жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Бір ел,Бір-Елбасы" тәрбиелік шара
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
« » ортаңғы тобы «28» қараша 201 жыл
Білім
беру саласы:
«Қатынас»
Бөлімі:
Тіл дамыту.
Тақырыбы:
«Бір ел – бір Елбасы»
Мақсаты:
Балаларға Қазақстан Республикасының
президентімен және мемлекеттік
рәміздерімен таныстыру. ҚР президенті
туралы толық мәлімет беру. Туды, Елтаңбаны
және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге
үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге,
қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік
ұстауға, рәміздердің әр элементтерін,
бөлшектерін атауларын жатқа білуге
тәрбиелеу.
Алдын
- ала жүргізілетін жұмыс: Сурет
бойынша әңгімелесу.
Әдіс
- тәсілдері:
Сұрақ – жауап, сергіту сәті, ойындар,
түсіндіру, баяндау.
Қостілдік
құрам:
Ту – флаг, жұлдыз – звезда, елтаңба –
герб.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивиациялық - қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Күлім қағып қолымды 1, 2, 3 деп соғайын Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын Жылы, жылы жүзбенен Мандайынан сипайын Жылы, жылы сөзбенен Жүрегіне сыйлайын Ыстық алақаныммен Қолынды бер қысайын Амандасып өзіңмен Құшақтап бір алайын. |
Қолдарын шапалақтайды.
Қолдарын бұлғайды.
Маңдайынан сипайды.
Жүрек тұстарына қолын қояды.
Қолдарын қысады.
Құшақтасады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Бүгін қандай күн? Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? (Суреттен көрсету). - Президент күні қашан? - Әрине балалар дұрыс айтасыңдар. - Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар? Балалар туымыздың түсі қандай? Көк түс болудың себебі балалар адам бойына адалдық, тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Туда не бейнеленген? Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктікті бейнелеген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс - молшылықтың байлықтың белгісі.
Келесі суреттен қай рәмізді көріп тұрсыңдар балалар? Елтаңбада не бейнеленген? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаны негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі. Шекесіндегі жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен. Тағы қандай рәмізіміз бар? Балалар Қазақстан Республикасының мемлекетінің Гимнің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әнін жазған Шәмші атамыз. Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек. Тақпақ: Аянат, Жасталап.
Ойын: «Ойлан тап» Шарты: Өз еліміздің туын және президентімізді басқа суреттердің арасынан тауып алу.
Сергіту сәті: Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын.
Балалар бізге қонаққа Білгішбек келді.
Тапсырма: Тақтада тудың, елтаңбаның, бәйтеректің қиылған шашыраңқы суреттері тұр. Сол суреттерді біріктіріп сурет шығару керек.
|
- Қазақстан Республикасында. - Ту
- Көк
Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, гимнды орындайды.
Уәдені біз сақтаймыз, Біз жастар құр жатпаймыз. Үмітін елбасының Шынында
біз ақтаймыз. Президент ең алғашқы, Қырандай самғап ұшты. Халқымның көшбасшысы, Келер күн құшақ ашты.
Интерактивті тақтадан суреттерді табады.
Қолдарын созады Саусақтарымен ойнайды Қолдарын сермейді
Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды. Осындай жақсы адамның Жақсылығы тарайды.
Президент даңқымызды Көтерер келешекте Биік боп көздегені Бірлік боп іздегені.
Тақтаға шығып қиылған суреттерді біріктіріп, сурет шығарады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар
бүгін қандай күн? Ән: Достық. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Қазақстан Республикасының президентімен
және мемлекеттік рәміздерін.
Үйренеді:
Қазақстан Республикасының президенті
туралы толық мәліметті және рәміздерді
бір-бірінен ажыратуды.
Меңгереді:
Рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге
рәміздерді бәрінен биік ұстауға,
рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін
атауларын жатқа білуге.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген