400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биосфера және оның құрамдас бөліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызба және фотосуреттер арқылы биосфераның шекарасы, құрылымын атау Биосферадағы зат айналымын түсіндіру Биосферадағы ағзалардың көптүрлілігін сипаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақжоспары


Бөлім 3 Физикалық география

Бөлімше: 3.4 Биосфера

Мектеп: С.Қожанов атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Ибраева Г.А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Биосфера және оның құрамдас бөліктері.


Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.4.1 -биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Сызба және фотосуреттер арқылы биосфераның шекарасы, құрылымын атау

Биосферадағы зат айналымын түсіндіру

Биосферадағы ағзалардың көптүрлілігін сипаттау

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Биосфера және оның шекараларын біледі, ағзалардың көптүрлілігін сипаттай алады.

  • Биосферадағы зат айналымын сызбада көрсетеді, түсіндіре алады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды және биосферадағы зат алмасуды түсіндіреді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Биосфера...............................зат алмасу............................

Продуеценттер ......... редуценттер ............... консументтер .........................

биоценоз .............................. биогеоценоз..........................

биогеография....................... экожүйе ....................................

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Биология. және физика пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


Биосфера туралы 5-6 сыныптағы білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу

Топтастыру: 1 топ – «Алма», 2-топ – «Жылқы», 3-топ «Бүркіт» 4-топ «Бекіре»

(М) «Бұл қызықты» әдісі

Сұлу табиғатты сипаттайтын слайд көрсетіледі

Балалар неге біз өсімдік,жануар құс, балықтың түрлері бойынша топқа бөліндік?

  1. Биосфера дегеніміз не?

Биосфераның шекарасы барма?

ҚБ «ҚАҚ» («Қосу. Алу. Қызықты»)








3 минут



5 минут





10 минут












7 минут
















































5 минут


































25-35минут














Жаңа сабақты түсіндіру


Видео көрсету https://twig-bilim.kz/film/glossary/biosphere-4897/


«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар видео көрсетілімде не көргендерін айту арқылы жаңа сабаққа енеді. " Биосфера құрамы және құрылымы" жайында мұғалім толықтырады. Дәптерге негізгі термин сөздер жазылады.


(ТЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі:Тапсырма бойынша оқушылар суретті қолдана отырып топпен биосфера шекарасына талдау жасайды:

  1. Биосфераның жоғары және төменгі шекарасын нақтылап жазыңыздар

  2. Қорытынды жасаңыздар

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

Биосфера шекарасын нақтылау

1

Биофераның жоғары және төмені шекарасын нақтылайды

2

Қорытынды жасайды



  1. «Түйінді сәттер» әдісі:

Оқушыларға мәтін беріледі. Осы мәтінді оқып сұрақтарға жауап жазуы керек. Мәтін:

Зат айналымы. Тірі ағзаларға тән қасиеттердің біріне зат айналымы жатады. Биосфераның пайда болуы және оның тұрақтылығы әрі біртұтастығы барлық ағзалар мен айналадағы орта арасында болатын биологиялық айналымға тікелей байланысты.
Табиғатта болатын зат айналым ағзалардың үш тобының қатысуымен жүреді. Біріншіден, продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіру арқылы бастапқы өнім болып саналатын — органикалық заттарды түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады. Екінші, консументтер (әр түрлі сатыдағы) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің жандана түсуіне және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды. Үшінші, редуценттер — органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады және сол арқылы табиғатта кажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.
Табиғатта болатын биологиялық зат айналымын сызбанұска арқылы көрсетуге болады:
жасыл өсiмдіктер жануарлар ұсақ ағзалар
(продуценттер) (консументтер) (редуценттер).

Сұрақтар:

1-топ:

1.Биосферадағы айналымның ерекшелігі қандай?

2.Продуценттер дегеніміз не?

3.Олардың биологиялық зат айналымға қатысын түсіндіріңіз.

  • 2-топ:

1.Биосферадағы айналымның ерекшелігі қандай? 2.Редуценттер дегеніміз не?

3.Олардың биологиялық зат айналымға қатысын түсіндіріңіз.

  • 3-топ:

1.Биосферадағы айналымның ерекшелігі қандай? 2.Консументтер дегеніміз не?

3.Олардың биологиялық зат айналымға қатысын түсіндіріңіз.


  • 4-топ:

1. 1.Биосферадағы айналымның ерекшелігі қандай? 2.Экожүйе дегеніміз не?

3.Экожүйе = табиғи бірлестік + табиғи орта жағдайы деген пікірді түсіндір

(биогеоценоз) (биоценоз) (экотоп не биотоп)

Экожүйе, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады.


Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/-

Биосферадағы зат айналымы туралы оқу

1

Биоферадағы зат айналымның ағзалардың қатысуымен жүретінін біледі.


2

Қорытынды жасайды




Тапсырма 4 Жеке жұмыс . Сәйкестендіру тапсырмасы

  • «Ең зейінді» әдісі арқылы сәйкестік тестін орындайды:

Әрбір ғалымның қосқан өзіндік еңбектерінің жауабын тауып,реттік санының тұсына жауабының әріптерін жаз.

1.В.И.Вернадский

2.Э.Зюсс

3.В.В.Докучаев

4.Ж.Б.Ламарк

А. «Биосфера»терминінғылымғатұңғышретенгізгенғалым

Ә. «Биосфера»туралыілімініңнегізінсалғанғалым.

Б. «Биосфера»туралыалғашқы ой-пікірлерайтқанғалым.

В. «Биосфера»терминін геология ғылымындакеңіненқолданғанғалым

1----------:2----------:3---------:4-------:5------:6------------

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/-

Биосфера ғылымына үлес қосқан ғалымдарды анықтау

1

Биосфера ғылымына ғалымдардың қосқан үлесін біледі.



Терминдер


Мағыналары

+/-

1.Биосфера


А.органикалық заттарға ыдыратушылар


2.Биоценоз



В.Жер бетінің біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар бірлестігі


3. редуценттер


С. органикалық заттарды түзушілер


4. консументтер


D. Биоценоздардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым


5.экожүйе



E. Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы


6.продуценттер



F. Органикалық заттарды екінші түрге айналдырушылар


7. Биогеография


G. Тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.



Жауабы

1-E, 2- B,3-A,4-F,5-G,6-C,7-D

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/-

Биосфера тақырыбында өткен сөздердің анықтамаларын білу

1

Анықтамаларды біледі.



Бағалау

Сабақты веер әдісі бойынша қорытындылайды. Қағаздан веер жасап 2 ашық сұрақ жазады да , келесі топтағы оқушымен алмастырады. Жауап жазып қайта алмастырып, жауаптарын тексереді.















Мәтін Суреттер


























































Интерактивті тақта


https://twig-bilim.kz/film/glossary/ecosystem-4923/









Сабақтың соңы

5минут

Үй жұмысы:

1.Экожүйе туралы сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру


( Ж) Кері байланыс – «Бес саусақ»

Басбармақ - Өзімді қалай сезіндім? Маған ұнады ма?Балаң үйрек – Басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – Бүгін көңіл-күйім қандай болды?

Шылдыр-шүмек – Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкене бөбек - Бүгін не үйрендім?


Сабақты қорытындылау : «Биосфера және оның құрамдас бөліктері»





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.


Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі