Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Əуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Бекітемін:
Колледждің əдіскері
Ахметова А.К.
«Келісемін» _______
Сынып жетекшісі:
Замзебаева З.Т.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер. Мен мектепке
баратын жол».
Өтетін орны: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ
Сынып: 2
Мерзімі: 13.10. 2020ж.
Тобы: 310
Машықкер: Нұртасқызы Құндыз
Баға: «__»___________
Семей, 2020 жыл
Пəн: Математика
Күні: 13.10.2020
Сынып: 2
Мектеп: «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Зəмзебаева Замзагул Тоқтасынқызы
Сабақ 24 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың
тақырыбы:
Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер. Мен мектепке баратын жол.
Сабақ негізделген
оқу мақсаттары
2.5.1.1. 1 – 2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде
модельдеу.
Сабақ нəтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Жазбаша қосу мен азайтудың тəсілдерін меңгереді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Қосу жəне азайту амалдарын баған түрінде орынлаудың үлгісін көрсетіп береді
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Қосу жəне азайту дағдыларын қалыптастырады. Əрекеттің орындалу тəртібін
анықтайды.
Бағалау
критерийі
Бір жəне екі амалмен шығарылатын есептерді шығарады.Сабақ барысында
тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік
құзіреттілік
Диалог: сəлемдесу, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Құндылықтарды
дарыту
Өзгенің ойын құрметтеуді, оқушылар арасындағы жақсы қарым - қатынасты
дамыту.
Ресурстар Оқулық, суреттер, есептер жазылған хаттар, кері байланыс, таратпа материалдар,
смайликтер, бейнематериалдар.
Əдіс-тəсілдер Сұрақ-жауап, əңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия.
Пəнаралық
байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Қосудың ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттері.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың жоспарланған іс – əрекет Ресурстар
Сабақтың
басы
Сəлемдесу.
- Сəлеметсіңдер ме балалар? Қалдарыңыз қалай?
- Мен М.О.Əуезов атындағы педагогикалық колледжінің 310 – топ
машықкері Нұртасқызы Құндыз. Бүгінгі сабақты сіздерге мен
жүргіземін. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бір жəне екі амалмен
орындалатын есептер. Мен мектепке баратын жол».
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бəріміз орынымыздан тұрайық,
енді менің артымнан қайталап, мына өлең шумақтарын оқиық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы №2 есепті аяқтау. Дəптерлерін тексеру.
Оқулық,
кесте.
Сабақтың
ортасы
- Менің сіздерге қоятын сұрағым бар. Қалай ойлайсыздар қандай
есептерді бір амалмен, қандай есептерді екі амалмен орындайды?
Жақсылап тыңдап алайық, біз бір амалмен жай есептерді, ал екі не
одан да көп амалмен құрама есептерді орындаймыз.
Ереже: екі немесе одан да көп амалмен орындалатын есептерді
құрама есептер деп атаймыз.
Мысал есеп: Автобуста 5 қыз жəне 5 ұл келе жатты. Аялдамадан 6
бала түсті. Автобуста неше бала қалды?
Келе жатты – 5 қыз 5 ұл
Түсті – 6 (бала)
Қалды – ? (бала)
1) 5 + 5 =10 (бала)
2) 10 – 6 = 4(бала)
(5 + 5) – 6 = 4 (бала)
Жауабы: 4 бала қалды.
Енді мысал есепке сүйеніп, осы сияқты мəтін есептерді шығарайық.
№2 есеп.
А) Автобуста 5 ұл жəне 5 қыз келе жатты. Аялдамадан тағы 10 бала
отырды. Автобуста барлығы неше бала болды?
Ə) Автобуста 30 бала отыр. Аялдамадан 10 бала түсіп, 5 бала кірді.
Автобуста барлығы неше бала болды?
№3 есеп.
- Тақтаға назар салыңыздар, ол жерде хатқалта ілініп тұр. Ол жерде
сіздерге арналған хаттар бар, сол хаттардағы есептерді шығарып
көрейік. Кім дұрыс шығарса сол адамға смайликтер беріледі.
12 – (9 + 1) = 100 – (50 + 20) =
7 + (11 – 1) = 60 + (10 – 5) =
(4 + 16) – 10 = (90 + 10) – 60 =
(18 – 8) + 10 = 90 – (10 + 60) =
Шығармашылық тапсырма: Сіздер келіп жүрген мектепке дейінгі
жолдың суретін салыңыздар.
Сергіту сəті. Мен қазақпын.
Оқулық,
тапсырмалар
жазылған
хаттар,
смайликтер,
бейнеролик.
Сабақтың
соңы
- Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса бүгінгі
сабағымызды «Бас бармақ» əдісімен бағалап кетейік.
Таратпа
материалдар.
- Сонымен балалар біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау
болыңыздар!
Үй жұмысы: №5 есеп, 55-бет.
6 + 4 + 5 = 7 + 3 – 8 = 18 – 8 – 2 = 19 + 5 + 2 =
6 + 4 – 5 = 7 + 3 + 8 = 19 – 9 – 3 = 22 – 4 + 10 =
8 + 2 – 9 = 13 – 3 – 6 = 14 – 4 + 9 = 28 + 8 – 10 =
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
Егер бала ойын толық жеткізе
алмаған жағдайда, толыққанды
білмеген жағдайда көмек
беремін;
Қабілеті жоғары оқушы
тапсырманы уақытынан бұрын
орындаған жағдайда қосымша
тапсырманы беремін.
Оқу нəтижесін жоспарлаймын;
Нəтижеге қол жеткізу үшін
тапсырмалар беремін;
Кері байланыс арқылы нəтижені
анықтаймын.
Берілген тапсырманың
балаларға қауіпсіз болуын
қадағалаймын.
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?