«БІР – БІРІМІЗДІ ТЫҢДАЙ
АЛАМЫЗ БА?» Тренинг
Мақсаты: өзін-өзі және өз бойында
анықталмаған әлеуетін тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі зерттеу,
жағымды қарым-қатынас орнату
Міндеттері: Өзінің көзқарастары мен
әдеттерін ұғыну; жаңа шабыт интерпретациясын жасау, жарқын, бақытты
өмір сүру.
Сынып: 8-11
сынып
Құрылымы: Топ шеңбер бойына
отырады.
«Көңілді
доп»
жаттығуы
Мақсаты: қошеметті тыңдау және айту
қабілетін арттыру, сергіту
Бүгінгі күнді ойын ойнаудан
бастаймыз. Бір-бірімізге кезек-кезек доп лақтыру арқылы допты қағып
алушы адамның бойындағы жағымды қасиеттерін, мінез-құлқының күшті
қырларын айтуымыз қажет. Доп әрбір қатысушы қолына тиюі (үлесуі)
керек.
«Доцент»
жаттығуы
Мақсаты: өзгерістерге жылдам бейімделу,
жағдайлардың құбылуына байланысты сенімді түрде жылдам жауап
қайтаруға бағытталған
Мазмұны: қатысушылар шеңбер бойымен
отырады. Жүргізуші кез келген қатысушыға 2-ден 12-ге дейінгі кез
келген санды айтады. Жүргізуші кімді көрсетеді сол адам сол санды
саусақтарымен көрсетуі қажет (егер ол 10-нан жоғары болса,
саусақтарымен екі айналым жасауға болады). Кім оның оң жағында
отырса санды ары қарай кему ретімен көрсетеді, сан нөлге жеткенге
дейін жалғасады. Кім қателеседі немесе көп ойланып отырып қалады,
сол ойыннан шығарылады.
Талқылау: қатысушылардың ойынша бұл
жаттығуды орындау барысында қандай тұлғалық біліктер
дамиды?
«Интонация»
жаттығуы
Мақсаты: тұлға бойындағы
қарым-қатынасқа тұйықтық жабықтық қасиетін
түзету.
Әрбір қатысушы кішкене парақшаларға кез келген
сезім, эмоция түрін жазады. Барлық парақшалар жиналып,
араластырылып, қатысушыларға қайтадан таратылады. Осыдан кейін
қатысушылар кезегімен қолындағы парақшаларға жазылған эмоция, сезім
түрін интонация арқылы ортаға шығып көрсетеді. Қалған қатысушылар
ол қандай эмоция, сезім түрі екенін табуы қажет.
«Автопилот»
жаттығуы
Мақсаты: өз бағаттылығын, жағымды
тұлғалық сапаларын өз бойынан көре білу, оны ұғыну, өзіне
сенімділігін арттыру, өз-өзін таныстыра білу, сыртқы ортамен
қарым-қатынасқа түсу. Қатысушылар өздерін қоғамда қалай көрсеткісі
келеді, соны ой елегінен өткізу.
Әрбір қатысушы «автопилоттың»
арнайы бағдарламасын құрастырады (мысалы, «Мен өз-өзіме сенімдімін;
мен ақкөңілмін). Бағдарламаны құрастырып біткеннен кейін, оны
басқалардың иланғанына көз жеткізу үшін оны дауыстап оқуы
қажет.
Қатысушыларға келесідей түсініктеме
беріледі:
Өз-өзіңді таныстырғанда,
басқалардың ойында өзің қалатындай етіп, ерекшелеп, даралық
сапаларыңызды айтыңыз. Мысалы, «Мен сымбатты, сабырлы, өз-өзіме
сенімді жанмын. Менің жан дүнием қарапайым болғанмен, шаштарым
жылтыр, тарағанға ыңғайлы, тез майланып кетпейді. Ең маңыздысы, мен
сөзге шебер, кез келген ортаны сөзбен қыздыра білетін ақын
жандымын» немесе «Мен орта бойлы, қара торы, кішкене толықшадан
келген қарапайым қызбын. Бірақ мен тағамдарды өте дәмді әзірлеймін.
Оны жегенде арманда, жемегенде арманда. Үйге келсеңіздер сіздерге
ыстық тамақпен қатар, алмадан пирог жасап тәтті шәй беруге уәде
беремін».
«Мен
осындаймын»
жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі
неғұрлым объективті бағалауын дамытуға
жәрдемдесу.
Әрбір қатысушы өзін, басқалар көрмеген, білмеген
қырларын сурет етіп салады. Осыдан кейін барлық суреттер жиналып,
бір-бірімен араластырылады. Әр сурет бойынша қатысушылар өзінің
алған әсерлерімен бөліседі.
«Сыйлық» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың бір-біріне
жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру.
Қатысушылар шеңбер бойына отырып кезек-кезегімен
бір-біріне мимика, жестті пайдаланып, вербальды емес қарым-қатынас
арқылы сыйлық сыйлайды. Сыйлық алу, беру аяқталғаннан кейін,
керісінше енді сол берген сыйлықтарын вербальды қарым-қатынас
түрінде көркем сөздермен бейнелеп айтып қайта
сыйлайды.
Рефлексия:
- Тренингке қатысу барыснда
қандай психологиялық сапаларыңызды көре
білдіңіз?
- Қандай сезімдерді бастан
кешірдіңіз?
- Топтағы құрбыларыңыз және
өзіңіз туралы қандай жаңа нәрселерден хабардар
болдыңыз?
- Бұл біліміңізді сізге қалай
пайдалануға болады?
- Не
үйрендіңіз?
- Мұның болашақта сізге пайда
тигізер тұстары қандай?
- Сізге ең маңыздысы не
болды?
- Сіз не туралы көбірек
ойландыңыз?
Баршаңызға рахмет! Өз өмірлеріңізге, өздеріңізге
қажетті, керек нәрселерді бере білдік деп ойлаймыз. Сау саламатта
болыңыздар!