жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Биотехнология және гендік инженерия. 9-сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
||||||||||||||||
Сабақ: қазақ тілі |
Мектеп:ШҚО Семей қаласы, «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ |
|||||||||||||||
Күні: 26.07.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ахметжанова Альмира Кабдырахмановна |
|||||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: 24 |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||
Бөлім: Биотехнология және гендік инженерия |
||||||||||||||||
Тақырыбы: |
Биотехнология – ХХІ ғ. сұранысы |
|||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
9.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау. |
|||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Ғаламтор, газеттерден алынған деректерге талдау жасайды. |
|||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ғаламтор, газеттерден алынған деректерді дәлел ретінде қолданады. |
||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Ғаламтор, газет-журналдардан алынған деректердің авторына сілтеме жасайды. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
1.Ғаламтор, газеттерден алынған деректерге талдау жасайды 2. Ғаламтор, газеттерден алынған деректерді дәлел ретінде қолданады. 3.Авторына сілтеме жасайды. |
|||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Биотехнология, технология, өнім, медицина, ғылым, ген , биология, инженерия, өндіріс |
||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: -Биология мен технологияны не байланыстыруы мүмкін? -Биотехнология ғылымының дүниеге келу себебі? |
||||||||||||||||
Не себепті... деп ойлайсыз? |
||||||||||||||||
ишара: |
||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Биотехнология және гендік инженерия |
|||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
Басы 5 минут |
Ұйымдастыру «Атына сай тілек» Әр оқушы қасындағы парталасының есіміне байланысты жағымды сөздер айтады. Оқушыларды топқа бөлу «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы іске асырылады. |
|
||||||||||||||
Ортасы 30 минут |
Тапсырма С. «Пікірлер сызығы» әдісі Оқушыларға биотехнология туралы бейнежазба көрсетіледі. Танысқан ақпараттарды талдайды.
Тапсырма Ж. «Кім көп оқиды?» әдісі Берілген мәтіндердің біреуін таңдап оқыңыз. ТЖ. «Броундық қозғалыс» әдісі Мәтінді топтар арасында талқылаңыздар. 1-мәтін Биотехнология (bios-тіршілік; thehne –өнер, шеберлік;logos-ғылым) – адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысыныда жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы. Биотехнологияның негізгі объектісі – тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері. Алғаш рет «биотехнология» терминін 1917 жылы венгр ғалымы Карл Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: -микробиологиялық өндіріс; -жасушалық инженерия ; -гендік инженерия. Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; биоэлектроникада; қоршаған орта ремедиациясында және т.б. қолданылады. Биотехнологияның дамуы кезеңнен тұрады. 1.Пастер кезеңі – этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Көмірсулардан азықтық ашытқылар дайындау. 2.Антибиотиктер кезеңі – тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. 3.Меңгерілген биосинтез кезеңі – микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. 4.Жаңа биотехнология кезеңі – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклонды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді (түзуші ұлпалар) дақылдарды будандастырып алу. Эмбрионды трансплантациялау. Биотехнология ғылымының ауқымы кең. Ауыл шаруашылық және тұрыстағы қалдықтар, автомильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арамшөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып , онымен қоректенетін микроорганизмдердің көмегімен бактериялы тыңайтқыштар дайындалады. (Уикипедия сайтынан алынған. Әлмағамбетов К.Х. Биотехнология негіздері, Астана, 2006) 2-мәтін Биотехнология – болашақтың ғылымы. Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға тие бастады. Ал олар қандай түрде, қайда, қалай жүзеге асып жатыр деген сұраққа келсек, ойға оралатындардың бірі – Ұлттық биотехнологиялар орталығы. – Ерлан Міхайдарұлы (биолог ғалым) , сіз басқаратын осы орталыққа оқырмандар тарапынан қызығушылығы жоғары. Оқырманға барынша қазақы жалпақ тілмен «биотехнология» терминінің мағынасын түсіндіріп берсеңіз. -Бұл терминді шартты түрде барынша қысқартылған түсінікпен алсақ, онда биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе кез келген технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған күнделікті тәжірибемізде бұрыннан бар үдерістерге сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын, яғни айран, шұбат, қымыздың алынуын жатқызуға болады. Бұл үдерісті адамзат бағзы заманнан қолданып келе жатқаны аян. Міне, бұл қарапайым биотехнология. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Әрі олар өміріміздің сан-алуан бағыттарында көріні табуда. Биотехнология – болашақтың технологиясы. Оған жарқын мысал ретінде қалпына келтіретін энергияны жатқызуға болады. Қазіргі күні жер-жаһан 95-ші бензин қолдануға көшті. Аталмыш бензиннің 10%-ын мұнайдан алынбайтын биоэтанол құрайды. Ол ауаны ластайтын зиянды заттардан барынша таза әрі мұнай өнімдеріне тәуелділікті азайтады. Сонымен қатар егіс далаларында бос жататын әрі өнімнің өнімділігін азайтатын сабанды немесе тағамға пайдаланылмайтын, күтімді қажет етпейтін өсімдік тектестерді, шөптерді Қазақстанның ұлан-байтақ даласында есепсіз көлемде өсіруге болады. Болашақта оларды жинап алып, бұлардан алынатын целлюлоза арқылы еліміздің жанар-жағармайға деген қажеттілігін толық жабуға болады деп ойлаймын. Таяу болашақта осылай болады да. Сондай –ақ биотехнология үдерістері діңгекті жасушалар жасап шығару үшін қолданылады. -Соңғы кезде жиі айтылып жүрген діңгекті жасушалар туралы кеңірек тоқталып өтсеңіз... – Еліміздің медицина саласында діңгекті жaсушaлaрдың қолдaнысқa енуі соңғы жылдaрдaғы eң үлкeн жeтістік болып отыр. Ұлттық биотeхнологиялар ортaлығының ғaлымдaры мeдицинa сaлaсындa қолдaнуға діңгeкті жaсушaлaр aлу әдісін ойлaп тaпты. Тұңғыш рeт күйіктeр мeн жaрaлaрды eмдeу үшін aдaм тeрісінен aлынғaн жaсушaлaрдың жaңa түрлeрін әзірлeді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіз екендігіне тексеруден өткізілді. -Ауыл шаруашылығында қолданылатын биотехнология туралы не айтар едіңіз? –Қолдан ұрықтандыру, арнайы жемдеу арқылы малдың тез қоң жинауы биотехнологияға байланысты. Бүкіл әлем өнімділік пен сапаны арттыру мақсатында паразиттер мен түрлі зиянды құрт-құмырсқалармен күресті химиялық әдістермен емес, табиғи әдістермен жүргізуге бетбұрыс жасауда. Ал ол бұл арада өнімге зиян әкелетін паразиттермен күресте биологиялық құралдар мен тыңайтқыштарды қолданады.Биологиялық тыңайтқыштар арнайы биологиялық зауыттарда жасалады. Ауыл шаруашылығындағы биотехнология дегеніңіз осы. («Егемен Қазақстан» газеті, сұхбаттасқан Венера Түгелбай, 2011 жыл) Тапсырма ЖЖ. «Микроскоп» әдісі Биотехнология терминімен байланысты сөздік жұмыс жасаңыз. (Сөздік, анықтамалар 1.Адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу. 2.Тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік).
Дескриптор: 1.Термин сөздерді жинақтайды. 2.Сөздерге анықтама береді 3. Сөздіктегі анықтамалармен салыстырады
ҚБ: «Төсбелгі» әдісі Тапсырманы толық орындаған оқушыға «алтын» төсбелгі, жартылай жауап бергендерге «күміс» төсбелгі, талпынған оқушыларға «қола» төсбелгі беріледі.
Тапсырма. Ж. «Сүзгі» әдісі Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты сүзгіге бөліп жазыңыз, талдау жасаңыз. (Тірек сөздер: гендік инженерия, химиялық заттар, өнімділік, ауыл шаруашылығы, органикалық таза өнім, ғылым және өндіріс, биологиялық объектілер Ойды аяқта: Биотехнологияның қазіргі қолданыс аясының маңызы... Биотехнология терминімен тығыз байланысты...). Дескриптор: 1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, сүзгіде қалдырады; 2. Қосымша ақпаратты тауып жазады.
ҚБ: «Екі керемет, бір әттеген-ай» әдісі. Оқушылардың жазған ақпараттарын талдап , екі дұрыс және ұтымды айтылған ақпарат және бір ескерту немесе ұсыныс айтылады.
Тапсырма: ТЖ «Қабырғадағы кездесу» Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, жаднама (брошюра) жасаңыз. Пайдаланған деректердің авторына сілтеме жасаңыз.
(Мәтін авторына сілтеме жасауға арналған нұсқаулық: 1. Дереккөз; 2. Тақырыбы; 3.Авторы; 4.Баспа; 5.Сөз саны).
Дескриптор: 1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты алады. 2. Мәтін авторына сілтеме жасайды.
ҚБ: «Шыны түтік» әдісі.
Әр топ түтікті бояу арқылы бір-бірін бағалайды. Түтігі толық боялған топ тапсырманы толық орындады деп есептеледі.
|
Оқылым мәтінінің сілтемесі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Биотехнология
https://egemen.kz/article/11807-biotekhnologiya-%E2%80%93-bolashaqtynh-ghylymy#.XTA5uZaDDJA.
Қима қағаздар
Қима қағаздар
Плакаттар, стикерлер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер
Қима қағаздар
Суреттер
Түтік суреті бар қағаздар
|
||||||||||||||
Соңы 5 минут |
Рефлексия «Рефлексия лабороториясы» әдісі Бүгінгі сабақта менің зерттеуім бойынша... Маған болашақта керек болады... Білдім... Істей алдым... Қиын болғаны... Нәтижесінде... жеттім. |
|
||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
||||||||||||||
Сaбaқтa aлынған тaпсырмaлaр оқушылaрдың қажеттіліктерін есепке алып сараланған. Оқушылар жұптасып, топтасып жұмыс жасауы сaрaлaй отырып ұйымдaстырылaды. «Микроскоп» әдісі арқылы оқушылар «Биотехнология» терминімен байланысты сөздердің мағынасын ашады. Қолдауды қажет еткен оқушыларға анықтамалар жазылған кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар берілген анықтамаға байланысты терминдерді тауып, сөздіктегі анықтамалармен салыстырады. Сол арқылы оқушылар сөз тіркестерін өздері ізденулеріне көмек көрсетіледі. Оқушылар «Сүзгі» әдісінде ақпараттардың негізгілерін жинақтай отырып, қосыша ақпараттарды да таба біледі. Қабілеті жоғары оқушылар қосымша білімдерін пайдаланып жазады. «Ойды аяқта» тәсіліндегі қима қағаздарына сүйене отырып талдау жасайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға тірек сөздер беріліп, олардың негізгілері мен қосымша ақпаратты ажыратып жазу тапсырылады. «Қабырғадағы кездесу» әдісінде оқушылар топтасып өздері жинақтаған aқпaрaттaрды сaлыстырa отырып, жaднама жасайды.Топ құрамында әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірігіп жұмыс жaсaйды және қaрқынды жұмыс aтқaрaтын оқушылар бaсқaлaрғa көмек көрсетеді. Өзіне сенімділігі аз оқушыға мәтін aвторына сілтеме жасауға нұсқау жазылған қима қағаздар таратылады. Қарқыны жоғары оқушылар биотехнологияның қазіргі экономика мен адам өміріне маңыздылығы, сан алуан ғылымдармен байланысты екенін көрсетіп жазулары үшін сурет ұсынылады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың жеке қaбілеттерінің ілгерілеуіне, өз беттерінше жұмыс жасауларына мүмкіндік беріледі. |
Сабақты ұйымдастыру бaрысында оқушылар әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасай отырып, бaғaлaнaды. Бaғaлaу оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырма дескрипторына сүйене отырып жүргізіледі. Бағалауға «Төсбелгі», «Екі керемет, бір әттеген-ай», «Шыны түтік» әдістері алынды. «Төсбелгі» әдісі оқушыларды жекелей бағалауға арналған. «Шыны түтік» әдісі арқылы оқушылар топ арасында жұмыстың орындалу деңгейін белгілейді. Оқушылар берілген әдістер арқылы бір-бірлерін жұппен және топпен бағалайды. Кері байланыс оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін нақты анықтауға ықпал етіп, жұмыс жасауда ынталары артады. |
Химия, биология, информатика пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асады. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасағанда алшақ отырып, техника-қауіпсіздік ережесін сақтау. Сабақта интербелсенді тақтадан бейнежазба мен презентациялар көрсетіледі. Сабақ «Мәңгілік Ел» индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығымен байланысты. |
||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|
|||||||||||||||
|
||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты?) 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдімі? 1: 2: |
||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген