400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3А

Мектеп: 72 жалпы орта мектеп


Күні: 29.06.2018

Мұғалімнің аты-жөні:Омирбекова Г.С.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2

бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3

бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі.

Оқушылардың көшілігі: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмін біледіп

Оқушылардың кейбірі: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін, түрлі деңгейдегі есептерде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

- бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын біледі;

- бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Сызықтық теңдеу. Айнымалы. Теңдеудің түбірі. Мәндес теңдеулер. Бос жиын.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін ...

2) түбірлері бірдей теңдеулер ...

3) теңдеуді шешудің түрлері ...

4) Егер теңдеудің түбірі (шешімі) болмаса, онда ...

Құндылықтарды дарыту



Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы. «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушылрға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі және әдебиеті,

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, графикалық органайзер

Бастапқы білім


Теңдеу, белгісіз айнымалы, жай теңдеулерді шешу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин





3 мин



4 мин

-Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Оқушыларды «Рухани жаңғырудың» кіші тармақшалары арқылы топқа бөлу.(Оқушылар берілген суреттерді таңдау арқылы топқа бөлініп, өз атаулары бойынша қысқаша мәлімет береді).
1-топ. Туған жер
2-топ. 100 кітап
3-топ. 100 есім
- Үй жұмысын тексеру.
Үй жұмысы есептерін оқушылар жұп болып «
Мен саған, сен маған» әдісі бойынша интерактивті тақтадағы дұрыс есептер жауаптары бойынша бір-бірін тексереді.
-Өтілген сабақты қайталау. Өтілген сабақты «Доп лақтыру» әдісі бойынша қайталаймын (мұғалім сұрақ қойып оқушыға допты лақтырады, ал оқушы сұраққа жауап беріп мұғалімге кері лақтырады).
1.Тура санды теңдік деп қандай теңдікті айтамыз?
2.Тура санды теңдіктің қандай қасиеттері бар?
3.Жақша алдында «+» таңбасы болса жақша қалай ашылады?
4.Жақша алдында «-»таңбасы болса жақша қалай ашылады?
5.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды?
6.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?

Picture 6


Сабақтың ортасы

10 мин


























5 мин
















5 мин

-Жаңа сабақты меңгеру.
Жаңа сабақ тақырыбын жариялап, мақсатымен таныстыру;
Жаңа сабақты «
Шағын дәріс» әдісі бойынша тірек сызбалар көмегімен түсіндіремін.

Shape1


Теңдеулерді түлендіріп, ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1 – қасиет: теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама – қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2- қасиет: теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.


Мысалы: 6х+2,8=4х-1,2
6х-4х=-1,2-2,8
2х=-4
х=-2

Жауабы: -2
Демек а
=2, в=-4 болса, теңдеудің -2-ге тең бір ғана шеші мі болады. 1- қасиет бойынша: 6х-4х=-1,2-2,8 және 2 - қасиет бойынша: 2х=-4 теңдеулері мәндес теңдеулер. Себебі теңдеулердің түбірлері бірдей.
Тақырыпты толық ашу үшін оқушыларға топтық тапсырма беремін.
Топтық тапсырма. «Менің ойым» әдісі бойынша әр топ оқушылары ах=в теңдеуін шешудің жағдайларын мысалдар келтіре отырып топта бірлесіп талқылайды.
1-топ. а
, болса х= теңдеудің бір ғана түбірі болады.
2 -топ.
, болса теңдеудің түбірі болмайды.
3- топ. а=0 және b=0 болса, теңдеудің шексіз көп түбірі бар.
Оқулықпен жұмыс.
«Сүзгі» әдісі бойынша өтілген сабақ барысына іріктеу жасаймын. Бұл әдіс барысында оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді ажырата алады және шешу жолдарын ұжым алдында көрсете біледі.
№836

Shape2

№844. Әр топ оқушыларына оқулықтан есептер бөліп беріледі. Берілген есептерді «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша оқушылар жұпта бірлесе орындап, топта талқылап, нәтижесін ұжым алдында жариялайды.
1-топ. 40+2х=3х-15
2-топ. 16х-33=1+13х
3-топ. 23,8у-80-24,3у
=2




Тірек сызба
























Үлестірмелі материалдар









Тақта, бор






Ф.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә.Жұмағұлова. – 2 бөлім.-Алматы: Мектеп,2018



Сабақтың соңы

7 мин
























2 мин











1 мин





-Сабақты қорытындылау (Шығармашылақ жұмыс).
Сабақ соңын
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша қорытындылаймын.
Топтық тапсырма. Берілген суреттерді қолданып бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру.
1-топ


.

2-топ.

3-топ.

Бағалау критерий

Дискриптор

-Есептің шартына сай бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құрады;
-Белгісіз айнымалыны табады.

-Есеп шартын түсініп оқиды;
-Теңдеу құру барысында суреттерді қолданады;
-Қасиеттерді қолданады;


Кері байланыс. Оқушылардың сабақ бойынша алған білімдерін анықтау үшін «Социметрия» әдісі бойынша кері байланыс жасаймын.

Үйге тапсырма беру. Оқулықтан № 837, 839 есептер беру. Қосымша дерек көздерінен әлемнің жеті кереметі туралы мәлімет жинау.

Постер қорғау



















Кері байланыс парақшалары


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

- Тапсырма, дереккөздер, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, бағалау,

1.Оқушыларға ережелерді қолдану дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар мен үлестірмелер ұсынамын;
2.Өзара тексеру жұппен және топпен жүргізіледі; 3.Постер қорғау, шығармашылық есептер беріледі; 4.Қалыптастырушы бағалау.

1.АКТ-ны қолданудағы техника қауіпсіздігі;

2.Топтық қозғалыс кезеңіндегі өмір қауіпсіздік негіздері.

3. Доп лақтыру кезінедегі қауіпсіздік

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі