400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ ЖАЙЛЫ


Авторы:Анатай Гүлназ Бекнауатқызы

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ ., ТАРАЗ , ҚАЗАҚСТАН


Қазіргі заманымызда білім берудің басты талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, білімді тұлға тәрбиелеу керек екені белгілі.

Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға басты назар аударуы тиіс. Осы мақсатқа байланысты мұғалім оқыту ортасын құру керек.

«Критериалды бағалау» терминіне тоқталатын болсақ, алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс деп білеміз.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші бола алатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген құнды процесс болғандықтан өз зерттеулерімізді биология сабақтарында осы бағалау түрін зерттеуге негіздедік.

Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ болып табылады.

Оқуды тиімді бағалау — білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет ететініне педагогикалық бақылауларда көзіміз жетті. Мысалы, оқушылармен топтық жұмыс жүргізу барысында оқушылар өз-өздерін, өзара және топ жұмысын бағалауға дағдыланады. Оқушылардың әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағалауға талаптана алғанын байқадық. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артқаны анықталды. Білім алушылар бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастады. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылысдеп білеміз.

Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Биология сабағында мұғалім баға қою барысында оқушылардың сабаққа қатысуына, белсенділігіне баса назар аударады. Кейде баға қоюдың өзіндік кері әсер тигізетінін байқаймыз. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, «бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады?» деп, бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды.

Мектепте үздіксіз педагогикалық оқу-тәрбие іс-тәжірибесін өту кезінде мұғалімнің биология сабақтарын жүргізу жоспарын оқыту мақсатына сай жоспарлайтынын байқадық. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі қатаң сақталып, қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.

Сонымен қатар билогия сабағында мұғалім, кретериалды бағалауды күнделікті сабақта қолданып жүрді. Оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен» тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.

Оқушының биология сабағына ынтасын арттыру мақсатында мұғалім психологиялық тренингтер жүргізді. Өйткені, сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық» сәтін жиі ұйымдастырған дұрыс екені байқалды. Осы кезде оқушылардың бойына мейірім мен шынайылылық қалыптаса бастайды. Осындай жылы сезімдермен бір-бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген суреттерде жарқын тұрмыс, не тәтті тағам немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл суреттерін, болмаса жандарына жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс.Ол да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.

Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады[1].

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.). Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста қажет болады. Ал, топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым, не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді. Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.

Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік беретіні нақтыланды.

Сонымен, біздің бақылауларымыз көрсеткендей, критериалды бағалау - бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі болды.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Карманова К.М. «Қалыптастырушы бағалаудың оқуға ықпалы » /К.М.Карманова

  2. Аушева И.У, ШаpимoваА.Г, Ғабдoллақызы Б, Байкенoва Б.А. 3 басылым.Әлімов А. Қ. Интербелсенді оқыту әдістерін мектепте қолдану – Астана : Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шебелік орталығы , 2014. / И.У. Аушева, А.Г. Шаpимoва, Б.Ғабдoллақызы, Б.А.Байкенoва

  3. Нұсқаулық (ІІІ негізгі деңгейге арналған) www.cpm.kz

  4. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. –Алматы: « Жедел басу баспаханасы»,2009.-328 бет.

  5. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет./ Қ.Е.Бешімбаева

  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , 55-бет, 107

  7. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
11.10.2019
1347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі