Биосфера бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биосфера бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биосфера бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7 сынып Дескрипторы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы.

Туған өлкемнің визит карточкасы: Өлкетанудың деректер базасын әзірлеу.


Оқу мақсаты





7.3.5.1 Географиялық қабық, мұхиттар және материктер,зоналар және белдеулер,ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді.

7.3.5.2 Туған өлкенің табиғи аумақтық-кешендерін жоспар бойынша сипаттайды және өлкетану деректер базасын әртүрлі формада ұсынады.

Бағалау критерийі



Білім алушы

Гeoграфиялық қабық, мұхиттар және материктер,зоналар және белдеулер,ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын сипаттайды

Туған өлкенің табиғи аумақтық-кешендерін жоспар бойынша сипаттайды, әртүрлі формада ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

20минут

Тапсырмалар

1. Табиғи аумақтық кешендердің қалыптасуына сипаттама беріңіз

Табиғи аумақтық кешендер

Құрамбөліктері

1

Географиялық қабық



2

Мұхиттар



3

Материктер



4

Зоналар және белдеулер



5

Ландшафтар




2. а) Мәтіннен Географиялық қабық заңдылықтарын анықтаңыз.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтары бар. Олар бүкіл географиялық қабыққа да оның жекелеген компоненттерімен шағын көлемді табиғаты кешендеріне де ортақ болып келеді.Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы,зат және қуат алмасуы,ырғақтылығы, зоналылық жатады.Географиялық қабықтың тұтастығына оның құрамдас бөліктеріне өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді.Егер осы компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бұзылады.Яғни қазіргі дүниежүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгеріске ұшырайды. Батпақтардың құрғату кезінде топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеу салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін зат алмасуы нәтижесіндегі жүзеге асады Географиялық қабықтағы компоненттерінің алмасуының бірнеше түрі бар. Атмосферадағы ауа айналымы, гидросферадағы су айналымы, литосферадағы зат айналымы.Жердің күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылықты туғызады.Ол температура мен жауын-шашынның жылдық барысынан,кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан,өзендердегі су режимімен,құстардың жылы жаққа қайтуларынан,қыста ұйқыға кететін жануарлардан т.б құбылыстардан айқын көрінеді.Жердің даму тарихында жүздеген, миллиондаған жылдарды қамтиды.Мысалы,апаттар, жер сілкінулер,климаттың суынуы,т.б. Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерінің құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюбстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді.Жер бетіндегі күн жылуының әркелкі таралуынан, экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес,сондай-ақ жер бедерінің сыртқы күштерінің әсер етуі,өзен мен көлдердің ерекшеліктері,топырақ түзілу процестері,өсімдіктер жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.


_____________________________________________________________________________

в)Таңдауың бойынша бір заңдылықтың арасындағы байланысты сызба түрінде көрсетіңіз












3. Өз өлкеңнің табиғи аумақтық-кешендеріне жоспар бойынша сипаттама беріңіз.

а)Қандай климаттық белдеуде орналасқанын анықтаңыз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

б)Климатының ерекшелігіне сипаттама беріңіз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ в)Өсімдіктердің қандай түрлері бар екенін анықтаңыз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ с)Жануарларының қандай түрлері бар екенін сипаттаңыз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискриптор

Балл

Табиғи аумақтық кешендердің қалыптасуына сипаттама береді



1

Географиялық қабықтың қалыптасуын сипаттап жазады

1



Мұхиттардың қалыптасуын сипаттап жазады

1



Материктердің қалыптасуын сипаттап жазады

1



Зоналар және белдеулердің қалыптасуын сипаттап жазады

1



Ландшафтардың қалыптасуын сипаттап жазады

1


географиялық қабықтың заңдылықтарын анықтайды.





2

Географиялық қабықтың заңдылықтарын сипаттап жазады

1

.


Заңдылықтар арасындағы байланысты сызба түрінде көрсетеді

1

Өз өлкесінің табиғи аумақтық-кешендеріне жоспар бойынша сипаттама береді.




3

Қандай климаттық белдеуде орналасқанын анықтайды.

1



Климатының ерекшелігіне сипаттама береді.

1



Өсімдіктерінің түрлері туралы сипаттап жазады

1



Жануарларының түрлеріне сипаттама береді

1

Жалпы балл



11



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.01.2025
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі