400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер" тақырыбына ашық сабақтың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: №36

Күні: 11.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзабасова А.Т.

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.10

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді Shape5 Shape6 , Shape7 Shape8 түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • Shape9 Shape10 Shape11 Shape12 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығарады;

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіреді;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндейді;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Shape13 Shape14 Shape15 Shape16 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығара алады;

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;

- сызықтық теңсіздік.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • x>5 теңсіздігінің шешімі ... аралығы болып табылады;

  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;

  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

Құндылықтар

ды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру, бәсекелестік қабілеттерін арттыру, өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру

Бастапқы

білім

Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

  • Оқушыларды таңбалар арқылы топқа бөлу.

3х-7<2; 2х<1; 4х>16; 5х<20; 6х<3; 8х≥24; 5х≥16; 3х≥-18; 2х≥12; -8х≤32; 2х≤х+8;

5х=5; х+2‚7= 3; 2х=4; х=3; 5х=10; 8х=4


Мұғалім: «Мектептің іс жүргізушісі факс арқылы келген жеделхатты беріп кетті.Сіздерге маңызды мәлімет алып келе жатқан кемені жолда қарақшылар ұстап алыпты.Кемені құтқару жолдары осы жедел хатта айтылыпты.Мына тапсырмаларды орындау арқылы кемені қарақшылардан құтқарасыңдар:

Жұптық жұмыс

Деңгейлік тапсырма

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Блум гүлі

Тапсырмаларды орындап, табыс ағашына шықсаңдар кемені қарақшылар жібереді екен. »


Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін интербелсенді тақта арқылы тексереді. (№993)

Дескриптор:

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жаза алады.


ҚБ: «Бағалаушы шыншыл дос»




Презентация

таңбалар, бағалау парағы

Сабақтың ортасы




































Сергіту сәті

« Пилот- Штурман» деңгейлік тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс:

А деңгейі (№990)

В деңгейі (№999)

С деңгейі (№1004)


Оқушылар тапсырманы тақтаға «Қалам стратегиясы» арқылы орындайды.


Дескриптор:

  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жаза алады.


ҚБ: «Математикалық фигуралар»


«Постер қорғау»

Топтық жұмыс

  1. топ : «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп...»

  2. топ: «Теңсіздікті шешу дегеніміз...»

  3. топ: «Мәндес теңсіздіктер дегеніміз...»

Әр топтан оқушылар «Балмұздақ таяқшасы» арқылы шығып қорғайды.


Дескриптор:

  • теңсіздіктердің анықтамаларын біледі және оларға мысалдар келтіре алады.


ҚБ: 1. Анықтамаларын айта алу -1балл

2. Мысал келтіру -2балл


Жапондық бағалау: «ООо!», «Еее.», «Ммм»


«Артық -Кем»

Оқушылар бір санды таңдайды. Мұғалім кез-келген санды атайды. Ол сандар таңдалған саннан «артық» немесе «кем» болады. Егер «артық» сан айтылса оқушылар қолдарын жоғары көтереді, ал «кем» сан айтылса оқушылар қолдарын екі жанына созады.

Мұндай әдіс оқушыларға рационал сандарды салыстыру біліктілігін жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар сандар реттілігін сақтауға да көмектеседі.


Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,

Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.

Есепсіз өмір деген мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.


«Іздеген жетер мұратқа» жеке жұмыс

Тест

1.(- ∞; 5] сан аралығының аты
А) ашық сәуле          Б) интервал     В) кесінді      Г) сәуле
2.Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді.
А) (1; 4)                       Б) [ 1; 4]           В) ( 1; 4 ]      Г) [ 1; 4)
3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап; (4; 7]
 А) 4;5;6                       Б) 4;5;6;7          В)5;6            Г) 5;6;7
4. Белгіленуімен жаз; 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал
 А) (1;3]                        Б) [ 1; 3]            В) ( 1; 3)      Г) [ 1; 3)
5.Теңсіздіктер шешімін сан арлығымен жаз; 2≤х <6

 А) [ 2;6 ]                      Б) (2;6)               В) [ 2; 6)      Г) ( 2; 6 ]


Тесттің жауабы:

  1. Г

  2. Б

  3. Г

  4. А

  5. В

Дескриптор:

  • теңсіздікті ажырата алады

  • теңсіздікті дұрыс жаза алады

  • теңсіздікті интервалдарда көрсете алады

  • дұрыс жауапты табады.


ҚБ: «Өзін-өзі бағалау»




Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

А.Е.Әбілқасымова

Алматы: Мектеп, 2018.



Слайд, математикалық фигуралар














Слайд, плакат,





балмұздақ таяқшасы, бағалау парағы, құмсағат




















Тест тапсырмалары, құмсағат, бағалау парағы

Сабақты бекіту

Shape17

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?


«Блум гүлі »

Shape18

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?




Shape19

Санды теңсіздік


Shape21 Shape20

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін не істейміз?

Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?



«Блум» гүлі

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия. «Табыс ағашы»

Алған әсерлерін стикерге жазу. (Табыс ағашына ілу)

  • Не ұнады?

  • Не қиын болды ?

  • Тілегім

Үй тапсырмасы: №1008



Стикер,

«Алтын балық»

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары топтық жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. Оқушыларға тапсырмалар деңгейлік тапсырмалар түрінде беріліп отырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау критерийлері бойынша бағалау. Топтық жұмыс барысында жапондық әдіспен бағалау. Сабақтың әр кезеңінде топ басшысы оқушыларды бағалау парақшасына бағалап отырады.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.





2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі