Материалдар / Бір азғантай сыр айтайын...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бір азғантай сыр айтайын...

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Ү.Болат – үш кітап шығарған қаламгер. Оның 2009 жылы Алматыда «Бабамұра-М» баспасынан «Бір арман» атты жыр жинағы шыққан. Ақынның поэзиясын Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырзалиев секілді қазақтың классик- ақындары жоғары бағалаған. Ол – әдебиет пен өнер сынына да араласып жүр. Оның дәлелі – 2010 жылы «Оқшау сөз» деген атпен жарық көрген сын кітабы. Сондай-ақ әлемге әйгілі австриялық жазушы Стефан Цвейгтің 7 новелласын қазақ тіліне аударып, «Бейтаныс әйел» атты жинақ шығарды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2021
271
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Болат Үйсінбайұлы Мырзатай 1947 жылдың 12 қарашасында Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында туған. Ақын, сыншы, журналист, педагог және сазгер. Еңбек жолын «Жетібаймұнайгазбарлау» экспедициясында мұнайшы-оператор болып бастап, 1966 жылы Жетібайдағы жұмысшы-жастардың кешкі мектебін бітірген.

1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология (қазақ тілі мен әдебиеті) бөлімін тәмамдаған.

1971-1985 жылдары Жетібайдағы №8 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1977 жылы өз пәні бойынша облыстық педагогикалық оқулардың бас жүлдегері болған. 1982 жылы мұғалімдік іс-тәжірибесі теледидар арқылы республика ауқымына таратылған. Ол шығармашылыққа  баулыған дарынды жастар әдеби-журналистік салада жемісті еңбек етіп жүр. Ол - әріптестерінің еңбегін насихаттауға да елеулі үлес қосып, баспасөз арқылы он бес мұғалімнің іс-тәжірибесін таратқан. 1984 жылы ұстаздың педагогикалық еңбегі КСРО Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен аталып өткен.

М.Болат 1986-1991 жылдарда Қарағия аудандық «Түлеген түбек» газетінде редактордың орынбасары, 1999 жылы облыстық «Хабар» газетінде редактор, 2000-2003 жылдары республикалық «Үш қиян» газетінде Бас редактор болды. Осы жылдар ішінде жұртшылық оны өткір тілді журналист, білікті редактор ретінде таныған.  1994- 2003 жылдарда Қарағия аудандық мәслихатының қатарынан екі шақырылымына депутат болып сайланып, белсенді  қоғамдық қызмет атқарған.


М.Болаттың өлеңдері әр жылдарда республикалық газет-журналдарда жарық көріп, ақындардың «Қарлығаш» (1981 ж.), «Жыр-моншақ» (2003 ж.) жинақтарына, сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған «Маңғыстау әдебиеті» (2008 ж) атты хрестоматияға енген. Ақынның поэзиясын Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырзалиев секілді қазақтың көрнекті ақындары жоғары бағалаған.М.Болаттың Алматыдағы «Бабамұра –М» баспасынан «Бір арман» (2009), «Оқшау сөз» (2010), «Бостан сөз» (2012)атты өлеңдер, әдеби сындар, публицистикалар кітаптары жарық көрген. Оның тағы бір қыры – сазгерлік. Музыка мамандары мойындаған «Маңғыстау» атты әні, «Ыңғайтөкпе», «Қара жорға», «Домалатпай» деген күйлері бар. Сазгердің «Қара жорға» күйі – А.Жаңбыршы құрастыруымен 2008 жылы шыққан Маңғыстау күйлерінің «Нарату»  жинағына енген.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!