400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Мектеп:

Күні:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

Осы сабақ

арқылы жүзеге

асатын оқу

мақсаттары

1.Бір бағытта қозғалу жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру,есептеу дағдыларын жетілдіру

2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар бір бағыттағы қозғалыс сөздерін қолданады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: қашықтық,жылдамдық,уақыт, формула, амалдар,текше

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша - жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар :

  • Қашықтықты қалай табамыз?

  • Жылдамдықты қалай табамыз?

  • Уақытты қалай табамыз?

  • Бір бағыттағы қозғалысты қалай түсінесің?

  • Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс дегенді қалай түсінесің?

Ишара: «Бағдаршам» әдісі. «Алақан» әдіс. «Бағдаршам», «Смайлик» әдісі

Жоғары қарай- мен түсіндім,көлденең – мен түсінгендеймін,

төмен қарай – мен түсінбедім. «Қарындаш әдісі»

Бағалау

критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Өте жақсы, жақсы, орташа

Құндылыққа баулу

Салт-дәстүрімізді ұмытпау, жалғастыру, келешек ұрпаққа дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану, тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



Топқа бөлу





3-минут
















Түсіну


9 минут



Топқа бөлу:

Асықтар арқылы топқа бөлу.

4 топқа бөлу. Ол үшін асықтарға 1 ден 4 ке дейінгі сандарды жазып қоямын. Оқушылар асықты таңдағанда сандарға байланысты топқа бөлініп отырады.


Слайд №1

Психологиялық дайындық

Жақсылық бар менде де

Жақсылық бар сенде де

Жақсылық бар әлемде

Жақсылық тілеймін бәріңе


Бүгінгі сабақта біз «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Топтық жарыс болады. Қай топтың оқушылары жылдам екенін көрелік. Әр дұрыс шығарылған есепке, дұрыс жауапқа бір,бір асықтан беріп отырамын. Сабақ соңында қай топ асықты көп жинайды, сол топ жеңімпаз топ болады.

  • Әр топта қоржын бар, сол қоржындарыңды асыққа толтырыңдар дегім келеді. Барлық топқа сәттілік!



Слайд № 2

Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып, 1-топтың оқушысы қашықтықты табу формуласын: S=U * t, 2-топтың оқушысы жылдамдықты табу формуласын U=S: t , 3-топтың оқушысы уақытты табу формуласын t=S: U жазса, 4-топтың оқушысы жұмыс өнімділігін табу формуласын А=U* t көрсетеді.


И/б тақтаға қарап тексеру

Кері байланыс «Смайлик» тәсілі.




Слайд № 3

« Бір қадам алға ...» әдісі

Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере отырып бір қадам алға жылжып отыру

* мотоциклші мен велосипедшінің жылдамдығы туралы не айтуға болады?

* 60-16 нені білдіреді?

* межелі жерге қайсысы бірінші жетеді?

Ең алға шыққан оқушыға бір асық беру.


Топтық жұмыс

1-топ 2-топ

2 тапсырманың а) 2 тапсырманың ә)

S=630 kм

U1=70kм/caғ

U2=90kм/caғ

t1=? t2=?

Ш: t1= 630/70= 9

t2=630/90=7

9-7=2

Ж: Межелі жерге екінші көлік 2 сағатқа бұрын жетеді.

U1=20 м/c

U2=18м/c

t1=10 с t2=10 мин t3=1 сағ

S1 = ? kм

S2 = ? kм

S3 = ? kм

Ш: 20-18 2

2 * 10 = 20

2 * 10 = 20

2 * 60 = 120

Ж: 10 с = 20

10 мин кейін = 20

1 сағаттан кейін =120 метр болады












3 -топ 4- топ

S1 =120 kм

S2 =140 kм

t =4 сағ


U1=? kм/caғ

U2=? kм/caғ

Ш: 120 : 4 = 30

140 : 4 35

Ж: U1=30 kм/caғ

U2=35 kм/caғ

Қобыз - 2

Домбыра - ?, 6 есе артық

Сыбызғы - ? 7 есе кем

Барлығы - ? аспап

Ш: 2 * 6 12

12 + 2 14

14 :7 = 2

2 + 12 + 2 = 16

Ж: барлығы 16 аспап сатып алынды.















Дескриптор

  1. Межелі жерге қай көліктің бірінші жететінін табады

  2. Қалған оқушылар топта жұмыс жасайды.

  3. Жылдамдықты таба алады

  4. Уақытты таба алады

  5. Есептің шартын жаза алады

  6. Бірлесіп жұмысты атқарады


Кері байланыс «Қол шапалақ» тәсілі.




асықтар





Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
















АКТ-ны пайдалану


































Тапсырма жазылған қима қағаз тарату




Ортасы

Қолдану


4 минут




















3 минут



















Сергіту сәті

2 минут



Талдау

13 минут

Слай № 4

Топтық жұмыс. Тақтада бөлу.

Әр топқа бөлу амалына берілген бір – бір өрнек беріледі. Амалды бағандап орындайды.


Дескриптор

  1. Тақтада жұмыс жасайды.

  2. Бағандап шығару ережесін сақтайды.

  3. Жылдам орындайды.

  4. Ауызша түсіндіреді

  5. Жауабын дұрыс тауып, жазады.


Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі.


Слайд № 5

«Көкпар» ойыны. 1.Екі фигураны ауызша салыстыру




2.Үшбұрыштардың екі қабырғасының ұзындықтары бірдей,яғни 8 см. Ал, үшінші қабырғасының ұзындығы 2 см. Осы үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.

Ең көп жауап беріп, белсенділік танытқан топ мүшелеріне асық беріледі.




Слайд № 6

Дәптермен жұмыс. Амалдарды орында №5

Жұптық жұмыс.


Әр жұпқа екі өрнектен бөліп беріледі, оқушылар өрнектердің мәнін тапқаннан соң бірін – бірі қызыл қарындаштарымен тексереді.

Дескриптор

  1. Көбейту мен бөлу арасындағы байланысты түсінемін.

  2. Бұл амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы тәуелділікті білемін.

  3. Көбейту және бөлу кестесін қолдана аламын.

  4. Есептеуде үштен артық қате жібермеймін.


Кері байланыс «Қарындаш түстері» тәсілі.




Слайд № 7


№ 9. Амалдарды орында . «Кім жылдам» әдісі арқылы

Жеке жұмыс. Әр оқушы өзі қалаған өрнегін немесе әр топ бір – бір өрнектен бөліп алады. Өрнектің мәнін амалдардың орындалу ретімен тез таба білген оқушылар бір – бір асықтан алып, топтың қоржынына салады.


Дескриптор

  1. Амалдардың орындалу ретін біледі

  2. Бөлудің,қосудың, азайтудың, көбейтудің компоненттерін біледі.

  3. Амалдардың орындалу ретін жаза алады

  4. Өрнектің мәнін дұрыс табады,жазады



Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі.


Қима қағаз тарату






















АКТ-ны пайдалану






















Жұмыс дәптер.

Қызыл қарындаш



















Оқулық.

Жұмыс дәптер.

Жинақтау

Соңы


4 минут




Үйге тапсырма



Рефлексия



  • Кәнекей, қоржындағы асықтарды санап, қай топтың оқушылары көбірек асық жинаса сол топ «жеңімпаз топ» деп марапатталады.

  • Қоржындағы асықтарды санау. «Жеңімпаз» топты ортаға шақырып, сыйлық ретінде үлкен «Сақа асық» сыйлап, марапаттаймыз.


Үй жұмысына жұмыс дәптердегі 32 беттегі №6 тапсырма беріледі.


Слайд № 8

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  бүгінгі сабақтан не түсінгенімізді, жіпке тізіп шығайық.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз.








Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға үш тапсырма беріледі.

  1. Оқушылар бір бағыттағы қозғалысқа берілген тақырыпты бекітеді.

  2. Жұпта жұмыс жасай алады.

  3. Топта жұмыс жасайды.

  4. Бір-бірін тексергенде қателерін табады.

Бағалау – өзін-өзі бағалау

Пәнаралық байланыс – дүниетану, жаратылыстану,тарих.

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)- «салт – дәстүр, асықтар»







Өз сабағыңызды талдау үшін берілген сұрақтарға жауап беріңіз?


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді, не білді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.Сыныптағы ахуал қандай болды?

5.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма(тапсырмалар сәйкес болды ма)?

6.Уақытты қалай пайдаландым?

7.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты )?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі