400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір жылдық қорытынды

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамыздағы ішінде өткен іс шараларға есеп беру тарбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

2017-2018 оқу жылындағы « Қызғалдақ» бірінші кіші тобының жылдық жұмыс есебі.

«Қызғалдақ » бірінші кіші тобыныда 20 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қыркүйек айынан бастап күнделікті балалармен күн тәртібінің жұмыс жоспары , циклограмма бойынша жұмыстар атқарылды. Оның ішінде таңғы жаттығу, таңғы ас, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті, ойындар, серуен , сөжетті рөлді ойындар, қимыл қозғалыс ойындары,дидактикалық, үстел үсті ойындары жүргізілді. Қыркүйек айында балалармен және ата-аналармен жақын сабақтастықта болу мақсатында «Балабақша мен отбасы» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылы бойы ынтымақтастық ұстанымы бойынша тәрбиеленушілердің отбастарымен қарым – қатынасы үзілмеді. Жиналыс барысында ата -аналармен танысып, өз балалары жайлы пікірлерін білдік, сауалнамалар ұсындық. Ата -аналар өздерінің арасында шешім қабылдап ата- аналар комитетін сайлады.

1 қыркүйек жаңа оқу жылының басталуына білім күніне байланысты «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға білім күні туралы мағлұматтар беріліп, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру жұмыстары жүргізілді.

1 қазан күні «Ұстазым, менің ұстазым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға өздерінің ұстаздарын сыйлап, оларға құрметпен қарау керек екені жайында түсініктерін қалыптастырдық.

Күз айының ең алғаш болып келетін мерекенің бірі «Алтын – күз» екенің бәрі біледі. Қазан айында «Қызғалақ» бірінші кіші тобында үлкен мереке «Армысың, алтын күз» атты естен кетпес салтанатты іс -шара болды. Ол салтанатты іс - шараға гүлдей жайнаған қыздар мен батыр ұлдарымыз қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Ата- аналарымызда бұл мерекеден қалыс қалмай топ арасында «Күзгі жәрменке» атты дәмді тәтті тағамдар көрмесін ұйымдастырды.

Қараша айында ата-аналармен жұмыстар жүргізіліп «Денсаулық – басты байлық» атты ата-аналар жиналысы өтті.

Сондай-ақ қараша айында ашық сабақ апталығы ұйымдастырылды. «Қызғалдақ» І-ші кіші тобында Мырзахметова Аруна Аюқызы

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Жаратылыстану, Сурет салу

Тақырыбы: «Дәрумендер достастығы»

Мақсаты: Жеміс –жидектер мен көкеністерді үнемі қолдану арқылы дұрыс тамақтануды, дәрумендер жайлы түсініктерін қалыптастыру, ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуді үйрету.

1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай Мұратбекова Эльмира Мұратбекқызы «Елін сүйген- Елбасы» атты тәрбие сағаты өтті.Өз отанымызды бүкіл әлемге танытып жүрген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәрбие сағатымыздың мақсаты: жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Тәрбие сағат барысында Тұнғыш президентіміз жайлы толық мағлұмат берілді.

16 – шы желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнап «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы » атты шағын мерекелік іс-шара өткіздік. Балаларға өз Отанымызға ата-бабаларымыздың қандай жолмен тәуелсіздікті алғандары жайлы әңгімеленді.

« Армысың, жаңа жыл » атты ертеңгілік жайлы сөз қозғалды. Ата-аналарға балаларына әр түрлі киіндіруге рұқсат беріліп , ертеңгілік барысы ойындар жайлы айтылды. Ата- аналар өз-ара келісіп, балаларға берілетін сыйлықтары жайлы талқыласып бір шешімге келді. Балалардың асыға күткетін Ақшақар мен Аяз ата келетін «Төрлет жаңа жыл» атты мерекеде аталып өтті. Мереке барысында тосын сыйға орман аңдары: аю, қоян, қасқыр, түлкі мен қатар ескі жыл тауық пен жаңа ит жылы келіп балалармен би билеп, ән айтып,ойындар ойнады. Аяз ата мен ақшақар балалардың тақпақтарын тыңдап, сыйлықтарын таратты.

Қаңтар айында балабақшамызда «Қыс қызығы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр топтың бүлдіршіндерімен ата-аналары белсене қатысты. «Қызғалдақ» тобынан төрт бала қатысқан болатын. Көрмені бағалауға балабақшамыздың ішінен әділ-қазылар алқасы сайланып Қартбай Аяна «Көңілді аққала», Темір Айсауле «Сиқырлы қыс», Бижанова Аружан «Қыс құпиясы» және Мерей Али «Қысқы ертегілер әлемі» атты номинацияларына ие болып мақтау қағаздарымен марапатталған болатын.

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап «Аяулы-асыл жандар» атты аналар сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа әр топтан екі анадан қатысып, өз өңерлерін ортаға салды. Бұл сайысқа Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Валиева К.А және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Науырзым ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің КММ әдіскері Бозжігітова Ж.Б , «Балапан» бөбекжай балабақшамыздың әдіскері Серікбаева Д.Е әділ – қазы болып сайланды. Балалар аналары мен әжелеріне арнап өлең шумақтарын айтып,би билеп,өз қолдарымен аналарына арнап ашық хаттар жасады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына үш топ бірігіп , ата-аналарды шақырып «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс – шара өткізді. Балалар наурыз мейрамына арнайы жаттаған жаттауларымен әндерін тарту етсе, ата – аналарымыз қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеді.

Сәуір айында балабақшамызда Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Туған жер» атты аудандық семинар практикум болды.

Сәуір айында «Қызғалдақ» бірінші кіші тобында «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты ата -аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Мамыр айыныда «Достығымыз жарасқан елміз» атты концерттік іс-шара өткізілді.Балаларға видео ролик көрсетіліп,қандай елдермен шектесетініміз туралы мәлімет берілді. Балалар әр ұлттың киімімен би билеп,өнерлерін көрсетті.

Жеңіс күніне арнап «Бақыт гүлін терген күн» атты іс-шара өткіздік.Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Балаларға жеңістің қандай жолмен келгенін жеткізуге тырыстық.

Мамыр айының соңғы жиналысы ретінде «Қош балғын, балалық шақ» атты тақырыбында ата -аналар жиналысы өткізілді. Бұл жиналыс барысында ата -аналар оқу жылын қортындылап, өз балаларының жетістіктері жайында айтып өтті.

1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Біз өмірдің – гүліміз» атты ертеңгілік болды. Ертеңгіліктің соңында ата -аналардың атынан балаларға сыйлықтар таратылды.



Тәрбиеші: Мырзахметова А.А





































КМҚК "Балапан" бөбекжай -бақшасы

















2017-2018 оқу жылындағы "Қызғалдақ" І-ші кіші тобының

жылдық қорытынды есебі

























2018 – 2019 оқу жылындағы « Қызғалдақ» бірінші кіші тобының жылдық жұмыс есебі.

«Қызғалдақ » бірінші кіші тобыныда 20 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оның ішінде он ұл бала, он бір қыз бала.

Қыркүйек айынан бастап күнделікті балалармен күн тәртібінің жұмыс жоспары , циклограмма бойынша жұмыстар атқарылды. Оның ішінде таңғы жаттығу, таңғы ас, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті, ойындар, серуен , сөжетті рөлді ойындар, қимыл қозғалыс ойындары,дидактикалық, үстел үсті ойындары жүргізілді. Қыркүйек айында балалармен және ата-аналармен жақын сабақтастықта болу мақсатында «Балабақша мен отбасы» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылы бойы ынтымақтастық ұстанымы бойынша тәрбиеленушілердің отбастарымен қарым – қатынасы үзілмеді. Жиналыс барысында ата -аналармен танысып, өз балалары жайлы пікірлерін білдік, сауалнамалар ұсындық. Ата -аналар өздерінің арасында шешім қабылдап ата- аналар комитетін сайлады.

1 қыркүйек жаңа оқу жылының басталуына білім күніне байланысты

«Білім күні» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға білім күні туралы мағлұматтар беріліп, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру жұмыстары жүргізілді.

22 қыркүйек тілдер күніне орай «Ана тілім – ардақтым» атты тәрбие сағаты өткізілді.

1 қазан күні қарттар күніне байланысты «Аман жүрші қарттарым» атты тәрбие сағаты болды.Балаларға қарт кісілерді құрметтеу жайлы айтылып өтті.

5 қазан күні «Ұстаз ұлы есім» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға өздерінің ұстаздарын сыйлап, оларға құрметпен қарау керек екені жайында түсініктерін қалыптастырдық.

Күз айының ең алғаш болып келетін мерекенің бірі «Алтын – күз» екенің бәрі біледі.

Қазан айында тағы бір үлкен мереке ол күзге байланысты «Төгіле бер - сары алтын» атты естен кетпес салтанатты іс -шара болды. Ол салтанатты іс - шараға гүлдей жайнаған қыздар мен батыр ұлдарымыз қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Ата- аналарымызда бұл мерекеден қалыс қалмай топ арасында «Берекелі алтын күз» атты дәмді тәтті тағамдар көрмесін ұйымдастырды.

Қараша айында ата-аналармен жұмыстар жүргізіліп «Денсаулық – басты байлық» атты ата-аналар жиналысы өтті.

Сондай-ақ қараша айында ашық сабақ апталығы ұйымдастырылды. «Қызғалдақ» І-ші кіші тобының тәрбиешісі Мырзахметова Аруна Аюқызы

«Таным» білім беру саласы, бөлімі жаратылыстанудан құстар біздің досымыз атты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін өткізді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне балабақша меңгерушісі, балабақша әдіскері мен топ тәрбиешілері қатысты.

1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай Алдажуманова Гулден Әуелбекқызы «Президент- ел тірегі» атты тәрбие сағаты өткізді.Өз отанымызды бүкіл әлемге танытып жүрген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәрбие сағатымыздың мақсаты: жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Тәрбие сағат барысында Тұнғыш президентіміз жайлы толық мағлұмат берілді.

16 – шы желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнап «Менің Республикам Қазақстан » атты шағын мерекелік іс-шара өткіздік. Балаларға өз Отанымызға ата-бабаларымыздың қандай жолмен тәуелсіздікті алғандары жайлы әңгімеленді.

« Жаңа жыл жыры » атты ертеңгілік жайлы сөз қозғалды. Ата-аналарға балаларына әр түрлі киіндіруге рұқсат беріліп , ертеңгілік барысы ойындар жайлы айтылды. Ата- аналар өз-ара келісіп, балаларға берілетін сыйлықтары жайлы талқыласып бір шешімге келді. Балалардың асыға күткетін Ақшақар мен Аяз ата келетін «Жаңа жыл жыры» атты мерекеде аталып өтті. Мереке барысында тосын сыйға орман аңдары: аю, қоян, қасқыр, түлкі мен қатар ескі жыл тауық пен жаңа ит жылы келіп балалармен би билеп, ән айтып,ойындар ойнады. Аяз ата мен ақшақар балалардың тақпақтарын тыңдап, сыйлықтарын таратты.

Қаңтар айының аяғында Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық есік күні болды. Ашық сабақты Алдажуманова Гульден Ауелбековна өткізді

Білім беру саласы:Таным

Кіші сала:Сенсорика, Құрастыру

Тақырыбы:

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап «Аналар - асыл қазынам» атты аналар күніне мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Балалар аналары мен әжелеріне арнап өлең шумақтарын айтып,би билеп,өз қолдарымен аналарына арнап ашық хаттар жасады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына үш топ бірігіп , ата-аналарды шақырып «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс – шара өткізді. Балалар наурыз мейрамына арнайы жаттаған жаттауларымен әндерін тарту етсе, ата – аналарымыз қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеді.

Мамыр айыныда «Ақпыз, қара сарымыз туысқанбыз бәріміз» атты концерттік іс-шара өткізілді. Балалар әр ұлттың киімімен би билеп,өнерлерін көрсетті.

Жеңіс күніне арнап «Ұлы жеңіс жасасын» атты іс-шара өткіздік.Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Балаларға жеңістің қандай жолмен келгенін жеткізуге тырыстық.

Мамыр айының соңғы жиналысы ретінде «Қош балғын, балалық шақ» атты тақырыбында ата -аналар жиналысы өткізілді. Бұл жиналыс барысында ата -аналар оқу жылын қортындылап, өз балаларының жетістіктері жайында айтып өтті.


Тәрбиеші: Мырзахметова А.А






























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі