400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бір бөлігін үзіп алып, құстарды тамақтандыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмсақ лизунның (созылғыш) бөлігінен кішкене бөлікті үзіп ала білуді бекіту. Саусақпен жұмыс жасата отырып, баланың ой өрісін дамыту, саусақ моторикаларын дамыту. Балаларға « құстарға тамақ берейік» іс-әрекетін орындату. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Бір бөлігін үзіп алып, құстарды тамақтандыру»

Мақсаты: Жұмсақ лизунның (созылғыш) бөлігінен кішкене бөлікті үзіп ала білуді бекіту. Саусақпен жұмыс жасата отырып, баланың ой өрісін дамыту, саусақ моторикаларын дамыту. Балаларға « құстарға тамақ берейік» іс-әрекетін орындату. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Технология: «ойын технологиясы».

Әдіс тәсілі: монтессори әдісі, көрсету әдісі, үйрету әдісі;

Қолданылатын көрнекіліктер: ағашта ілініп тұрған құстың ұясы, құс, бидай, лизун, әр балаға құс суреттері жапсырылған картон, үй құстарының макеті;


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі



Балалардың қызметі



Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды орындықтарына отырғызып көңілді әуенмен «Балақан» ойын жаттығуын жасату.

«Бала ,бала балақан.

Қане, саусақ алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басамыз,

Қолдан бәрін жасаймыз.



Ғажайып сәт.

Құстың шиқылдаған даусы естіледі.

  • Балалар,бізге қонаққа әдемі құс келіпті.

  • Қане, амандасамыз.



Тәрбиешімен бірге

«Балақан» ойын жаттығуын жасайды.

Әуен ырғағына қуанады,

қолдарын қозғап

шапалақтайды.









Шиқылдаған дауысқа

елеңдеп, құстың қасына келеді да, онымен амандасады.

Қарайды, зерттейді



Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Балалар, менің қарным ашты.


-Маған тамақ бересіңдер ме?


-Әрине-әрине ,сен бізге доссың ғой.


-Балалар, қане, құсты тамақтандырамыз.



Балалар ,сендер ақылды болғандықтан

тағы да, көптеген құстар қонаққа келіпті .


Балалар назарын үстел үстіндегі құстарға аудару.

  • Балаларды орындарына жайғастырып отырғызу.


  • Сендерге қандай әдемі құстар келген.

Құстарға қарауға мүмкіндік беру.


  • Осы құстарды тамақтандырайық.


- Мынау ермексаз.


  • Аузымызға салмаймыз.


Осы ермексазды сол қолымызға ұстаймыз оң қолымызбен жәймен үзіп аламыз да, оны құсқа береміз.


Балаларға бірнеше рет қайталап көрсету.


Балалардың жұмыс жасауына

көмектесу,қолдарына ермексазды ұстату, жұмыс жасату.



тәрбиеші көмегімен алдын ала дайындалған ыдыстағы бидайды құсқа біртіндеп береді.





Орындарына жайғасып ,алдарында тұрған құс

бейнесіне қарап танысады.


тәрбиеші көмегімен

жұмсақ ермексаздан бөлікті үзіп алып, алдарында тұрған құстың алдына қойып тамақтандырғандай болады.





Рефлексифті-түзетушілік

-Жарайсыңдар балалар,өте тамаша.

Ойын: «Құстарды тамақтандыр»

Үй құстарының даусы естіледі.

Балаларға үй құстарының макеттерін көрсетіп оларды бидаймен

тамақтандыруға шақыру.


  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгін бізге нелер қонаққа келді?

  • Біз құстарға не бердік?

  • Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.


Балалар тәрбиеші көмегімен құстарды

бидаймен тамақтандырып ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Құстарды ,олардың ұшатынын біледі.

Нені игерді: Құстарға тамақ беру іс-әрекетін игерді.

Нені меңгерді: Жұмсақ ермексаздың бөлігінен кішкене бөлікті үзіп ала білуді меңгерді.



















































КММ «№19 санаторлық бөбекжай»



















Тақырыбы: «Бір бөлігін үзіп алып құстарды тамақтандыру»

Тобы: «Балапан»

Топ тәрбиешісі: Жанақбаева Жанейро.

























2017 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі