400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу", 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән

Математика

Мұғалім


Мектеп, сынып

6-сынып

Сабақтақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу


Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

6.2.2.2 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;
6.2.2.3 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.

Сабақ мақсаттары

  • Теңдеу, теңдеудің түбірі ұғымдaрымен таныстыру;

  • Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын меңгерту.

Жетістік критерийлері

  • Теңдеу, теңдеудің түбірі ұғымдaрымен танысады;

  • Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын меңгереді.

Тілдікмақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Теңдеу, айнымалы, теңестіру, тепе-теңдік, белгісіз, шешім, шексіз көп шешім, шешімі жоқ, оң жақ, сол жақ, оң және теріс таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бірінші, таңбалар ережесін және жақшаларды ашу ережесін сақтау;

Екінші, теңдеу, теңдеу шешіміне байланысты ережелерге көңіл аудару;

Үшінші, теңдеудің сол жақ бөлігі мен оң жақ бөлігіндегі белгісіздерді сол жаққа, бос мүшелерді оң жаққа өткізе отырып шешу;

Төртінші, теңдеуді шеше отырып теңдеудің неше шешімі бар немесе шешімі жоқ екенін анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізу.

Құндылықтардыдарыту

  • Оқушылардаөзбетімен жұмысістеумәдениетіндамыту, ұйымшылдыққаүйрету, бірін-бірісыйлау.

  • Өзіне жәнеайналадағыадамдарғақұрметкөрсету.

  • Оқылатынматериалғасынитұрғыдақарауарқылыоқуға құштарлыққа баулу.

Пәнаралықбайланыстар

Жаратылыстану, биология, физика.

АКТ-нықолданудағдылары

Бейне жазбалар, презентация, bilimland.kz, itest.kz.

Бастапқы білім

Қарапайым теңдеулер, 5-сынып

Сабақ барысы

Сабақ

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут



















1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушыларды түгендеу, кезекшіні сайлау,сынып тазалығын қадағалу.

2) Үйге берілген тапсырманы талқылау, тексеру.

2. Миға шабуыл.

Өткен сабақта өтілген тақырыпты пысықтау үшін сұрақтарға жауап береді, сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды:

  • –c(a+b) түріндегі жақшаларды ашу кезін қалай орындаймыз?

  • −(a+b) түріндегі жақшаларды ашу кезінде жақша алдындағы теріс таңбаны -1 түрінде жазуға болады, сонда жазылымы қандай үлгіде болады?



https://bilimland.kz/kk#lesson=10583



Негізгі бөлім


Жаңа сабақ

7 минут
























Тарихқа шолу


3 минут


















Жаңа сабақты бекіту


5 минут




































Сабақты қорытындылау

12 минут

3. Жаңа сабақ.

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеудеп атайды.Теңдеуді шешудегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдеудің түбірі деп аталады.

x+1=3,−x+3=2, 4x+2=5 және y−1=1  теңдеуі бір айнымалысы бар теңдеулердің мысалы болады.

Теңдеудің:

– Тек бір ғана шешімі болуы мүмкін. Мысалы, x+3=7 теңдеудің 4-ке тең тек бір ғана шешімі болады;

– Бірнеше шешімі болуы мүмкін. Мысалы, x2= 9  теңдеудің екі шешімі бар, олар 3 және -3 сандары;

– Шексіз шешімдер саны болуы мүмкін. Мысалы, кез келген сан x+1=x+1 теңдеудің шешімі бола алады, себебі, теңдеудің сол және оң жақтары әр уақытта тең.

– Шешімі жоқ болуы мүмкін. Мысалы, x+1=x+3 теңдеудің шешімі жоқ, себебі оң жағы әр уақытта сол жағынан екіге үлкен болады.

Теңдеутуралытарихимәліметтер


ДжероламоКардано(1501–1576) – италияндық физик және математик. Квадрат және кубтық теңдеулер туралы жалпы теорияның негізін салушы.

Кардано медицина саласындағы жұмыстары мен емдеудің инновациялық техникаларымен танымал. Түрлі тақырыпта 200-нан аса еңбегі бар.

Региомонтан(1436–1476) –неміс математигі, астрономы және астрологы, ең алғашқы баспаханашылардың бірі. Еуропадағы ең бірінші обсерваторияны ашқан. Күнтізбе реформасына қатысқан.


Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков(1911-1989)–ғалым, физика-математикағылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика-физи›ка теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков – республикалық физика-математикамектебін ұйымдастырушылардыңбірі.


2) Жаңа сабаққа байланысты зерттеу жұмысы. Тәжірибелік жұмыс орындату.





3) Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасын орындау.



https://bilimland.kz/kk#lesson=10065







https://itest.kz/kz/lekciya_bir_ajnymalysy_bar_syzyqtyq_tengdeu
















https://bilimland.kz/kk#lesson=10065










Слайд

















https://bilimland.kz/kk#lesson=10065
























Рисунок 1

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=359578976

Бағалау

2минут




Кері байланыс

3 минут

9-10 ұпай жинағанға – "5.

7-8 ұпай – "4.

6-5 ұпай – 3.

5-тен төмен – 2.


«Плюс, Минус, Қызықты»


«Плюс» – оң әсер еткен фактілері,алған білімдері жайлы




+

«Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр


-

«Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі келетін дүниені





Үйге тапсырма: №865;866.

Кеспе парақ.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Зерттеу жұмысының жауаптары






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі