400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік торлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік торлар туралы 7 сынып оқушыларына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

7.1.А Биосфера және экожүйелер

Мектеп: Дауан атындағы ЖОМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Елубаева Г.И.


Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік торлар


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2.Табиғи қоректік тізбектерді салыстыру.

7.3.1.3.Қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қоректік тізбек және қоректік тор ұғымына анықтама бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі: жануарлар тобын қоректену типі бойынша жіктей біледі;

Кейбір оқушылар: бәсекелестіктің туындау себептерін біледі, жануарлардың түрлеріне қарай қоректік тор құрастырады;

Бағалау критерийлері


1. Қоректік тор және қоректік тізбекке анықтама береді.

2. Жануарларды қоректену типі бойынша жіктейді.

3. Бәсекелестіктің туындау себептерін біледі, қоректік тор құрастырады.

Дағдылар

Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті

Тілдік мақсаттар

Экожүйе, қоректік тізбек, паразит, сапрофит, биоалуантүрлілік.

Құндылықтарға баулу

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

География, химия

Алдыңғы білім

7.3.1.1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы






Сабақтың ортасы
















Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 1 ден 4 ке дейін санатып, төрт топқа біріктіремін.


Тапсырма 1.

" Допты қағып ал " әдісі арқылы

" Экологиялық факторлар " тақырыбын пысықтау мақсатында оқушылар бір -біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасы сұралады:

1. Экологиялық факторлар болмаса, тіршілік қандай болар еді?

2.Биотикалық факторға "жылу" жатады, сен келісесің бе?

3. Күннің күрт жылынуы барлық ағзаларғатиімді ме?



Тапсырма 2.

"Қос шеңбердегі әңгіме" әдісін

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларды 1.2.3.4 ке санау арқылы біріккен топтары бойынша екі шеңбер құрап (ішкі/сыртқы) сағат тілінің барысымен орын ауыстыра отырып, межеленген уақыт ішінде қарама- қарсы тұрған оқушыға сабақ мазмұнын әңгімелейді.


Тапсырма 3

"Сәйкесін тап" кестесі

Берілген анықтама сай келетін жауапты белгілеңіз.

1.Өсімдікпен қоретенетін жануарлар...... деп аталады.

А. Өлексежегіштер

2.Өлген жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.

Б. Сапрофиттер

3. Талғаусыз қоректенетін жануарлар

С. Өсімдіктер

4.Күн энергиясын пайдаланатын организмдер.

Д. Аю, шимпанзе, егеуқұйрық

5. Сапрофиттердің екінші аты .

Е. Өсімдікқоректілер


Тапсырма 4.


"Пирамида" әдісін қолданып берілген суреттер бойынша қоректік тор құрастырыңыз.





Тапсырма 5

"Артығы қайсы ?" берілген суреттерге қарап, артығын белгілеңіз.







А4 парағы, секундомер, дәптер, доп, суреттер.



























Интербелсенді тақта.

Кесте
















Суреттер



















Суреттер

















Сабақтың соңы


" Досыма хат " әдісі арқылы бүгінгі сабақтан қандай ой қорытқандықтарын дәптерге жазады. Топтағы оқушылар кезек бойынша сыныптасының пікірін оқи отырып, өз ойларын толықтырады.


Дәптер

Үйге тапсырма беру:

1.Терминдермен жұмыс

2. Қоректі тор құрастыру.


Күнделік

Критерийлер

Дискрипторлар

Белгі

" +" " -"


1.Табиғи қоректік тізбектерді салыстыру.

1. Қоректік тор анықтамасын біледі;

2. Қоректік тізбекті сипаттайды;



2.Қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру.

1. Экожүйедегі жануарларды анықтайды;

2. Жануарларды қоректену типі бойынша сәйкестендіреді;

3. Бәсекелестікке мысал келтіре алады;

4. Қоректік тордың табиғаттағы маңызын бағамдай алады;

5. Қоректік тор реттілігін анықтай алады.





Кері байланыс парағында мынадай сұрақтар болады:

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

1.Табиғаттағы биотикалық фактордың маңызы қандай ?

2. Экожүйеде өсімдік маңызды ма, әлде жануар ма ?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқулықпен жұмыс.

Сәйкестендіру тесті.

Деректі тапсырмалар.


Пəнаралық байланыс


География, химия

Рефлексия

"Блоб" ағашына оқушылар бүгінгі сабақтың мақстына қай дәрежеде және қалай жеткендігін белгілеп өз-өзін бағалайды.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Қос шеңбердегі әңгіме.

2: Досыма хат.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1: Тапсырмаларға суреттер санын бұдан да арттырғанымда.

2: Оқушылар уақытты тиімді пайдалана алғанда.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Деректі тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырғандығын;

2: Оқулықпен жұмыс кезінде белсенділігі төмен оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынасқа түскендігін байқадым.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі