400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір және екі амалмен орындалатын есептер ҚМЖ 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, студенттерге көммегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бір және екі амалмен орындалатын есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.1. Бір және екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

2.1.2.10 Екітаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін 34+ 23, 57-23; 27+34, 61-27; 47+33, 60-27 түріндегі өрнектерде орындай білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепті шешу

Бірқатар оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша түрде жазу.

Кейбір оқушылар үшін:

1-2 амалмен орындалатын есепке кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде кері есептер құрастыру.

Жетістік критерийлері

1-2 амалмен орындалатын есепті шеше алады.

1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша түрде жаза алады.

1-2 амалмен орындалатын есепке кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде кері есептер құрастыра алады.

Жұппен,топпен тапсырмалар орындайды.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик

Тілдік құзыреттілік

Есеп-счет-score. Пəндік лексика жəне терминология: есеп, амал, өрнек, жауабы, шарты, есептің сұрағы, берілгендер, кесте, сызба, сурет, қысқаша жазу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ұйымдастыру

Жақсылық бар менде де,

Жақсылық бар сенде де,

Жақсылық бар әлемде,

Жақсылық тілеймін бәріңе!


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы топқа бөлу. Қорапқа 1 таңбалы, екі таңбалы,үш таңбалы, төрт таңбалы сандар жазылған қағаздар салынады. Оқушыларға қораптан 1 қағаз алуын сұраймын және ол қағазда қанша таңбалы сан жазылғанын айтады. Оқушылар бір таңбалы,екі таңбалы,үш таңбалы, төрт таңбалы сандар алу арқылы топқа бөлінеді. Сандардың қанша таңбалы болғанына қарай 4 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Бірліктер»

2-топ «Ондықтар»

3-топ «Жүздіктер»

4-топ «Мыңдықтар»


Интербелсенді тақтаға екі есепті шығарып қою.

Әр топқа осы есепті қағазға шығарып, таратып беру. Оқушылардан екі есептің ұқсастығы мен айырмашылылығын табуды және есепті шығаруды ұсыну.

Шешуі: 10-6= 4 Шешуі: 1)5+5=10 (бала) Жауабы: 4 бала қалды 2)10-6=4(бала)

Өрнек: (5+5)-6=4 (бала)

Жауабы:4 бала қалды



Оқушылардың жауабын толықтыру:

  • Дұрыс айтасыңдар, Бірінші есеп жай есеп, жай есепті бір ғана амалмен шығарамыз. Ал екіншісі құрама есеп, құрама есепті екі немесе одан да көп амалмен орындаймыз.


Дескриптор: 1.Оқушылар есепті оқиды;

2.Оқушылар есептің шартын құрастырады;

3.Есептің жауабын шығарады;

4.Есептің ұқсастығы мен айырмашылығын табады.



«Мен бастайын, сен қоста» ойыны (өткенді қайталау)(ауызша)
1.
Цифр......(0.... 9)
2. Сан........ (цифрлардан құралады)
3. 1 - ден 20 - ға дейін ретімен сана.....
4. Теңдеу дегеніміз...(құрамында белгісіз саны бар тура теңдік)

5. 16 + 2 =18

6. 16 - 3 =13

7. 18 - 2 =16

8. 19 - 4 =15

9. 20 + 3 =23

10. 14 + 5 =19



Ынтымақтастық атмосферасы



Қорапша,

сандар жазылған карточкалар









Интербелсенді тақта, есеп жазылған қағаз, оқулық





Сабақтың ортасы

8 минут



https://www.youtube.com/watch?v=-X4jToqah44 сілтемедегі видеороликті интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, «Мен мектепке баратын жол» тақырыбының мағынасын ашамыз. (Оқушылар өз мектептері және мектепке қалай баратын жолдарымен таныстырады.)


1. Жұмбақ-есеп (тақтамен жұмыс)

Саяхатқа шығамыз,

Әсем әнге саламыз.

10 қыз әсем ән шырқап,

10 ұл аспап ойнаса,

Межелі жерге жеткенде,

Түсіп қалды 9 бала.

Ал кәнекей айтыңдар,

Қалды қанша балалар???


Келе жатты-10 ұл, 10 қыз

Түсті – 9 (бала)

Қалды -? (бала)

Ш:1)10+10=20 (бала)

2)20-9=11(бала)

Өрнек: (10+10)-9=11 (бала)

Жауабы:11 бала қалды


Дескриптор:1.Жұмбақ есепті оқиды;

2.Шартын құрастырады;

3.Жауабын шығарады;

4.Өрнек түрінде жазады.


2. Топпен жұмыс

1-топ

Келе жатты-5ұл 5 қыз

Отырды-10 бала

Барлығы-?

Ш:1)5+5=10

2)10+10=20

Ж:20бала


2-топ

Автобуста-30бала

Түсті-10 бала

Кірді-5 бала

Қалды-?

Ш:1)30-10=20

2)20+5=25

Ж:25бала қалды


3-топ

Автобуста-30бала

Мінді-10бала

Түсті-5 бала

Қалды-?

Ш:1)30+10=40

2)40-5=35

Ж:қалды-35бала


4-топ

Автобуста-25 бала

Түсті-15 бала

Мінді-6 бала

Қалды-?

Ш:1)25-15=10

2)10+6=16

Ж: 16 бала қалды


Дескриптор: 1.Берілген есепті оқиды;

2.Шартын құрастырады;

3.Жауабын шығарады;

4.Өрнек түрінде жазады;

5.Топта жұмыс жасайды.


3. Жұппен жұмыс

Берілген сызбаны мәліметтермен толықтырып, оларды шығару. А)Барар жолда – 30 мин

Қайтарда – 20 мин

Барлығы - ? мин

Ш: 20+30=50

Ж. Барлығы 50 мин

Ә)Барар жолда – 30 мин

Қайтқанда -30 мин

Сөйлесті – 10 мин

Барлығы - ? мин

Ш: 20+30+10=60

Ж: барлығы 60 мин


Дескриптор

  1. Жұпта ақылдасып, есептің шартын түсінеді.

  2. Сұрағын таба алады.

  3. Сызбаны мәліметтермен толтырады.

  4. Шешуін жаза алады.

  5. Жауабын таба алады.



4. Есепте (топпен жұмыс)

1-топ

12-(9+1)=12-10=2

100-(50+20)=100-70=30

(80-30)+6=50+6=56


2-топ

7+(11-1)=7+10=17

60+(10-5)=60+5=65

94-(70+20)=94-90=4


3-топ

(4+16)-10=20-10=10

(90+10)-60=100-60=40

(76-6)+8=70+8=78


4-топ

(18-8)+10=10+10=20

90-(10+60)=90-70=20

(54-4)+40=50+40=90


Дескриптор: 1.Жақшаны дұрыс қояды.

2.Өрнектің дұрыс жауабын табады.

3. Топта бір-бірімен жұмыс жасай алады.





Видеоролик, интербелсендітақта


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс











Оқулық, мәтіндер. (сурет, сызба, кесте, қысқаша жазу) суреттер

Сергіту сәті

1 минут

Орындарынан тұрып, бір сергіп алады.

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.


Аяқталуы

13 минут


Қызықты тапсырма

8 минут

Топтық жұмыс

1-топ

Есепте

64+5=69

88-4=84

52+10=62

73+4=77

39-20=19

12+(20+30)=12+30=42

6+(45-5)=6+40=46

(91-1)-10=90-10=80


2-топ

Өрнектерді жазып, оның мәнін тап:

а) 2 мен 6 сандарының қосындысына 8- ді қос.

(2+6)+8

ә) 10- ға 12 мен 6 сандарының айырмасын қос.

10+(12-6)=10+6=16

б) 60 пен 10 сандарының айырмасынан 30-ды азайт.

(60-10)-30=50-30=20

в) 8-ге 11 мен 7 сандарының айырмасын қос.

8+(11-7)=8+4=12


3-топ

Есептің шешуіне қарап шартын толықтыр:

Өзенде 20 үйрек жүзіп жүр. Өзенге тағы 26 үйрек қонды. 15 үйрек ұшып кетті.



4-топ

Есепті шығар:

(350+200)-100=550-100=450

Жауабы: 450 теңге





26+(26+10)=26+36=62

Жауабы: 62 литр


Топтың жүйрік оқушыларына арналады.

1минутта қанша есеп шығарамыз?

6+4+5=15

6+4-5=5

8+2-9=1

7+3-8=2

7+3+8=18

13-3-6=4

18-8-2=8

19-9-3=7

14-4+9=19

19+5+2=26

20+5-5=20

21+2+3=26


Дескриптор: 1.Берілген есепті оқиды;

2.Шартын құрастырады;

3.Жауабын шығарады;

4.Өрнек түрінде жазады;

5.Топта жұмыс жасайды

6.Жақшаны дұрыс қояды.

7.Өрнектің дұрыс жауабын табады.








Оқулық, дәптерлер, суреттер

Сабақтың соңы

2 минут


Кері байланыс «Бағалау ағашы» арқылы жүзеге асады. Оқушылар себеттегі алма, гүл, жапырақтарды бағалау ағашына жапстырады. Ағашқа ілген суреттерге байланысты оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін бағалау.




Себет, алма, гүл, жапырақтардың суреті, ағаш макеті


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Қабілетті оқушыға тапсырманы үш тапсырма берілді.


1.Оқушылар есепті шығару арқылы құрама есептің жай есептен айырмашылығын өздері табады.


2.Жұпта жұмыс жасай алады.


3.Топта жұмыс жасайды.


4.Бірін-бірін тексергенде қателерін табады.

Бағалау – бағалау ағашы.



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Рефлексия

3 минут

Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі