Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биотехнология

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері

Ораз Жандосов атындағы №30ЖОББМ

Күні:04.02.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Убайдуллаева Вазира Лутпуллаевна

Сынып:9 «Д»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану;

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

  • қойылған сұрақтарға жауап бере алады

  • сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • көтерілген мәселе бойынша жағдаятты талқылап, өз ойын дәлелдеп жазады.

  • сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады .

  • сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыра алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • жағдаятты талқылауда өз ойын дәлелдейді.

  • Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып сұрақтарға жауап жазады.

Бағалау критерийлері



  • көтерілген мәселеге талдау жасайды

  • сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата алады, түрлендіреді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Гендік инженерия, жасушалық инженерия, биотехнология

Сабақтас құрмалас, жай сөйлем

Мәтінге байланысты пікірлерді талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Биотехнология дегеніміз не?

  1. Гендік инженерия қандай жолмен жүзеге асырылады?

  1. Жасушалық инженерияның қандай жолмен жасалынады?

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілікке баулу, заңды құрметтеу, адамға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, биология

Алдыңғы оқу

Бақытты отбасылық өмірдің шарттары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


15 минут







Ұйымдастыру

Амандасу, түгелдеу.

Тест тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар слайд арқылы тест тапсырмаларын орындайды және мұғалімнің көмегімен тексереді.

1. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты. В) Мезгіл. С) Мекен. D) Мақсат. Е) Себеп.

2. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе. В) Және. С) Әлде. D) Себебі. Е) Сөйтсе

3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ. В) та. С) бірде. D) немесе. Е) әйтпесе.

4. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені. В) сонда да. С) біресе. D) бірақ. Е) әйтпесе.

5. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
А) Өйткені, себебі. В) Жалғаулығы жоқ. С) Сол үшін, себебі.

D) Сөйтсе де, әйтсе де. Е) Әйтпесе, немесе.

6. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
А) Қарсылықты. В) Ыңғайлас. С) Кезектес. D) Талғаулы. Е) Түсіндірмелі.

7. Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
А) Кезектес. В) Ыңғайластық. С) Талғаулы. D) Түсіндірмелі. Е) Себеп-салдар.

8. Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
А) Сондықтан. В) Өйткені. С) Бірде. D) Әйтсе де. Е) Немесе.

Оқылым, айтылым тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс, мәтінді оқып, мағынасын және стильдік ерекшеліктерін айтып өтеді.

Слайд арқылы биотехнология, гендік инженерия, жасушалық инженерия, терминдері жөнінде түсініктеме беріп өту

Биотехнология дегеніміз-биологиялықорганизмдердің қатысумен жүретін процестерді,адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану.

Биотехнология деген терминді алғаш рет 1919ж венгр ғалымы К.Эреки енгізді.

Биотехнологияның негізгі мақсаты-өсімдіктердің жаңа сорттарын,жануарлардың асыл тұқымын,

микроорганизмдердің штамдарын шығару.

Биотехнологияның әдістерін биологияда қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады.

Биотехнологияның екі бағыттары бар.

Гендік инженерия- алдын-ала берілген үлгіге сәйкес генотипі жағынан жақсарған организмдер алу.

Жасушалық инженерия- Жоғары сатыдағы организмдердің жеке

жасушаларын және ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіру.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы, Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.

Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаластың түрі.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем — бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі. 

  • Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтары

  • Шартты рай -са, -се Қайтсе? Не етсе?

  • Көсемше Ма+й, ме+й; -майынша/мейінше Қайтпей? Не етпей?

  • Қайтпейінше? Не етпейінше?

  • 3 Есімше -ған+да, -ген+де Қайткенде? Не еткенде?

Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
Жаз келсе,… ;
Еңбек етсең ерінбей,…;
Су мол болмай,…;
Көл таяз болғанда,…;


Слайд


Оқулық


















Ортасы

10 минут

1- тапсырма:

Еркін микрафон әдісі арқылы биотехнология туралы оқушылардың түсінігін анықтау

1.Биотехнология дегеніміз не?

2.Гендік инженерия қандай жолмен жүзеге асырылады?

3. Жасушалық инженерияның басты мақсаты қандай?


2- тапсырма графикалық диктант


Қайда пайдаланады?

Қалай пайдаланады?

Азық-түлік өнімдерін өндіруде


Экологиялық бағыттағы жұмыстарда


Ауыл шаруашылығында


Дәрі-дәрмектер өнеркәсібінде


Ғаламтор, қосымша мәлімет, оқулық

Кесте толтыру

Дескриптор:

    1. Сауатты жаза алады;

    2. Грамматикалық ережелерді қолдана алады;

    3. Қызықты әрі мағыналы етіп құрастыра алады.

Соңы

5 минут

Кері байланыс: Аяқталмаған бес сөйлем

Бүгін мен____________________________________білдім
___________________________________ қызықты болды
_____________________________________қиын болды
____________________________________мен орындадым
____________________________________екенін түсіндім


Үйге тапсырма беру: 134-бет, 6-тапсырма

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Биотехнология ғылымы сенің қызығушылығыңды қай кезде тудыруы мүмкін?

2. Адамдардың биотехнология ғылымына деген сұранысы төмендеуі мүмкін бе?












Оқу ісі меңгерушісі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.02.2021
694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12