400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бір ел,бір-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

« » ортаңғы тобы «28» қараша 201 жыл

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Бір ел – бір Елбасы»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының президентімен және мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. ҚР президенті туралы толық мәлімет беру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Сурет бойынша әңгімелесу.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, сергіту сәті, ойындар, түсіндіру, баяндау.
Қостілдік құрам: Ту – флаг, жұлдыз – звезда, елтаңба – герб.

Оқу іс –

әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивиациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Күлім қағып қолымды

1, 2, 3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы, жылы жүзбенен

Мандайынан сипайын

Жылы, жылы сөзбенен

Жүрегіне сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолынды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын.



Қолдарын шапалақтайды.


Қолдарын бұлғайды.


Маңдайынан сипайды.


Жүрек тұстарына қолын қояды.


Қолдарын қысады.


Құшақтасады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Бүгін қандай күн?

Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? (Суреттен көрсету).

- Президент күні қашан?

- Әрине балалар дұрыс айтасыңдар.

- Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?


Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Балалар туымыздың түсі қандай?

Көк түс болудың себебі балалар адам бойына адалдық, тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.

Туда не бейнеленген?

Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктікті бейнелеген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс - молшылықтың байлықтың белгісі.


Келесі суреттен қай рәмізді көріп тұрсыңдар балалар?

Елтаңбада не бейнеленген?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаны негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.

Шекесіндегі жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.

Тағы қандай рәмізіміз бар?

Балалар Қазақстан Республикасының мемлекетінің Гимнің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әнін жазған Шәмші атамыз.

Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Тақпақ: Аянат, Жасталап.










Ойын: «Ойлан тап»

Шарты: Өз еліміздің туын және президентімізді басқа суреттердің арасынан тауып алу.


Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


Балалар бізге қонаққа Білгішбек келді.

  • Балалар сендер қай мерекені атап өтіп жатсыңдар?

  • Мен сендердің білімдерінді тексеруге келдім.

  • Балалар Білгішбекке бүгін не үйренгенімізді айтып береміз ба?

  • Балалар Білгішбекке елбасы туралы тақпағымызды айтып береміз бе? (Назерке, Батырғали)










  • Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мен сендерге тапсырма әкелдім. Мына суреттерді құрастыру керек. Маған көмектесесіңдер ма балалар?

Тапсырма: Тақтада тудың, елтаңбаның, бәйтеректің қиылған шашыраңқы суреттері тұр. Сол суреттерді біріктіріп сурет шығару керек.

  • Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды екенсіңдер!

  • Енді маған кету керек балалар сау болыңдар!


  • Президент күні.


  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


- Қазақстан

Республикасында.

- Ту


- Көк







  • Күн, қыран, ою-өрнек.












  • Елтаңба.


  • Шаңырақ, тұлпар, жұлдыз.















  • Гимніміз.






Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, гимнды орындайды.




Уәдені біз сақтаймыз,

Біз жастар құр жатпаймыз.

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз.

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

Халқымның көшбасшысы,

Келер күн құшақ ашты.



Интерактивті тақтадан суреттерді табады.




Қолдарын созады

Саусақтарымен ойнайды

Қолдарын сермейді




  • Сәлематсыз ба!

  • Президент күнін.




  • Иа.(Елбасы және рәміздер туралы айтып береді)



  • Иа.


Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.


Президент даңқымызды

Көтерер келешекте

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені.




  • Иа.



Тақтаға шығып қиылған суреттерді біріктіріп, сурет шығарады.



  • Сау болыңыз.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

Балалар бүгін қандай күн?
Бүгін қандай рәміздермен таныстық?

Ән: Достық.


  • Президент күні.

  • Ту, Елтаңба, Гимн.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасының президентімен және мемлекеттік рәміздерін.
Үйренеді: Қазақстан Республикасының президенті туралы толық мәліметті және рәміздерді бір-бірінен ажыратуды.
Меңгереді: Рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге.



Әдіскер:____________ Тәрбиеші:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі