«Биологиялық есептерін шығару және құрастыру жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Биологиялық есептерін шығару және құрастыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған қосымша факультатив сабаққа арналған авторлық бағдарлама. Үздік авторлық бағдарлама конкурсына ұсынылып, Облстық және Респулика көлемінде мараппатталған .
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, «СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ Т. ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №14 МЕКТЕП ИНТЕРНАТ-ЛИЦЕЙІ» КММ












Факультативтік курс бағдарламасы

«Биологиялық есептерін шығару және құрастыру жолдары»

10- сыныптарға арналған








Бағдарлама авторы: Жұмашов Кенжебек Нұсқабайұлы

«педагог-шебер» санатты, биология пәні мұғалімі














Шолаққорған 2021ж

Мазмұны

1 Кіріспе ..............................................................................................................3

2 Мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже.........................................................4

3.Курс бағдарламасының құрылымы мен мазмұны....................................6

4.Факультативтік курстың оқу-тақырыптық жоспары..................................8

3. Күнтізбелік жоспар.......................................................................................10

5. Сабақ жоспарлары.........................................................................................12

Кіріспе. Молекулалық биология/7сағат/

1сабақ. Нуклеин қышқылдары туралы жалпы сипаттама.................12

2сабақ. ДНҚ мен РНҚ ның ұқсастықтары мен айырмашылықтары..........................................................................................14

3сабақ. ДНҚ құрылысына байланысты есептер шығару..............................18

4сабақ .ДНҚ құрылымына байланысты есептер құрастыру және шығару..20

5сабақ.Транскрипцияға байланысты есептер шығару..... ............................29

6сабақ .Нәруыз биосинтезіне байланысты есептер шығару.........................31

7сабақ. Генетикалық кодқа талдау жүргізу....................................................34

Биологиялық есептерді шығару және құрастыру /5сағ/

8сабақ Биологиялық есептер құрастыру және оларды шығару жолдары..39

9сабақ Биологиялық есептердің математикамен байланысы ............40

10сабақ. Жасушадағы зат және энергия алмасуға есептер шығар у....... ..42

11сабақ Тыныс алу, өкпеге, бүйрек жұмысына байланысты есептер (анатомия) .......................................................................................................44

12сабақ. Қан айналым жүйесіне байланысты есептер шығару...................47

Генетика негіздері. Моногибридті будандастыру /5сағ/

13сабақ Генетика ғылымы, генетикалық ұғымдар, термин сөздер.......49

14сабақ Біркелкілік немесе басымдылық заңына есептер шығару ......53

15сабақ Біркелкілік заңына есептер құрастыру және шығару..............57

16сабақ Ажырау заңы мен талдай будандастыруға ,толымсыз доминанттылыққа байланысты есептер шығару..........................................64

17сабақ Геннің толық басым болмаған жағдайына арналған есептер..68 Тәуелсіз тұқым қуалау заңдылықтары /3 сағ/

18сабақ Дигибридті будандастыруға арналған есептер шығару.........70 19сабақ Полигибридті будандастыруға арналған есептер шығару.......71 20сабақ Дигибридті және полигибридті будандастыруға есеп шығару 72

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі /3сағ/

21сабақ Комплементарлыққа арналған есептер ............................ ...74

22сабақ Эпистазға арналған есептер .................................................. .. 76

23сабақ Полимерияға арналған есептер................. .................................79

Жыныс генетикасы /4сағ/

24сабақ Жыныс генетикасы .....................................................................86

25сабақ Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауына арналған есептер шығару .......................................................................................................89

26сабақ Адам генетикасы шағылыстыруға арналған есептер............92

27сабақ Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер және оларды шығару жолдар .........................................................................95

Популяциялық генетика /3-сағат/

28сабақ Харди-Вайнберг заңына талдау жүргізу.................. ..................97

29сабақ Харди-Вайнберг заңына есептер шығару.................................100

30сабақ Харди-Вайнберг заңына есептер құрастыру және шешу .........101

Х2( хи-квадрат) формуласына талдау /4-сағат/

31сабақ Х2(хи-квадрат) формуласын туралы түсінік қалыптастыру..106

32сабақ Х2(хи-квадрат) формуласын пайдаланып есептер шығару....107

33сабақ Х2(хи-квадрат) формуласын пайдаланып есептер құрастыру 116. 34сабақ Қорытынды сынақ сабақ.
























Факультативтік курс тақырыбы: «Биологиялық есептерін шығару және құрастыру жолдары» Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің

биология пәні мұғалімі Жұмашов Кенжебек Нұсқабайұлы

Кіріспе

Биология пәні бойынша орта буын және жоғары сыныптарға арналған факультативтіккурс жоспары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартбағдарламасына сәйкес дайындалды.

Мектепте оқытылатын биология мазмұны тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үдерістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажет жалпы биологиялық заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.

Оқу құралында бағдарламаға сай биология пәнінен 9,10,11 сынып оқушыларына арналған, тапсырмалары жауаптарымен, сұрақтары және бақылау жұмыстары, есептер оның шығару жолдары берілген.

Есептер саны және күрделілік дәрежесі оқылатын теориялық мағлұматтарды берік меңгеруге, оқушылардың есеп шығарудың дағдылары мен өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндігін туғызады.

Ұсынылып отырған оқу құралы: «Молекулалық биология», «Қан және қан арқылы берілетін аурулар», «Генетика», «Мендель заңдары» «Эпитаз» «Жыныс генетикасы», «Адам генетикасы» «Харди-Вайнберг заңы» «Х2 квадрат»бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.

«Биологиялық есептердің шығару жолдары» факультативтік курсы мектеп оқушыларына биологиялық құбылыстардың дамуын, көбею жолдарын, ұрпақтан- ұрпаққа берілетінін нақты және жақын танысуға, оларды өмірде қолдана алуына , табиғатта бақылауға, зерттеуге және есептерді шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл курстың ерекшелігі –биологиялық жүйенің біртұтас құрылымы ретінде қарастырады. Факультативтік курстың бағдарламасында теориялық біліммен қатар, сабақтарда практикалық есептерді шешуге арналған тапсырмалар да бар.


Курстың мақсаты:Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамадыққа баулу.

Биология ғылымының негізгітірі табиғат процестерін, құбылыстарын заңдылықтарын, ұғымдарын оқыта отырып, оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни биологиялық, генетикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру және білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Тірі табиғат заңдылықтарын оқып білу үрдісінде, тірі нысандарды бақылау және биологиялық тәжірибелер жүргізуде танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  2. Оқушыларды биологиялық есептерді шығару жолын білуге, түсінуге дағдыландыру .

  3. Биология ғылымның әлеуметтік ролін түсінеге. түрлі тұқым куалайтын аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу

  4. Негізгі міндет ретінде оқушының жеке басымен тапсырмаларды мұқият талдап, қатесіз шешіп дұрыс жауабын таба білуге дағдылау.

  5. Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, биологиялық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу

  6. Оқушылардың ғылыми- жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге үйрету.


Оқушы нені меңгеріп шығады:

  1. ДНҚ мен РНҚ арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар;

  2. Транскрипция мен трасляция ,генетикалық кодтың маңызыдылығын;

  3. Харди-Вайнберг формуласы бойынша есептеулер арқылы популяция жиіліктерін анықтауды үйренеді;

  4. Тірі жүйесіндегі ағзалардың хромосомасындағы айырмашылық белгілерін ажырата алады;

  5. Генетиканың негізгі заңдылықтарын;

  6. Жыныстық хромосомалар ,жыныспен тіркес тұқым қуалау заңдарын талдай білуге үйренеді;

  7. Есеп шығара білу;

  8. Өздерінің шежірелік картасын құра білу;

  9. Тұқым қуалайтын ауру түрлерін және олардың себептерін;

  10. Биологияны оқу барысында өздігінен білім алуды және алған білімді

өмірмен тығыз байланыстыруды.



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

  • Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды, негізгі тірек ретінде пайдалана білу.

  • Биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отыру. 

  • Биология ғылымы туралы жәнебасқа ғылыммен байланысын тереңдету;

  • жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін;

  • компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

Оқушы нені меңгеріп шығады:

9. Биология ғылымы туралы түсінігін;

10. Биология пәнінің салаларын ;

11. Тұқым қуалайтын ауру түрлерін және олардың себептерін;

12. Биологияны оқу барысында өздігінен білім алуды және

алған білімді өмірмен тығыз байланыстыруды.

Пәнаралық кіріктіру:

Ботаника, зоология, анатомия, физиология, гигиена, вирусология, микробиология, микология , экология, медицина, : химия, математика, география, экология.

Кәсіпке бағдарлау:

Микробиолог, селекционер, медицина, фармацевт, биология пәнінің мұғалімі, агроном, зоотехник, биотехнолог, ауыл шаруашылығы, химия ,эколог.

5.Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс ( лекция ), ойын, есептер шығару,

жеке, топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, талқылау.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы:

-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.

- Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады.

-Жеке топпен, ұжымдық, шығарманылық жұмыстар жасау арқылы болжау, анықтау, соларды түсіндіру, қолдану әдістерін жүргізеді.

-Түрлі биологиялық, генетикалық есептер шығару.

-Тест сұрақтарына жауап беру.

-Қорытындысы бойынша жазбаша жіне ауызша есеп береді.

- Қазіргі кездегі биология мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі.

-Интернет материалдарын пайдаланады.

- әр түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындау.

7.Оқу жетістіктерін бағалау:

-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.


Уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.








Курс бағдарламасының құрылымы мен мазмұны


Орта буын және жоғары сынып. «Биологиялық есептерін шығару және құрастыру жолдары» курсының бағдарламасы оқушылардың білімі мен қабілетін мектеп бітіру кезінде ҰБТ-ке дайындық кезінде қалыптастырады. Себебі, «Г.Мендель мен Т.Морганның заңдарын», «Нуклеин қышқылдарының түрлерін,құрылысы мен химиялық құрамын», «Адам және медициналық генетиканы» «Қан және қан топтары» тараулары білім стандарты бойынша төменгі сыныптарда оқып кеткендіктен бұл курс өте маңызды. Сонымен қатар бул курс есеп шығару тек биология пәнінде ғана емес математика, физика, химия пәндерімен тығыз байланыста жүреді.

Кіріспе.Молекулалық биология 7 сағат

Тірі ағзалардыңдеңгейлері мен қасиеттері. Өсімдіктер мен жануарлардың жасушасының құрылысындағы ерекшеліктерін және эволюциясы . Мидың құпия ерекшеліктері. Есеп шығаруда қажетті жалпы әдіс-тәсілдер.



Биологиялық есептерді шығару және құрастыру 5сағат

Биологиялық ұғымдар. Вегетативті мүшелердің құрылысы атқаратын қызметіжәне ерекшеліктері. Адамның ішкі құрылысы, қызметі және гигиенасы. Биологиялық есептердің математикамен байланысы

Мүшенің қызметтеріне, құрылымына арналған есептерін құрастыру және шығару жолдары.


Генетика негіздері. Моногибрид және ажырау заңы 5 сағат

Генетиканың қысқаша даму тарихы. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі. Есеп шығаруда қажетті жалпы әдіс-тәсілдер. Генетикалық символика. Доминантты, рецессивті белгілер.

Генотип,фенотип,аллель,гомозигота,гетерозигота ұғымдарын түсіндіру. Кері қайтара және анализдік будандастыру. Моногенді белгілердің тұқымқуалауы. Белгілердің ажырауына летальді гендердің әсері.Генетикалық ақпарат. Генетикалық код, оның құпиясы.

Мендельдің І-ІІ Заңдарына арналған типтік есептерді шығару және құрастыру.


Тәуелсіз тұқым қуалау заңдылықтары 3 сағат

Дигибридті будандастыру.Тәуелсіз тұқымқуалау заңдылықтары. Дигибридті будандастыруға арналған есептерді шығару және құрастыру. Полигибридті будандастыруға арналған есептерді шығару және құрастыру.




Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі 3 сағат

Көптік аллельдер. Комплементарлық. Гендердің полимерлі әсері. Эпистаз.

Геннің толық басым болмаған және басым жағдайына арналған есептерді шешу және құрастыру.


Жыныс генетикасы 4 сағат

Жыныстың генетикалық анықталуы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жы­ныс.Жыныс айырудың баланстық теориясы. Жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар. Гендердің тіркесу топтары.Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы. Тіркесу және кроссинговер.Хромосомалардың генетикалық картасы.Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару және құрастыру.


Популяция генетикасы 3 сағат

Қан және қан топтары. Донор, реципиент, резус фактор,қан құю түсініктері. АВО жүйесіндегі адам қан топтарының тұқым қуалауы.Қан арқылы тұқым қуалайтын аурулары. Қан топтарының тұқымқуалауына есептер шығару және құрастыру.



Хи-квадрат теңдеуі 3 сағат

Экология негізгі құрылымы және ортаның экологиялық факторлардың рөлі.Организмдерге әсер етуші факторлар. Экологиялық жағдайылар.

Есеп шығаруда қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана шығару және құрастыру.















Факультативтік курстың оқу-тақырыптық жоспары


Тақырыбы

Сағат саны

Теория

лық

Практикалық


1

Кіріспе.Жасушалық биология

7

4

3

Оқушылар білу керек:

Нуклеин қышқылдарының ерекшеліктерін,тақырыптық есептерін шығаруда шартты белгілерді.

Оқушылар істей білу керек:

Теориялық білім және есепті шешу және құрастыру

2

Биологиялық есептерді шығару және құрастыру




5

2

3

Оқушылар білу керек:

Биологиялық ұғымдар,

биологиялық есептердің математикамен байланысын

Оқушылар істей білу керек:

есеп шығару және құрастыруды.

3

Генетика негіздері. Моногибридті будандастыру.Біркелкілік және ажырау заңы

5

2

3

Оқушылар білу керек:

Мендельдің І-ІІ заңдарының негізін,доминантты,рецессивті,ажырау ұғымдарынгенетикалық код ұғымын

Толымсыз және кодоминанттылықты

Оқушылар істей білу керек:

Мендель заңдарына есеп шығару және құрастыруды.

4

Тәуелсіз тұқымқуалау заңдылықтары


3

-

1

Оқушылар білу керек:

Мендельдің ІІІ заңының негізінде дигибридті және полигибридті будандастыруды

Оқушылар істей білу керек:

Тәуелсіз тұқымқуалау заңдылықтарына есеп шығаруды, логикалық ойлау арқылы шешім шығаруды

5

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

5

1

4

Оқушылар білу керек:

Комплементарлық,эпистаз,полимерия және көптік аллельділік ұғымын

Оқушылар істей білу керек:

Аллельді емес гендердің өзара әсеріне есеп шығаруды және құрастыруды

6

Жыныс генетикасы


4

2

2

Оқушылар білу керек:

Морган заңдарын жыныспен тіркесіп тұқымқуалау, кроссинговер ұғымын

Оқушылар істей білу керек:

Жыныспен тіркесіп тұқымқуалауға есеп шығару және құрастыра білу

7

Популяция генетикасы



5

2

3


Оқушылар білу керек:

Популяция арасындағы жиіліктерді ,Харди-Вайнберг заңы

Оқушылар істей білу керек: Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып есептер құрастыру және шығару

8

Қорытындылау .Сынақ сабақ.

1



Оқушылар білу керек:

Курс барысында алған білімдерін қорытындылайды Оқушылар істей білу керек:

Оқушылардың білімі бағаланады


Күнтізбелік жоспары

Тақырыптары

Сағат саны

Өтілу уақыты

Кіріспе. Жасушалық биология/7сағ/


1

Нуклеин қышқылдары туралы жалпы сипаттама

1


2

ДНҚ және РНҚ дың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

1


3

ДНҚ құрылымына байланысты есептер шығару

1


4

ДНҚ құрылымына есептер құрастыру және шығару

1


5

Транскрипцияға байланысты есептер шығару

1


6

Нәруыз биосинтезіне байланысты есептер шығару

1


7

Генетикалық кодқа талдау жүргізу

1


Биологиялық есептерді шығару және құрастыру /5сағ/

8

Биологиялық есептер құрастыру және оларды шығару жолдары

1


9

Биологиялық есептердің математикамен байланысы

1


10

Жасушадағы зат және энергия алмасуға байланысты есептер

1


11

Тыныс алу, өкпеге, бүйрек жұмысына байланысты есептер (анатомия)

1


12

Қан айналым жүйесіне байланысты есептер шығару

1


Генетика негіздері. Моногибридті будандастыру /5сағ/

13

Генетика ғылымы,генетикалық ұғымдар туралы ,термин сөздер

1


14

Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі

1


15

Біркелкілік заңына байланысты есептер шығару

1


16

Ажырау және толымсыз доминанттылыққа есептер шығару

1


17

Оқушылар есептер құрастырады және шешімін табады

1


Тәуелсіз тұқым қуалау заңдылықтары /3 сағ/

18-20



Дигибридті және полигибридті будандастыруға байланысты есептер шығару


3


Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі /5 сағ/

21

Аллельді емес гендерге арналған есептер

1


22

Эпистазға арналған есептер

1


23

Комплементарлыққа байланысты есептер шығару

1


24

Полимерияға байланысты есептер шығару

1


25

Көптік аллельділікке есептер шығару

1


Жыныс генетикасы /4сағ/

26

Жыныс генетикасы

1


27

Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауына арналған есептер шығару

1


28

Адам генетикасы шағылыстыруға арналған есептер

1


29

Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер және оларды шығару жолдары

1


Популяциялық генетика /5сағ/

30

Харди-Вайнберг заңына талдау жүргізу

1


31

Харди-Вайнберг заңына байланысты есептер шығару

1


32

Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып аллельдерді анықтау

1


33

Есептер құрастыру және шешімін табу

1



34

Қорытындылау

1




1







Рефераттар тақырыптары: 1.Генетика жетістіктері.

2. Г. Мендель өмірі мен қызметі.

3. Денсаулық және медицина.

4. Қазақстандағы биотехнологиялық жетістіктер.

5. Әлемдік гендік инженерия.

6. Тұқым қуалайтын аурулардың пайда себептері

7. Ми жұмысының құпиялары

8. ТЭЦ қалдықтарының тірі ағза әсері


Қысқамерзімді жоспар

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «ДНҚ молекулалық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы.

Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»».

Бөлім: І

Молекулалық биология

Педагогтің аты-жөні:

Жұмашов Кенжебек

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ДНҚ молекулалық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы.

Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

- ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

ДНҚ молекулалық құрылысының принцптерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.ДНҚ дегеніміз не?

2. Оның құрылымын кім ашты?

3. Ол молекула не үшін керек?

4. ДНҚ құрылысы қандай?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Нуклеин қышқылдарын сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1.Нуклеин қышқылдарының мономері не? Мономердің қандай бөлігі ДНҚ-ның бір нуклеотидін екіншісінен ажыратады?

2. ДНҚ молекуласына сипаттама береді. Оның пішіні қандай?

3. Нуклеотид типтері, олардың азотты негіздері мен комплементарлық ережесі арасындағы байланысты анықтайды.

4. Сурет бойынша ДНҚ молекуласындағы химиялық байланыс типі, олардың құрамбөліктері мен өлшемдері туралы айтып береді.

Дискриптор:

Жалпы - 3 балл

1. Сұрақтарға жауап береді

2. Суретпен жұмыс жасайды.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1. ДНҚ молекуласын сызба түрінде бейнелеп, оның құрамбөліктерін көрсетеді.

1)Дезоксибироза

2)Фосфор қышқылының қалдығы

3) аденин

4)тимин

5)гуанин

6)Цитозин

7)Фосфодиэфирлі байланыс

8) ковалентті полюсті байланыс

9)Қос сутектік байланыс

10)үш сутектік байланыс


2. Нуклеотид типтері мен олардағы пзоты негіздер арсындағы айырмашылқтарды көрсетеді. Сутектік байланыс типінің комплементарлы азотты негіз жұбына тәуелділікті талдайды және анықтайдыы.

Дискриптор:

Жалпы - 3 балл

Тапсырманы сызба түрінде көрсетеді.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Оқу ісі жөніндегі орынбасар: С.Баймағанбетов





























Қысқамерзімді жоспар

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары».

Бөлім:

10.1

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:

Жұмашов К

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.11 - рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының құрылысын салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының құрылысын салыстыра алады

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. ДНҚ және РНҚ биополимерлерінің құрылымы не арқылы ерекшеленеді?

2. Ақпараттық РНҚ, тасымалдаушы РНҚ, рибосомалық РНҚ және ДНҚ қызметі арасында қандай айырмашылықтар бар?


3.Ақпараттық, тасымалдаушы және рибосомалық РНҚ қызметтері бойынша қалай ажыратылады?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тарау бойынша білімді жүйелендіру және қорытындылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды.

Тақырыпқа байланысты интернет желісін пайдаланып видео көріп танысу


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.ДНҚ және РНҚ құрылысндағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атап көрсетеді.



2. ДНҚ жібінің бір фрагментінде А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Т нуклеотидтер тізбегі орналасқан. Осы ген құрамындағы барлық нуклеотидтердің проценті мен оның ұзындығын анықтайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.ДНҚ –ның қандай химиялық қасиеттері оның тұқымқуалаушылық ақпаратты тасымалдаудағы рөлін анықтайды?

2. Нәруыз биосинтезінде нуклеин қышқылдарының қайсысы негізгі рөл атқарады?

3. ДНҚ молекуласында цитидилді нуклеотидтердің -18℅. ОСы ДНҚ-дағы басқа нуклеотидтердің проценттік құрамын анықтайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырма бойынша талдау жасайды

2. Тарау бойынша білімді жүйелендіру және қорытындылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды.


ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Қысқамерзімді жоспар

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: ДНҚ молекулалық құрылысына байланысты есептер шығару.

Бөлім: І

Молекулалық биология

Педагогтің аты-жөні:

Жұмашов К

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ДНҚ молекулалық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы.

Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау

ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеуді біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. ДНҚ молекуласын сипатта бер.


2.Фосфор қышқылы деген не?


3.Хромосома ұғымына сипаттама бер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Нуклеотид құрамбөліктерін сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1. Моделдеу.

ДНҚ-ның комплементарлы тізбегін аяқтап, сызбасын сызады.

А) АТТГЦГГЦТ;

Ә) ЦГТТАГАЦТ;

Б) ГЦАТГГЦЦА;

В) ТТГАЦГЦТА;
Г) ТЦАГАТАЦГ.

Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Тапсырмаларды орындайды.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Нақты ДНҚ молекуласындағы азотты негіз типінің біреуінің паызы (℅) белгілі жағдай моделін жасайды.Қалған барлық негіздердің пайызын есептеуге болама? Егер:

А) А-42

Ә) Т-28

Б) Ц-36

В) Г-12

Г) Г-8


Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Берілген тапсырммаға модель құрастырады.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23


Оқу ісі жөніндегі орынбасар: С.Баймағанбетов





















8 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Биологиялық есептер құрастыру және оларды шығару жолдары

Сабақтың мақсаты:

Есептерді құрастыру ережелерін білу

Нәтижесі

Тапсырманы түсінеді.

Тапсырманы талдайды

Есепті құрастыра алады.

Есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықтарын 3 шапалақ соғу арқылы

+, -,%, =,? Белгілерін слаидтан шығару балалар бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады екен ? пәнімізге де байланысты.


Сабақтың ортасы

30 минут

Есептерді құрастыру

Өсімдіктерде, жануарларда адамда кездесетін мүшелердің жұмысы, аралық қасиетін көрсететін кестелер, екінші ұрпақта будандастырудың типіне қарай белгілердің сан жағынан ажырауын анықтайтын кестелер, суреттер, мүшелердің құрылысы, терминдердің анықтамалары мен таңбалардың үлгісі, есептерді шығару жолдары туралы мәліметтер беріледі.

Есептерді құрастырудың үш әдістемелік нұсқасы бар.

1) Белгілер , мүшелердің жұмысы, тірі ағзалардың қай типіне жататынына , санына байланысты құрсатыру;

2) Берілгентапсырманы мұқият оқып, керек белгілерді таңдап, есептің шартына енгізу;

3) Есептің мазмұнын құрастырып, сұрақтарды тұжырымдау.

1 есеп. Орташа температурада теріден тәулігіне 800 мл тер бөлінеді. 1 г термен бірге 0,85 калория жылу бөлінеді. Ал, 800 г термен неше калория жылу бөлінетінін анықтаңыз?

Жауабы: 1г – 0,58 кал.

800 мл – х кал.

Х=800 * 0,58/ 1=464 калория жылу бөлінеді

2 есеп. Ыстық бөлмелерде (37ºC )жылу тек тер арқылы денеден шығады, ол кезде 4,5 л бөлінген терден неше калория жылу шығатынын анықтаңыз.

Жауабы: 2610 калория жылу бөлінеді.

3 есеп. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда 9 л дейін тер шығарады, бұл жағдайда булану арқылы неше калория жылу шығын болады?

Жауабы: 5220 калория жылу бөлінеді.


Сабақтың соңы 3минут

Қайта тексеріп шығады.

Рефлексия 2 минут

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Есептер құрастырып келу




































9Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Биологиялық есептердің математикамен байланысы

Сабақтың мақсаты:

Биологиялық есептердің математикамен байланысын білу және есептер құрастыру

Нәтижесі

Биологиялық есептердің математикамен байланысын біледі. Тапсырманы талдайды

Есепті құрастыра алады.

Есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, практикалық, , сын тұрғысынан ойлау әдісі, есептер шығару .

Көрнекіліктер:

Тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І Ұйымдастыру Түгендеу балалардың көңіл-күйін сұрау

Миға шабуыл

Биологиялық есептердеген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Оған қандай есептер жатады?

Қандай ғылым саласымен байланысты ?

Иә дұрыс математика саласымен

Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?


Сабақтың ортасы

20 минут

1 есеп. Орташа температурада теріден тәулігіне 800 мл тер бөлінеді. 1 г термен бірге 0,85 калория жылу бөлінеді. Ал, 800 г термен неше калория жылу бөлінетінін анықтаңыз?

Жауабы: 1г – 0,58 кал.

800 мл – х кал.

Х=800 * 0,58/ 1=464 калория жылу бөлінеді

2 есеп. Ыстық бөлмелерде (37ºC )жылу тек тер арқылы денеден шығады, ол кезде 4,5 л бөлінген терден неше калория жылу шығатынын анықтаңыз.

Жауабы: 2610 калория жылу бөлінеді.

3 есеп. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда 9 л дейін тер шығарады, бұл жағдайда булану арқылы неше калория жылу шығын болады?

Жауабы: 5220 калория жылу бөлінеді.

4 есеп.

Тәулігіне бір қанқызы 100 өсімдік биттерін жояды. Оның аналығы жазғы уақытта 1000 жұмыртқа тастайды, ал әр личинка қуыршанықтануға дейін (40 тәулік) 1000 өсімдік битеріне дейін немесе 3000 личинкаларын жояды. Осы бір жұп қоңыздар мен олардың ұрпағы жазғы уақытта 90 күн ішінде қанша өсімдік биттерін жоятынын есептеңіз.

1жұп қан қызы( )100х=9000х2=18000

1000 жұм х4000(1000жұм.+3000лич.)х40 күн=160 000 000

1000 х100х50күн=5 000 000

18000+160 000 000+ 5 000 000=1650 18 000өсімдік биттерін жояды.

5 есеп

Персия шығанағындағы коралл рифтерінің қалыңдығы 2,5км-ге жетеді. Бұл рифтің қанша уақытта түзілуі мүмкін, егер де осы рифке созылып, батып кеткен кеме 20жылда 60см қабатпен қапталған.

2,5км=2500метр 20х2500

20жылда-60см х= =833,3жыл

х-2500м 60

6 есеп.

Спортсмен 815 секунд ішінде 5000 м жүгіріп өтті. Егер спортсменнің жүрегі минутына 150 рет жиырылса, әр жиырылған сайын қанның 150см2 мөлшері шығарылады. Сонда спортсменнің жүрегі қанның қанша литрін өткізеді?

815сек=13,5мин

13,5мин х 150=2025 рет жиырылады

2025 х 150см3= 303750см3=303,75 литр қан өткізеді.

Сабақтың соңы 3 минут

Бүгінгі сабақта мен не алдым өз ойын жазу.......

Рефлексия 2 минут

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Есептер құрастырып келу


10 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Вегетативті мүшелерге арналған есептер (ботаника)


Сабақтың мақсаты:

Тамырдың қызметі және оның түрлерімен танысу

Нәтижесі

Өсімдік мүшелерін біледі;

Тамырдың қызметімен танысады;

Тамырдың түрлері мен тамыр жүйесін меңгереді;

Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Айналмалы доп» әдісі, постер, семантикалық карта, тестілеу.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

Жүректен-жүрекке.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту).

(2 минут)


Сабақтың ортасы

30 минут

Ботаникаға арналған есептер

Тамыр. Минералды тыңайтқыштар.

1- есеп.

Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырлар жиынтығының салмағы 5 кило делік.Ал ағаш тамырының 1 кило салмағының тыныс алуына 1 кило оттегі жұмсалатын болса, үйеңкінің тамыры 1 айда, 1 жылда қанша оттегін қажет етер еді?

Шешуі.

1.Ағаш тамырының 1 тәулікте қанша оттегін жұмсайтынын табамыз:

1х 5 = 5 г, 1 айда ,1 жылда қанша оттек қажет ететінін шешеміз:

1. 5 х 30 = 150 г, 2. 5х 365=1825 г.

Жауабы: 150 г. 1825 г. Топырақтың ауа өткізгіштік қасиетін қопсыту арқылы жақсартамыз. Ол ағаш тамырының жақсы соруына, өсуіне оң әсер етеді.

2-есеп.

Өсімдіктің тамыры топыраққа қалай әсер етеді? (оң, теріс)

Жауабы. Өсімдік тамыры топыраққа оң әсерін тигізеді. Тамыр топырақтың бойымен барлық бағытта өседі де, табиғи жол салады, яғни ауа, су, жылу, минералды заттардың алмасуына көмектеседі.Тамырдың қураған бөліктерінің есебінен топырақта қарашірік (гумус)көбейеді.Тамырдан ерекше заттар бөлініп, топырақ бактериялары үшін қоректік орта болып саналады

Сабақ, өркен.

1 түп қайың 1 тәулікте 60 кг су буландырады.Мектеп ауласындағы 15 түп қайың 1 тәулікте қанша су буландырады? Шелектің сыйымдылығы10 кг болса, 15 түп қайың 1 тәулікте неше шелек су буландырады?

Шешуі. 1. 15 түп қайың 1 тәулікте неше кг буландырады?

60х15=900 кг

2. Судың бұл мөлшері неше шелек болады?

900/ 10=90 шелек.

Жауабы 15 түп қайың 90 шелек су буландырады.

1 тәулікте адам тыныс алуға 430 г оттегін жұмсайды. 1 га орман 1 сағатта 200 адамға жетерлік оттегін бөледі. 1 га орман 1 сағатта қанша салмақты оттегін ауаға бөледі?

Шешуі. 1. 1 сағатта адам тыныс алуға неше гр оттегін қажет етеді?

430/24=17,9 г

2. 1 га орман 1 сағатта қанша оттегін бөледі?

17,9х200=3580г Жауабы.3,58 кг

Гүл. Жеміс.

Жоңышқаның бір гүлшоғырында 8 кг шірне болады.

1. Балара 500 г шірне жинау үшін неше гүлшоғырға қонуы тиіс?

2. Балараның жемсауына 0,02 г гүл шірне сиятыны мәлім болса, ол 500г шірне жинау үшін гүлге неше рет ұшып келуі керек?

Шешуі. 1. Балара неше гүлшоғырға қонуы тиіс? 500/0,008=62500 гүлшоғыры.

2.Балара гүлге неше рет қонуы керек? 500/0,02=25000 рет.

Жапырақ.

10 колорад қоңызы 1 айда(30 күн) кортоптың 200 см2 ауданына тең жапырағын жеп қояды. 1 дернәсілі 50 см2 ауданына тең жапырақты құртады. 1000 колорад қоңызы 1 айда кортоп жапырағының қандай ауданын жеп қояды? Осынша аудандағы жапырақтарды неше дернәсіл жеп, құртар еді?

Жауап парағы.

1. Мың колорад қоңызы 30 күнде қанша жапырақ ауданын құртатынын есептейміз.200х1000=200000 см2.

2. Бұл ауданды неше дернәсіл құртар еді?

200000/50=40000.

1 есеп. Орташа температурада теріден тәулігіне 800 мл тер бөлінеді. 1 г термен бірге 0,85 калория жылу бөлінеді. Ал, 800 г термен неше калория жылу бөлінетінін анықтаңыз?

Жауабы: 1г – 0,58 кал.

800 мл – х кал.

Х=800 * 0,58/ 1=464 калория жылу бөлінеді

2 есеп. Ыстық бөлмелерде (37ºC )жылу тек тер арқылы денеден шығады, ол кезде 4,5 л бөлінген терден неше калория жылу шығатынын анықтаңыз.

Жауабы: 2610 калория жылу бөлінеді.

3 есеп. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда 9 л дейін тер шығарады, бұл жағдайда булану арқылы неше калория жылу шығын болады?

Жауабы: 5220 калория жылу бөлінеді


Сабақтың соңы 3 минут

Вегетативті мүшелерді ата.........

Көбею жолдарын көрсет

Рефлексия 2 минут

Бұгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Есептер құрастырып шығару жолын көрсет






11 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу, өкпеге, бүйрек жұмысына байланысты есептер (анатомия)

Сабақтың мақсаты:

Сыртқа шығару мүшелерінің қызметінжәне жқұрылысын білу

Нәтижесі


Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І ұйымдастыру

Бейнематериал көрссетіледі. Әр топ не көрді айтайықшы. Қалай ойлайсыздар бүгін біз не жайында әңгіме өрбітпекпіз? Иә, сыртқа шығару жүйесі

1тапсырма Ассоциация құру:

«Сыртқа шығару мүшелері»

Тынысалу негізінен бес кезеңнен тұрады:

1) сыртқы тынысалу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құра-мындағы газдардың алмасуы;

3) газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымал-дануы;

4) тін мен қан арасында газ алмасуы;

5) ішкі тынысалу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл - биохимиялық үрдіс. Тынысалудың алғашқы 4 кезеңін физиология, соңғысын биохимия зерттейді.


Сабақтың ортасы

20 минут

ІІ мағынаны тану

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

Жасы

1 минуттағы тыныс

алу жиілігі, рет

1

44

5

26

15-20

20

20-25

18

25-30

16

30-35

18

Тыныс ауасының құрамы




Газдар

Сыртқы ауада

Дем шығарған

ауада

Азот

78

78,8

Оттегі

20,92

16-17

Көмір қышқылы

0,033

3-4,5



Есептер шығару

1 есеп Қалыпты жағдайда 250 гр. глюкозаның толық ыдырауы үшін қанша литр оттегі кетеді және литр көмірқышқыл газы бөлінеді.

250г х хл.

СShape1 6Н12О6+6О2 6СО2+6Н2О

180 134, 134,4


250х134,4

х= =186,6л(О2)

180


2 есеп Егер бүйрек тәулігіне 1700 литр қан өткізеді деп есептейік. Жасөспірім организмінде қан дене массасының 10%-ын құрайды. 50кг массасы бар жасөспірім бүйректерінен қанның қанша рет өтетінін есептеңіз.

50кг-100% 10х50

х-10% х= =5кг

1700:5=340 рет өтеді . 100


Жауаптар эталоны

1.Несеп - жыныс мүшелері физиологиялық әр түрлі екі жүйеден, яғни несеп және жыныс мүшелерінен құралады.

2.Несеп мүшелері арқылынесептісыртқа шығарады. Жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады.

3.Несеп пен жыныс мүшелері орнығу орындары мен құрылысы жағынан және даму жағынан бірігіп, несеп – жыныс жүйелі мүшелерін құрайды.

4.Несеп мүшелері –екі бүйректен,екі зәрағар түтіктен , қуықтан және зәр шығаратын үрпіжолынан құралады.

5.Бастапқы бүйрек эмбрионның үшінші даму аптасында қалыптасады да 40-60 сағаттай қызмет етеді.

6.Несеп жүйесі негізінде мезодермадан, оның қосалқы мүшелері мезотелия целомынан пайда болады.

7.Несеп жүйесінің ең негізгі мүшесі - бүйрек

8.Нефронның қызметі - зәр шығару

9.Нәресте бүйрегінің ұзындығы-4,2см, салмағы 12г, қыртысы-2мм, жұмсақ заты - 8мм. Болады.

10.Нефроген ұлпасынын бүйректіңқабатты заты мен несеп түтіктері пайда болады.

2 тапсырма есеп құрастыру тыныс алу кестеге байланысты

Сабақтың соңы

Сыртқа шығаратын мүшелерді ата

Олардың негізгі қызметі ?

Қандай заттар сыртқа шығарылады?

Рефлексия

Бұгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

шығару ауруларына әрқайсысы әртүрлі мәлімет әкелу


12 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Тест жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Шартын құрып және есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру түгендеу

Таратпаларды тарату


Сабақтың ортасы

25 минут

1-нұсқа

1. Терінің қызметіне жатпайды

А)тірек-қимыл В)қорғаныш С)жылуды реттеу Д)сипап сезу Е)зәр шығару

2. Терінің үстіңгі қабатында, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайтын жүйке ұштары

А)ортаңғы рецептор В)иіс сезу рецептар С)көру рецептор Д)ішкі рецептор Е)сыртқы рецептор

3. Терінің беткі қабатын және ішкі мүшелердің сілемейлі қабығын қаптайтын ұлпа

А)дәнекер В)эпителий С)біріңғай салалы бұлшықет Д)жүйке Е)бұлшықет

4 Балықтың дене салмағын өзгертетін мүшесі

A) торсылдағыB) миыC) құйрық жүзбеқанаты

D) арқа жүзбеқанатыE) бүйір сызығы

4. Жанасу арқылы жынысты жолмен көбейетін қарапайым жәндік

A) кірпікшелі кебісшеB) жасыл эвгленаC) кәдімгі амеба

D) бақалшақты амебаE) сәулелі күншар

6. Адамда аталық жыныс жасушаның атауы

А)жұмыртқа жасуша В)аталық тұқым бездері С)сперматозойд Д)жыныс гормон Е)шәует көпіршектері

7. Аталық гаметалардың даму процесі

А)овогенез В)спорогенез С)овоциттер Д)спермотогенез Е)гаметогенез

8. Теріде қантамырлары орналасады

А)эпидермисте В)дерманың торлы қабатында С)эпидермистің өсу қабатында Д)дерманың емізікшелі қабатында Е)шел қабатында

9. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі

A) Жұтқыншақ, өңеш, ішек

B) Ауыз, жұтқыншақ, ішек

C) Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек

D) Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, клоака

E) Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек

10.Зат алмасудың ақырғы өнімдерін сыртқа шығаратын мүшелер

A) өкпе, бүйрек, тері, ішек

B) секреция бездері, қарын, бауыр, тері

C) сүйек, бұлшықет, өкпе, тері

D) бүйрек, жүрек, тері, ішек

E) ми, жұлын, тері, сүйек

11.Адам ағзасында Д витаминін синтездеуге қатысатын сәулені белгіле

А) ультрақызыл В)инфрақызыл С) ультракүлгін Д)инфракүлгін Е)көрінетін сәуле

12. Жас сәбилерде Д витаминінің жетіспеуінен болатын ауру

А) рахит (мешел) В)пеллагра С)анемия Д)бери-бери Е)қышыма

13. Сыртқы аталық мүшеге жатады

А)Ұма (мошонка) В)аталық тұқым бездері С)сперматозойд Д)жыныс гормондары Е)шәует көпіршектері

14. Аналық гаметалардың даму процесі

А)овогенез В)сперматегенез С)овоциттер Д)спорогенез Е)гаметогенез

15. Овогенездің көбею аймағындағы түзілетін овоциттердің хромосома саны

А)гаплойдты В)гексагаплойдты С)диплойдты Д)тетраплойдты Е)триплойдты

16. Аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін дәрігер

А)гинеколог В)офтольмолог С)уролог Д)стомотолог Е)зндокринолог

17. Зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады

А)тірек-қимыл жүйесі В)жүрек-қантамырлар С)эндокриндік жүйе Д)зәршығару жүйесі Е)ақортыту жүйесі

18. Зәр шығару жүйесінің маңызы

А)көмір қышқыл газын бөлу В)оттегін бөлу С)суды бөлу Д)несепті, мин. тұздарды, суды бөлуі Е)тұздарды бөлуі

19. Зәр шығару жүйесінің мүшесі

А)бүйрек В)жүрек С)қарын Д)өңеш Е)ішек

20. Үрмебұршақ пішінді мүше

А)жүрек В)бүйрек С)өкпе Д)қуық Е)бауыр

21. Бүйрек ауруларын мдейтін дәрігер

А)невропатолог В)уролог С)кардиолог Д) эндокринлог Е)окулист

22. Адамның әрбір бүйрегінің салмағы

А)250гр В)200гр С)100гр Д)180гр Е)150гр

23. Бүйректің негізгі қызметі

А)сезгіштік В)сүзгіштік С)жылу реттегіш Д)қорғаныштық Е)мықтылық

24. Бүйректің қызметі

А)газды сүзу В)қанды жасау С)тердің бөлінуі Д)зат алмасудың соңғы өнімдерін шығару Е)гипофиздің қызметін реттеу

25. Ағзада бүйректің атқаратын қызметі

А)қанды оттегімен қанықтыру В)адреналин гормонын түзуге қатысады С)инсулин гармонын бөлуге қатысады Д)ақуызды ыдыратады Е)су мен улы қосылыстарды бөліп шығарады

26. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтардың осмостық қысымын реттейді

А)бауыр В)асқазан С)бүйрек Д)өкпе Е)жүрек


Сабақтың соңы5 минут

Жұмыстарын тексеріп шығу

Рефлексия 5 минут

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Тест құрастыру




13 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Генетика дегеніміз не

Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел және Қазақстан ғалымдарының тәжірибелерін түсіндіру.

Генетика туралы білімдерін дамыта отырып, есте сақтау

қабілетін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабілеттілігін арттыру

Нәтижесі

Генетика ғылымы, оның даму кезеңдерін біледі ;

Грегор Мендель және генетика ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстан ғалымдарының тәжірибелерін айта алады;

Теорияны практикада қолдана алады

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты:

Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын,бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.

Данышпан, ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып:

Нені таңдайсың? - деп сұрапты.

Қасықты – депті жас бала.

Данышпан:

Оны бес рет қайтала,- депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.

Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.

Онда не істеу керек?

Оған қолыңды созып алу керек.

Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.

Суретте ДНҚ, хромосома, мүше және ит, құс олар қандай ұғым береді?

Дұрыс сонымен генетика ұғымы дегеніміз не? Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір-бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"-шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологі У.Бэтсон ұсынды.



Сурет слаид


Сабақтың ортасы

20 минут

Топтастыру әр топқа тақырыпшалар береді соған постер құрады

А. Генетика ғылымының негізін салушы кім?

Ә. Зерттеу объектісіне неге асбұршақты алды?

Б. Г. Мендельдің неше заңы бар?

1 топ Генетика 2 топ Ғалымдар 3 топ Мендель 4 топ Даму кезеңдері

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80-жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологі А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер оны 3 кезеңге бөледі

Бірінші кезең - 1900-1910 жылға дейін

Екінші кезең - 1911-195 жылға дейін

Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін

1901 жылы голландиялық ғалым Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізілген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынады.

1903-1904 жылдары америка ғалымы У.Сэттон және неміс ғалымы Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті.

1909 жылы дат биологі В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (гр. "genos"-шығу тегі), геотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ресей ғалымы Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды.

1953 жылы америкалық ғалым Дж.Уотсон және ағылшын физигі Ф.Крик хромосомаларды құрайтын ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады.

1957 жылы америкалық ғалым Коренберг табиғи вирустың толық қасиеті бар вирус бөлшегін қолдан жасады.

1958 жылы зертханалық жағдайда ДНҚ құрылымы синтезделді.

1961-1962 жылдары америкалық ғалымдар М.Ниренберг, Г.Маттеи, С.Очоа және Ф.Крик тұқым қуалаудың кодын тауып, нәруыз молекуласын құрайтын 20 аминқышқылының нуклеотидті триплеттерінің құрамын анықтады.

Бұдан кейін ген ағзадан тыс, химиялық жолмен алынып, генетика ғылымының жаңа бір саласы - молекулалық генетика пайда болды.

Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев және т.б. еңбектерң зор. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-миринос тұқымын алды. Қазақстанда Тұңғыш рет М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.



Таратпа, ұялы телефон


Слаид

Сабақтың соңы

. "Кір жаятын жіп" ойыны.(Бүгінгі сабақтағы жаңа терминдер параққа жазып, сол сөздің мағынасын түсіндіріп, жіпке іледі)

Ой бөлісу

"Генетика саласының дамуында халық санасында ұрпақтың сау болуы деген ұғым қалыптасты, осыған орай : «қан тазалығы», «жеті ата» ұғымдарының бүгінгі тақырыпқа сәйкестігі бар ма?"

Қағаз, қыстырғыш ,

Слаид

Рефлексия

Бұгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Слаид

Үйге тапсырма

Эссе жазу «жеті ата»




14 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні; _______________

СЫНЫП:

Қатысқан оқушылар саны: ___

Қатыспаған оқушылар саны: ____

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Генетикалық терминдер мен таңбалар туралы будандастырудың түрлерін, генетиканың негізгі заңдылықтарын түсіндіру

Г.Мендель заңдарына есептер шығару арқылы оқушылардың генетикалық білімдерін жетілдіру.

Міндеттері

-Г.Мендель заңдарына есептер шығара білуге үйрету

-Биология пәніне қызығушылығын арттыру

-Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмалардыөз бетінше жұмыс орындайды. Үлестірме ресурстар арқылы есептерді шығарады

Тақырып бойынша есептердің берілуін түсініп және дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

критерийі

Есептерді құрастырады. Есептердің шығару жолын жазады.Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік құзіреттілік

Гомозиготалы, гетерозиготалы, доминантты, рецессивті

Ресурстар

Оқулық, суреттер, бейне таспа, таратпа  және  тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Алдыңғы оқу

Мендель заңдары

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Мен саған тілеймін» оқушылар бір-біріне тілек айтады бүгінгі күнге



«Мен саған тілеймін»

Ортасы

Ой қозғау БҰЛ НЕ?

І.Бұл өсімдік Абхазия, Грузия, Өзбекстан,Түркіменстанда , Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.Бұл жеміс осы жерлерге әртүрлі тұқымдарын гибридтеу арқылы жерсіндірілген. Оны қарашаның ортасынан бастап, желтоқсанның ортасына дейін жинайды. Оның құрамында әртүрлі органикалық қышқылдар , қант, С:В:В2РР витаминдері, қабығында 140мг жуық С витамині бар.

Қосымша мәліметтер:

Субтропиктік және тропиктік мәңгі жасыл өсімдік.Шыққан орталығы Жерорта теңізі. Тұмау , суық тию қаназдық , асқазан ауруларына теріне ағартатын қасиетіне байланысты порфюмерияда қолданылады, көптеген тұрмыстық заттың құрамына кіреді.


ІІ.Бұл өсімдікті Тигр, Евфрат өзендерінің жанында тұратын халықтар біздің заманымыздан бұрын 2-1,5 жыл бұрын өсіре бастаған. Арабтар одан дәрі жасап, медицинада қолданған. Оны тек дәрілік өсімдік ретінде қолданған, тамаққа тек жапырағын пайдаланған, жемісіне ешкім көңіл аудармаған

Қосымша мәліметтер:

1811жылы Наполен өнімнің сапасын жоғарлатқандарға , сыйлық берген,тамыр жемісінің құрамында жасунық, қант, минералды заттар, С витамині бар. Алабұта тұқымдасына жатады.Асқазан, жыныс мүшелері, жүрек – қан тамырлары- ның жұмыстарын жақсартады.

Мендель заңын қайталайды

Генетикалық таңбалар:

Р- будандастыруға алынған ата- аналық даралар.

Г- гаметалар.

Г -1,2,3 –алынған ұрпақ: жанына қойылатын индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді: Ғ1- бірінші ұрпақ, Ғ2 – екінші ұрпақ, т.б.

х- будандастыру белгісі.

-аналық дараның жыныстық белгісі.

-аталық дараның жыныстық белгісі.

Гендерді латын алфавитінің әріптерімен белгілейді:

А –доминантты ген, а- рейессивті ген.

АА- доминантты гомозигота, Аа –гетерозигота, аа- рецессивті гомозигота.

Есептерді құрастыру

Өсімдіктерде, жануарларда адамда кездесетін тұқым қуалайтын белгілердің доминантты , рецессивті, аралық қасиетін көрсететін кестелер, екінші ұрпақта будандастырудың типіне қарай белгілердің сан жағынан ажырауын анықтайтын кестелер, аллельді емес гендердің өзара әсерін көрсететін суреттер, хромосомалардың құрылысы, терминдердің анықтамалары мен таңбалардың үлгісі, есептерді шығару жолдары туралы мәліметтер берілуі тиіс.

Есептерді құрастырудың үш әдістемелік нұсқасы бар.

1) Белгілер тұқым қуалаудың қай типіне жататынына байланысты құрсатыру;

2) Кестеде берілген тұқым қуалайтын белгілерді таңдап, есептің шартына енгізу;

3) Есептің мазмұнын құрастырып, сұрақтарды тұжырымдау.


Есептердің берілгені және шығару жолдары

1.Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы ) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап?

2.Сұр түсті тышқан – А

Ақ түсті тышқан – а

Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды?

Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс доминантты да, ақ түс рецессивті

3. Доминантты аллель көк көзділік –А,ал қара көзділік - а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік ара-қатнас қандай болады?

1. АА х аа Ж: 1.Біркелкі

2. АА х Аа 2.1/1

3. Аа х Аа 3.3/1

4. Доминантты белгі толық байқалмай аралық сипатта болса, ол қалай аталады?

Ж: Толымсыз доминанттылық

5. Гетерозиготалы екі қара итті бір-бірімен шағылыстырғанда ақ иттің дүниеге келу мүмкіндігі қандай?

Ж:

6. Берілгені:

АА – қоңыр құндыз

аа - сұр құндыз

Ғ 2-де 15 сұр және 47 қоңыр құндыз пайда болады.

Есепті шығар.

Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды.

Фенотипі: 47:15 (3:1);

Генотипі: 1:2:1;

7. Ата-аналары бір-бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын дараларды будандастыру?

Ж: Моногибридті будандастыру

8. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтарының жемісі қызыл, ал ақты бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтары ақ болады. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді ақпен будандастырғанда, ұрпақтары қызғылт болады.Енді осы қызғылтты өзара будандастырғанда ұрпағында қандай фенотип болады?

Ж: 1 АА (қызыл)/2 Аа (қызғылт)/1аа (ақ)

9. Адамда таскерең ауруы – рецессивті белгі болып тұқым қуалайды.Егер ата-анасы гетерозиготалы болса, отбасында ауру және сау балалардың туу ықтималдығы қанша пайыз?

Ж: 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.

10. Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым. Мынадай будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қандай болмақ: а)Аа х Аа; ә) АА х Аа; б) аа х АА; в) Аа х аа ?.

Ж: а) 3:1; ә) біркелкі; б) біркелкі; в) 1:1;

11. Грегор Мендель 2,3 заңдары:

Ж: .2. 3 заңы: Ажырау заңы

Тәуелсіз ажырау заңы

12. Қой бүлдіргенінің екі сорты бар. Бірінің жемісінің түсі қызыл (доминантты гомозиготалы) және мұртшасы (рецессивті) бар, ал екіншісінің жемісінің түсі ақ (рецессивті) және мұртшасы жоқ (доминантты). F1-ы тап?

Ж: F1 – қызыл, мұртшасы жоқ

13. Гомозиготалы қара сиыр қызыл сиырмен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (в) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?

Ж: Бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, ал генотипі бойынша – гетерозигота.

14. Ірі қара малда Р гені қызыл түсті, Р1 гені ақ түсті анықтайды, ал гетерозигота жағдайында – бурыл түс береді. Ұрпақтарының түсін анықтаңдар:

А) ақ сиырды бурыл бұқамен;

Ә)Бурыл сиыр мен бурыл бұқаны;

Ж: А)1ақ/1бурыл

Ә)1қара/2бурыл/1ақ

15. Генотипі мынадай тышқандар: уу-сұр,Уу- сары,УУ- эмбрионды даму кезеңінде өледі. Мынадай шағылыстыруда ұрпақтары қандай болады: а) сары х сары;

ә)сары х сұр;

Қандай шағылыстыруда ұрпақтары көп болады?

Ж: а) сары х сары; ¼ (25%) эмбрионды дамуда өледі

ә)сары х сұр; ұрпақтары көп болады

16. 2 қара қоянды өзара шағылыстырғанда, ұрпақтарында ақ және қара қояндар пайда болды.

Ата-анасының генотипі қандай?

Ж: Генотипі гетерозиготалы, яғни Аа – қара қояндар

17. Тек бірыңғай доминантты немесе бірыңғай рецессивті аллельдерден тұратын организмді қалай атайды?

Ж: АА, аа - гомозиготалы

18. Қызанақ жемісінің домалақ (В)пішіні алмұрт пішіндіден, ал қызыл түсі (С) сары түсінен басым.Домалақ қызыл қызанақ пен алмұрт пішінді сары қызанақты будандастырса,Ғ1,Ғ2-ні тап

Ж: Ғ1- біркелкі ВвСс; Ғ2 – 9(ВС)/3(Вс)/3(вС)/1(вв)

19. Берілгені:

ААВВ- қара мүйізсіз бұқа

аавв – сары мүйізді сиыр

Ғ1,Ғ2– ні тап?

Ж: Ғ1- біркелкі қара мүйізсіз

Ғ2 – 9(Қара мүйізсіз)/3(қара мүйізді)/3(сары мүйіссіз)/1(сары мүйізді)




Талқылау жеке, жұптық




























таратпалар









Соңы

Кері байланыс

Мен түсіндім...........

Жартылай түсіндім...........

Мен түсінбедім

Таратпа

Үй жұмысы

Мендель заңына есептер шығару

Таратпа




15Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Тұқым қуалайтын аурулардың түрлері және оның себептері

Сабақтың мақсаты:

Адам, жануар және өсімдіктерденің генінің өзгерістерімен әкеден балаға берілетін гендерді генетикалық формаулларға сала отырып, тікелей табиғат пен адам өміріндегі зағдылықтрмен байланыстыра есеп шығару туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алуға жағдай жасау

Нәтижесі

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, білімді, және оқушылардың қабілетін ашуға, дамытуға, зерделі дарынды етуге,қызығушылығын арттыруға жол ашады. Моногибридті, дигибридті және Полигибридті есептер мен тұқым қуалау бойынша есептер шығара алады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

Сабаққа психологиялық дайындық жасайды. Екі топқа бөлінеді.

І- топ «Г. Меңдель» ІІ- топ «Т. Морган»


Сабақтың ортасы

30 минут

Жалпы генетика әлеміне ситаптама беру кезені бойынша деңгейлі 5 түрлі тапсырманы жеке-жеке орындап, сонынан топпен ортақ шешімге келеді.

1 тапсырма

Генетикалық есептердің үш типі

Балл

1

Ата-анасының генотипі белгілі болған жағдайда ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтау.

1

2

Ата-анасының және ұрпағының фенотипі арқылы ата-ана
ының генотипін анықтау.

1

3

Белгілердің тұқым қуалау ерекшелігін анықтайтын есептер

1


Қор
тынды балы


3

2 тапсырма

Генетика

лық символдар

Анықтама


Балл

1

Р

Будандастыруға алынған ата-аналық даралар

1

2

Г

Гаметалар

1

3

F1,2,3

Алынған ұрпақ, жанына қойылатын индекс ұр
ақтың реттік санын көрсетеді.

1

4

Х

Будандастыру белгісі.

1

5

Аталық дараның жыныстық белгісі

1

6

Аналық дараның жыныстық белгісі.

1

7

А

Доминатты ген,

1

8

а

Тұншыққан ген.

1

9

АА

Доминатты гомозигота

1

10

Аа

Гетерозигота

1

11

аа

Рецессивті гомозигота

1


Қорытынды балы



11балл

3 тапсырма

Оқушы есепте
ді шығару барысында мынадай мәселелерді ескеру қажет

Балл

1

Есептің шартын мұқият оқып шығып, тұқым қуалайтын белгілерді анықтау

1

2

Осы белгілерді бақылайтын гендердің аллельдерін белгіле

1

3

Есептің шартында көрсетілген ата-ананың және ұрпақты
генотипін біліп, оны генетикалық формуламен көрсету.

1

4

Будандастыру кезінде түзілетін гаметалардың типтерін үлгімен белгілеп, ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготалардың барлық типтерін көрсету

1

5

Пеннет торын сызып оған аналық гаметаларды
сол жағындағы тік бағытқа, аталық гаметаларды жоғарыдағы көлденең бағытқа жазады.

1


Қорытынды балы


5балл

4 тапсырма

Генетикалық есептер ш
ғаруда оқушы білуі қажет.

Балл

1

Белгілердің ұрпақтан- ұрпаққа берілуіне ата-ананың бірдей қатысы болады

1

2

Бір ұрпақ бойына дараларда гендер гетерозигота күйінде бірге болғандықтан, олар өзгермейді.

1

3

Әр түрлі хромосомада орналасқан екі жұп гендер бір –бірінен тәуел
із тұқым қуалайды.

1

4

Бір хромосомада орналасқан екі жұп гендер сол хромосома а
қылы келесі ұрпаққа бірге өтуге ұмтылады.

1

5

Әр дарада бір локуста гендер жұп, ал жұмыртқа жасушасында және спермотозоидта бір локуста ген бір-бірден болады

1


Қорыт
нды балы


5балл

5 тапсырма

Төмендегі термин сөздерді анықмамасымен сәйкестендіріңдер

Балл

1

Ген

Бірдей аллельді гендері бар АА және аа гаметалардың қосылуынан пайда болған зигота

1

2

Локус

Тұқым қуалайтын гендердің сыртқы ортада
көрінуі мысалы қара көз, көк көз. т.б

1

3

Генотип

Көрінбейтін белгіні анықтайтын ген

1

4

Гом
зигота

ДНҚ молекуласының бөлігі

1

5

Гетеро

зигота

Басымдылық көрсететін ген

1

6

Зигота

Ұқсас хромосомалардың бірдей локусында орналасқан альтернативті белгілердің дамуын аны
тайтын гендер

1

7

Гамета

Гендердің бірнеше күйде болуы.

1

8

Аллель

Ж
ныс жасушалары (аналық – жұмыртқа жасушасы, аталық жыныс жасушасы – сперматозоид)

1

9

Аллельді гендер

Аталық және аналық гаметалардың қосылуынан пайда болған организм.

1

10

Доминатты ген

Әр түрлі аллельді гендер бар Аа гаметалардың қосылуынан пайда бо
ған зигота

1

11

Рецессивті ген

Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы

1

12

Фенотип

Гендердің хромосомадағы орны



Қорытынды балы


11балл


Жауаптар: 1-d, 2- L, 3-k, 4-a, 5-j, 6-I, 7-h, 8-g, 9-f, 10-e, 11-c, 12-b

Тақырып бойынша деңгейлі 5 түрлі есептерді жеке –жеке орындап, сонынан топпен ортақ шешімге келеді.

1 есеп

Қызыл гүлді Түн аруы өсімдігі ақ гүлділермен будандастырылған және ол доминантты. Сонда F1 –дегі ұрпағының генотипі және фенотипі қандай болмақ?

Берілгені Жауабы

А- Қызыл гүлді түн аруы Р ♀ АА х ♂ аа

а – ақ гүлді түн аруы Г А А а а

- аа F1 Аа Аа Аа Аа

- АА Бірінші ұрпақтарының

т\к F1 -? барлығы бірдей доминантты гетерозиготалы. Фенотиптері қызыл түсті.

Балл 5

2 есеп Моногибридтік будандастыру

Қарбыз жемісінің жасыл түсі жолақтыдан басым келеді. Гомозиготалы жасыл жемісті және жолақты сорттарын будандастыру арқылы бірінші ұрпақта 217 будан алынды. Будан өсімдіктерді қайта тозаңдандырып, екінші ұрпақта 172 будан алынды

a) Жасыл жемісті өсімдіктерге неше түрлі гамета түзіледі?

b) F1 –дегі өсімдіктердің қаншасы гетерозиготалы болады?

c) F2 –дегі өсімдіктерде генотиптің неше түрі болады?

d) F2 –дегі өсімдіктердің қаншасы жолақ жемісті болады?

F2 –де жасыл жемісті гомозиготалы өсімдіктер саны қанша болады? Балл 10

3 есеп

Адамда алты саусақтың болуын ( полидактилия) доминатты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты еркек, бес саусақты әйелге үйленеді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп бірнеше баласы болса, онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?

Шешуі:

Белгі Ген Генотип

Алты саусақты К КК, Кк.

Бес саусақты к кк

Мұнда әйелдің генотипі белгілі-рецессивті гомозигота кк. Еркекте доминантты ген болғандықтан оның генотипі осы белгі бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бес баласының бәрі де алты саусақты болғандықтан әкесінің генотипі гомозигота екенін көрсетеді. Балаларының генотиптері гетерозигота, себебі бір генді әкесінен екінші генді шешесінен алады. Бес саусақты қызға үйленген баласының баласының балаларының жартысы алты, жартысы бес саусақты болады.

Некенің үлгісін көрсетейік:

Р ♂ Кк х ♀кк

Г К к к к

F Кк, Кк, кк, кк.

Сонымен балаларының алты саусақты болуып тууының ықтималдығы – 50 пайызға тең.

Генотип 2- Кк гетерозиготалы бес саусақтылықты тасмалдаушы (50%)

2- кк рецессивті гомозигота (50%)

Жауап 2:2 қатынасы (50%-50%)

Фенатип 2 алты саусақты (полидактилия) балалар. (50%)

2 бес саусақты дені сау балалар (50%)

Жауап 2:2 қатынасы (50%-50%)

Балл 10

4 есеп

Адамда таскерең ауруы аутосомды рецессивті типті тұқым қуалайды. Егер әке-шешесі де осы ауру бойынша гетерозигота болған жағдайда, осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?

Берілгені Жауабы

А- Дені сау Р ♀ Аа х ♂ Аа

а – таскерең ауруы Г А а А а

- Аа F1 АА Аа Аа аа

- Аа 2:2 қатынас, 50%: 50%

т\к F1 -?

Некеге отырған ата-ананың генотипі гетерозигота – Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата-анадан балалар дың өмірге келу ықтималдылығы мынадай болады:

АА -25%, Аа -50%, аа- 25% Сонда сау балалардың өмірге келу ықтималдылығы -75%, ал ауру болуының ықтималдылығы -25% болады.

Балл 5

Сабақтың соңы

3минут

Тест 1. Г. Мендельдің үшінші заңы

a) Толымсыз доминаттылық b) Біркелкілік

c) Белгінің ажырауы d) Тәуелсіз тұқым қуалау.

2. Бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру.

a) Дигибридті b) Моногибридті

c)Толықсыз доминаттылық d)Тіркес тұқым қуалау заңы

3. Дигибридті будандастырудағы F 2 ұрпақта фенотипі төрт түрлі генотипті көрініс береді.

a)1:2:1 b)3:1 c)9:3:3;1 d)3:2:1:1

4. Гомозиготалы доминантты гендер

a)АаВв; b)АаВВ; c)ААВВ; d)аавв;

5. АаВВ генотипінің гаметасын табыңыз

a)АВ, АВ b)АВ, аВ c)АВ,аВ,Ав, ав d)Ав, ав

Рефлексия

2 минут

Бүгінгі сабақта қиын болғаны ...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Есептер шығару









Қосымша материал

1 тапсырма

Генетикалық есептердің үш типі

Балл

1


1


2


1


3


1



Қорытынды балы


3 балл


2 тапсырма

Генетикалық символдар

Анықтама

Балл

1

Р


1

2

Г


1

3

F1,2,3


1

4

Х


1

5


1

6


1

7

А


1

8

а


1

9

АА


1

10

Аа


1

11

аа


1


Қорытынды балы


11балл


3 тапсырма

Оқушы есептерді шығару барысында мынадай мәселелерді ескеру қажет

Балл

1


1

2


1


3


1


4


1


5


1



Қорытынды балы


5балл


4 тапсырма

Генетикалық есептер шығаруда оқушы білуі қажет.

Балл

1


1


2


1


3


1


4


1


5


1



Қорытынды балы


5балл

5 тапсырма

Терминдер

Анықтама

Балл

1

Ген


1


2

Локус


1


3

Генотип


1


4

Гомозигота


1


5

Гетерозигота


1


6

Зигота


1


7

Гамета


1


8

Аллель


1


9

Аллельді гендер


1


10

Доминатты ген


1


11

Рецессивті ген


1


12

Фенотип


1



Қорытынды балы


11балл









16Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Ген және генофонд

Сабақтың мақсаты:

Ген және генофонд оның сипаттамаларын білу және есептерді шығару жолдарын ұғыну

Нәтижесі

Ген және генофонд терминді түсінеді

Тест тапсырмаларын орындайды

Деңгейлік тапсырмаларын орындайды.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

1. Эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі қалай аталады? (Органогенез)

2. Органогенез қай сатыдан кейін басталады? (Гаструла)

3. Мүшелердің әрқайсысы қайда қалыптасады? (Бұрынғы белгі орында)

4. Мүшелердің дамуына ДНҚ молекулаларынан басқа нелер әсер етеді? (Оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары)

5. Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін толық анықтады ма? (Анықтады)

6. Ұрық жапырақшалары теориясын жете зерттеуге кім зор үлес қосты? (А.О. Ковалевский)

7. Ұрық жапырақшаларының сыртқы қабаты қалай аталады? (Эктодерма)

8. Ұрық жапырақшаларының ортаңғы қабаты қалай аталады? (Мезодерма)

9. Ұрык жапырақшаларының түзілуінде аздаған қандай өзгерістер бар? (Жүйелік)


Сабақтың ортасы

30 минут

Ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады.

Тірі организмдер өзінің құрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты эукариоттар және прокариоттар болып бөлінеді. Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айкын көрінетін ядро жоқ (грекше аударғанда эу – «мен» жұрнағына сәйкес (ядромен), про – «сыз» жұрнағын (ядросыз), ал кариос – ядро.

Геном – жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.

енофонд (ген және французша fond — жиынтығы) — бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы.[1] Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы А.С. Серебровский ұсынған. Генофонд термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Тұрақты Генофондтағы гендер жиілігі генотиптен фенотиптің қатынасын кейінгі ұрпақтарға бір күйде беріп, генетикалық тепе-теңдікті сақтайды. Мысалы, будандастыруға алынған екі бидай сортының Генофондтарының бірінде өсімдік сабағының биіктік аллелі, екіншісінде аласалық аллелі бар деп алсақ, бірінші ұрпақта ата-анасында болған аллельдер жиілігі сақталғаны байқалады. Көбею қарқыны, сұрыптау, т.б. жағдайлар генетик. тепе-теңдікті ауытқытады. Ал жаңа тепе-теңдік тиісті ген жиілігінің өзгеруіне жаңа фактор әсер еткенге дейін сақталады. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың Генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге Генофондтары бар басқа түрлер түзеді. Тұрақты Генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд — түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының Генофондын қорғау — тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Биосфераның генетик ресурсын сақтау, әсіресе практикалық мәні бар немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар Генофондын сақтау әдістері жасалуда.[

2 тапсырма. I, II, III деңгей бойынша тест жүмысы.

Iдеңгей.

1. Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік.

а) дрозофила шыбыны; б) өрмекші;

ә) қоңыз; в) шаян.

2. "Алып әйел" ауруы не деп аталады?

а) шизофрения; б) трисомия; ә) эпилепсия; в) даун.

3. Басым гендер қалай аталады?

а) доминантты; б) аллельді;

ә) рецессивті; в) аллельді емес.

IIдеңгей.

1. Г. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?

а) біркелкілік; б) тіркес тұқымқуалау;

ә) белгінің ажырауы; в) тәуелсіз таралу.

2. Жыныстық хромосомаға бір Х-тың артық қосылуынан бола­тын ауру?

а) даун; б) трисомия;ә) қант диабеті; в) клайнфельтер.

3.Қан ұйымайтын ауру:

а) трисомия; б) ЖҚТБ;

ә) шизофрения; в) гемофилия.

4. Гендердің хромосомадағы орны қалай атайды?

а) тіркеу тобы; б) кроссинговер;

ә) локус; в) гемофилия.

IIIдеңгей.

1.Әке-шешесініңқаны IV топболса, балаларыныңқантобықандайболуымүмкін?

a) I, II; б) II, IV, III;

ә) III, IV; в) II, III.

2.Тіркестоптарыныңсанынегесәйкескеледі?

а) хромосомалардыңгаплойдтысанына; б) генге;

ә) кроссинговерге; в) локусқа.

3. Шершевский-Тернер ауруының белгілері:

а) жыныстық жағынан пісіп-жетілуі баяулайды;

б) бедеу әрі бойы тапал болады;

ә) аузы үнемі жартылай ашық жүреді;

в) инсулиннің жетіспеуі.

4. Дүниеге келген сәбилердің неше % тұқымқуалайтын аурумен ауырады?

а) 7-8 %; б) 12-13%;

ә) 9-10 %; в) 14-15 %.


3 тапсырма. Семантикалық карта.



Тұқым-

қуалайтын

барлық

жақсы

қасиеттер

жиынтығы

Егіздер туралы

ғылым

Адам

бойындағы 46 хромосома түзетін тек бірлігі

Ер адамдардың

белсіздікке

ұшырауы

Аурулармен күресудің

жолдарын

анықтайтын

ғылым

Тек және тектілік






Медицина

лықгенетика






Гемология






Ген






Импотент







Сабақтың соңы

3 минут

Ген дегеніміз не

Ол нені анықтайды?

Мысал келтір..........


Рефлексия 2 минут

Тақырыпты түсіндім ...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма




17 Сабақ



Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Геннің толық басым болмаған жағдайына арналған есептер

Мақсаты:

Будандастырудың түрлерін, генетиканың негізгі заңдылықтарын түсіну

Толық басым емес гендер арналған есептерді шығару

Нәтижесі

Гендерді ажырата алады;

Есептерді шығару жолдарын түсіндіреді;

Есептерді өз беттерінше шығара алады.

Сабақтың әдісі:

Жеке, жұптық жұмыстар, есептер шығару тестілеу.

Сабақтың түрі:

Есептерді түсініп шығару жолын меңгеру сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, бағалау парағы


Бағалау:

Мұғалімнің бағалауы, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы, бағалау   парағы

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут

                         

Жүректен-жүрекке.Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін  айту).(2 минут)


Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма есептер шығару Есеп №1

Сұр түсті тышқан – А

Ақ түсті тышқан – а

Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды?

Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс доминантты да, ақ түс рецессивті

Есеп №2

Қызанақ жемісінің домалақ (В)пішіні алмұрт пішіндіден, ал қызыл түсі (С) сары түсінен басым.Домалақ қызыл қызанақ пен алмұрт пішінді сары қызанақты будандастырса,Ғ1,Ғ2-ні тап

Ж: Ғ1- біркелкі ВвСс; Ғ2 – 9(ВС)/3(Вс)/3(вС)/1(вв)

Есеп №3

Гетерозиготалы екі қара итті бір-бірімен шағылыстырғанда ақ иттің дүниеге келу мүмкіндігі қандай?

Ж: Иә

Есеп №4

Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы ) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап?

Ж: Ғ1- біркелкі қара оң қолды

Есеп №5

Берілгені:

ААВВ- қара мүйізсіз бұқа

аавв – сары мүйізді сиыр

Ғ1, Ғ2– ні тап?

Ж: Ғ1- біркелкі қара мүйізсіз

Ғ2 – 9(Қара мүйізсіз)/3(қара мүйізді)/3(сары мүйіссіз)/1(сары мүйізді)

2 тапсырма Шығармашылық есеп (өз бетінше жұмыс)

Мұғалім өз өмірінен алынған тұқымқуалау белгіні (көздің түсі) есеп арқылы дәлелдеуді ұсынды.


Сабақтың соңы

5 минут

І тапсырма «ACTIVOTE» арқылы тест жұмысы

Тест

1.Ағзалардың тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті зерттейтін ғылым

A.Генетика B.Ботаника C.Селекция D.Экология

2.Генетиканың негізін қалаушысы

A.Ч. Дарвин B.Г.Мендель C.Р.Гук D.Л.Пастер

3.Моногибридті будандастыруда қанша альтернативті белгі саналады?

A.3 тен көп B.3-еу C.2-еу D.1-еу

4. ААBb зиготасы қанша түр гамета түзеді?

A.1 B.2 C.3 D.4

5. Г. Мендель қандай тәсіл қолданды?

A.Биохимиялық B.Цитологиялық

C.Химиялық D.Гибридологиялық

6.Г.Мендельдің екінші заны

A.Басымдық заңы B.Ажырау заңы

C.Тәуелсіз тұқым қуалау заңы D.Тіркес тұқым қуалау

7.Генетикалық белгілердің сыртай пайда болуы

A.Генотип B.Доминанты C.Фенотип D.Рецессивті

8.Гомозиготалы доминантты гендер

A.ААВВ B.АаВв C.АаВВ D.ААВв

Оқушылар бір-бірін тексереді

Рефлексия 2 минут

- «Чемодан»- өзіңіздің көніл-күйінізден шықан ,өзіңізге алатыныз

- «еттартқыш»- әлі де өзіңіздің ойыңыздан өткізесіз

- «қоқыс жәшігі» -өзіңізге керек жоқ

Чемодан

Еттартқыш

Қоқыс жәшігі





Үйге тапсырма

Есептер шығару және құрастыру




18 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Дигибридті және полигибридті будандастыру

Сабақтың мақсаты:

дигибридті буданды шағылыстыру және полигибридті заңдылықтарын меңгеру

Нәтижесі


Сабақтың әдісі:

Практикалық, түсіндірмелі, салыстыру. тірек-сызбалармен жұмыс.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

Дигибридті будандастыру қарама – қарсы белгілері бар дараларды будандастыру.

Екі белгілердің тұқым қуалауы қандай заңдылықтарға бағынады және қалай жүреді?


Сабақтың ортасы

30 минут

Дигибридті және полигибридті будандастыруға арналған есептерді шығару жолдары

  1. Гамета табуды  үйренейік.  (Дигибридті  буданда  гамета  4еу  болады)

Мысалы:                  ААВВ = АВ,АВ,АВ,АВ = АВ(қысқарады)

 АаВв = АВ,АваВ,ав (қысқармайды)

 ааВв = аВ,ав,аВ,ав = аВ,ав

2.Сары, тегіс асбұршақ                           Жасыл, кедір — бұдыр

Сары – А, жасыл – а, тегіс – В, кедір – бұдыр – в

Р Shape4 ААВВ  х  аавв Shape5                ААВВ = АВ,АВ,АВ,АВ = АВ

Г       АВ                         ав                   аавв = ав,ав,ав,ав = ав

 Ғ                   АаВвавАВ  АаВв  х 4 ) х4 = 16 ұрпақ

Ағылшын   генетигі  Р.Пеннет  ұсынған  торды  пайдаланып,  дигибридті будандастыруды толық бейнелеуге  болады.

Ғ– дегі ұрпақ бәрі  бірдей,  дегетерозиготалы  сары, тегіс асбұршақ.

  • Балалар, бұл  қандай  заңға  сәйкес  келіп  тұр?

  • Біркелкілік заңына  сәйкес.

3. Р Shape6 АаВв х АаВв Shape7  АаВв = АВ,Ав,аВ,ав

 Мендель зерттеуі бойынша Фенотипі.

Барлығы

Сары тегісАВ

Сары кедір – бұдыр Ав

Жасыл

  тегісаВ

Жасыл кедір – бұдырав

556

315

101

108

32

9:3:3:1

9

3

3

1

Түсі бойынша – 416 сары; 140 жасыл = 3:1

Пішініне  қарай – 423 тегіс; 133 кедір–бұдыр = 3:1

Пеннет  торы  бойынша (схема):  12 сары : 4 жасыл = 3:1

12 тегіс : 4 кедір-бұдыр = 3:1

Бұлқұбылыстар  белгілердің  тәуелсіз  ажырау  заңы деп 

аталады. Мендельдің  ІІІ  заңы

1-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой көзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек , көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.


Белгі

Ген

Генотип

Алыстан көрмеушілік

А

АА,аа

Көруі қалыпты

а

аа

Қой көзді

В

ВВ,Вb

Көк көзді

В

bb


Еркек екі белгі бойынша гетерозигота болса, онда оның генотипі- АаВb болады. Ал әйел екі белгі бойынша рецессивті гомозигота болғандықтан генотипі –aabb.

Енді осы некенің үлгісін жазайық:

Shape8

Shape10 Shape9 Р aabb х АаВb


Г ab АВ Аb аВ ab


Ғ2 Аа Вb Аа bb ааВb aabb

Генотиптері дигетерозиготалы АаВb аталықта мейоздық бөлінудің нәтижесінде 4 типті гамета түзіледі: АВ; Аb; аВ; ab. Осы гаметалардың әрқайсысы аналық ab гаметамен қосылып, 4 типті зигота түзеді. Олар : Аа Вb- алыстан көрмеушілік, қой көзді; Аа bb- алсытан көрмеушілік, көк көзді; ааВb- көруі қалыпты , қой көзді; aabb – көруі қалыпты , көк көзді.

Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.

2-есеп. Адамда қой көзді белгі ,көк көздіге қарағанда басым, ал оңқайлық, соалқайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?

Шешуі:есептің шартын кестеге жазамыз.

Белгі

Ген

Генотип

Қой көзді

А

Аа АА

Көк көзді

а

Аа

Оңқайлық

В

ВbВВ

Солақайлық

b

bb


Көк көзді солақай жігіт екі белгі бойынша рецессивті болғандықтан, оның генотипін былай жазамыз: aabb. Қыздың генотипін олардың екі баласының фенотиптері арқылы анықтауға болады. Шешесінен балаларына оңқай және солақай белгілер ажырап , ал көздің белгілері ажырамай беріліп тұр. Бұл көрініс қыздың генотипі бір гомозигота және гетерозигота екенін көрсетеді.

Енді осы некенің үлгісін көрсететейік:


Shape15 Shape14 Shape17 Shape16 Р ааВb х aabb

Г аВ ab ab

Ғ1 ааВb - көк көзді оңқай

aabb - көк көзді солақай

Жауабы: шешесінің генотипі- ааВb болады.

3-есеп. Шабдалының екі түрін бір- бірімен будандастырғанда жемістің түктілігі және ақ еттілігі бойынша -28 түкті, ақ 9 түкті, сары ; 10 тегіс , ақ және 3 тегіс, сары ұрпақ береді. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

Шешуі: есепті шығару барысында фенотипі рецессивті даралар әрқашан гомозигота болатынын естен шығармау керек. Бұл есепті екі әдіспен шығаруға болады.

1-әдіс. Будандасқан белгілердің ұрпақтарының сандық қатынасына талдау жасау. Ұрпақтағы әр белгілердің будандасу нәтижесі жеке талданады: бірінші – түкті жеміс, екінші – жеміс етінің бояуы бойынша.

Бірінші ұрпақта 37-сі түкті жеміс және 13-і тегіс, бұлардың сандық қатынасы 3:1-ге тең деп есептеуге болады. Бұл ата-аналық даралардың гетерозигота Аа екенін дәлелдейді. Ал жемістің етінің бояуы бойынша ұрпақта 38 ақ және 12 сары жеміс болған, бұлардың арақатынасы 3:1-ге тең. Бұл ата- анасының генотипі гетерозигота Вb екенін көрсетеді.

Жауабы: будандастыруға алынған даралардың генотипі мынадай болады:

Аа Вb х Аа Вb.

2-әдіс бойынша бұл есепті генотипі гомозиготалы рецессивтң ұрпақ арқылы шешуге болады. Себебі бұл ұрпақта ата ансынан өткен а және b гендері бар. Бұл будандастыруға алынған даралардың осы белгілері бойынша гетерозигота екенін көрсетеді.

Жауабы: Аа Вb х Аа Вb.

Сабақтың соңы 3минут

Шығармашылық жұмыс. (Тест)

Осы тапсырма бойынша ҰБТ – те келетін сұрақтар.

Г.Мендельдің үшінші заңы.

а) тіркес тұқым қуалау.

ә) толымсыз доминанттылық.б) біркелкілік

в) белгінің ажырауы е) тәуелсіз тұқым қуалау.

2. Бір – бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды… шағылыстыру:

а) дигибридті в) моногибридті с) гаметалар тазалығы ережесі д) толымсыз доминанттылық е) тіркес тұқымқуалау заңы

3. Дигибридті будандастырудағы Ғ2 ұрпақта фенотипі төрт түрлі генотипті көрініс береді:

а) 9:3:3:1 в) 1:2:1 с) 3:2:1 д) 3:1 е) 1:1

4. Гомозиготалы доминантты гендер:

а) АаВв в) АаВВ с) ААВВ д) аавв е) ааВв

5. АаВВ генотипін тап.

а) АВ,АВ,АВ ә) АВ, аВ б) АВ,аВ,Ав,ав в) Ав е) ав

Тест жауаптары: 1 (а); 2 (а); 3 (а); 4 (с); 5 (ә)

Рефлексия 2 минут

Мен есептерді шығара аламын...........

Есепті түсінбеймін себебі ...................

Үйге тапсырма

Есептерді шығару 10сынып параграф 45 оқу


 19 Сабақ

Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Аллельді емес гендерге арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, Аллельді емес гендер механизмі мен тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету. Есептер шығара білу.

Нәтижесі

Аллельді емес гендерді біледі

Аллельді емес гендер механизмін түсінеді.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру психологиялық ортаны қалыптастыру



Сабақтың ортасы

20 минут

ІІ. Мағынаны тану

1-есеп. Генотиптері : а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВb; г) АаВbСс; ғ) ААВВСС; д) ААВbСс даралар қандай типті гаметалар түзеді?

Шешуі:

Генотиптері АА аллельдері бар даралар мейоздық бөлінудің нәтижесінде бір типті А гаметалар түзеді.

Генотиптері екі түрлі даралар Аа-А және а екі түрлі гаметалар түзеді.

Генотипі bb- бір типті b гаметалар түзеді.

Генотиптері АаВb даралар дигетерозиготала болғандықтан 4 түрлі гаметалар түзуі тиіс: АВ,Аb, аВ, аb.

Генотиптері АаВbСс дараларда 8 түрлі гаметалар түзіледі: АВС, АВс, АbС, аВС, аbС, аbс.

Генотиптері ААВВСС даралар бір типті АВС гаметалар , ал генотипі ААВbСс даралар 4 түрлі гаметалар түзеді: АВС,АВс, АbС, Аbс.

2-есеп. Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.

Белгі Ген А а

Генотип АА ,Аа Қалыпты

Альбинос аа

Ерлі –зайыптылардың біреуін - әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі - аа. Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесе гереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.

Р Аа х аа

Г А а а


Ғ1 Аа

Жауабы: осы отбасында ауру бала болғанымен келесі баласының альбинос болып тууының ықтималдығы 50% себебі гаметалардың арақатынасы өзгермейді.

3 – есеп. Егер анасының генотипі белгілі болса, ұрпағының фенотипін анықтауға мүмкіндік береді. Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (b) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?

Шешуі: есептің шарты бойынша қара сиыр қара түс бойынша гомозигота, яғни оның генотипі – ВВ,бұқа қызыл түсті, оның генотипі –bb.

Шағылыстырудың үлгісі мынадай:

Р ВВ х bb

Енді ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтауға кірісеміз. Ол үшін ата -анасының әрқайсысының гаметалардың қандай типін түзетінін анықтаймыз.

Мейоздық бөлінуде гомозиготалы сиырдан В гені бар аналық гамета түзіледі. Екіншісінен b гені бар аталық гамета түзіледі:

Р ВВ х bb

Г В b

Ғ1 Вb b В b В b В b

Жауабы: бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, генотипі -бойынша гетерозигота. Бұл мендельдің бірінші заңын немесе бірінші ұрпақтың біркелкілік заңын көрсетеді.

4.Сұр түсті тышқан – А Ақ түсті тышқан – а Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды? Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс басыңқы, ақ түс бағыныңқы


Сабақтың соңы

Аллельді емес гендер туралы не түсіндік жазу

Рефлексия

- «Чемодан»- өзіңіздің көніл-күйінізден шықан ,өзіңізге алатыныз

- «еттартқыш»- әлі де өзіңіздің ойыңыздан өткізесіз

- «қоқыс жәшігі» -өзіңізге керек жоқ

Чемодан

Еттартқыш

Қоқыс жәшігі





Үйге тапсырма

Есептерді жалғастыру реферат дайындау


20 сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Эпистазға арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету.

Нәтижесі

Генетика заңдылықтарын біледі.

Генетикалық механизмі мен жыныс

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

4 минут

І. Ұйымдастыру

Эпистаз дегеніміз не ?


Сабақтың ортасы

32 минут

Эпистаз. Бұл құбылыс комплементарлы әрекеттесуге кері жүреді, яғни бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Осындай басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды. Мысалы, тауықтарда доминантты С гені қауырсынның түрлі-түсті болуын анықтайды, ал аллельді емес басқа доминантты j (джи) гені супрессор болып табылады. Сондықтан осы супрессор j гені бар жерде доминантты С гені өз белгісін көрсете алмайды да тауықтар ақ қауырсынды болып шығады.

Демек, генотиптері jjСС тауықтар ақ түсті, ал генотиптері ііСС және ііСс болып келгендері түрлі-түсті болады. Себебі, қауырсындары түрлі-түсті тауықтардың генотипінде супрессор гені жоқ.

Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы.

Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.

Полимерия дегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.

Көп аллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға қшырауына байланысты , ол генні бірнеше рет қайталануы.

Есептер

1-есепҚолда өсірілетін тауықтардың қолтұқымдарында (плимутрок, виандот) А гені түсті қауырысынды бақылайды, ал оның аллелі – ақ, леггорн тұқымдастарында А гені болғанның өзінде пигментті басып кететін эпистаздық І гені (ингибитор) бар. Оның аллелі і генінің А геніне өзін көрсетуіне мүмкіндік жасайды. ААІІ генотипі бар леггорндар І генінің эпистаздық әсерінен ақ қауырсынға айналады. Ааіі генотипі бар виандоттар А – пигменттеуінің доминантты аллелі болмағандықтан ақ қауырсынға ие болады. ААІІ генотипі бар ақ леггорн ақ виандотпен (ааіі) шағылдыстырылған. Бірінші және екінші ұрпақтағы қауырсындардың түсі бойынша ажырауды анықтаңдар.

2-есеп

Жемісі ақ, екі асқабақ өсімдігін өзара будандастырғанда бірінші ұрпақта 67 өсімдік ақ жемісті, 19 сары және 6 өсімдік жасыл жемісті болған. Ата-ананың және ұрпақ өсімдіктердің геноотипін анықтаңдар. Бірінші ұрпақта алынған жасыл өсімдікпен аталық ақ өсімдікті будандастырғанда қандай ұрпақ алынады?

  1. Есептің шартын жазамыз:

Р: ♀АА II х ♂ aаii

Г: АI ai

Гомозиготалы ата-аналық даралар бір типті гамета түзеді. Осы гаметалардың қосылуынан дигетерозиготалы AaIi бірінші ұрпақ түзіледі. ұрпақты өзара будандастырамыз:

Р: ♀АaIi х ♂ Aа Ii

Гаметалардың төрт типі түзіледі: AI, Ai, aI, ai. Оларды Пеннет торына саламыз:


AI

Ai

aI

ai

AI

AAII

AAIi

AaII

AaIi

Ai

AAIi

AAii

AaIi

Aaii

aI

AaII

AaIi

aaII

aaIi

ai

AaIi

Aaii

aaIi

aaii


Генотиптегі фенотипі бойынша бірдей ұрпақтарды санаймыз. I ингибиторы және А түсінің гені жоқ, ааіі генотипі бар даралар түсі жағынан ақ. Тек ААіі және Ааіі генотиптері түсті.

Жауабы: Белгілердің ажырауы 13 ақ, 3 түсті немесе 13:3 қатынасында болады.

  1. 1)Бірінші ұрпақта белгілердің ажырауына қарағанда ата-аналық өсімдіктердің генотипі гетерозиготалы.

2)Белгілердің ажырау сипаты моногендіге (1:2:1) ұқсамайды, яғни дигенді болуы тиіс. Дигибридті будандастырудағы ажырау кезінде бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз. Ол үшін -де алынған даралардың қосындысын 16-ға бөлеміз: 92:16=5,75.

Тәжірибе бойынша белгілердің ажырауы 67:5,75=11,6 ақ, 19:5,75=3,3 сары және 6:5,75=1,0 жасыл немесе 12:3:1 қатысында болады. Бұл доминантты гендердің өзара әсерінің доминантты эпистаздық типіне дәл келетінін көрсетеді: А – супрессорлық ген. Генотипте А гені болған жағдайда ақ түсті, В – сары, b – жасыл түсті анықтайды. Бұл гендер генотипте а аллелі қатысқан кезде көрінеді. AaBb – сары, aabb – жасыл.

Ата-аналық өсімдіктердің жемістерінің ақ болуы генотипінде А аллель бар екенін көрсетеді. Ал ұрпағында сары және жасыл түсті даралардың болуы, оның осы гендер бойынша дигетерозигота екенін дәлелдейді. Ата-аналық өсімдіктердің генотипі дигетерозигота – AaBb.

Талдаушы будандастыру кезінде

Р: ♀AaBb х♂ aabb

Г: AB aB Ab ab ab

Екінші ұрпақтағы AbBb, Aabb, aaBb, aabb даралардан – AaBb,Aabb жемісі ақ түсті немесе 2 ақ: 1 сары: 1 жасыл ұрпақтар алынады.

Жауабы: асқабақ жемісінің ақ түсін екі ген анықтайды, аллельді емес гендердің өзара әсерінің доминанттық эпистаздық типіне сәйкес, белгілер 12:3:1 қатынасында ажырап, гендер тәуелсіз тұқым қуалайды.


Сабақтың соңы

2 минут

Эпистаз құбылысын қалай байқауға болады

Немесе қалай анықтаймыз ?

Рефлексия

2 минут

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Мендель өмірі мен қызметі.



21Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Тіркесу және кроссинговерге арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

гендердің тіркесуі, тіркесудің түрлері: толық тіркесу және толық емес тіркесу, кроссинговер жөнінде түсіну

Нәтижесі


Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру түгендеу

1. Т. Морганның тіркесу заңы бойынша бір хромосомада орналасқан гендер тіркесіп тұқым қуалайды.

2. Олар тіркесу тобын құрайды. Тіркесу толық және толық емес болады.

3. Гомологті хромосомалардың ұқсас бөліктерінің айқасуы кроссинговер деп аталады.

4. Кроссинговердің жиілігі хромосомада орналасқан гендердің арақашықтығын анықтауға және генетикалық картасын жасауға мүмкіндік туғызады.

Қандай тақырып өтіледі


Сабақтың ортасы

20 минут

Тіркесу және кроссинговерге арналған есептер

1-есеп

Әйелдің және ер адам генотиптері AaBbDd және AaBbYy болса, қанша және қандай типті гаметалар түзіледі?

2-есеп

Дрозофила  шыбынының  екінші  хромосомасының  48,5  локусында денесінің  қара  түсінанықтайтын  рецессивті  ген,  ал  54,5локусында  көзінің қызыл түсін бақылайтын рецессивті ген орналасқан. Осы шыбынның денесі сұр және көзі қоңыр дигетерозиготалы аналығында гаметалардың қанша типі және қандай  пайыздық қатынасында түзіледі?   

3-есеп

Резус-антиген нәруызын және эритроциттердің пішінінің синтезін анықтайтын гендер аутсомада 3 морганида арақашықтықта орналасады. Әкесінің резусы – теріс, эритроциттерінің пішіні эллипс тәрізді (доминантты белгі), әйелдің резусы – оң, эритроциттері эллипс тәрізді. Әйелдің күйеуінің резусы – теріс, эритроциттерінің пішіні қалыпты. Мынадай белгілері бар балалардың тууының ықтималдығын анықтаңдар:

а) резусы оң, эритроциттерінің пішіні қалыпты;

ә) резусы оң, эритроциттерінің пішіні эллипс тәрізді;

б) резусы теріс, эритроциттерінің пішіні эллипс тәрізді;

в) резусы теріс, эритроциттерінің пішіні қалыпты.

4-есеп

Денесі сұр, қалыпты қанатты дрозофила шыбынын, денесі қара, жетілмеген қанатты шыбынмен талдаушы шағылыстыруда мынадай ұрпақ алынған: 722 сұр, қалыпты қанатты; 139 сұр, жетілмеген қанатты; 161 қара, қалыпты және 778 қара, жетілмеген қанатты. Гендер арасындағы кроссиговердің жиілігін анықтаңдар.


5 есеп Көк көзді ер адамның генотипі белгілі – гомозигота (аа), себебі ол рецессивті белгі. Қой көзді әйел генотипі жағынан гетерозиготалы, себебі қой көзді белгі басым. Бұл отбасындағы ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін ажырат.

Берілгені Жауабы

А- Кой көзді Р ♀ Аа х ♂ аа

а – көк көзді Г А а а а

- аа FАа Аа аа аа

♀ - Аа 2:2 қатынас, 50%: 50%

т\к F-?

Адамда альбинизм белгісі аутосомалырецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі  зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайдаболған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болуықтималдығын анықтау керек.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі Ген А а
Генотип АА ,Аа Қалыпты Альбинос аа
Ерлі –зайыптылардың біреуін  әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі аа. 

Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесегереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерози

гота екенін көрсетеді.Осы некенің үлгңсңнкөрсетейік:
Р Аа х ааГ А а а
Ғ1 Аа
Жауабы: осы отбасында ауру бала болғанымен келесі баласының альбинос болып тууының ықтималдығы 50% , себебі гаметалардың арақатынасыөзгермейді.


Сабақтың соңы

1.Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай, бірігіп тұқым қуалауы? (Гендердің тіркесуі)

2. Тіркесудің екі түрін ата? (Толық және толық емес тіркесу)

3. Т. Морган тіркесу құбылысын анықтау мақсатында зерттеу нысаны ретінде нені алды? ( Дрозофила меланогастерді)

4. Тиісті гендері бар гомологті хромосомалардағы сәйкес бөліктердің алмасу процесі? ( Кроссинговер)

5. Бір хромосомада орналасқан гендерді қалай атаймыз? ( Тіркескен гендер)

6. Бейне сұрақ. (Т. Морган)

7. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметаларды не деп атаймыз? (Кроссоверлі гендер)

8. Кроссинговердің бір пайызы гендер арақашықтығының бірлігі болып табылады. Оны қалай атайды? ( Сантиморган(сМ) )

9. Кроссинговерге ұшырамаған гаметаларды қалай атайды? (Кроссоверлі

емес гамета )

10. Адамның 46 хромосомасында қанша ген бар? (26 мыңнан 40 мыңға жуық)

11. Т. Морган және оның шәкірттеріне хромосоманың генетикалық картасын жасауға мүмкіндік туғызды? ( Кроссинговер құбылысының ашылуы)

12. Кроссинговердің мөлшері немен көрсетіледі? (Пайызбен)

13. Т. Морган зерттеген белгілердің тіркес тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы немесе басқаша қалай аталады? (Генетиканың төртінші заңы)

14. Дрозофила меланогастердің 4 жұп хромосомасында қанша ген бар? (7000 ген бар)

Рефлексия

Бұгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Морган заңын қайталау . Тест құрастыру




22Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Бақылау есептері

Сабақтың мақсаты:

Генетикалық материалдың құрылысы мен қызметі жайлы материалдарынан және практикалық сабақтардан алған түсініктерін мен білім деңгейлерін анықтау.

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Шартын құрып және есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

2 минут

І. Ұйымластыру

Таратпаларды тарату


Сабақтың ортасы

35 минут

1 тапсырма Есептерді шығар №1есеп

Молекулалық массасы 69000 тең ДНҚ молекуласы берілген, оның 8625 аденин нуклеотидтерінің үлесіне тиеді.

(1 нуклеотидтің салыстырмалы молекулалық массасы- 345тең)

А) әрбір нуклеотидтің молекулалық массасының пайыздық мөлшерін анықтаңыз?

Ә) жеке-жеке қанша нуклеотид бар?

Б) берілген молекуланың ұзындығы қандай?

А) 69000-100% х=12,5(А) 37,5%(Ц)

8625-х х=12,5(Т) 37,5% (Г)

Ә) 69000:345=200 нуклеотид бар.

200-100% х=25 Аденин (А)

х-12,5% х=25 Тимин (Т)

200-100% х=75 Цитозин (Ц)

х-37,5% х=75 Гуанин (Г)

200 нуклеотидтің 25(А), 25(Т), 75(Ц), 75(Г) үлесіне тиеді.

Б) 200:0,34нм=68нм тең.

2есеп

Ақуыздың молекулалық массасы х=50 000

Тиісті генінің ұзындығын есептеңіз. (аминқышқылдың молекулалық массасы-100-ге тең 1 нуклеотидтің массасы-350-ге тең)

50 000:100=500 аминқышқылы бар

500:3=166,6 нуклеотид бар

166,6х0,34нм=56,6нм-ге т

2 тапсырма Сөз есептер жауабын жаз

  1. Ақ жемісті, тегершік тәрізді асқабақ өсімдігін, ақ жемісті, шар тәрізді ,36- сы ақ жемісті, шар тәрізді, 13- і сары жемісті, тегершік тәрізді және 12-сі сары жемісті, шар тәрізді өсімдіктер алынған. Аталық және аналық өсімдіктерінің генотипін анықтаңдар.

  2. Адамда бұйра шаш, тіке шаштан басымдылық көрсетеді. Терінің пигменттенуін анықтайтын ген, пигменттенуінің жоғын бақылайтын генмен басым. Әке- шешесінің терісі қалыпты пигментті және бұйра шашты отбасында альбинос, тіке шашты бала дүниеге келеді. Ата- анасының генотипін және бұйра шашты , терісі қалыпты пигменттенген бала тууының ықтималдығын табыңдар.

  3. Көк көзді оңқай еркек, қой көзді оңқай әйелге үйренеді. Олардан екі бала туылады, біреуі – қой көзді солақай, екіншісі-көк көзді оңқай. Осы еркектің екіншісі – қой көзді оңқай әйелінен 9 қой көзді, барлығы оңқай балалары болады. Үш ата -ананың әрқайсысының генотипі қандай?

  4. Қан тобы О еркек, қан тобы АВ әйелге үйленеді. Әйелдің әкесі гемофилиямен ауырады. Отбасы балаларының түрлі фенотиптерінің ықтималдығын анықтаңдар.

  5. Генотипі Аа bb (сары,бұдыр) және ааBb (жасыл, тегіс) екі бұршақ өсімдігі будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін анықтаңдар

Жауаптары:

  1. Аа Вb х Аа bb .

  2. Ата -анасы дигетерозиготалы, бұйра шашты, терісінің пигменттенуі қалыпты.

  3. Еркектің генотипі – ааВВ , оның бірінші әйелінікі –AaBb , екінші әйелінікі- ААВВ, а – көк көз, b- солақайлық.

  4. ХХАО; ХYAO; XX*BO; X*YBO-III топ, гемофилия.

  5. Аа bb х ааBb 1AaBb : 1Aabb : 1aaBb : 1aabb сары- тегіс сары- бұдыр жасыл- тегіс жасыл- бұдыр

Сабақтың соңы

Тапсырмаларды түртіп алу

Рефлексия

Мен ............... тақырыпты қайталауым керек

Маған барлығы түсінікті себебі.................

Үйге тапсырма



23Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіндік жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Шартын құрып және есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

2 минут

І. Ұйымдастыру өзіндік жұмысқа дайындау

Таратпаларды тарату


Сабақтың ортасы

35 минут

ІІ. Өзіндік жұмыс есептері

1.Көк көзді ер адам әке шешесі қой көзді , қой көзді қызға үйленеді. Ал қыздың әпкесінің көзі көк,осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін бе?

2. Таскерең ауруы адамда, теңіз шошқасында, тышқанда кездеседі. Бұл нені көрсетеді? Бұл заңды қалай атайды? Оны кім ашқан?

3. Ерлі- зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты, отбасында бес саусақты бала тууы мүмкін бе?

4. Мысықтарда қысқа жүнділік ұзын жүнділіктен басым болып келеді. Қысқа және ұзын жүнді мысықты бір- бірімен шағылыстырғанда 6 қысқа, 2 ұзын жүнді күшіктер туған. Ата- аналық мысықтың генотипі қандай?

5. Адамда қара шашты бақылайтын ген, сары шашты анықтайтын геннен басым. Осы сары шашты әкеден және қара шашты шешеден қара шашты балалар туады.Ата- анасының генотипін анықтаңдар?

6. Қызыл көзді гомозиготалы дрозофила шыбынын ақ көзді шыбынмен шағылыстырғанда , екінші ұрпақта белгілер қандай сандық қатынаста ажырайды? Ақ көз рецессивті болады.

7. Сұлы өсімдігінің ерте пісетін белгісі -доминантты да, кеш пісетіні -рецессивті. Тәжірибе үлескісінде гетерозиготалы ерте пісетін түрлерімен кеш пісетін түрлерін будандастырғанда 1944 өсімдік алынған. Кеш пісетін өсімдіктердің санын анықтаңдар.

8.Альбинизм белгісі өсімдіктерге өлімші әсер тудырғанымен, сау өсімдіктердің ұрпақтарында жиі кездеседі. Егер альбинос өсімдіктер өлетін болса, неге олар популяциядан толық жойылып кетпейді?

9. Қызан өсімдігінің сабағы қалыпты биіктігі R , аласалығы r- ге қарағанда басым: а) сабағының осы аталған белгілері бойынша ажырауының арақатынасы 1:1 болғандығы; ә) 3:1 қатынасындай болып ажырағандығы өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.

10. Сирағы сабалақ жүнді қоразды сирағы сабалақ жүнді екі тауықпен шағылыстырылды. Сонда бірінші тауықтан -79 сабалақ және 23 сирағы жалаңаш балапандар , ал екінші тауықтан -48 сабалақ жүнді балапандар алынған.

А. Белгі қалай тұқым қуалайды? Қораз бен тауықтың генотипі қандай?

Ә. Сирағы жалаңаш балапандарды алдағы жұмыстарда қалай пайдалануға болады?

Жауаптары:

1. Мүмкін ;егер қой көзді қыз гетерозиготалы және қыздың әке- шешесі гетерозигота болған жағдайда.

2. Бұл заңды н.И.Вавилов ашқан. Өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңы. Заң тек өсімдіктерге ғана тән емес.

3. Мүмкін емес.

4. Қысқа жүнді аналық мысықтың генотипі -Аа, ал ұзын жүнді аталық мысықтың генотипі –аа.

5. Әкесі рецессивті гомозигота болғандықтан генотипі -аа, 8 баласының бәрінің шашының қара түсті болуы шешесінің доминантты гомозигота- АА екенін көрсетеді.

6. 3:1

7. 972 өсімдік.

8. Генотипте альбинизм гені сақталады.

9. а) 1:1 болғанда, генотпиі. Аа х аа; ә) 3:1 болып ажырағанда, Аа хАа болады.

10. а ) бірінші тауықтың генотипі - Аа, екінші тауықтікі -АА; қораздыкі- Аа; ә ) сирағы жалаңаш балапандарды көбейту үшін пайдаланады.


Сабақтың соңы

Қиын тапсырмаларды түртіп алу

Рефлексия

Тапсырма маған оңай болды себебі........

Тапсырма маған қиын болды себебі........

Үйге тапсырма

Генетикалық есептер құрастыру 2 есеп



24Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Жыныс генетикасы

Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету

Нәтижесі

Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынады.

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауын біледі.

Жыныстың анықталуының генетикалық механизмін және есептерді шығару жолдарын біледі

Сабақтың әдісі:

сұрақ- жауап, жұптық жұмыс, тірек сөздермен жұмыс, есептер шығару, сәйкестендір

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

Табиғат құпиясы таусылған ба?

Кездесер тірі ағзалар екі дара,

Аталық пен аналық жыныстардың

Біледі құрылысын жеке дара.

Білсеңіз айтыңызшы , бұл қай сала? ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ


Сабақтың ортасы

20 минут

Генетикалық карта дегеніміз не? – Хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.

1 тапсырма Жыныстың анықталуының генетикалық механизімі бойынша _______________ түсіндіреді. 10 ұпай.

Жауабы: Баршамызға белгілі табиғатта кездесетін тірі организмдердің арасындағы аталықтар мен аналықтардың арақатынасы шаммен тең, яғни 1:1 қатынасындай. Осы құбылысты қалай түсіндіруге болады? Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:

P Aa x aa

Г Аа а

Ғ1 1Аа : 1аа

Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды. . Олар Х және У деп белгіленеді. Соның ішінде Х хромосома аналықты, ал У хромосома аталықты анықтайды. Мұны дрозофила шыбыны мысалынан көруге болады. Дрозофиланың дене клеткасында болатын төрт жұп, яғни сегіз хромосоманың алтауы аутосомалар (жыныстық емес хромосомалар), ал бір жұбы жыныстық хромосомалар болып табылады. Аналық шыбындарда олар біркелкі болады, сондықтан шартты түрде ХХ деп белгілейді. Ал аталықтарда әркелкі болатындықтан ХУ деп белгілейді. Олай болса, суретте көрсетілгендей аналық организмнің жұмыртқа клеткаларының (аналық жыныс клеткасы) барлығы бірдей үш аутосомадан және бір Х хромосомадан тұрады. Ал аталық жыныс клеткаларында жыныстық хромосомалар екі түрлі, яғни жартысы Х хромосомалы, қалған жартысы У хромосомалы болып келеді. Егер дене клеткасында жыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты гомогаметалы, ал керісінше әркелкі — ХУ болса, гетерогаметалы деп атайды.

Сонымен оқушылар

Табиғатта кездесетін тірі ағзалардың аталық және аналықтарының арақатынасы қандай? (1:1)

Мұндай арақатынас Мендельдің қандай тәжірибесінің нәтижелеріне сәйкес келеді?

( негізгі жыныстардың біреуі гомозиготалы, екіншісі гетерозиготалы болуына)

Жыныс хромосомалар дегеніміз ? ( Жынысты анықтауға қатысы бар , өзгеше бір жұп хромосомалар)

Аутосомалар ( адам мен жануарларда , өсімдіктерде бірдей дене хромосомалары)

Дене жасушасында жыныстық хромосомлар біркелкі ХХ болып келсе, оны..... (гомогаметалы)

Дене жасушасында жыныстық хромосомлар әркелкі ХУ болып келсе , оны ..... ( гетерогаметалы)

2 тапсырма есеп шығару

Шегірткенің А популяциясында аталық даралар өз өмірінде бір ғана сперматофор түзеді және оны бір аналық дараға бере алады деп есептецік. Ал аналық дара керісінше бір емес бірнеше жұмыртқа сала алады және әртүрлі аталық даралармен бірінен несін бірімен шағыласа алады. Ғалымдар осы популяциялар дараларына тәжірибе қайда.

Тәжірибе нятижесі кестеде көрсетілген.

Аналық даралардың салмағының орташа салмағы Бір аналық дараға, келетін жұмыртқалардың орташа саны

Аталық дара қабылдамаған аналық дара 3,23 г 30

Аталық дара қабылдаған аналық дара 3,71 г 48

Кестедегі деректер негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

Еш жұмыртқасы жоқ аналық дараның орта салмағы (грамм)?

2. Егерде 4 аталық дара (1,2,3,4) бір аналық дарамен шағылысса әрқайсысы қанша жұмыртқа ұрықтандыра алады.

Әрбір аталық дарамен шатылысқан соң аналық дараға сәйкес 4 топ жұмыртқалар жасады және аналық дараның салмағы мынандай болды деп есептейік: 3,87 г, 3,52, 3,74, 3,74

А) Біріші аталық дара бірінші аналық дарамен шағылысқанда___?___ жұмыртқа.

Б) Екінші аталық дара бірінші аналық дарамен

шағылысқанда ___?___ жұмыртқа.

В) Үшінші аталық дара бірінші аналық дарамен шағылысқанда ___?___ жұмыртқа.

С) Төртінші аталық дара бірінші аналық дарамен шағылысқанда ___?___ жұмыртқа.

Жауабы:

1) 48-30=18

3,71-323=0,48:18=0,026

0,026 х 30= 0,79

3,23г – 0,79г= 2,44 ені жұмыртқасы жоқ аналық.

2) А)3,87-2,44=1,43:0,026=55

Б) 3,74-2,44=1,3:0,026=50

В) 3,52-0,44=1,08:0,026=41

С) 3,74-2,44=1,3:0,026=50

Есептер шығару. №1 есеп.

Сұлы өсімдігінің биік болуы рецессивті, Егер алынған ұрпақтардың жартысы өалыпты, ал жартысы ұзын болса, олардың ата аналарының генотипі қандай. Есепті шығар.

2 есеп.

Егер ақ тауықты қара тауықпен шағылыстырса, олардан алынатын ұрпақтың қанша пайызы шұбар болады? Ақ тауық гомозиготалы доминантты, қара тауық толық емес гетерозиготалы .

3 есеп.

Шабдалыда түкті В жемісі , тегіске в қарағанда доминантты. Ал жұмсақ жемісінің ақ түсі D сарысынан d доминантты. Тегіс ақ пен түкті сарыны будандастырғанда қандай ұрпақтар дүниеге келеді?

Сабақтың соңы

Гендердің толық және толық емес тіркесулері мысал келтір.

Гендердің толық тірексу дегеніміз не?

Гендердің толық емес тіркесулері дегеніміз не?

Рефлексия

Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)


Үйге тапсырма

Жыныс генетикасы қосымша мәлімет әкелу



25 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауына арналған есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

жыныспен тіркесіп тұқым қуалау хромосомалық теория зандылықтарын ұғыну мен.Т.Морганның бір хромосомада болатын гендер жәрдеміндегі тұқым қуалау заңдарын есеп шығару анықтау.

Нәтижесі

Т.Морганның заңын білу

Есептер шығару барысында генетиканы өмірмен байланыстыру.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

Миға шабуыл суреттерді таңдау арқылы , тірек сөздердің анықтамасын айту


Жынысты хромосомасы арқылы анықтау

Егер жыныс жасушасында екі Х-хромосомасы бар болса, гомогаметалы деп , ал жасушасында Х- және Y -хромосомалары бар болса – гетерогаметалы деп аталады .Адамда, сүтқоректілерде, көптеген бунақденелілерде ,

Екі үйлі өсімдіктерде аналық гомогаметалы ( XX ), ал аталықтар - гетерогаметалы (ХУ).

Құстарда , көбелектерде, бауырымен жорғалаушыларда, құйрықты қосмекенділерде гомогаметалы – аталық даралар( XX ), а гетерогаметалы — аналықтар (ХУ).

Турақанаттыларды (шегірткелерде) гомогаметалы - аналық

( XX ), ал аталықтар - моногаметалы (ХО).

Бал аралары мен құмырсқаларда жыныс хромосомалары болмайды.

Аналықтар диплоидты және олар ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан пайда болады. Аталықтары гаплоидты және олар ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан пайда болады.



Сабақтың ортасы

30 минут

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар

Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын аурулардың бірі – гемофилия.

Гемофилия – қан ұйымайтын , тұқым қуалайтын ауру .

Дені сау , генді тасымалдаушы әйел дені сау ер адаммен тұрмыс құрса , олардың балаларының денсаулықтары қандай болуы мүмкін екенін қарастырайық.

Р: Х H Х h х Х H Y

Тасымалдаушы әйел Сау ер адам

Г: Х H , Х h Х H , Y

F1 : X H X H , X H X h , X H Y , X h Y

Сау қыз Тасымалдаушы қыз Сау ұл Ауру ұл

Ойланыңыз!

Қандай отбасында ауру қыз бала дүниеге келуі мүмкін?

Бұл жағдай гемофилия генін тасымалдаушы әйел мен ауру ер адам отбасында келуі мүмкін.

Р: Х H Х h х Х h Y

Г : Х H , Х h Х h , Y

F1 : X H X H , Х h X h , X H Y , X h Y

В) Жұптық жұмыс. Есептер шығару. 5 ұпай.

І жұп. Гетерозиготалы дальтонизм генін алып жүруші әйел, қалыпты көретін еркекпен тұрмыс құрса, ондай отбасында қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі жыныс хромосомасымен тіркесіп беріледі.

ІІ жұп. Адам мен дрозофила шыбынында жыныс хромосомаларының жиынтығы ХХУ болса, жынысы қандай болмақ? Жауабы: Аталық жынысты . У хромосома жынысты анықтайды)

ІІІ жұп . Әкесі мен баласы гемофилия ауруымен ауырады. Ата анасының , баланың ең ықтимал генотипін анықтаңдар.

ІҮ жұп. Әкесі және ұлы дальтонизм ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата ананың генотипін анықтаңдар. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе?

Ү жұп. Әкесі дальтоник , қалыпты көретін қыз қалыпты көретін жігітке тұрмысқа шыққан, жігіттің де әкесі дальтоник. Осы некеден туатын баланың көзінің көруі қандай болмақ?

ҮІ жұп. Гемофилиямен ауыратын ер адам , әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?

2 тапсырма Жүгері кенесінің саны- 128

Жүгері дәнінің саны- 200

Аналық кененің күнделікті салған жұмыртқасының саны 1,6 әрбір жүгері дәніндегі жұмыртқа саны 2,56 ересек кенелер пайда болатын жұмыртқалардың проценттік мөлшері 70,0 жұмыртқасы жоқ дәндердің проценттік мөлшері -5,0%.

Аналықтарының, аталықтарына арақатынасы 1: 1

Осы келтірілген дәректерді пайдалана отырып, ұяшықтағы жұмыртқа саны бойынша жүгері кенесінің популяциясының теңсіздігін анықтаңдар.

А. Әрбір дәндегі кененің саны қанша?

200:128=1,56

Б. Аналық кененің күнделікті солатын жұмыртқасының жалпы саны қанша?

128 : 2= 64 х 1,6=102,4

В. Жүгері дәніндегі жұмыртқаның жалпы саны қанша?

200 х 2,56=512

Г. Жұмыртқасы бар дәндердің саны қанша?

200 : 100=2 х 5%=10

200- 10=190

Дәнінің жұмыртқасы бар.

Ересек даралар (особьтар) беретін жұмыртқаның жалпы саны қанша?

512 : 100=5,12 х 70%=358,4



Сабақтың соңы

3 минут

Термин сөздері атап айту

Гемофилия, дальтонизм, моногаметалы, гомогаметалы, гетерогаметалы, Жынысты хромосомасы

Сұрақтарға жауап беру:

Томас Морган Заңы?

Кроссинговер?

Жыныстық гендер дегеніміз не? Маңызы неде?

Томас Морган заңының Мендель заңдарымен ұйқастылығы неде?

Рефлексия 2 минут

Бір жұлдыз бір тілек

Үйге тапсырма

Жыныс хромосомаларына есептер құрастырып келу (көз түсі, шаш түсі, дальтонизм, сол қолмен жазуға бейімделген)


26 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Адам генетикасы шағылыстыруға арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

Генетикалық зерттеу объектісі ретінде адамның ерекшеліктерін оқу; отбасын жоспарлау кезінде тұқым қуалайтын ауруларын, диагностикасы үшін осы әдістерді қолданудың қажеттігі туралы әңгімелесу.

Нәтижесі


Сабақтың әдісі:

баяндау, ой қозғау, ой қорыту, түсіндіру

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру Миға шабуыл

1. Адам генетикасы нені зерттейді?

2. Адам генетикасының негізгі міндеттері?

3. Адам генетикасын зерттеу әдістерін атаңдар.

4. Адам дене жасушасы қанша хромосомадан тұрады?

5. Хромосомалық ауруларды зерттеу үшін қандай әдісті қолданады?

6. Евгеника терминін 1869 жылы кім енгізді?

Сұрақтардың жауаптары:

1. Адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, қалыпты белгілердің және түрлі аурулардың тұқым қуалау ерекшеліктерін, ол аурулардың қалыптасуындағы генетикалық формалар мен орта факторларының рөлін зерттейді.

2. Тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүзеге асыру.

3. генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздерді салыстыру, биохимиялық, модельдеу.

4. Адам дене жасушасы 46 хромосомадан тұрады.

5. Хромосомалық ауруларды зерттеу үшін цитогенетикалық әдісті қолданады.

6. Евгеника терминін 1869 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гальтон енгізді.


Сабақтың ортасы

20 минут

АShape22 Shape20 Shape21 Shape19 Shape18 дам генетикасын зерттейтін әдістер .

Shape24 Shape23

Генеологиялық Цитогенетикалық Иммуногенетикалық

Биохимиялық Популяциялық-статистикалық

ЕShape26 Shape25 гіздік


Біржұмыртқалы Екіжұмыртқалы

1есеп

Адам қанында гемоглобин 1 литрге шаққанда 160 грамм мөлшерде болады. Қанның 1 мл көлемінде 5,0 х 10 эритроцит болады. Эритроциттер цилиндр пішінді болады және оның ұзындығы 1,8 мкм, ал диаметрі 8,0 мкм деп есептейік. Цилиндр көлемі мына формуламен анықталады.

Гемоглобиннің молекулалық массасы-64500 дальтон. Осы деректер негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Гемоглобиннің бір эритроциттегі мөлшерін анықтаңыз.

1литр=1000мл=160гр гемоглобин

160:1000мл=0,16х1мл=0,16гр

0,16:5х109=0,032х109

2есеп. Бірэритроцитте гемоглобиннің қанша молекуласы бар.

0,032х10:64500дальтон=0,049х10

3. Бір эритроциттің көлемін табыңыз.

=3,14х16х1,8=90,432мкм

3есеп . Адамда шизофрения ауруы аутосомалы- доминантты типті тұқым қуалайды. Гомозигота жағдайында геннің фенотиптіңк көріну жиілігі 100% , ал гетерозигота күйінде 20%-ды көрсетеді. Ата- аналары гетерзигота болған жағдайда отбасында ауру бала туылуының ықтималдығын жазамыз.

Шешеуі: есептің шартын кестеге толтырамыз.


Белгі

Ген

Генотип

Шизофрения

А

Аа

Қалыпты

а

аа


Некенің үлгісін жазайық:


Shape29 Shape28 Shape31 Shape30 Р Аа х Аa


Г А а А а

Ғ1 АА Аа Аа аа


Гетерозиготалы доминантты бала тууының ықтималдығы 25%. Ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 100% болғандықтан, олардың барлығы да ауру болады. Гетерозиготалы бала тууының ықтималдығы 50% . ал гетерозиготада ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 20% болғандықтан, туылған балалардың 1/5 10%- ы (0,5 х 0,2-0,1) шизофрениямен ауыратын болады.

Жауабы: бұл некеде ауру баланың өмірге келу ықтималдығы - 35% ( себебі доминантты белгі бойынша ауру -25% + 10% гетерозиготадан 1/5 бөлігі кіреді.

2-есеп. Негр мен еуропеоид некеден мулаттар туады. Мудаттар қосылған бірнеше некелерден туылған балаларды сараптағанда терісі әр түрлі балалардың арақатынасы мынадай сандық қатынаста болған: 1:4:6:4:1. Осылардың ішінде қара, ақ ұрпақтар, мулаттар, сонымен қатар қоңыр, ашаң түсті мулаттар кездеседі. Олардың фенотиптік жиілігін анықтаңдар.


Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.


Генотип

Доминантты аллельдердің саны

Фенотип

Фенотиптің жиілігі

ААВВ

ААВb, AaBB

AaBb, Aabb, aaBB

Aa, aaBb

aabb

4

3

2

1

0

Негрлер

Ашаң негрлер

Мулаттар

Ашаң мулаттар

Ақ

1/16

4/16

6/16

4/16

1/16

Адам терісінің пигменттенуін аллельді емес екі ген анықтайды.адамда пигменттенудің қою болуы доминантты аллельдердің санына байланысты. Олардың фенотипі көрініс жиілігі кестеде берілген.

Сабақтың соңы

1) Қазақстанның қай облыстарында жас өспірімдер мутацияға және кемістік ауруларына көп ұшырайды немесе ұшыраған? Мысал келтіріңдер.

2) Тұқым қуалайтын қандай ауруларды білесіңдер?

3) Адам ағзасында пайда болған мутациялар қауіпті ме?

4) Адам генетикасын зерттеу әдістері неліктен қолданылады?

Рефлексия

Белсенді қатыстым

Қызықты болды

Жаңаны білдім

Түсінікті болды

Үйге тапсырма

«Тұқым қуалайтын аурулар» реферат




27 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер және оларды шығару жолдары

Сабақтың мақсаты:

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі әдістерімен және тұқым қуалайтын аурулармен таныстыру;

Нәтижесі

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі әдістерін біледі

Өз отбасының шежіресін құрайды

Есептерді шығара алады.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ- жауап, жұптық жұмыс, тірек сөздермен жұмыс, есептер шығару, сәйкестендір

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

Миға шабуыл «Жақсыдан жаман туса да,

Жаманнан жақсы туса да,

Тартпай қоймас негізге » мақалды қалай түсінесіңдер

Оқушылар тақырыпты ашады.

Адам генетикасының шежіре тақарабын өтеміз


Сабақтың ортасы

20 минут

Геналогия- шежіре деген мағынаны білдіреді.Шежіре әдісінің мақсаты-туыстық қатынастарды анықтау, туыстар арасындағы аурулардың жәнеерекше белгілердің ұрпаққа берілуерекшеліктерін көрсету.Ол екі сатыдан: шежіре құрастыру жәнегенеалогиялық талдаудан тұрады. Геналогиялық әдіс дегеніміз – кез-келген белгілердің (популяциялық белгілер) бірнеше ұрпақ бойы тұқымқуалау сипатын оның шыққан тегіне шежірелік карта құру арқылы зерттеп анықтау.Бұл әдісті адам генетикасының теориялық және практикалық мәселелерін шешу үшін қолданылады.Шежіре құрастыру

Генеалогиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі- гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.

«Жеті атаны білмеген - жетесіз»

Популяциялық әдіс -қалыпты немесе тұқымқуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің популяцияларда таралу жиілігін зерттейді.Зерттеулер нәтижесі популяцияларда патологиялық гендердің таралу жиілігі де әр түрлі болатынын көрсетті.Өйткені популяцияларбір-бірімен бірқатар биологиялық белгілермен географиялық тіршілік жағдайларымен генетикаға қазіргі кезде жаңа зерттеу әдістері қосылды.Тұқым қуалайтын аурулар деп генетикалық материалдардың өзгеруіне байланысты ата- аналарынан ұрпақтарына берілетін ауруларды айтады.

Барлық тұқымқуалайтын аурулар екіге бөлінеді .

1.хромосомалық

2.гендік

Хромосомалық аурулар хромосомалар санының немесе құрлысының өзгеруінен пайда болады.Қатарынан бірнеше мүшелер жүйесінің құрлысы мен қызметінің бұзатын мұндай аурулар медицинада синдромдар деп аталады.Хромосомалық аурулардың болу себебі:

1-ден,мейоздық бөлінуі кезінде хромосрмалардың гаметаларға теңдей ажырамауы,соның нәтижесінде жыныс хромосомалардың ауытқулар болады.Мысалы:Шершевский Тернер синдромы кариотипі /45/ХО/

Клайнфельтр синдромы К-47/ХХУ/, Трисомия ХК=47/ХХХ/

2-ден мейоздық бөлінудің дұрыс болуымен қатар мейоздық бөлінудің дұрыс жүрмеуі салдарынан аутосомалар санында, құрылысында өзгерістер болады.

а)даун синдромы не трисомия 21 оның аутосомаларының 21 жұбыда бір хромосома артық болады.хр.Саны-47.

ә)трисомия-15/25 жұп артық /ХХХ-47.

б)трисомия- 18/18 жұп артық /ХХХ-47

Гендік аурулар- геннің құрылысындағы нуклеотидтер ретінің, мөлшерінің өзгеруіне байланысты.Гендік аурулар- моногедік және полигендік ауралар болып екі топқа бөлінеді.Моногендік аурулар нақты бір геннің мутацияға ұшырап, құрлысының өзгеруіне байланысты болады.Полигендік аурулар бірнеше геннің өзгеруінен және сыртқы орта жағдайларына байланысты қалыптасады.

1. фенилкетонурия – фенил аланиннің алмасуының өзгеруіне.

2. Галактоземия және қант аурулары – көмірсулар алмасуының бұзылуы.

3. Тея-сакс – липидтер алмасуының бұзылуы.

Адамның жеке басын сақтап,өмірін ұзартуға айнала қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайларының маңызы зор.Мысалы:экономикасы дамымаған жапондықтардың өмірінің ұзақтығы 79-81 жас.Біздің елде 65-66 жас

1 тапсырма

Шешесінің қаны І топ, ал әкесінің қаны ІV топ болған жағдайда, ұрпағына ата – анасының біреуінің қанының тобы берілуі мүмкін бе? (Иә, Жоқ)

2 тапсырмаӘрбір бала өз жанұясының шежірелік картасын құр

( ата-әженің бір қасиетіне байланысты шежіре құрастыр)


Сабақтың соңы

Сәйкестендіру тесті

1.Пробанд а- шежіре

2.Антропогенетика ә- ер адамда

3.Генология б- Адамның тұқымқуалаушылық және өзгергіштік

қасиетін зерттейтін генетика ғылымы

4.Тұқым қуалайтын аурулар в- шежіре құрастыруды бастайтын адам

5.Моногендік г- хромосомалық.генді

6. Клайнфельтер ауруы ғ- фенилкетонурия,галотоземия

Жауаптар:1-в;2-б;3-а;4-г;5-д;6-ғ

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Нағашы жақтан өзінің бір қасиетіңе байланысты шежіре құр




28Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Қан топтары бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Қан топтарын білу және есептерді құрастырып , шығару жолын түсіну

Нәтижесі

Қан топтарын білетінін тұжырымдайды..

Қан арқылы ауруларды берілетін айта алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру жақсы орта туғызу

Балалар компьютерден қан тобына байланысты болатын адамдардың мінезін оқып танысады.

Қанының тобы О. Мұндай адамдар мәңгілік қозғалыста болады. Күш-қуаты, ерік-жігері өте мол, қай жерде болсын жарып шығады, елмен тез тіл табысқыш, жұмысты жанын салып істейді.

Қанының тобы А. Бұл адамдар адал және тындырымды, өз мамандығы бойынша өнімді түрде жоғарылайды. Қалғанының бәрі маңызды емес деп есептейді. Егер бір нәрсені қолға алса тындырмай қоймайды. Олар “иә” деп келсе, оған толық сенуге болады.


Қанының тобы В. Бұл топтағы адамдар өте сезімтал, сырбаз және кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім. Жұмыста өзіне де, өзгеге де қатаң талап қояды. Олар сабырлы, бірақ сол сабырлылықтың астында сезімтал жүректерін “жасырып” ұстайды.


Қанының тобы АВ. Мұндай адамдар мүлдем сезімге ерігіш. Олардың бойындағы құштарлық жандарына маза бермей, күдік пен үрейдің жетекшісі болады да жүреді. Алайда барлық қиындықты ешкімге айтпай, жалғыз жеңгенді қалайды.

Балалар сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы өтеді екен

- Иә дұрыс қан және қан топтары туралы есептер шығарамыз. Өмірімізге қажетті мәліметтерді аламыз.



Сабақтың ортасы

28 минут

Эритроциттердегі агглютиногенге және плазмадағы агглютининге қарай, барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді. Қаны І топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген болмайды. Олардың плазмасында aa және bb агглютинині болады. Қаны ІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде А агглютиногені, плазмасында bb агглютинині бар. Қаны ІІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде В агглютиногені, плазмасында aa агглютинині болады. Қаны ІV топқа жататын адамдардың эритроциттерінде А және В агглютиногендері бар, ал плазмасында агглютининнің екеуі де болмайды. Осыған байланысты қан топтары: І топ (0), ІІ топ (А), ІІІ топ (В) және ІV топ (АВ) болып белгіленеді. Қан топтарының гендері мен генотиптері төмендегі кестеде берілді.

Адамның қан топтары көп аллельділікке жатады.     
                       Қан топтарының генотиптері

Қан топтары

гендер

генотиптер

І (О)

I

Iо Iо

ІІ (А)

I

IАІА IА IО

ІІІ (В)

I

I ВI ОI ВIВ

ІV(АВ)

I

I АIВ


Есептер шығару.
№1 есеп:
Шешесінің қан тобы ІІ топқа, ал әкесінің қан тобы ІІІ топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықта.

2 есеп:
Әке-шешесінің қаны екеуінде де І топ болса, балаларының қан топтары қандай?

3 есеп:
Екі доминантты гендер бойынша гомозиготалы қызыл гүлді өсімдік рецессивті гомозиготалы ақ гүлді өсімдікпен будандастырылған.Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықта. 

3 есеп

1-есеп

Салмағы 60кг адамның 8% қанның үлесіне тиеді.

Қанның тығыздығы р=1,050г/см3.

Әрбір 100мл қанда 14г гемоглобин бар. Орташа есеппен алғанда 1г гемоглобин 1,34 млн оттегін өзіне қосып байланысады. Қан адам денесін бір рет айналғанда қанша оттегін тасымалдайды?

Берілгені:

m(дене)=60 кг

қанның салмағы- 8%

C (Hb)=14 г әрбір 100 мл қанда

p-қан тығыздығы=1,050г/см3

С(О2)= 1,34мг әрбір 1 г гемоглобинде

m(O2)=?

Шешуі: 1 мл=1см3

1. m (қан) 60кг х 0,08=4,8кг=4800 г

2. V(қан)=4800 г : 1.050г/см3=4571см3=4571мл

3. 100 мл------14 г

4571 мл ------х г

4571мл х 14г

4571мл х 14г

Х= = 639,9л

100 мл

4. m(O2)=639,94(г) х 1,34 (мг/г)= 857,5 мг= 0,857 г

Жауабы: Қан адам денесін 1 рет айналғанда 0,857 г О2 тасымалдайды

Сабақтың соңы 5 минут

Есеп құрастыру

Рефлексия 2 минут

Бүгінгі сабақтан алғаным...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Қан топтарына байланысты есептер құрастырып шығарып келу


29 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Қан арқылы тұқым қуалайтын ауруларға байланысты есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Қан арқылы тұқым қуалайтын ауруларды біледі

Нәтижесі

Қан арқылы тұқым қуалайтын ауруларды атай алады.

Берілу жолдарын түсіндіреді

Есептер шығара алады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру сабаққа деген лебіздерін білдіреді

Сұраққа жауап беру

Қанның қызметі

Қан арқылы бізге не беріледі?

Қан арқылы берілетін ауруларды атаңдар?


Сабақтың ортасы

20 минут

Адамның қан топтары көп аллельділікке жатады.     
                                  Қан топтарының генотиптері

Қан топтары

гендер

генотиптер

І (О)

I

Iо Iо

ІІ (А)

I

IАІА IА IО

ІІІ (В)

I

I ВI ОI ВIВ

ІV(АВ)

I

I АIВ


Есептер шығару.

1 есеп:

Шешесінің қан тобы ІІ топқа, ал әкесінің қан тобы ІІІ топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықта.

2 есеп:

Әке-шешесінің қаны екеуінде де І топ болса, балаларының қан топтары қандай?

3 3. Әкесінің қан тобы ІV , шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.

Қан арқылы жұғатын жұқпаларға қоздырғыштары қан ағысына, қансорғыш, буынаяқтыладың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп негізінен қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға бөртпе сүзегі, безгек, оба жатады. Сонымен қатар қан арқылы жұғатын ауруларға АҚТҚ, гепатиттің түрлері, гемофиля, спид, мерез, гонорея жатады.

Инфекция жұқтыру жолдары мынадай:

Терінің зақымдалуы (инемен шаншу немес өткір аспаппен кесу);

Шырышты қабықтарға немес зақымдалған теріге биологиялық сұйықтықтардың түсуі;

Зақымдалған терінің тіндерімен және биологиялық сұйықтықтармен ұзақ немесе ауданы бойынша көлемді жанасуы;


Сабақтың соңы

Қан арқылы таралатын ауруларды атаңдар


Рефлексия

Бүгінгі сабақ қаншалықты ұнағанын әр оқушы өзін бағалау

Үйге тапсырма

Есептер құрастыру


30 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Бақылау есептері

Сабақтың мақсаты:

Генетикалық материалдың құрылысы мен қызметі жайлы материалдарынан және практикалық сабақтардан алған түсініктерін мен білім деңгейлерін анықтау.

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Шартын құрып және есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

2 минут

І. Ұйымдастыру оқушыларды түгендеп, дайындықты қарау.


Сабақтың ортасы

35 минут

ІІ. Қан топтарының тұқым қуалауы тақырыбына бақылау жұмысы

  1. Қан тобы І қыз , қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?

  2. І А гені бойынша шешесі гомозиготалы, әкесі ІВ гені бойынша гомозиготалы болса, балаларының генотипі қандай болады?

  3. Әкесінің қан тобы ІV , шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.

  4. ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозигота болса, олардың балаларының қан тобы ІV , ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай?

  5. Әке шешесінің біреуінің қаны І топқа , ал екіншісінікі ІІІ топқа жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анықтау керек.

  6. Сот поцесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ. Ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңдар.

  7. Ерлі- зайыптылардың екеуінің де қанының топтары гетерозиготалы ІІІ топ болған жағдайда , олардан ІІ және ІV жататын балалар тууы мүмкін бе?

  8. Апалы -сіңлілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы ІІІ, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар, қанының тобы ІІ . Ата- анасының қан тобы ІV болған. Апалы- сіңлілі қыздар бір жұмыртқалы егіздерге жата ма, әлде әр түрлі жұмыртқалы егіздерге жата ма? Отбасы мүшелерінің генотипін анықтаңдар.

Жауаптары:

  1. ІІІ

  2. ІV.

  3. ІІ және ІV.

  4. ІІІ топ, І,ІІ топ -75% және І топ – 25%.

  5. ІІІ немесе ІІ топ.

  6. Мүмкін емес. Әкесінің қан тобы – ІV немесе ІІ болуы керек.

  7. Мүмкін емес.

  8. Әр түрлі жұмыртқалы егіздер, шешесі –гетерозигота.


Сабақтың соңы

Тапсырмаларды түртіп алу

Рефлексия

Мен ............... тақырыпты қайталауым керек

Маған барлығы түсінікті себебі.................

Үйге тапсырма

Есептерді қайта қарастыру


31 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіндік жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Шартын құрып және есептерді шығарады.

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру

Таратпаларды тарату


Сабақтың ортасы

35 минут

1. Баланың қан тобы І, ал оның қарындасыныкі ІV. Олардың ата- анасының қан топтары туралы не айтуға болады?

2. Ата- анасының қан тобы ІІ және ІІІ . Олардың балаларының қан тобы қандай болады?

3. Адамда қан топтарын І гені анықтайды. Бұл геннің үш аллелі бар:

І А,І В,І О. Адамның генотипі ІоІо болса І топқа ; генотипі ІА ІА ІА ІО болса, ІІ топқа; генотипі ІВ ІВ ІВ ІО болса, ІІІ топқа; генотипі ІАІВ болса, ІV топқа жатады. ІV топтың аллельдері А және В кодоминантты болғандықтан ІО аллельден басым. Егер шешесінің қан тобы ІІ, әкесінің І болған жағдайда балаларының қан тобы қандай болады?

4. Ағайынды жігіттердің қан тобы –IV АВ. Олардың ата -анасының қан топтары қандай болуы мүмкін?

5. Көздері қара ерлі -зайыптылардың отбасында төрт бала бар. Олардың екеуінің көздері көк те, қан топтары І және ІV, ал екеуінің көздері қара да, қан топтары ІІ және ІІІ . қара көзді белгіні аутосомалы -доминантты деп алсақ, осы отбасында қара көзді, І топты қаны бар баланың тууы мүмкін бе?

6. Хондродистрофия ( қаңқа дамуының бұзылуы) адамда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Гомозигота күйінде бала туылмай жатып өледі. Ерлі- зайыптылардың осы ген бойынша ауру болса, онда олардан сау бала тууының ықтималдығы қандай?

7. Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндердің (қоңыр қара түсті пигменттері) түзілуін және терінің қоңыр түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а 1 және а2 ақ түсті бақылайды. Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты. Аллельді емес гедердің әрекеттесу типін анықтаңдар.

8. Ақ гүлді екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда ұрпағының 183-і ақ гүлді және 62-сі қара қошқыл түсті болды. Ақ түс рецессивті тұқым қуалайды. Аталық және аналық өсімдіктің генотипін анықтаңдар.

9. Асқабақ жемісінің тегершік тәрізді пішіні екі доминантты ген А мен В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, жемісінің пішіні домалақ келеді. Екі геннің рецессивті аллельдері бірігіп, сопақша пішін береді.Жемісі тегершік пішінді гетерозиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңдар.

10. Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісімен будандастырылғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктердің гүлінің түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 асыл гүлді , 64 күлгін , 67 сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды?

Жауаптары:

1. Ата- анасының генотипі І А І О және І В І О . Олар ІІ және ІІІ қан тобы.

2. Балаларының қан тобы: АА, АО , ВО, ОО.

3. Қаны ІІ топты әйелдің генотипі гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бірінші некеде баланың қан тобы ІІ, екінші некеде баланың қан тобы ІІ немесе І болады.

4. Төрт нұсқасы бар: а) ІІ (А) және ІІІ (В) ; ә) ІІ (А) және ІV (АВ); б) ІІІ (В) және ІV (АВ); в) ІV (АВ) және ІV (АВ).

5. Туылуы мүмкін. Геномда қара көзді және І топ қанды бақылайтын гендер бар.

6. Отбасында сау бала тууының ықтималдығы 1/3 немесе 33,3%.

7. Полимерия.

8. Комплементарлық : аналық –АаВb , аталық –aabb .

9. АаВb, Aabb, aaBb, aabb.

10. Жоңышқа өсімдігінің гүлінің түсін тәуелсіз тұқым қуалайтын екі ген бақылайды, олардың өзара әсерінен жаңа белгі пайда болып, белгілер 9:3:3:1 қатынасында ажырайды.

Есептер шығару.

Анасы ІІ топ гомогаметалы, әкесі ІІІ топ гетерогаметалы болған жағдайда, ұрпаңы қандай болуы мүмкін?

Тасымалдаушы гетерозиготалы әйелдің генотипі – ХаХв;Дені сау ер адамның генотипі ХаУ;Ұрпағы қандай болуы мүмкін?

Анасы ІІ топ гомогаметалы, әкесі ІІІ топ гетерогаметалы болған жағдайда, ұрпағы қандай болуы мүмкін?

Шешесінің қан тобы І топ, ікесінікі IV топ болса, балаларында қан топтары тұқым қуалай ма?

Жауабы: 2 баласы ІІ топ, 2 бала ІІІ топ

Шешесінің қан тобы ІІІ, ал әкесінікі IV болса, балаларының қан топтары жайлы не айтуға болады?

Жауабы: 1 бала IV топ, 2 бала ІІІ топ, 1 бала ІІ топ

Мысықтарда жирен рең басым, қара рең басылыңқы. Еркек мысықтардың хромосомасы ХАУ (жирең), ХаУ (қара). Ал ұрғашы мысық қара (ХаХа) және алабажақ (ХАХа) болған жағдайда қандай ұрпақ алуға болады?

Сабақтың соңы

Қайта тексеріп шығу

Рефлексия 2 минут

Бүгінгі сабақ қиын болды...........

Ақпарат маған жеткіліксіз...................

Үйге тапсырма

Денсаулық және медицина. Реферат жазу


Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

сабақ.

Бөлім:

Популяциялық генетика

Педагогтің аты-жөні:

Жұмашов К

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

- экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Харди – Вайнбергтің заңының мәнін, орындалу шартын және заңды қолдануды түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Харди – Вайнберг заңының математиикалық теңдеуімен танысады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Хайди – Вайнберг заңының мәні неде?


2. Харди – Вайнберг заңының орындалу және қолданылу шарттары қандай?


3. Харди – Вайнберг заңының бұзылу себептерін білесіңдер ме?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1.Харди – Вайнберг заңы қолданылатын қандай популяциялық белгілер бар екенін айтады.


2. Хайди – Вайнберг заңының мәнін айтып береді.


3. Заңның орындалу шартын және оның қолданылуын түсіндіреді.


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.



2-тапсырма

Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Жергілікті жерді мысалға келтіре отырып, бір түрде генетикалық тепе- теңдік заңының орындалу сұлбасын жасайды.


2. Қазақстан бойынша генетикалық тепе- теңдік заңының түрлі сұлбасын салыстырады және олардың қолданылу мүмкіндіктерін қарастырады.


Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.

- Сұлба жасайды.

- Тапсырманы қарастырады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері



3-тапсырма.

Оқулықта берілген синтез және бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Өз аймақтарыңдағы экожүйені мысалға ала отырып, генетикалық тепе - теңдік заңының жоспарын құрады.


2. Харди – Вайнберг заңының салдары туралы презентация жасайды, мысалы, «Қаладағы көгершіндер популяциясы».



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Жоспар құрады.

- Презентация дайындайды.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




34 Сабақ


Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Қорытынды сабағы ( Сынақ)

Сабақтың мақсаты:

Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

Нәтижесі

Теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра алады.

Есептердің шығару жолдарын біледі.

Теориялық білімдерін көрсете алады

Сабақтың әдісі:

түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Көрнекіліктер:

Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, таратпа

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

І Ұйымдастыру

Таратпаны тарату





Қорытынды тапсырмалар мен тест

1нұсқа

1 - тапсырма. Сәйкесін анықта.
1. Генетика а. Тұқымқуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік
2. Тұқымқуалаушылық ә. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді
3. Ген б. Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі
4. Аллельді гендер в. Жыныс жасушасы
5. Гамета г. Бір жұп белгілердің немесе қарама қарсы белгілердің дамуын анықтайтын гендер
2 - тапсырма Мендель заңына есептер шығару

Есеп. Құндыздың кохинурлы (арқасы қара жолды, ақ тері) түсі ақ құндызды қаралармен будандастырғанда пайда болады. Ал ақ құндыздарды өзара будандастырса ақ, қоңыр құндыздардан қоңыр ұрпақ алынады. Егер кохинур құндыздарды өзара будандастырса қандай ұрпақ береді? а) Ал кохинурларды ақ құндызбен будандастырса қандай ұрпақ болмақ?
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2.
Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті

Тапсырмалар мен тест

2нұсқа

1 тапсырма. Сәйкесін анықта.
1. Гетерозиготалы а. Гетерозигота күйінде көріне алмайтын тұқымқуалайтын белгі
2. Фенотип ә. Жыныс жасушаларынан басқа хромосомалар
3. Рецессивті б. Өз түріне тән клеткадағы тақ хромосома жиынтығы
4. Аутосомды в. Тұқымқуалайтын белгілердің сырт көрінісі
5. Гаплоидты г. Әр түрлі аллельді гендері бар зигота
2 - тапсырма Мендель заңына есептер шығару
Есеп. 1мин
Гетерозиготалы қара қоянды өзі сияқты қоянмен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген?
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2.
Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті


Тапсырмалар мен тест

3нұсқа

1 тапсырма .Сәйкесін анықта.
1. Доминантты а. Клеткадағы қосарланған хромосомалар жиынтығы
2. Өзгергіштік ә. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы
3. Хромосома б. Жасуша ядросында тұрақты болатын органоид
4. Диплоидты в. Тұқымқуалауда ұрпағында жаңа белгінің қалыптасуы
5. Зигота г. Белгінің басымдылық көрсетуі
2 - тапсырма Мендель заңына есептер шығару
Есеп.
Бидайдың аласа бойын анықтайтын ген (А) қалыпты бойын анықтайтын генге (а) доминантты. Аласа бойлы гомозиготалы бидайды қалыпты бойлы бидаймен және гетерозиготалы аласа бидайларды өзара будандастырғанда ұрпағының фенотипі мен генотипін анықтаңыз.
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2.
Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті


Тапсырмалар мен тест

4нұсқа


1 тапсырма.Сәйкесін анықта.
1. Гомозиготалы а. Бір белгісі бойынша будандастыру
2. Гибридологиялық әдіс ә. Екі жұп қарама қарсы белгілері бойынша будандастыру
3. Моногибридті будандастыру б. Бірдей аллельді гендері бар организмдерді айтады
4. Дигибридті будандастыру в. Дене клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас жұп хромосомалар
5. Гомологті хромосомалар г. в. Бір бірінен айырмасы анық көрінетін организмдерді будандастыру

2 - тапсырма Мендель заңына есептер шығару
Есеп. 1мин
Гомозиготалы қара қоянды ақ қоянмен будандастырғанда ұрпағында тек қара қоянның пайда болуы. Бұл қай заңға негізделген?
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2.
Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті

11. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель
қандай тәсіл қолданды?
А) гибридологиялық
Б) Биохимиялық
С) цитологиялық
12. Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын неше сортын алды?
А) 21
Б) 22
С) 30
13. Мендель өз еңбегін қай жылы жариялады?
А) 1862
Б) 1863
С) 1865
14. Генетика терминин кім ұсынды?
А) Г. Мендель
Б) У. Бэтсон
С). Н. Вавилов
15. Генетика ғылымы зерттейді?
А) сұрыптауды;
Б) эволюцияны;
С) тұқымқалаушылық пен өзгергішлтікті.
16. Мендельдің екінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Ажырау заңы.
С) Біркелкілік заңы
17. Басым белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) басыңқы
18. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жүргізді?
А) бұршақ;
Б) қызан;
С) намазшамгүл
19. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Біркелкілік заңы;
С) Ажырау заңы.
20. Көрінбей қалған белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) аллельді
















Қолданылған әдебиеттер:

1. Т.Қасымбаева, К. Мұхамбетжанов «Жалпы биология»10 сынып, - Алматы, «Мектеп», 2006 ж.

2. К.Т.Рахимбаева «Генетикадан есептер шығару», Семей, 1998 ж.

3. Әбшенова Л.Ү,Заирова Б. Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары:мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

4. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы.Алматы-2013

5. Биология және салауаттылық негізіғылыми педагогикалық журнал 3013ж, 2015ж, 2016ж, 2017ж, 2018ж

6. Генетика в задачах Галина Адельшина 0 Школьные методические пособия

2009г Издательство «Глобус»

7.Генетика в задачах. Учебное пособие по курсу биологии

Адельшина Г., Адельшин Ф. 2017г Издательство «Планета»

8.С.Ж.Стамбеков «Жалпы генетика»-Алматы «Ана тілі» 1993ж

9.А.Сартаев, С.Жолымбетова «Жалпы биология есептері»-Алматы-2006ж

10.А.Сартаев «Генетика есептерін шығару»-Алматы-2000ж

11.К.Мұхамбетжанов,Л.Аманжолова «Генетика есептерінің жинағы»-Алматы «Рауан»-1993ж

12.Т.Қасымбаева,К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология»оқулығы-10 сынып.

13.А.Сартаев, М.Гильманов «Жалпы биология»оқулығы-10 сынып.

14.В.М.Корсунская және басқалар «Жалпы биологияны қалай оқыту керек»-Алматы «Мектеп»

15.П.А.Николаев «Тіршілік химиясы» -Алматы «Мектеп»

16.Т.Қасымбаева,А.Қисымова «Жалпы биология»-әдістемелік нұсқау-Алматы «Мектеп»-2006ж

17.А.Р.Соловьева, Э.М.Ильясова-«Биология» ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге арналған оқу құралы-Алматы «Атамұра»-2013ж










«Биологиядан есептерді құрастыру және шығару» тақырыбындағы жұмысына

(оқу бағдарламасына, концепцияға, ТСЖ бағдарламасына, даму бағдарламасына және т.б.)


РЕЦЕНЗИЯ


Білім беру ұйымы - ТӘлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицей3

Автор - Жұмашов Кенжебек , биология пәні мұғалімі

Тақырыбы «Биологиядан есептерді құрастыру және шығару »

1.Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары және т.б.)

Оқушыларды олимпиадағы дайындау мақсатында, арнайы бағдарлама жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Бағдарлама 10-сынып оқушыларын биология пәнінен олимпиадаға дайындыққа арналған және инновациялық технологияларды қолдана отырып құрастырылған.

2. Жұмысын ғылыми-әдістемелік деңгейі:

Білімберу мазмұнының жаңаруы жағдайында педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етіп, оқушыларды сапалы олимпиадаға дайындауға негізделген.

3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі, білім беру жүйесінде ( қала / аудан, аймақ, республика, шетелде) үйлесімділіктің болуы немесе болмауы)):

Оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін өте қолайлы деп ойлаймын. Бағдарламада мектеп бағдарламасында үстіртін өтетін, бірақ олипиадада кездесетін тақырыптар терең берілген.

4. Жұмыстың ғылымилығы:

Оқушыларға олимпиада бағдарламасында кездесетін материалмен таныстырып, ботаника бағыты бойынша келетін негізгі ұғымдарды біліп, әрі алған білімдерін қолдана отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуға үйретеді.

5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы (логикалық, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшы еместігі)

Жұмысты талдау барысында жұмыстың әдіснамалық негізге сай етіп құрылған, логикалық жағынан, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысты, қарама-қайшылық жоқ.

6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі.

Заманауи білім беру жағдайында оқушының тұжырым жасау, білімін өмірде пайдаланудың тәжірибелік дағдысы дамиды. Оқушылар тақырыптарды терең меңгере отырып биология пәнінен олимпиадаға дайындалады

7. Жұмыстың пратикалық маңыздылығы

Мектеп мұғалімдері оқушыларды олимпиадаға дайындау, сондай-ақ функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында аталмыш бағдарламаны қолдануға болады.

8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері:

Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелері оң нәтиже көрсетті. Оқушылардың олимпиадаға дайындығының сапасы артты.

9. Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер:

Жұмыс талаптарға сай рәсімделген, кемшіліктер мен ескертулер жоқ

10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар:

Бұл бағдарлама 9-11 сыныптан бастап оқушыларды олипиадаға дайындау арқылы, балаларға күрделі әрі тереңдетілген білім беріп, оларды ерте жастан бейімдейді. Бағдарламада биология пәнінен ботаника бөлімі бойынша олимпиадада келетін тақырыптар қарастырылған. Берілген бағдарламаны биология пәнінің мұғалімдері оқушыларды олимпиадаға дайындау мақсатында қолдануларына болады.



Рецензент:аты-жөні Дәулеткелдіқызы Фатима

Ұйымның атауы /мектептің толық атауы/ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицей» КММ



Мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары


қолы

Ф.Дәулеткелдіқызы












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі