістерін қолдана отырып,
оқушылардың бәсекеге қабілетті болып шығуына ат
салысу. Қазіргі таңда жалпы орта
мектептерінде Lesson Study технологияны пайдалану
арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізері
анық. Осы қажеттілікті
шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды
қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын
қалыптастырады. [2]
Функционалдық сауаттылық –
мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс
әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық
қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып
табылады.
Функционалдық сауаттылықтың
негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып
және баланың өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру.
Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру мақсатында мектеп бағдарламасында Lesson
Study әдісін пайдалану оқушының іс-әрекеттік -
компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу,
өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік
береді. Lesson Study – ерекше форманы сипаттайтын сабақтағы іс –
әрекеттерді зерттейтін педогогикалық тәсіл. Бұл тәсіл Жапонияда ХІХ
ғасырдың 70 жылдары құрылған зерттеу әдісі болып
табылады. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін көтеруде, білімін жетілдіруде, тәжірибе алмасуда өте
тиімді зерттеу сабағы болып табылады.. Lesson Study тәсілін сабақта
қолдану арқылы оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттырып қана
қоймай, мұғалімдерге әріптестерінің зерттеу сабағын
бақылауға, бақылау барысында жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, оны
болашақта шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туады.
[1]
Lesson Study тәсілінің
әдістемесі тиімді, себебі ол
мұғалімдерге:
* балалардың оқуын неғұрлым
анық растауға, әдетте мүмкін болатын әртүрлі көріністер мен
бөлшектер;
* мұғалімнің пікірі бойынша не
қажет екенін көру балаларды оқыту кезінде және не болып жатқандығы
жайлы нақтылық;
* нәтижесінде оқытуды қалай
жоспарлау керектігін түсіну оқушылардың қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыру;
* кәсіби білім шеңберінде
Lesson Study тәсілін іске асыру;
Жаңартылған білім мазмұны
бойынша, биология пәнінде; Lesson Study тобын құру, Lesson
Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау, таңдалған
проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын
ашу, мүмкін шешімдерін таңдау, сабақты бірлесе жоспарлау,
бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен
интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау. Мен өз сабағымды Lesson
Study әдісін биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында
STEM технологиясының элемементтерін пайдалану
арқылы жоспарладым. Осы орайда
оқушылармен 10 – сыныптың биология
қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша
№ 1 модельдеу “Адам
кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу” тақырыбындағы
модельдеу сабағы барысында оқушыларды бақылау жүргізіп шағын
топтарға яғни А, В және С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа
қатысуымен қызығушылығын зерттеу арқылы жұмыс
жасадым.
S-(Science)
ғылым.
|
T
– (Technology)
технология
|
E– (Engineering)
инжинерия
|
M–(Mathematics)
математика.(есеп-
теулер
жүргізу)
|
Мутацияның түрлерін
зерттейді
|
Интерактивті тақтаны
пайдаланып, видеоролик, слайд арқылы тақырыпты жан - жақты
түсіндіру.
Микроскоп көмегімен дайын
препарат арқылы хромосома жасушасымен
танысады.
|
Қолда бар дүниелер арқылы
хромасоманың модельін жасау
|
Адам кариотипінің
идиограммаларының көмегімен хромасома санын есептеу жүргізу арқылы
ауру түрлерін анықтап сипаттайды.
|
Оқушылар ғылыми тұрғыда мутацияның түрлерімен
танысады, АКТ пайдалану арқылы хромасомалық және геномдық
аурулардың видеороликтерін көреді. Хромасоманың модельін өз
қолдарымен жасап көз жеткізеді. Соңында берілген суреттер бойынша
хромасома саны бойынша есептеулер жүргізіп ауру түрлерін анықтайды.
[3]
Lesson Study әдісін өз
сабағымда пайдалану нәтижесінде оқушылардың білімдерін жаңа
технологиялар арқылы жетілдіруге болатындығы. Сабақ соңында өз
мақсатыма жеттім, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Сабақ барысында
оқушылар сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына
дағдыланды. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау,
талдау, зерттеу жүргізе отырып пәнге деген қызығушылығын арттырдым.
Зерттеу нәтижесінде сабақ барысында іс – әрекеттерді зерттеу арқылы
оқушылардың темпераментін анықтап, соған қарай тапсырма жоспарлау
керек екенін ескердім. А деңгейдегі оқушы барлық уақытта белсенді
тапсырманы орындады, В дейгейдегі оқушы тұқымқуалаушылық аурудың
түрлерін анықтап, оқулықтың көмегімен кариограммаға есептеулер
жүргізді. С деңгейіндегі оқушы мұғалімнің көмегін қажет етті.
Болашақта осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып С дейгейіндегі
оқушыны В деңгейіне жеткізуге
тырысамын.
Қорытындылай келе мұғалім
сабақ беру барысында барлық оқушыларды бақылауға тырысқанымен әрбір
оқушыны бақылау мүмкін емес, егер нақты оқушыларды бөліп
алып, соларды бақылап отырсаңыз оқушының сабақтағы іс-әрекетін
объектівті түрде бағалауға мүмкіндік туады. Сондықтан Lesson Study
педагогикалық зерттеу тәсілі оқушылардың сабақтағы белсенділіктері
мен оқу үлгерімдерін жақсы нәтижеге жетелеуде үлкен рөл атқарады.
Кейде оқушы тарапынан сабақ барысында қателіктер мен олқылылықтар
туындап жатса да, мұғалім үшін оның себебін білу, оқушының ішкі жан
дүниесін тереңірек түсіну мүғалім үшін аса
маңызды. Сонымен қатар, есте ұстар
басты мәселе: тіл біле отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті маман
бола отырып, өз Отанының патриоты болу – әр азаматқа басты міндет
екендігін есте ұстау абзал.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Әлімов А. Интербелсенді
әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180
б.
2.
«Lesson study» как способ
совершенствования практики обучения. Методическое пособие. –
Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2014. 48
бет
3.
Биология 10 – сынып
оқулығы//Н.Г Асанов, А.Р. Соловьева
163-бет