400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: №59 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 15.01.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қасымова А.Д.

Сынып: 6 «е»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін біледі;

  • тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;

  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • теңдеу;

  • теңдеудің түбірі;

  • теңдеудің сол жағы;

  • теңдеудің оң жағы;

  • тепе-тең түрлендіру;

  • сызықты теңдеу;

  • сызықты теңдеудің коэффициенттері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • теңдеу деп- ...

  • теңдеудің түбірі деп ...;

  • теңдеуді шешу дегеніміз - ...;

  • сызықты теңдеу деп ...;

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып, оқушыларды еңбек пен ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық

байланыстар

математикалық сауаттылық, геометрия

Бастапқы білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару; Топқа бөлу: Парақшаның артында жазылған х , х+5, 2х-1, өрнектері арқылы топтарға бірігеді.


N- натурал сандар

Z-бүтін сандар

Q-рационал сандар.

Әр атауға топ басшылары түсінік беріп өтеді.


Үй тапсырмасын тексеру

а) есептерін тексеру

Оқушылар үйге берілген 3 есептің шешімін интеръактивті тақтадан дұрыс жауабын тексеру арқылы + және – әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


1)13х-0,2=4;

Дескриптор:

мәндес теңдеуге түрлендіреді;

13х=4+0,2

ax=b түріне келтіреді

13х=4,2

x=b/a есептейді

x=42/130



2) 34–2(2х–9)=28

Дескриптор:

жақшаны ашады;

34-4х+18=28

мәндес теңдеуге түрлендіреді;

-4x=28-34-18

ax=b түріне келтіреді

-4x=-24

x=b/a есептейді

x=6


3)

Дескриптор:

пропорцияның қасиетін пайдаланады;

-9х+3=6 5

мәндес теңдеуге түрлендіреді;

-9x=30-3

ax=b түріне келтіреді

-9x=27

x=b/a есептейді

x=-3


ә) Сөйлемді жалғастыр...


1) Санды теңдік дегеніміз...

(өзара тең екі санды өрнектің «теңдік» белгісімен жазылуы)

2) Теңдеу дегеніміз...

(құрамында белгісіз әрпі бар теңдік)

3) Теңдеудің түбірі дегеніміз...

(айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды)

4) Мәндес теңдеу дегеніміз...

(Түбірлері бірдей немесе түбірі болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады)

5) Ұқсас қосылғыштар деп...

(есептердегі әріптік бөліктері бірдей қосылғыштарды айтамыз)

6) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп...

(ах=b (мұндағы х – айнымалы, а және b сандар) түрінде берілген теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды)

қима қағаздар





















smk.edu.kz

слайд

























Математика

2 бөлім, 6 сынып

Т.А. Алдамұратова, Қ.С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов «Атамұра» 2018

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ

ҰЖ.Геометриялық кескіндердің көмегімен оқушыларға теңдеу құруды ұсынамын.

МShape2 Shape1 ысалы: Егер Р=20 см болса, үшбұрыш қабырғаларын табыңыз.

х 2 х-1

Shape3

х+5

Оқушылар берілген өрнектермен теңдеу құра отырып, сол теңдеудің түбірін табады.

Теңдеудің түбірі деп– айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды

Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу


Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі:


  1. Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау қажет;

  2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау қажет;

  3. Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру қажет;

  4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффицентіне бөліп, теңдеудің х= түбірін табу қажет.


ах=b теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:

ТЖ. (постер қорғау)


  1. Егер a≠0 болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, х= теңдігін жазып, теңдеудің бір ғана түбірін табамыз, мысалы: 8х-9=3х+8

  2. Егер a=0; b≠0 болса, теңдеу 0х=b түріне келіп, х-тің ешкандай мәнінде теңдік тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.

мысалы: 7х+3=7х+5, 7х-7х=5-3, 0∙ х=2. Теңдеудің түбірі болмайды.∅

  1. Егер a=0; b=0 болса, теңдеу 0х=0 түріне келіп, х-тің кез-келген мәнінде теңдік тура болады. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі кез-келген сан болады, яғни түбірі шексіз көп.

мысалы: 2х+х-5=3х-5, 3х-3х=5-5, 0х=0. Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.


Жаңа сабақты бекіту

Мына өрнектердің қайсысы бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге жатады?

ҰЖ. «Куббизм стратегиясы»

  1. Сипаттау (бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу қалай беріледі?)

  2. Тұжырымдау (бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу ді шешудің жолдары қандай?)

  3. Қолдану (бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді өмірде қай жерде қолданамыз?)

  4. Талдау (а, в, х = ? )



Сергіту сәті. «Дамыған пікір»

Берілген сөздерге сәйкес сөздерді сәйкестендіреді.

шеңбер, куб

кеме, қайық

поэма, мақала

тәулік, апта

жасуша, ұлпа

пернетақта, монитор

билік, саясат

дәстүр, салт

неолит, палеолит

зат есім, сан есім

Европа, Азия

сазгер, өлең

ай, мемлекет, материк, әдет-ғұрып, жазушы, биосфера, фигура, жүйелік блок, дәуір, теңіз, ән, сөз таптары



ЖЖ. Деңгейлік тапсырмалар

№781

  1. 1,5х+8=3,1x+16

  2. 2,9x+7,4=x+1,7

Дескриптор: Білім алушы

-ұқсас қосылғыштарды біріктіреді;

- берілген теңдеуді түріне келтіреді;

- теңдеудің түбірін табады.



№ 782



Дескриптор: Білім алушы

-ұқсас қосылғыштарды біріктіреді;

- берілген теңдеуді түріне келтіреді;

- теңдеудің түбірін табады.

№783

  1. 3х-(10-9x)=22x

  2. 26-(17-2x)=5x

Дескриптор: Білім алушы

- жақшаларды ашады;

-ұқсас қосылғыштарды біріктіреді;

- берілген теңдеуді түріне келтіреді;

- теңдеудің түбірін табады.





қосымша1

слайд

































слайд























презентация





қосымша2















қосымша 3









































Математика

2 бөлім, 6 сынып

Т.А. Алдамұратова, Қ.С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов «Атамұра» 2018














Сабақтың соңы

Сабақты бекіту

Сызықтық теңдеу құруға арналған тапсырма


Суретке қарап теңдеу құрастыру


Тест жұмысы

1.Теңдеуді шешіңдер:12 с + 22 = 82.

  1. А) 6; В) 3; С) 4; Д) 5

2.Түбірі 8 – ге тең болатын теңдеуді анықта:

А) 4х - 5 = 27; В) 7х - 16 = - 9; С) 3х + 29 = 44.


3. Теңдеуді шешіңдер: -4х – 8х + 5х= - 49.

А) - 7 В) 7; С) 2; Д) басқа жауап.


4.

А) 13 В)15,5 С) 12,5 Д) 14


А) 1 В)2 С) -2 Д)-1

Рефлексия

Плюс, минус, қызықты

+ стикерге сабақтан алған оң әсерлерін жазады;

- стикерге орындай алмаған тапсырмалар мен қиындық туғызған мәселелерді жазады;

сабақтың қызықты болған тұстарын жазады.

Үйге тапсырма: №795

Дескриптор: Білім алушы

-ұқсас қосылғыштарды біріктіреді;

- берілген теңдеуді түріне келтіреді;

- теңдеудің түбірлерін анықтайды.





слайд

қосымша 4






қосымша 5
















Математика

2 бөлім, 6 сынып

Т.А. Алдамұратова, Қ.С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов «Атамұра» 2018

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты өздері қорытып шығаруға көмектесемін. «Кубизм стратегиясы» әдісін пайдалану арқылы қорытынды тәсілін пайдаланамын.


Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүргізіледі

мақтап-мадақтау арқылы;

екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі

+ және – әдісі

өзін-өзі бағалау әдісі,

бірін-бірі бағалау

Оқушыларды топтық жұмысқа ыңғайлы даярлау.


Интъерактивті тақта, слайд, презентацияларды қолдану


Таныстым: Абжаппарова Ұ

6

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі