Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Biology" 8 сыныпқа арналған биология пәнінен факультатив курсының бағдарламасы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Саты жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекеме
Биология пәнінен
8 сынып оқушыларына арналған
«BIOLOGY»
факультативтік курсының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрастырған:
Дошматова Назгуль Бейсембаевна
Саты жалпы орта білім беретін мектептің
биология пәнінің мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Саты жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық кеңесінің 29.08.2018 жылғы №1 хаттамасымен бекітілді
Бекітілді _______
Мектеп директоры А.Анафина
« » ________ 2018ж
Келісілді________
Оқу ісінің орынбасары:Кенжебаева К.Т..
« » ________ 2018ж
Политехникалық пәндер мұғалімдерінің ӘБ №1 хаттамасымен қарастырылды
Бірлестік жетекшісі Бикенова С.С.. ______
« » ________ 2018ж
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты. Соның ішіндегі 79-қадамда « Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу» көзделген.
Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат талаптарын ескере отырып, биологияның «Анатомия» саласына қатысты негізгі биологиялық терминдерді ағылшын тілінде оқытуға негізделген.
«Biology» атты факультативтік курс бағдарламасы тіршілік иелерінің, соның ішінде адамның дене құрылымы мен мүшелері, мүшелердің қызметі туралы негізгі түсініктерді тереңдетуді және ағылшын тілінде аталуын білуді қалайтын 8 сынып оқушыларына арналған.
Бұл курс тұлғалық-бағдарлық бағытты қарастырады. Оқушылар өз қызығушылықтарын танытып, оқу процессінің басқа да қатысушыларымен коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытып іске асыратын, сонымен қатар сабақтарда қолданатын аудио және бейнематериалдардың, қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқу процессінің негізгі қатысушылары болып табылады.
Курс мақсаты:
Оқушыларды тіршілік иелері, соның ішінде адам денесінің анатомиясы мен физиологиясымен таныстыра отырып, тақырыпқа байланысты негізгі терминдерді ағылшын тілінде үйреніп, қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Курс міндеттері:
-
Тіршілік негізін құраушы-жасушалар, ұлпалар, мүшелер мен мүшелер жүйесінің құрылыс ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру, адам мүшелерінің арасындағы өзара байланысты, өзара тәуелділікті, олардың қызметтерін түсінуді қамтамасыз ету;
-
Қажетті ақпаратты табу және қолдану біліктерін қалыптастырып, дамыту;
-
Негізгі биологиялық терминдерді ағылшын тілінде біліп, шет тілінде атауға дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың биология пәнінен ең негізгі білімін алып шығып, оны жоғары деңгейде қолдануы және термин сөздердің мағынасын жетік түрде аша білетін, ағылшын тілінде өз ойын еркін білдіре алатын биологиялық сауатты тұлға шығару.
Оқыту әдістері:
-
Теориялық білім беру;
-
Проблемалық және эвристикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау;
-
Тіректер мен белгілерді ойлап табу;
-
Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Өз еңбектеріне өздігінен талдау жүргізіп, бағалау.
Бағдарламаны іске асырудың тиімділік критерийлері:
-
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;
-
Пән бойынша оқу сапасын арттыру;
-
Алған ББД басқа пәндерді оқуда қолдана алу;
-
Ізденушілік, проблемалық, зерттеушілік дағдыларды меңгеру.
Бақылаудың түрлері мен әдістері:
-
Тестілеу;
-
Ауызша сұрау;
-
Танымдық, зияткерлік ойындар;
-
Семинарлар
8 сыныпқа арналған «Biology» атты факультативтік курсына аптасына 1 сағат бөлінген. Жалпы сағат саны – 34 сағат.
Курстың мазмұны мен құрылымы:
Кіріспе (1 сағат).
Биология ғылымы. Оның салалары.
Cell biology (Жасушалық биология) (2 сағат)
Жасуша құрылысы мен оның органоидтарының қызметі. Жануар және өсімдік жасушаларының құрылыс ерекшеліктері. Үлпа ұғымы. Жануар және өсімдік ұлпаларының түрлері
Chemistry of life (Химиялық өмір) (3 сағат)
Адам ағзасы үшін мономерлер мен полимерлердің , көмірсулар мен майлардың, ақуыздың маңызы. Қай тағамның құрамында кездеседі. Және адам ағзасы үшін тәуліктік мөлшері.
Nutrition (Асқорыту жүйесі) (5 сағат)
Асқорыту жүйесі. Мүшелері. Мүшелердің құрылыс ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің аурулары. Витаминдер.
Material transport (Тасымалдау жүйесі) (5 сағат)
Лимфа жүйесі. Қан. Қан жасушалары. Қан топтары. Донор. Реципиент. Микроорганизмдер арқылы пайда болатын инфекциялық аурулар. Жүрек және қантамырлары
Respiration (Тыныс алу жүйесі) (3 сағат).
Газ алмасу. Тыныс алу. Тыныс алу қозғалыстары. Өкпе. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Excretion (Бөліп шығару жүйесі) (3 сағат)
Адамның бөліп шығару мүшелері. Зәр шығару жүйесі. Тері. Тері аурулары
Movement (Қимыл – қозғалыс жүйесі) (3 сағат)
Тірек-қимыл жүйесі. Оны құрайтын сүйектердің құрылысы мен құрамы. Буындар. Буындардың өзара байланысы
Coordination and regulation (Сезім мүшелері) (4 сағат)
Адамның сезім мүшелері. Көз, құлақ. Олардың құрылыс ерекшеліктері. Гигиенасы. Ішкі секреция бездері. Олар бөлетің гормондар. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғаннан пайда болатын аурулар
Reproduction (Көбею) (1 сағат)
Көбею функциясы. Жасушаның бөліну жолдары.
Biosphere (Биосфера) (1 сағат)
Биосфера. Экожүйе. Адамның экожүйеде алатын орны
Checking tasks (Тексеру жұмыстары) (3 сағат)
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Аптасына – 1 сағат
Барлығы – 34 сағат
№ |
Оқу тақырыбы |
Сағат саны |
Меңгерілетін шет тілді лексика |
Өткізу мерзімі |
Introduction ( Кіріспе) (1 сағат). |
||||
1 |
Biological sciences |
1 |
biology-биология anatomy-анатомия botany-ботаника zoology-зоология |
|
Cell biology (Жасушалық биология) (2 сағат) |
||||
2 |
Cell structure and types |
1 |
Organelle-органелла eukaryotic cell-эукариотты жасуша prokaryotic cell-прокариотты жасуша |
|
3 |
Plant and animals tissues |
1 |
cell-жасуша tissue-ұлпа microscope-микроскоп micro preparations-микропрепарат |
|
Chemistry of life (Химиялық өмір) (3 сағат) |
||||
4 |
Monomers and polymers |
1 |
monomer-мономер polymer-полимер organic compound-органикалық қосылыстар |
|
5 |
Carbonohydrates and lipids |
1 |
carbonohydrate-көмірсулар lipids-майлар |
|
6 |
Proteins |
1 |
aminoacid-амин қышқылдары protein-ақуыздар denaturation-денатурация |
|
Nutrition (Асқорыту жүйесі) (5 сағат) |
||||
7 |
Digestive system |
1 |
digestion-ас қорыту crop-жемсау (зоб) gizzard-бұлшықетті қарын stomach-асқазан |
|
8 |
Structure, function and hygiene of teeth |
1 |
milk teeth-сүт тістер permanent teeth-тұрақты тістер |
|
9 |
Digestive organs |
1 |
salivary glands-сілекей бездері small intenstine-аш ішек large intenstine-тоқ ішек |
|
10 |
Gastroenteric diseases |
1 |
food poisoning-астан улану nausea-лоқсу diarrhea-диарея |
|
11 |
Vitamins |
1 |
vitamin-витаминдер avitaminosis-авитаминоз hypovitaminosis-гиповитаминоз hypervitaminosis-гипервитаминоз |
|
Material transport (Тасымалдау жүйесі) (5 сағат) |
||||
12 |
Lymphatic system |
1 |
lymph-лимфа lymphatic system-лимфа жүйесі tissue fluid-ұлпа сұйықтығы |
|
13 |
Blood cells |
1 |
erythrocyte-эритроциттер leukocyte-лейкоциттер platelet-тромбоциттер |
|
14 |
Infections diseases |
1 |
infections disease-инфекциялық аурулар |
|
15 |
Blood types |
1 |
blood types-қан топтары Rh factor-резус-фактор Agglutination-агглютинация |
|
16 |
Checking tasks |
1 |
|
|
17 |
Heart and blood vessels |
1 |
heart-жүрек arteries-артерия capillaries-капиллярлар veins-вена |
|
Respiration (Тыныс алу жүйесі) (3 сағат) |
||||
18 |
Gas exchange |
1 |
gas exchange-газ алмасу lungs-өкпе alveoli-альвеолалар |
|
19 |
Breathing |
1 |
breathing mechanism-тыныс алу механизмі diaphragm-диафрагма intercostal muscles-қабырғааралық бұлшықеттер |
|
20 |
Lung capacity |
1 |
tidal volume-тыныс алу мөлшері vital capacity-тіршілік сыйымдылығы |
|
Excretion (Бөліп шығару жүйесі) (3 сағат) |
||||
21 |
Human urinary system |
1 |
kidneys-бүйректер excretion-экскреция urine-несеп |
|
22 |
Skin |
1 |
epidermis-эпидерма dermis-дерма hypodermis-гиподерма |
|
23 |
Skin diseases |
1 |
scabies-қышыма (чесотка) tetter-теміреткі (парша) acne-сепкіл (угри) |
|
Movement (Қимыл – қозғалыс жүйесі) (3 сағат) |
||||
24 |
Locomotion system |
1 |
Bone-сүйек Muscle-бұлшықеттер |
|
25 |
Bone structure |
1 |
spongy substance-жұмсақ дене (губчатое вещество) periosteum |
|
26 |
Checking tasks |
1 |
|
|
27 |
Joints |
1 |
Joint-буындар fixed joint-қозғалмалы буындар semi movable joints-жартылай қозғалмалы буындар |
|
Coordination and regulation (Сезім мүшелері) (4 сағат) |
||||
28 |
Eye structure |
1 |
Sclera-ақ қабықша Cornea-роговица retina-торлы қабық (сетчатка) |
|
29 |
Hearing |
1 |
outer ear-сыртқы құлақ middle ear-ортаңғы құлақ inner ear-ішкі құлақ |
|
30 |
Endocrine glands |
1 |
Hormone-гормондар endocrine gland-эндокриндік бездер (ішкі секреция) exocrine gland-экзокринді бездер (сыртқы секреция) mixed gland-аралас бездер |
|
31 |
Diseases of the endocrine system |
1 |
мyxedema-миксидема graves disease-Грейвс ауруы diabetes-диабет |
|
|||
Reproduction (Көбею) (1 сағат) |
|||||||
32 |
Cell division types |
1 |
mitosis-митоз meiosis-мейоз |
|
|||
Biosphere (Биосфера) (1 сағат) |
|||||||
33 |
Ecosystem |
1 |
ecosystem-экологиялық жүйе |
|
|||
34 |
Checking tasks |
1 |
|
|
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
-
Курс бағдарламасында берілген шет тілді лексиканы меңгеруі;
-
Адам ағзасының барлық жүйелерінің құрылысы мен қызметіне қатысты терминологияны білу;
-
жасуша мен ұлпалардың қызметі әр мүшелерде алатын орны;
-
еңбек, тынығу, дұрыс тамақтану сонымен қатар жеке басының гигиенасының ережелерін дәләлдеу;
-
қосымша, ғылыми көпшілік әдебиетпен жұмыс істей білу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Биология 8 сынып. Алматы «Атамұра» 2015 жыл
-
«Biology» билингвальный учебник для 8 класса. Астана 2017 жыл
-
Ағылшын-орыс-қазақ сөздігі
-
Биология орысша-қазақша түсіндірмелі сөздік. Павлодар 2007
-
Интернет ресурстар
-
Әдістемелік журналдар