400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Биосфера туралы ілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға қосымша мәлімет ретінде көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты: Біз Отанның ұланымыз

Күні: 17.02.2020 жыл

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау

Көрнекі құрал: «Желтоқсан оқиғасы», «Қазақстан арнасы», «Тәуелсіздік күні» бейнежазбалары, плакаттар, маркер.

Психологиялық дайындық

Сынып 1,2,3 сандары бойынша топқа бөлінеді. Сабаққа деген көңіл күйлері қандай екенін басмармақ арқылы көрсетеді.

Жаңа сабақтың тақырыбының ашылуы

3топқа «топтастыру» әдісі бойынша «Тәуелсіз», «Ел», «Ұлан» сөзін айтқанда ойымызға не келеді.

Тәуелсіз - дербес, егемен, бостандық, жеке, азат деген мағынаны білдіреді.

Ел - халық, мемлекет, қазақ, ру, тайпа, отан, атамекен деген мағынаны білдіреді.

Ұлан - азамат, ер, кең, жауынгер, сарбаз деген мағынаны білдіреді. Адам есімі ретінде де кездеседі.

Осы сөздерге қарап отырып бүгінігі сабағымыздың тақырыбын басқаша тағы да қалай баламалауға болады?

-Егеменді отанымыздың азаматы деп те айтуға болады.

Мағынаны тану


Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!


Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!

Өз қолына берген ерік тізгіні

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп айтып жүрміз.. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді?Осы жайында «Желтоқсан оқиғасы» бейнежазбасын тамашалайық. Осыдан тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінеміз.

Олжас:  1986 жылы Желтоқсан елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.


: Міне, осындай, егеменді еліміз

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

: Құлақ түремелімнің тынысына

Мақтанам қуанамын табысына

Елбас мен халқымыз аман болса

Айналар орта Азия барысына

 :  Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз, 
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз. 
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп

Абай атамыз айтқан ұланымыз.


:Білімді ұрпақ, білікті маман, 
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам –
Мерейің сенің, Республикам!

: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенд күні

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.


-.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Ертеңімін Егеменді елімнің.

: Менің елім — Қазақстан Отаным!

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсің, абыройың, атағың.


Ой қозғау

 : Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең ісі.
«Егеменді» деген сөздер естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі