400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология сабағында топта жұмыс істеудің тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға, биология сабағында топта жұмыс істеудің тиімділігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Биология сабағында топта жұмыс істеудің тиімділігі.


Орыстың ұлы педагог - ғылымы К.Д.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» - деген. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Әрбір мұғалімнің мақсаты –оқушыларға терең де тиянақты білім беру, пәнге қызығуын арттыру және өздігінен жұмыс жасай алатын болашақтың іскері де жігерлі, білімді ұрпақ даярлау [1, 20-б]

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты жақсартады және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал тигізеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, талдауға, салыстыруға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырылған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.

Топтағы тиімді қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді, ойлай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар. Олар мыналар:

  • Кезекпен сөйлеу

  • Мұқият тыңдау

  • Белсенділік таныту

  • Өз ойларын және пікірлерін ортаға салу

  • Басқалардың идеялары мен пікірлерін құрметтеу.

  • Топтық шешімді қабылдау

  • Топтық шешімді бағалау[2, 134-б]

Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелігі келесі әрекеттерден артады:

  1. Берілген тапсырма топтың барлық мүшелеріне қызықты болуы керек.

  2. Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек.

  3. Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек, оларды әр жұмыс алдында тағы да бір қайталап, еске түсіріп отырған жөн.

  4. Тапсырма берілгеннен соң оның түсініктілігін топ ішінде талқылап

алу керек.

  1. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелігін жариялап немесе ол туралы есеп беру керек.

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы мынадай мақсаттарға жетеді:

  • Оқу процесіне қатысушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады.

  • Оқушылар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан, қорқыныштан арылады.

  • Әр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасалады.

  • Оқушылар арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады

  • Оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады.

Биология сабақтарында «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы», «ЖИГСО», «Т-кестесі», «INSERT» стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Өзімнің жүргізген биология сабағымда топқа қалай бөлгенімді айтып өтейін. Бірінші сабағымның тақырыбы: «Ұрпағын сүтімен асырайтын жануарлар». Топқа бөлу кезінде кағазда жазылған сүтқоректілердің атымен дельфин, кит, кенгуру топтарына бөлінді. Тақырыбымды топтың атымен мағыналастырдым. Бірінші жүргізген сабағымда Д. мен А. бір топта отырмаймыз, жеке отырамыз деген дау-дамай туындап кетті. Ал екінші сабағымда топқа бөлінеміз бе?- деп сұрағанда оқушылардың қызығушылықтары артып, бір-біріне көмек көрсеті. Топта жұппен, топпен талқылап өнім жасады.

Әр сабақ сайын слайтқа: «Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық! Басқалардың пікірін сыйлайық! Біз үшін әр пікір құнды!»- деген сөздер жазылды. Бұл бірлескен жұмыстың ережелері және де оқушыны сабаққа ынталандыру.

Екінші сабағымның тақырыбы: «Қазақстанды мекендейтін сүтқоректілер» Топқа бөлу кезінде мазайка әдісін қолдандым. Сол арқылы үш топқа бөлінді.Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Жақсы оқитын оқушы, қасындағы оқушыға тапсырманы түсіндіріп, жұмыс жасауына достық үлесін қосты.

Төртінші сабағымның тақырыбы: «Түйе-төрт түлік төресі». Таратылған әр түрлі тәтті конфеттерге байланысты топқа бөлінді. Оқушылар қызыға, жанталаса конфеттерді алып өз тобына келіп отырды.

Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады. Мысалы: тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмлеге келу, бірлесе шешім қабылдау. Өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасалады. Оқушылардың арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» деген аталы сөзде бірлескен әрекеттердің мәнін ерекшелеп тұрған жоқ па?! Жалпы өз басым оқушылар арасында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі идеясынан түсінгенім: адамзат белгілі бір қоғамда бірлесе отырып, өмір сүре алатын болса, оқушы – сол қоғамның белді мүшесі, ел ертеңі, яғни келешектің бүгінгі шәкірттің қолында. Оның маңыздылығы сол – оқушыларды ынтымақтастыққа, бірлесе жұмыс жасауға, үлгерімі төмен оқушының енжар оқушыға қол ұшын беріп, білімді бірлесе отырып, бір-бірін үйрете отырып үйренуге баулу, шәкірт санасына өзгеге жәрдемдеу, көмек қолын созу - адам баласының басты адами қасиеті екенін сіңіру. Сонымен қатар сабақ үдерісінің басты тұлғасы – оқушы болса, сол оқушы білімді дәстүрлі сабақтағы тәрізді дайын күйінде қабылдамай, өзі игеруге үйренеді, ал бұл ретте мұғалім - тек бағыт-бағдар беруші, сабақ үдерісін ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Сонымен, оқушылар жеке-жұп-топ форматында жұмыс істегенде Ж. Пиаженің келесі сөздеріне сәйкес келеді емес пе? «Алдымен таза экоцентризм, одан кейін әлеуметтендіру және аяғында толық объектендіру... Бұл үш кезең біздің ұғымыздағы ойлаудың да үш кезеңінде көрсетеді: трансдукция, қарапайым дедукция және толық дедукция [3, 528-б].

Қорыта айтайын дегенім топқа бөліну арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтары арттты, сыныптастармен ой бөлісті, қарым-қатынасқа түсті, бірлесе шешімге келеді. Топта жұмыс жүргізу арқылы оқушылар ізденуге, жауапкершілікке, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретінін байқадым. Сабақ барысында сабақ тан тыс мезгілде оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауға дағдыландырдым.






2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі