Петропавл қаласы
«№26
мектеп-балабақша» КММ
Тарих-география мұғалімі
Елембаева Марзия Тлегеновна
Сабақтың тақырыбы: Бір ел – бір
Елбасы.
Сабақтың мақсаты:
-Оқушылар КСРО-ның ыдырауы,Қазақстанның тәуелсіздік алу
жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдалықтарды түсінуін
қалыптастыру.
-
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаев туралы
білімдерін кеңейту,ел өміріндегі құбылыстарға талдай жасай білуге,
өз көзқарасы мен пікірлерін дұрыс жеткізе алуға
дағдыландыру.
-
Отан
мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу,
Отанға, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, азаматтық
рухқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының саяси
-әкімшілік картасы, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, суреттер, кітаптар,
слайд.
САБАҚ
БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру кезеңі (Үнтаспадан күй әуені
естіліп тұрады.)
ІІ.
Қызығушылығын ояту.
Дөңгелек
үстел әдісі (Ауызша раундробин)
1991 жылы
КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республикалардың барлығы өз
тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем
картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда
болды.
Қазақстан
Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған.
Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас
орнатқан.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.
Бұдан әрі
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жайында қысқаша кіріспе
сөз.
1991 жылы
1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкілхалықтық Президент сайлауы
өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Републикасының
Президенті сайланды.
Ата Заң
бойынша Президент – татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық
аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент
қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады.
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
кім?
Нұрсұлтан
Назарбаев қазақ халқының, Қазақстан республикасының тарихы мен
тағдырында қандай орын алады,қандай қызмет
атқарды?
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, бұл
сұрақтарға әркімнің жауабы әртүрлі.Бірақ бір ақиқаттың беті ашық,
солар берген бағаның басым бөлігі Нұрсұлтан Әбішұлының елге
сіңірген еңбегімен айшықталып жатады. Әсіресе «ол КСРО қирандысынан
егеменді Қазақстан Репсубликасын құрып шығарып,, оны тарихи қысқа
мерзім ішінде әлемге мойындатып, экономикасын қарқынды даму
арнасына салып, әлеуметтік жағдайды жақсарта алған посткеңестік
аумақтағы ең мықты «көшбасшы», деген баға жиі айтылады және
әділетті де. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бір ел- бір
Елбасы» болғандықтан елбасымыздың қызметі мен біздің тарихымыздағы
орны туралы ой толғамақпыз. Сөз оқушыларға
беріледі.
1-оқушы:
Бүгіндері
Ұлттық қорларымызда 50 миллиард доллардан астам алтын-валюталық
қазынамыз бар. Ұлттық қазынаның жан басына шаққандағы мөлшері
жөнінен алғашқы ондыққа кіреміз.
2-оушы:
Н.Ә.Назарбаевтың даналық басшылығының нәтижесінде әлемнің
ең мықты мемлекеттері мен трансұлттық компаниялары біздің сенімді
әріптесіміз, инвесторымыз болып шықты. Соның нәтижесінде алып КСРО
державасының қолынан келмеген Каспий теңізінің астындағы мұнайды
кәдемізге жаратып жатырмыз. Мұнай арқылы Қазақстан гүлденуіне жол
ашылды.
3-оқушы:
1997
жылдан бері жылдық ішкі жалпы өнім мөлшері екі еседен астамға өсті.
Ал халықтың нақты табысы бес есе артты. Осыдан-ақ Н.Ә.Назарбаевтың
халықшылдығы көрініп тұр.
4-оқушы:
Н.Ә.Назарбаевтың даналық саясаты арқылы Қазақстанның бай
уран қорды елдің кірісінің негізігі бір көзіне айналдыра алды. Біз
егемендік алған кезде алдымызда «Джексон-Венк» деп аталатын «қара
тізімнен» тұратын үлкен кедергі тұрды. Бұл кедергі бізге уран
түгел, қара және түсті металдың біраз бөлігін экспорттауға бөгет
болды. Н.Ә.Назарбаевтың даналық саясаты осы бөгетті бұзды.
Қазақстан «Джексон-Венк» тізімінен шығарылды. Сөйтіп, металымыз
түгіл, уранымыздың өзін әлемнің барлық бейбіт мақсаттағы елдеріне
тарата алатын болдық. Ал бұл Қазақстанды уран өндіріп,
экспорттаудан дүниежүзілік көшбасшы деңгейіне
көтерді.
5-оқушы:
Қазақстан
Егемендігін жариялаған кезде біздің сыртқа шығатын бір-ақ дәлізіміз
болған еді. Ол – Ресей арқылы өтетін Еуропаға жол. Содан бергі 19
жыл ішінде Қытай арқылы Оңтүстік Шығыс Азияға, Каспий теңізі арқылы
Таяу Шығыс пен Еуропаға жол салып алдық.
6-оқушы:
Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзіндегі дәстүрлі діндер
жетекшілерінің басын Астанада бір мәміле дастарханы басында қосып,
«бәріміздің жаратушымыз бір, сондықтан да бейбіт өмір сүруге
болады» дегізе алуы - әлемді риза еткен үлкен жаңалық болды.
Сондай-ақ, ол Президентіміздің көптарапты саясатына қозғаушы күштей
ықпал етті. Қазіргі Қазақстан досы көп, дұшпаны жоқ ел. АҚШ,
Еуроодақ мемлекеттері, Қытай, Ресей стратегиялық сенімді
әріптестеріміз, ал Ислам әлемі діндестеріміз.
7-оқушы:
АҚШ
мемлекетінде болған қыркүйек оқиғасынан кейін беделі әбден түскен
Исламның тек қана жасампаздығын ту ететін дін екенін әлем
жұртшылығына түсіндіруде Н.Ә.Назарбаев еңбегі ерекше
болды.
8-оқушы:
«Мәдени
мұра» бағдарламасын жасап, жүзеге асыртқан да әлемдегі тұңғыш
мемлекет – Қазақстан. Тіпті ежелгі Мысыр мен Рим тарихында
жекелеген энтузиаст-ғалымдар өз бетінше зерттеуде. Бұл арқылы
біздің Елбасымыз «Бүгінгі Қазақстан кеше пайда болған емес, Геродот
тарихында аты қалған Томирис патшаның ежелгі жұрты. Біз адамзатпен
бірге жасасып келе жатқан елміз», - дегенді дәлелдеп шығуды мақсат
тұтты.
9-оқушы:
Социализмнен капитализмге төңкеріссіз өтудің және өліара
кезеңінің қиыншылықтарын мейлінше қысқа мерзімде жеңіп шығуға
болатынын Н.Ә.Назарбаев іс жүзінде ғылыми негіздеп берген
тұлға.
10-оқушы:
Біздің
көшбасшымыз 2010-2020 индустриялы-инновациялық даму бағдарламасын
жасап, жүзеге асрыудың тікелей бастамашысы болған
тұлға.
1-оқушы:
Биыл –біз
үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам
бастық.Елбасымыздың арқасында біз биік белестерді
бағындырдық.
2-оқушы:
Күні кеше
Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын
қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.
3-оқушы:
Біз
талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге
жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.
4-оқушы:
Біз
Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана
салдық.
5-оқушы:
Елімізде
тұңғыш рет елімізде Астана мен Алматы қаласында VІІ қысқы Азия
ойындарын өткізді.
«Ой
толғаныс» кезеңінде Елбасымыз көптеген
ғылыми және әдеби еңбектердің авторы,оқушылары өздері оқыған
кітаптары жайында ой толғайды.
Топтастыру:
Елбасы
Патша
әрқашан да қожа, ал қалың бұқара оның бұйдалаған тайлағы. Патша
қайда жетелесе, халық сонда барады.. Сен де мен де, ол да патшамыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетелеуімен жүріп, осы күнге, осы
мәртебеге, осы беделге жеттік. Қазір кез келген жерде, кез келген
елде кеудемізді кере жүріп, қазақпыз деп, Қазақстаннанбыз деп
мақтанышпен айта аламыз.Сыртымыздан оқ атады-ау деп қорықпаймыз.
Өйткені досымыз көп, дұшпанымыз аз, бәлкім тіпті жоқ, ұлт, ел,
мемлекет болып тұрмыз. Бұған бізді жеткізген кемеңгер басшы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналық бағдары Ақиқат
–осы.
Оқушылар
Елбасына арналған өлең жолдарын мәнерлеп айтады.
Елбасы
мен Астана
Күн
жадырап шығады, Астана мен Елбасы,
Ай
жарылқап туады. Елімнің бақ ордасы.
Астанадан
тарайды, Осы жерден басталар,
Елге
бақыт шуағы, Болашаққа жол басы.
Халқымыздың тірегі, Елбасы мен халық бір,
Арман,
үміт, тілегі. Бірге қуат тауып тұр.
Ел деп
қана соғады, Астанадан тарайды,
Елбасының
жүрегі. Елге шуақ, жарық нұр
Арман
тұнған, нұр тұнған, Астана ел туы бұл,
Күнде
өсіп, құлпырған. Айы арайлы, күні нұр.
Ару қала
– Астана, Елбасымен біртұтас,
Елбасымен
бір туған. Әлі туған күні бір.
Екеуін
бір тойлаймыз, Астана пәк, ақ қалам,
Бір
құттықтау жодаймыз. Бақыт, ырыс, бақ қалам.
Астананы
айтқанда, Елордамда мерейім,
Елбасыны
ойлаймыз. Елбасыммен мақтанам.
Екеуін еш
бөлмеймін, Жасыл желек оранған,
Екеуі
бір, тең деймін. Жарқыраған, жаңарған.
Елордаммен биіктеп, Жасандырған Елбасым,
Елбасымен
өрлеймін. Жайнай берсін Елордам.
Әлемді
көсемдікпен ұйыттыңыз,
Қайда да
қошемет мол сүйікті Ұлға,
Таныттыңыз Қазақ деген халық барын,
Ғасырда
дара туған биік Тұлға.
Қоғамдағы
талдайсыз әр ізді Сіз,
Ел
алдында ұғынып парызды Сіз,
Қазақ
ұлтын топаннан сақтап қалу,
Жолын
білер Нұқ пайғамбар тәріздісіз...
Аз көрген
жоқ атам азап,
Басталады
енді өмір өте ғажап.
Жасай
берсін Нұрсұлтан Назарбаев,
Ұрпақ
берер есімі – Атақазақ!!!
Елбасымыз
халық арасында танымал «Менің елім», «Үш қоңырым», «Жерім менің»
патриоттық әндер сөздерінің авторы.
«Үш
қоңырым» әні орындалады.
Сабақты
қорытынлауда «Бәйге» ойынын ойнатқызамын. Оқушылар сабақта не
білгенін сұрақтар қою арқылы жауап алып
аяқтаймын.
Қорытынды: Елбасының арқасында мемлекет
мерейі өсті, қазақ ұлт ретінде төрткүл дүниеге танылды. Төрт
құбыласын түгендеді. Соны дәл бүгін парасаттылықпен айтып, елдің
рахмет жеткізе алсақ, нұр үстіне нұр болып, Елбасы елін құрметтеп,
елі Елбасын мәртебе санай береді.
Сабақ
аяқталды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «
Егемен Қазақстан газеті» – 2010 жыл
2.
«Қазақстан тарихы әдістемелік журнал» - 2008 жыл
3. «Қазақ
тарихы ғылыми-әдістемелік журнал- 2009
4.
«Мектеп тыс жұмыстар» журналы 2008 жыл