жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бір күндік интернет
«Қаралды» ӘБ жетекшісі Омашева Ә.Р. _________________ «__» Қаңтар 2019ж. |
«Тексерілді» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Шамшатова _________________ «__» Қаңтар 2019 ж. |
«Бекітемін» №61 орта мектеп директоры К.А.Жангазакова _________________ «__» Қаңтар 2019 ж |
Тақырыбы: Халықаралық Интернетсіз күніне арналған Мен «Offline»
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 8 «Г»
Сынып жетекші: Жаншаева Ж.Е.
Тақырыбы: Халықаралық Интернетсіз күніне арналған Мен «Offline»
Сынып:8 «Г»
Мақсаты: Бүкіл әлемдегі интернет қауымдастығы жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісін интернетсіз өткізуге арнайды. Мейрамның басты мақсаты-адамдарды ең болмағанда бір күн компьютерлер мен жаһандық желіге тәуелді болмай, шынайы әлемде өмір сүруге, айналадағылармен жанды сұхбат құруға шақыру.
Көрнекіліктер: Презентация-слайд, көрнекі материалдар, видеослайд
Өткізілетін орны: 343 кабинет
Біздің заманды қалтаңдағы ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Оның ішіндегі интернет деген әлем мүлдем бөлек дүние. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін интернеттің құдіреті шексіз. Ішіне кірсең барлығын табасың. Іздегенің алдыңда, іздемегенің артыңда қалатын болды. Баланың қолынан телефонды алып, интернетсіз өмірді елестете алмайтын болдық. Баланың санасын қалай алдап алуды ұмыттық. «Өзгеден қай жерім кем? Пәленшенің баласында айфон, түгенше де гаджет бар!» деген уәжіне тап боламыз. Баланың ойын кітапқа аударайын десек әлеуметтік желідегі тақырып қызық. Қалта телефонын тартып алуға тырыссақ, балаңды ренжеткің келмейді. Санамызды улаған қалтателефонынсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Тым болмағанда интернетсіз бір күн өмір сүріп көру керек еді. Бұл тек барлық жерде жарық сөніп қалған сәтте ғана орындалатын қиял тәрізді. Жоқ, олай емес екен. Ақтөбенің балалары интернетсіз бір күн өткізді. Телефонды тоғызқұмалаққа, интернетті шахмат пен әдеби кітапқа ауыстырды. Жүздерінде күлкі, араларында достық пайда болды. Ұлдар шебердің құралдарына қызықса, қыздар тоқымамен кітаптың қызығана кіріп кетті. Интернетке байланған баланың бір күндік өмірін интернетсіз өткізуге тырысты. Қолдарынан келеді екен.
Қазіргі заман – «тәуелділік» ғасыры. Айналаңызға назар салыңызшы! Не байқадыңыз? Ұялы телефонға үңілген жастарды, өз ойын ғаламтордағы мысалдарсыз жеткізе алмайтын студентті, ең қарапайымы, жарық жоқ болса қимылсыз қалатын қоғамды көресіз. Барлығы бір нәрсемен өлшенетін процестерді кездестіреміз. Осыдан 7 жыл бұрын қоғам қандай еді? Интернет бар, бірақ жастардың санасына толығымен ықпалы жоқ-тын. Балалар далаға шығып, қас қарайғанша доп тебетін. Телефоны болса да, достарын үйіне шақыратын. Берілген тапсырманың жауабын интернеттен іздемей, кітаптан немесе талқыға салу арқылы шешетін. Бос уақыттың көп болғаны соншалық, күн батуының өзі баяу болатын. Қазір мүлдем басқа. Таңның атуы мен күннің батуы бір сауым тәрізді. Интернетке кірдің бe, шығуың қиын. Басында берілген тапсырманы орындап жатып, ақырында өзіңді инстаграмнан табасың. Желілер желім секілді, жабыстың ба, қайтып босатып алу қиын. Әлемдегі ең танымал желі – facebook. Adobe компаниясының зерттеуі бойынша, 1,5 млрд адам аталған желіге тіркелген. Youtube – 1 млрд тіркелушімен екінші орында. 623 миллион тіркелушісі бар қытайлық Qzone желісі үздік үштікті түйіндейді. Ондыққа weibo, twitter, google+, linkedln, rennen, instagram кіреді. «АСТ Қазақстан» зерттеу орталығының мәліметінше, Қазақстан тұрғындарының 70 пайызы әлеуметтік желіге кіреді. Еліміздегі ең танымал желі – «В контакте». «В контакте» аудиториясы 43 пайызды құрайды. Екінші орында – «Одноклассники» (34%), үшінші орында – Instagram (31%). Бір күніңізді интернетсіз өткізуге келісесіз бе? Мұндай атаулы күн бар. Қаңтар айының соңғы жексенбісін әлем халқы осылай атап өтеді. Бұл датаны Британ университетінің ғалымдары ойлап тапқан. Университет өкілдері Британияда 2001 жылы 7 қаңтарда International Internet Free Day шарасын өткізеді. Шара жаһандық қолдау тапқан. Жылына бір күн әлем интернеттен бас тартады. Интернетті қолданудың тиімді тәсілдері жетерлік. Тіл үйренуге, қызықты ақпараттарды білуге, тіпті алты құрлықты көз алдыңа әкелуге шамасы бар. Біліміңді жетілдіруге желілердің де пайдасы тиеді. Тек қайда тіркелуді, кімді оқитыныңды білсең болғаны. Тіл үйренетін курстар интернетте арзанырақ. Дегенмен сенен жіті қадағалау мен ыждаһаттылықты талап етеді. Уақытты үнемдеу үшін де интернетті арнайы бір мөлшермен пайдалану керек. Сонда бәріне күшіңіз де, күніңіз де жететін болады. Жұмысты атқаруға да, желілерді пайдалануға да, кітап оқу үшін де уақыт таба аласыз. Егер мынадай кеңестерді есте ұстасаңыз: 1. Біркүндік кесте құрыңыз. Әр нәрсеге көңіл бөліңіз. Уақытты тиімді пайдаланудың жолын іздеңіз. 2. Желіні қарауға белгілі бір уақытты арнаңыз. Мына жұмысты аяқтасам, инстаграмға кіруге болады деп алдыңызға мақсат қойыңыз. Сонда өзіңіз де, жұмысыңыз да нәтиже бере басатайды. 3. Өзіңізге жаза түрін ұйымдастырыңыз. Жұмысыңызды аяқтамай, интернетке кіріп кетсеңіз, бір нәрседен өзіңізді шектеңіз. Қарапайымнан күрделіге қарай. Мысалы, шоколад жемеймін, туған күнге бармаймын, қажет затты алмаймын т.б. Аталған қарапайым ережелерді орындау арқылы, талпыныңыз. Ғаламторға тәуелділік пайызын осылай ғана төмендете аласыз. Ең маңыздысы, өзіңізді бір ритмде ұстау. Интернетсіз өмір сүру қиын-ақ. Бірақ шектеу қою денсаулығыңызға да, санаңызға да пайдалы. Ғаламдық шырмаудан бір сәтке болса да ажырағыңыз келсе, аптаның бір күнін интернетсіз өткізуге тырысыңыз. Тауға шығыңыз, бұрын дайындамаған тамақ түрін байқап көріңіз, бастысы қозғалыста жүріңіз. Миыңыз тынығып, сергіп қалғаныңызды байқайсыз. Ерінбей байқап көріңіз, нәтиже беретініне сенімдімін.
Интернетті
дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де
оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады.
Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке,
қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді
аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа.
Яғни терроршылдық, экстремистік,
дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау
секілді әрекеттер үшін Интернетке
цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың...
Бірақ ең демократияның орнаған саласы
- осы ғаламтор екенін Интернетті
қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені,
мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай
айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа
сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке
тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға
ұрып, Интернетті қызықтайтындар да
кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық,
нашаға тәуелділік сияқты нышанды
байқатады. Адамның психикасына,
денсаулығына кері әсер етеді..
Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін
ақпараттар интернетте орын алып жатса,
оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны
көп емес пе?
Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен
пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру
да көп ойланатын дүние
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген