Бір бидай – бес қап ертегісін әңгімелеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір бидай – бес қап ертегісін әңгімелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «Бір бидай – бес қап» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, адамның жақсы қасиеттері туралы мағлұмат беру, адам еңбегінің маңыздылығы туралы негізігі түсініктерді қалыптастыру. Балалардың мәтінді тыңдау арқылы қысқаша ой түйіндеу қабілетін қалыптастыру, елестету, еске сақтау мүмкіндіктерін, байланыстыра сөйлеу қабілетін, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Адамның еңбегіне, жануарлардың тіршілігіне қызығушылықтарын қалыптастыру; шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөйлеуді дамыту: Бір бидай – бес қап ертегісін әңгімелеу.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Балаларды «Бір бидай – бес қап» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, адамның

жақсы қасиеттері туралы мағлұмат беру, адам еңбегінің маңыздылығы туралы

негізігі түсініктерді қалыптастыру. Балалардың мәтінді тыңдау арқылы қысқаша

ой түйіндеу қабілетін қалыптастыру, елестету, еске сақтау мүмкіндіктерін,

байланыстыра сөйлеу қабілетін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Адамның еңбегіне, жануарлардың тіршілігіне қызығушылықтарын

қалыптастыру; шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Белсенді сөздік қорға: аулайды, іздейді, жинайды, қуалайды, қап, бидай,

бұршақ, қап, еңбек сөздерін қосу.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Суретті көрсету, ертегіні әңгімелеу, сергіту сәті, сұрақ-жауап,

мнемосызбалармен жұмыс, мақтау, пысықтау, рефлексия.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. Көрнекілік материалдар.

Түлкі мен қашқан тышқанның іздері салынған сурет.

Түлкінің және тышқанның табиғаттағы жеке суреттері.

Ертегі оқиғасы бойынша слайд немесе суреттер:

1) тышқан шаршаған түлкіден сәл алшақ отыр, бір қолын бетіне тіреп, түлкіні

тыңдап жатыр.

2) бидай дәндерін қолдарымен құшақтап ұстап, біреуін жеп тұрған тышқан.

3) көктемде егін егу жұмыстары, трактор жерді жыртып жүр; қаптан бидай сеуіп

келеді.

4) алтын бидай даласында комбайн келе жатыр, жанында қатарынан жүк

мәшинесі; комбайннан мәшиненің шанағына бидай төгіліп жатыр.

1

5) сол жақта - бір дән - көрсеткі - бес қап бидай, арасында бір қаптың аузы ашық.

6) үй ішіндегі шымылдығы ашық терезеден ауладағы қарғалар көрінеді; терезе

алдына үстел тұр, үстелде бір табақшада шелпектер, бір тақтайшада ыстық

нанның буы бұрқырап шығып тұр.

Баяу, ырғақты және орташа ырғақты әуендердің аудиожазбалары.

Ертегі мазмұны бойынша мнемосызбалар.

2. Үлестірмелі материалдар.

Қаптар, ыдыстағы 1 кг жарма (бидай).

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Суретті көрсету.

Түлкі мен қашқан тышқанның іздері салынған сурет көрсетіледі.

Тышқан мен түлкінің жеке тұрған бейнелері пайда болады.

- Балалар, мынау нелер? Жарайсыңдар!

- Балалар, білесіңдер ме? Табиғат аясында түлкі мен тышқан бір-біріне жау. Түлкі

тышқанды аулап жейді. Ал тышқан одан қашып жүреді, ол өзіне бидай, жем

іздейді.

- Осы аңдар туралы ертегі бар екен. Тыңдап көрейік.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Ертегіні әңгімелеу.

Ертегіні оқығанда слайд немесе суреттерді көрсетіп тұру керек.

2

Дина Ахметова «Бір бидай – бес қап» ертегісі.

1-сурет.

- Бір күні Түлкі Тышқанды аулаудан шаршап, Тышқаннан сұрайды екен:

- Мен сені қуалаймын, аулап, жеймін деп шаршаймын. Ал сен нені жеймін деп

шаршайсың?

2-сурет.

Тышқан:

- Мен бидай жинаймын.

Түлкі:

- Бидай? Бидай деген не?

3-сурет.

Тышқан:

- Жүр далаға. Мында адамдар егін егіп жатыр. Міне, қара. Бидай бір-бірден

жерге түсті.

Түлкі:

- Сен неге осы бидайларды қазір-ақ жеп алмайсың?

Тышқан:

- Қазір көктем ғой. Көктемде бидай аз. Мен бидайды көктемде жеп қойсам,

қыста аш отырамын.

4-сурет.

Мен бидайды күзде адамдармен бірге жинаймын. Ал қазір жерден басқа жем

3

табамын.

Түлкі:

- А-а-а ... Шыдамың мықты екен.

5-сурет.

Тышқан:

- Иә, көктемде - бір бидай, күзде - бес қап.

6-сурет.

Ал қыста күнде шелпек, күнде нан болады.

2.2. Сергіту сәті. «Бұршақтар».

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Белгі бойынша (асатаяқ) балалар «бұршақтарға» айналып ойнайды. Балалар

жан-жаққа шашылып жүгіріп жүреді. Басқа белгі берілгенде бір шеңбер ішіне

жиналады. Ойын екі рет ойнатылады.

Жаттығу балалар үшін таныс болуы керек. Балаларға ойын шарты түсіндіріледі.

Ойын басында әуен қосылып, балалар ойынды бастап кетеді.

2.3. «Бір бидай – бес қап» ертегісінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап.

Мнемосызбаларды балалар жауап бере алмай жатса ғана қолдануға болады.

Мақсаты.

Сөздерді, мәтінді есту қабілетін тиянақтау, еске сақтау мүмкіндіктерін

жетілдіру.

4

- Балалар, ертегі қалай аталады?

- Ертегі не туралы?

- Түлкі өзіне қалай қорек табады. Иә. Тышқан аулайды.

- Тышқан қалай қорек табады? Иә. Бидай жинайды.

- Балалар, тышқан бидайды жазда жинай ма, күзде жинай ма? Иә. Күзде

жинайды. Қайтала.

- Күзде бидай аз ба? Иә. Күзде бидай көп. Қайтала.

- Тышқан айтқандай, қандай болу керек? Шыдамды болу керек. Қайталайық.

- Көктемде - бір бидай, күзде - бес қап. Қайталайық. Жарайсыңдар!

2.4. Мақал жаттау.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

- Балалар, бұл мақал не туралы? Еңбектенген адамның қарны тоқ болатыны

туралы. Бұл мақал барлық жақсылық еңбекпен келетінін түсіндіріп тұр.

- Балалар, мақалды жаттап алайық. Еңбекшіл болып өсейік.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.

5

Педагог:

- Балалар, бүгін не оқыдық? Тақпақ па? Ертегі оқыдық. Жарайсың, Ержанат!

- Сендерге ертегі ұнады ма? Адам тоқ болу үшін, не істеу керек? Жарайсыңдар!

Көп еңбек ету керек, шыдамды болу керек. Алдияр, қайтала. Жарайсың!

- Балалар, бүгін сендер шыдамды, ақылды болғандарыңды байқадым. Еңбекшіл

болып өсіңдер. Қазір біраз демалып алайық.

Рефлексия. «Қапқа бидай жинайық» ұсақ моторикаға арналған жаттығу.

Балалар үстелдің алдына отырады. Үстелде әр баланың алдында бір уыс бидай

төгіліп жатады. Бидайды бір-бірлеп табақшаға, содан кейін бір шағын дорбаға

(қапқа) жинау қажет.

- Балалар, біз де тышқан сияқты шыдамды болайық. Алдарыңдағы қағаздың

бетінде бидай дәндері шашылып жатыр. Бір дәннен алып, табақшаға тізіп

салайық, содан кейін мына қапқа төгеміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі