БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық белсенділік – оқушының жаңа білімді игеруге деген қызығушылығы мен ынтасы. Биология пәні – табиғатты, тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым болғандықтан, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Бұл баяндамада биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы кен дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар, оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды. Ал, ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде оқушылардың білімге, пәнге қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруда шығармашыл мұғалімдердін енбегінің мәні зор.

Қазіргі кезде педагогика ғылымынын үлкен мәселелерінің бірі оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, олардың ақыл-ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беру болып табылады. Баланың мектеп жасындағы кезенінде барлық мүмкіндіктері жан-жақты үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяк басканда, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты болады. Мектептегі білім берудің негізгі сипаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға бағытталуда.

Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі өмірді, тіршілікті жақсартуға өз үлесін қоса алатын, ықпал ететін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру болып табылады.

Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі- өмірді, тіршілікті жақсартуға өз үлесін қоса алатын, ықпал ететін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру болып табылады. Осыған байланысты әрбір мұғалім оқушыға мынадай талаптар қойып, оның орындалуына ықпал ету керек. Ол талаптарға мыналар жатады:

1. Белсенділік әрекеті

2. Әлеуметтік жауапкершілігі

3. Ой-өрісінің кеңдігі

4. Сауаттылығы

5. Танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Жоғарыда аталған жеке тұлғаға тән қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды, оған педагогикалық жағдайлар қажет.

Әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділігі оның қалыптасуы-үздіксіз жүретін үрдіс. Сондықтан мектептегі оқушылардың алатын білімі болашакта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуының негізі. Оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі.

Мектепте өтілетін әрбір пәнге оқушының танымдық қызығушылығын ояту, оларда белсенді ізденіс, зерттеушілік көзқарас сиякты касиеттерді тудырады. Оқушынын пәнге қызығушылығын ояту аркылы олардын белсенді жеке шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің шешімін өз бетінше табуға ұмтылуға тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті. Танымдық қызығушылықтың ядросы ойлау үрдісі. Оқушылардың интеллектуалдық ойлауын, қызығушылықтарын арттыруда төмендегі жұмыс түрлерін қолдануға болады.

1. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар.

2. Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.

3. Берілген тапсырмаларды түрлендіруге бағытталған жұмыс түрлері.

Оқушылардың дербестік қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, пән бойынша теориялық, білімдік міндеттерді шешу, ғылыми ізденістерді ұйымдастыруда тапқырлық, танымдық ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Сабак үрдісінде ойын әдістерін қолдану оқушылардың алған білімін одан әрі толықтыруға, түсініктерін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін көтерудің басты шарты- оқушылардың танымдық және ойлау қабілетін дамыту. Әр баланын педагогикалык психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктері болады, оқу үрдісіндегі дамыту мәселесінде басты рөлді оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі аткарады. Қандай пән болса да мұғалімнің білімі, тәжірибесі, шеберлігі мол болып, сабақты сапалы өткізгенімен, оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, берілген теориялық білімнің нәтижесі көрінбейді.

Сол себепті оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын, өз бетімен ойлануға мүмкіндік беретін танымдық ойындарды өз сабағымда үнемі пайдаланамын.

Биология пәніне қызықтыруда логикалық дамытушы ойындармен тапсырмалар құрастырып, үнемі жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданамын. Оқушылар ойын арқылы өз ойларын сыртқа еркін шығарып айтуына мүмкіндік береді.

Ойынды түрлендіріп құрастыру, теориялық білімнің ең түйінді жерлерін қайталау, оқушылардың оқу материалын есте жақсы сақтауына, қисынды ойларының дамуына, өзін таныту мүмкіндігіне әсер етеді. Сабаққа қандай ойын түрлері қолданылса да төмендегі талаптар орындалу керек.

1. Ойын балаларды қызықтыру керек.

2. Ойынның тәрбиелік жағына назар аудару.

3. Әр сабаққа ойынды түрлендіріп отыру.

4. Ойын шартынын оқушыларға жеткілікті түсіндірілуі.

5. Ойынға оқушылардын түгел қатысуы.

Биология сабағында "Бас қатырғылар базары" атты окыта үйрету ойындарын пайдаланамын.

Оқушылар үйден өздері де сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, құпиясөздер, басқатырғылар құрастырып келеді де, сабақ барысында жеке де, сынып болыпта шешеді. Әр тақырыпқа құрастырылған басқатырғылардың оқушы білімін саралауда, білмегенін білуге ұмтылдыруда, миды жұмыс істетіп логикалық ойландыруда маңызы зор.

8 сыныптың биология пәніне қолданып жүрген әртүрлі басқатырғылар үлгілері төменде көрсетілген.

1. Басқатырғы - анықтама.

Басқатырғының бастапқы кілті - әріпті тауып айнала жүре отырып оқығанда жасушаға байланысты анықтама шығады.

Г

Е

Т

И

К

А

Л

Р

Р

И

Я

Ж

А

Ы

Е

Д

М

И

Т

С

Қ

Н

Н

О

Х

О

У

С

Ң

Ы

Н

А

Ш

Т

Ы

С

Я

И

Ц

Н

А


Шешуі: Митохондрия - жасушаның "энергетикалық станциясы".


2. Басқатырғыш - анықтамасы.

Басқатырғының бастапқы кілтін тауып айнала отырып оқып шыққанда органикалық қосылыстардың бірінің түйінді анықтамасы шығады.


Р

А

Д

З

Ы

У

-

Г

Е

Н

К

Р

Т

І

З

І

І

Ә

І

Р

Ш

І

Л

Н


Шешуі: Нәруыздар - тіршілік негізі.

3. Басқатырғыш - анықтама.

Басқатырғының бастапқы кілтін тауып төмен жоғары жүріп отырғанда жасырынған анықтаманы оқисыздар.

Ы

И

С

А

Ы

С

Ұ


Shape7 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Н

Ж

Ж

С

Қ

Ы

Л


Shape20 Shape18 Shape15

П

Л

Ы

Қ

А

Р

Т


Shape37

А

Ы

З

Ұ

С

А

Ы


-

Р

М

І

У

Л

Ғ

Shape51 Shape48

Shape55

Қ

Ұ

Е

Т

Ш

А

Ы


Шешуі: Ұлпа құрылысы, қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы.

4. Басқатырғыш - анықтама.

Бастапқы буынды тауып сағат тілімен бірдей бөліктен тастап оқығанда

жасырынған анықтаманы табасыздар.

Shape72 Shape71

Shape74 Shape73

Shape75


Shape78 Shape77 Shape76


Shape79

Shape80

Shape81 Shape82

Shape85 Shape84 Shape83





Шешуі: Нейрон жүйке жүйесінің жасушасы.


5. Басқатырғы - анықтама.

Басқатырғының бастапқы әрпін тауып бұрыш жасап жүре отырып алға және кейін қарай оқығанда жасырынған ұғымды табасыздар.


Т

О

З

М

Д

Н

Е

И

Л

Л

Б

Г

Ы

Я

Г

А

Р

І

О

Н

Б

С

О

Е

О

Қ

И

Л


Шешуі: Гормон биологиялық белсенді зат.

6. Басқатырғы - қалқанша безі

Бастапқы кілтін тауып, түзу сызық бойымен оқып шыққанда, қалқанша безіне қатысты ұғыммен танысасыздар.


-З Ы Қ Ң І Н І З Е Б А Ш Н А Қ Л А Қ

- Е Р К Н А Н Ы У Л Ы З Ұ Б І Т Е М

В О Д Е З А Б Е Н Ә Ж М З И Н И Т

Ы Д А Л О Б А Д Й А П Ы Р А Л У Р У А


Шешуі: Қалқанша безінің қызметі бұзылуынан кретинизм және базедов аурулары пайда болады.

Оқушылардың таным белсенділігін дамытуда ойын әдістерін қолдану білім сапасының артуына ықпал етеді.

Жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде әр мұғалімнің шығармашылық шеберліктері басты орын алады. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс танымдық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылса, білім сапалы да жүйелі болмақ.

Қорыта айтқанда қазіргі кезде білім беру сапасы оқушының түрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді. Әрбір сабақтың құндылығы оқушылардың ойын дамытуды мақсат етіп оның оқуға ынтасын ояту, әр оқушының қабілетіне сай еңбектену тәсілін ұйымдастыру, оқу үрдісін шығармашылық еңбекке айналдыру.

Оқушыларға терең білім бере отырып танымдық қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыруда төмендегідей қағидалар әрбір мұғалімнің бойында табылу керек

1. Мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігі.

2. Әр оқушының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алуын қамтамасыз ету.

3. Әр баланың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

4. Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуға арналған жұмыстарды ұйымдастыра алуы.

Өскелен ұрпақтың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер


1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушы дамыту құралы ретінде Алматы, 2002 жыл.

2. Рохлов. В. Теремов. А. Петросова. Р. Занимательная ботаника.

Москва «Аст - Пресс», 2002 жыл.

3. Тұрғынбаева. Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 жыл.

4. «Білімдегі жаналықтар» журналы №1 2008 жыл.

5. «Биология және салауаттылық негізі» журналдары №2, 2005жыл, №6, 2003 жыл

6. «12 жылдық білім» журналы №3, 2006 жыл. №3, 2007 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі