400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шартты белгілеулер:


Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;

Ж = жұптық жұмыс;

Т = топтық жұмыс;

М = мұғалімнің көрсетуімен;

Ө = өздік жұмыс;

Ү = үй тапсырмасы.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дондагулова Кулянда Рамазановна

Сынып: 6А

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақтың мақсаты

(смарт мақсат)

Барлық оқушы: Қарапайым бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

  • Басым оқушы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу арқылы түбірлер санын анықтау;



  • Кейбір оқушы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген мәтінді есептерден теңдеу құрастыру және оны шешу;


Бағалау критерийі

  • - Сызықтық теңдеудің түбірін табады


Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің жалпы түрін ауызша айтады және шешу алгоритмін түсіндіреді. Берілген мәтінді есептерді оқып теңдеу құрады және оқушыларға баяндайды.



Терминология: Теңдік, Мәндес теңдеу, Түбір, шешім, Өрнек

Диалогқа қажетті сөз тіркестері:

Мәндес теңдеу шығады

Шешімін табайық

X тің мәнін табайық

Тепе-теңдікті түрлендірейік

Шешімі табылады ма?

Құндылықтарға баулу




“ Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы негізінде “ Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылықтарын басшылыққа ала отырып, еңбек және шығармашылдық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Еңбек және қоғам

Алдыңғы білім


Жай бөлшектерге амалдар және бүтін сандарға амалдар қолдану.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ұйымдастыру сәті.

Оқушыларды «Теңдеу», «Мәндес», «Түбір», «Сызықты»деп топқа бөлінеді. ( төрт топқа бес оқушыдан бөлемін)

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

Үй жұмысын тексеру

« Көршіңмен тексер» әдісі бойынша үй жұмысы тексеріледі.

№780. Теңдеуді шешіңдер:

  1. 2x+17=22+3x

  2. 18+3x=x+14

  3. 25-4x=12-5x

  4. 5x+2=10-2x





Сабақтың ортасы

20 минут

(Ө). «Сәйкестендіру» әдісі

Мақсаты: Берілген тапсырманы оқушылар жеке орындайды және топ ішінде талқылайды.

Нәтижесі: Осы тапсырманы орындау барысында әр оқушы өзін нақтылыққа, жеке дағды қалыптастыруға үйретеді.

№783. Теңдеуді шешіңдер:

  1. 7x-(3+2x)=x+9 A) 3

  2. 13-(2x-5)=x-3 B) 7

  3. 3x-(10-9x)=22x C) -1

  4. 26-(17+2x)=-5x D) -3

Бағалау критерийі

  • Сызықтық теңдеудің түбірін табады


Дескриптор:

  • Теңдеудің түбірін табады;

  • Дұрыс жауапты сәйкестендіреді;


Бағалау тәсілі

«+», «-» белгілерін қою арқылы

Кері байланыс

Оқушылар есептерді шешу барысында түсінбеген тұстарын өзара және мүғалімге сауал қояды .



(Ө). Математикалық диктант

Мақсаты: оқушылар есеп шығару барысында түбірі жоқ теңдеуді және түбірі кез келген сан болатын теңдеуді теріп жазады. Тапсырма жауабын тақтада тексереді.

Нәтижесі: оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, мәселені барынша мұқият талқылауға қабілетін арттырады.


№795. Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға жазыңдар: (B деңгей)

Бағалау критерийі

  • Сызықтық теңдеудің түбірін табады

Дескриптор:



-Теңдеудің түбірін табады;

- Екі бағанға бөліп жазады;


Бағалау тәсілі

«+», «-» белгілерін қою арқылы

Кері байланыс

Оқушылар есептерді шешу барысында түсінбеген тұстарын өзара және мүғалімге сауал қояды .



(Ұ). «Джигсо» әдісі

Мақсаты: Берілген тапсырманы топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдер жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу.

Нәтижесі: Оқушыларды топта жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

№790. Мәтінді есептерді шығару

Қазыр әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?


№ 797.

Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап сананан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?

№798

Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.

№800

Бидай егілген екі алқаптың ауданы 100 га. Бірінші алқаптың әр гектарының 12 ц-ден, ал екінші алқаптың әр гектарының 10 ц-тен өнім алынды. Екінші алқаптан алынған өнім бірінші алқаптан алынған өнімнен 18,8 т кем болды. Бірінші егіс алқабының ауданы неше гектар?

№813

Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%- ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған?



Бағалау критерийі

  • Сызықтық теңдеудің түбірін табады

Дескриптор:

  • Мәтінді есепке теңдеу құрастырады;

  • Теңдеуді шешеді;

  • Жауабын жазады;

Бағалау тәсілі

Бағалау парағы

«+», «-» белгілерін қою арқылы

Кері байланыс

Оқушылар есептерді шешу барысында түсінбеген тұстарын өзара және мүғалімге сауал қояды .



Саралау:

Белсенді әдіс арқылы саралауды ашу

Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, топқа деңгейлік тапсырмалар берілді. Берілген тапсырманы барлық оқушылар берілген есептермен танысады, есептердің құрылымын бір-бірімен анықтайды және оның ішінде басым бөлігі есептердің шығарылу олгаритмін ортаға салады, есепті аяқтауға тырысады. Ал кейбіреулері, әрбір топтың атынан есепті толық аяқтап, нақты әрі дұрыс шешімін тауып, топтағы басқа оқушыларға түсіндіреді. Осы тапсырманы орындау барысында саралауды көруге болады. Яғни, барлық бала тапсырмаға қатысты. Басым бөлігі ортаға есеп олгаритмна байланысты ойларын айтты. Ал кейбірі ғана топтың атынын шығып, есептердің шешімін толық түсіндірді.

Саралаудың тәсілдері арқылы саралауды ашу

- Сабақтың смарт мақсатына жету үшін тапсырма барысында әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жоспарланады, яғни тапсырманы орындау барысында саралаудың « тапсырма» тәсілі жүзеге асады және оқушылар орындағанына байланысты сараланады.

- Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, топтық жұмыстар ұйымдастырдым. Себебі топта, олар бір-бірін оқыту арқылы көмектеседі, қолдау көрсетеді, сондықтан да саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі орын алады және оқушылар сараланады.

- Оқушылар тапсырманы орындау барысында дескрипторлар арқылы өз-өзін бағалап отырғандықтан саралаудың « бағалау» тәсілі орындалады.

- деңгейлік тапсырмалар орындау кезінде барлығына берілген бірдей тапсырманың нәтижелерінің неге әртүрлі болғанына назар аударып, қателер түзетіліп қорытындылады және толық жауап беріледі, немесе есепті қанша тәсілмен шығарылғанына байланысты оқушылардың жұмысын қорытындылау барысы саралаудың қорытынды тәсілімен сараланады.

Математика

Алдамұратова Т.А

«Атамұра»,2018

































































Математика

Алдамұратова Т.А

«Атамұра»,2018













































Математика

Алдамұратова Т.А

«Атамұра»,2018

Сабақтың соңы

8 минут

Рефлексия

« Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?





(Ү).

Үй жұмысы:

№810;№811;



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Жеке және топтық жұмысты орындау барысында саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен оқушы оқушыға бағыт бағдар береді, сол арқылы бірін-бірі оқыту жүзеге асады. Кімге қолдау көрсету қажет, кім қолдау көрсетіп жатқаны себепті осы тәсіл арқылы оқушыларды саралау жүзеге асады. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерін дескриптор бойынша бағалана отырып сабақта саралаудың «бағалау» тәсілі көрніс табады.

Тапсырманы орындау кезінде барлығына берілген бірдей тапсырманың нәтижелерінің неге әртүрлі болғанына назар аударып, қателер түзетіліп қортылады және толық жауап берілгеніне байланысты саралаудың «қорытынды» тәсілімен сараланады

Оқушылар әр тапсырмаға берілген дескриптерді белгілеу +/- арқылы өз-өзін бағалайды.

Сабақ соңындағы рефлексияға кестесіне пікір қалдыру арқылы өз-өзін бағалайды.

« Екі жұлдыз, бір тілек» - топтық бағалау

Бағалау парағы







Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі