Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?

Қазіргі уақытта жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда биотехнология саласы күннен-күнге қарқынды дамып келеді. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деп ғылым саласын дамытудың қажеттілігін ерекше атап көрсеткен еді.

Бүгінгі биотехнология жетістіктері ауыз толтырып айтатындай деңгейге жетті. Мәселен, мал азығының сапасын арттыратын отандық “Казбиосил” препаратын атасақ болады. Жылдан-жылға жайылымдар мен шабындықтардың жетіспеушілігінен мал азығын дайындау мәселесі қиынға соғып отырған шақта, аталмыш препараттың пайда болуы нәтижесінде түкке жарамсыз болып қалған жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, қоршаған ортаның саламаттылығын арттыруға мүмкіндік тудырып отыр .Мұнымен шектелмей, сүрленген азықтың қажеттілігі артып, ірі қаралардың өнімінің артуына ықпалын тигізуде. Бұл-биотехнологияның адамзатқа тигізер пайдасын білдіреді емес пе?

Сонымен қатар, Ұлттық биотехнологиялық орталық Қазақстанда алғаш рет құс тұмауына қарсы «Қазақстан – 15» ауыл шаруашылығы вакцинасын жасап шығарғанын айтпасқа болмас.. Бұл қазақстандық ғалымдарымыздың ғылыми саладағы үлкен жетістіктерінің бірі болды.

Қорытындылай келсем, биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін,  әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті энергия көздерін алу ауыл шаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімдерін арттыру және экологиялық апат салдарымен тиімді күресу әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Сондықтан, биотехнологияның адамзатқа берер пайдасы орасан зор.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2024
87
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі