400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақты 6-сыныптарда математика пәнінен жүргізуге болады, . Сабақ жоспары жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылған. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы – оқушыларға сұрақ-жауапты қою арқылы туған жерінің қорықтары туралы мәлметті қоса беру барысында оқушының ой пікірін біліп толықтырулары жүргізіледі. Елге, жерге деген құрмет бірлескен оқуда жетілдіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Сыныбы: 6 сынып

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Мукатова Сауле Ашимовна

ОӘК тақырыбы

6.3 A Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»

( 5 сағат )

Сабақ тақырыбы

Мәтін есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару (1 сағат)

Оқу мақсаты

6.5.1.6. Мәтін есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару

Сабақ мақсаты

Барлығы: Мәтін есептің моделін құрып, сызықтық теңдеуді шешеді

Көпшілігі: Теңдеу көмегімен мәтін есепті шығару дағдысын жетілдіреді

Кейбірі: Өмірмен байланысты сызықтық теңдеулерге мысалдар келтіру арқылы мәтін есептерді шешеді

Бағалау критерийлері

Мәтінді есептердің шартын құрастырып, сызықтық теңдеуді шығарады.


Тілдік мақсаттар


Дағдыларды дамыту

мәтін есептерді шығару моделін құруды, мысал келтіру, түсіндіреді, анықтайды.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

Теңдеу,сызықтық теңдеу, мәтін, сызықтық

Сабақтағы сұхбат, жазылым үшін қолданылатын сөздер

Жұпта,топта мәтін есептерді сызықтық теңдеулердің көмегімен шешу есептерін шығарудың моделіндәптерлеріне жазады Мысал келтіре отырып талдау жасап бірін-бірі толықтыру.

Талқылау сұрақтары

Мәтін есепті сызықтық теңдеудің көмегімен шешу үшін не істейміз?

Математикалық модель құру қадамы қандай ?

Құндылықтарды қалыптастыру

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы –үй тапсырмасын оқушыларға сұрақ-жауапты қою арқылы туған жерінің қорықтары туралы мәлметті қоса беру барысында оқушының ой пікірін біліп толықтыруларын жүргізу. Елге жерге деген құрметті бірлескен оқуда жетілдіру.

Ресурстар

 Оқулық Математика 6 сынып А.Е. Әбілқасымова « Мектеп» 2018 ж, интербелсенді тақта, таныстырылым, бейне фильм, үлестірме, нұсқау үлестірме,кері байланыс парағы.

Алдынғы білім

Теңдеулер .Бір айнымалысы бар сызықты теңдеу.

Сабақ кезеңдері

2 мин

Мұғалімнің, іс-әрекеті

Оқу мақсаты мен сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін талдау (Слайдта көрсетіледі)

 Оқушының іс-әрекеті

Бағалау тәсілдері


Саралау тәсілдері


Сабақ басы

  2минут

Сұрақ-жауап,жалпы сынып,ауызша Үйде сызықтық теңдеу шешіп,оның түбірі бойынша «Қорғалжын қорығы» туралы мәліметтерді жинақтап , « Сөз жұмбақ » құрастырады?

1.Берілген теңдеуді шешіп,Ақмола облысындағы орналасқан Қорғалжын қорығы қай жылы құрылған?

(16х-170)+2(7х-165)=85х+1400-(56х-58)

1958 жылы

2 .Қорықтың ауданы қанша?(мың га)

1350+5(у+100)=15(у-10)-589

258,9(мың га)

3 .Қорықтағы өсімдіктер саны қанша?

9(z-73)-8(z+375)=238-11(z-7)

331өсімдік


4 .Қорықтағы бауырмен жорғалаушылар саны қанша? 17(х+ 13 ) -19 (х-21)

+249=25(5x-53)-3(7x+576)

37 түрі бар

Слайдтарда көрсетілген есептердің жауабыннан Қорғалжын қорығы туралы біледі ,

«Сөз жұмбақ» мәліметтерді

тексереді.

Орындалған тапсыр

маның дұрыстығын Өзара және өзін – өзі бағалау


Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ел тарихын білуге, байлығын қорғауға, құрмет


Сабақтың ортасы

8 мин

2-тапсырма

Ақпаратты жинау, жеке, жазбаша

Мақсаты: Барлығы: Мәтін есептің моделін құрып, сызықтық теңдеуді шешеді

(нұсқау мен бірге мәтін есеп беріледі)

Мұғалім аралап жүріп нұсқаулықтар береді, сұрақтар қояды.

І-бөлім (сұрақ-жауап)

Сұрақ: Мәтін есепті теңдеудің көмегімен шешу үшін не істейміз?

Жауап: Есептің шартындағы ізделінді шаманы табу үшін айнымалы енгіземіз

Сұрақ: Есепті шешу кезіндегі талдау бөлімі қалай аталады?

Жауап: Есепті шешу кезіндегі талдау бөлімі математикалық модельдеу деп аталады.

Сұрақ: Математикалық модель құру деген не ?

Жауап:Теңдеу құру.

ІІ бөлім (қорытынды)

Мәтін есепті шығару барысында математикалық модельдеудің үш қадамын қарастырамыз:

1)математикалық модель құру (есептің шарты бойынша теңдеу құру)

2)Математикалық модельмен жұмыс істеу( теңдеуді шешу)

3) есептің сұрағына жауап табу.

3.Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығаруға мысалдар.оқушылар жеке орындарында есепті талдап шығарады.

Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158 км. Ал ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140 км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығын және ең үлкен найзағайдың ұзындығын табыңдар?

Мұғалім аралап жүріп нұсқау береді, сұрақтар қояды.

Жауабы слайд арқылы тексеріледі.

Дескриптор:

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді

Оқушылар нұсқауды оқиды ,есептің сұрағына жауап табу үшін,моделін құрып,есепті шығаруды түсінеді.оқушылар көршілерімен дәптер ауысады,бірін-бірі тексереді



Білу және түсінуге арналған сұрақтарды талдай отырып нәтижеге қол жеткізу алгоритм нәтижесі бағаланады (тапсырманы орындау қадамдары)


Барлығына нұсқау бере отырып мәтін есепті шығаруда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге жетелеп,жекелей көмек беру

3 тапсырма

7- мин

Stop-kадр-бейне фильммен жұмыс, жұптық жұмыс, жазбаша бейнежазба

Мақсаты:Кейбірі: Өмірмен байланыс

ты сызықтық теңдеулерге мысалдар келтіру арқылы мәтін есептерді шешеді

Оқушылар бейне фильм бойынша оқушыларды сұрақ қою арқылы диалогқа тарту.

Белгісіз айнымалы арқылы қандай шаманы белгілейміз?

1.Өзен ағысының жылдамдығы қандай?

2.Моторлы қайықтың жылдамдығы қандай?

3.Моторлы қайық өзен ағысымен қандай жылдамдықпен жүзеді ?

4.Моторлы қайық өзен ағысына қарама-қарсы қандай жылдамдықпен жүзеді?

5.Өзен ағысы бойымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан 6 км/сағ-ка артық болса, не істейміз?

Мұғалім аралап жүріп,бақылайды,

сұрақтар қояды.

Оқушылар бейне жазбаны көріп,жұппен талдайды мәтін есептің шартын құрастырып ,шешімін табады.



Критерий:

1.Тайм-менеджмент-3 мин

2.Есеп шартының дұрыс құрылуы

3. Теңдеуді дұрыс құруы.

4.Дұрыс жауабы

Оқушыларға әр түрлі идеяларды тереңірек түсінуге көмек бере отырып,шығармашы

лыққа ынталандыру

11- мин

«Дос сағаты»,топтық ,жазбаша

Мақсаты:Көпшілігі:Теңдеу көмегімен мәтін есепті шығару дағдысын жетілдіреді.1-ші сағатта кездесетін оқушылардан топ құрылады. Одан кейін келесі сағатта кездескенде жұптық топ құрады

1-топ № 877, 3-топ№ 881

2-топ № 879 ,4-топ №883

Топта берілген есепті шығарып,талдайды,Белгіленген уақытта кездесіп, жұптасады, кездескен достар есептерімен бөлісіп,бір-біріне көмек көрсетеді ,қателері болса түзетіп, бірін-бірі тексереді,өзара бағалайды.


Кері байланыс :

Ұнады


Ұнамады


Досыңа көмектесе алдыңба?


Саған көмек болдыма ?


Әділ бағалады ма?



Оқушылардың қажеттілігене қарай ,кеткен қателіктердің түзетілуін сараптау

5 мин

5. Шығармашылық деңгей, жұптық жұмыс,жазбаша.

Теңдеуді құрып, шешіңдер, түсіндірме-сін беріңдер.

Жүз қаз

(мәтінін оқып 1-ші бөлігін шығару)

Көктем. Жасыл жазираны жайлап отырған ауыл үстінен терістікке қарай үшбұрыш тәрізденіп бір топ қаз қаңқылдап ұшып өтеді. Ауыл алдындағы көл жағасына жете бергенде қаздардың бірі қанаты қайырылып, жерге қаңғалақтап құлап түседі. Басқа қаздар кездейсоқ жазымға ұшыраған қанаттасына қайрылмай кете береді.

Өз тобынан қалып қойған қаз қайта ұша алмайды. Келесі күні оның үстінен үшбұрыштанып көп қаз баяу ұшып өтеді. Жаны жабырқау жалғыз қаз қанаттастарына:

-Сәлем алейкум, жүз қаз, - деп сағынышпен сәлем береді.

-Уәликум үссәлем, жалғыз қаз, - деп үн қатады. Қаздардың көсемі, – Бірақ біз, сен айтқандай, жүз емеспіз. Жүз болу үшін әуелі өзіміздің санымыздай сан қос, сонда бәріміз жүз болып шығамыз.

Көл жағасында отырған жалғыз қаз әрі-бері ойланып-толғана келіп, үстінен ұшып өткен қаздардың қанша екенін біледі...

Жаз өтіп, күн таяған шақта жалғыз қаз жайлаған көл үстінен оңтүстік жаққа бет алып бір тізбек қаз жіптей созылып өтеді.

-Сәлемалейкум, жүз қаз, - деп көлдегі жалғыз қаз оларға ебелектеп сәлем береді. Қаздардың көсемі оның сәлемін қабылдап алысымен үн қатады:

-Біз жаздай балапандар көбейдік, енді бес топ болып ұшып барамыз. Артымыздағы қаздар біздей ғана, одан кейінгісі екі есе, одан кейінгісі үш есе, ең соңғымыз төрт есе көппіз. Бәрімізге сен қосылсаң жүз боламыз.

Іркес-тіркес созыла ұшып бара жатқан қаздар тізбегінің соңынан қарап қалған жалғыз қаз олардың әр тобында қанша қаз бар екенін де дәл есептеп табады. Мұны жалғыз қаз қалай білген?


Мұғалім топтарды аралап жүріп нұсқаулықтар береді, сұрақтар қояды.


Оқушылар мәтінді оқиды,топта талқылайды есептің сұрағына жауап табып, моделін құрып ,есепті шығарады.


Шығарылу жолымен ,есептің жауабын слайд арқылы тексеріледі.Дұрыс жауабы бар оқушы бағаланады.

Барлық оқушы бір тапсырманыорындасада ,олардың жауаптары әртүрлі болатынын сараптай отырып,

оқушылардың қажеттілігіне қарай шығармашылыққа сыни ойлауға ынталандыру

Сабақ соңы

5 мин

Білемін ? Білдім ? Білгім келеді?

Әр оқушы өзінің осы сабақта алған әсерімен бөліседі

Кері байланыс


Кері байланыс арқылы арқылы сабақтың әлсіз,күшті жағын анықтау сараланады.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы / Рефлексия учителя по проведенному уроку

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?








Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағасы / Общая оценка

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі