400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді табу.

Материал туралы қысқаша түсінік
заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысқтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де ір түрі болатынын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:ҚМҰҚ

Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді табу. Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты:заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысқтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де ір түрі болатынын түсіндіру.

Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі материалдар бос жолағы бар 2 каточка, үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке 4 кіші тәрелке, материал.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақжауап, көрнекілік.

Оқу қызметінің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу,ояту.

«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Тікен- тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.

Көк жиекті шай табақта

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.

Қалпағы бар,

Басы жоқ,

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлан, тап, не екенін.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Шырша


Күн






Саңырауқұлақ.

Ұйымдастыру іздену.

Дәптермен жұмыс

Педагог 1-тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.

-Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

-Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

-Бір- бірден салынған заттарды бояп шығарыңдар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыруды ұсынады. 2-тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.

Сергіту сәті

Оңға ұарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3-тапсырма 1және 2 затты санауға байланысты берілген.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

-Сол жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

-Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе? Педагог балаларға заттардың саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3- тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орманның пішіні- Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

-Барлық шербердегі бояңдар.

-Неше шеңбер боядыңдар?

-Сендер бояған шеңбердің көлемі қандай? Осы жерже педагог шеңбердің көлемінің әл түрлі болатынын балалардың есіне салады.


Рефлексиялық түзету.

Өзін – өзі бақылау және өзі атқаратын жұмысқа баға беру.

Өзін –өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Педагог балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады.

Бағдаршамның түстері: жасыл түс- бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесі бетке өте беруге болады; сары түс – кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс – кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Педагог балаларға осыны түсіндіреді.

1.Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.

2.Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларың керек.

3.Тақиялар мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек.


Күтілетін нәтиже:

біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды;

түсінеді: 2 көлемдегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы жіне сан есіммен сәйкестендіруді өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен,кіші) қарай салыстырып, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;

меңгереді:екі топтағы заттарды салыстыруды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
112
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі